Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 наурыздағы № 2/18 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2021 жылғы 21 сәуірде № 4488 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің және құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Г.Муканова).

      4. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Е.Тәжібаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.Қалаубай

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2021 жылғы "29" наурыздағы
  № 2/18 шешіміне 1 қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы", 1993 жылғы 14 сәуірдегі "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы", 1997 жылғы 16 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы", 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө "Учаскелік комиссиялар туралы Үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5562 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтарына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11745 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар әлеуметтік көмек көрсетуді, оның мөлшерлерін белгілеуді және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындайды.

1 - тарау. Жалпы ережелер

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпыхалықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия- өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі – "Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика бюросының Маңғыстау обылысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірдегі қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган – "Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган);

      9) учаскелiк комиссия – әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Қарақия ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғарғы мөлшері.

      Осы Қағидаларда қолданылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен белгіленген мазмұнда қолданылады.

      4. Осы Қағидалар Қарақия ауданында әкімшілік-аумақтық бірліктерге сәйкес тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

      5. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санатарына өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.

      6. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 16-бабында және Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында, 12-бабының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет) көрсетіледі.

      8. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.

      9. Атаулы күндері мен мереке күндеріне әлеуметтік көмегінің мөлшері және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбелерін осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес айқындалады.

      10. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-ө "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5562 болып тіркелген) және 2013 жылғы 22 шілдедегі № 325 - ө-м "Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8615 болып тіркелген) бұйрықтарының негізінде жүзеге асырады.

2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      11. Өмірлік қиын жағдайда деп танылған азаматтарға әлеуметтік көмек:

      1) әлеуметтік көмек онкологиялық ауруымен ауыратын және иммун тапшылығын жұқтырған адамдарға өтініштері бойынша табыстарын есепке алмай жылына бір рет 26 (жиырма алты) айлық есептік көрсеткіш және мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымынан шыққан адамдарға өтініштері бойынша табыстарын есепке алмай тоқсан сайын 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) 18 жасқа дейінгі үйде оқитын мүгедек балаларға әлеуметтік көмек табысын есепке алмай ай сайын - 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлкіне зиян келтірілген тұлғаларға табысын есепке алмай, өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей, біржолғы – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,5 еселенгенінен төмен, табыстары бар отбасылардың тұлғаларына емделуге, дәрі-дәрмек алуға, отбасының бір мүшесі қайтыс болуына байланысты әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілген әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Шекті шама 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс;

      5) ауданның елді-мекендерде орналасқан білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешені, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында өңірге қажет мамандықтар бойынша білім алушы, Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін студенттерге оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек жергілікті бюджет қаражаты есебінен ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жылына бір рет, білім беру ұйымдарына оқуды төлеуге арналған нақты шығындар бойынша және ай сайын бөліп төлеу арқылы жабатын тамақтану мен тұру шығындарына 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және өтініш жасалған айдың соңғы 12 айда жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша белгіленген 1 (бір) еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар отбасыларына, келесі санаттағы тұлғаларға:

      ата-анасының біреуі немесе екеуі де бірінші, екінші топтағы мүгедек немесе екеуі де зейнеткер болып табылатын студенттерге;

      мүгедек студенттерге, тұлдыр жетімдер мен балалар үйінің және балалар ауылының тәрбиеленушілеріне;

      ата-анасының біреуі қайтыс болған студенттерге;

      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге;

      бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын 23 жасқа толмаған студенттерге;

      жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары өңірлердің кадрларға қажеттілігі ескеріле отырып, талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарында оқу үшін мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізінде қабылданған күндізгі бөлімде оқитын студенттерге беріледі.

      Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім, әлеуметтік көмек тағайындауға студенттерді іріктеу жөніндегі аудандық арнайы комиссия мен уәкілетті органның қорытындысы негізінде қабылданатын болып белгіленсін.

3 - тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы органдар бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алуға құқығы бар, бірақ қандай да бір себептермен орталық тізімінің электрондық нұсқасына енгізілмеген адамдарға жергілікті атқарушы орган ұсынған құжаттар негізінде қосымша тізім бекітіледі.

      13. Өмірде қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттармен:

      1) жеке басын куәландыратын құжатпен;

      2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтермен;

      3) өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын актімен және/немесе құжатпен қоса өтініш береді.

      14. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3, 4–қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 17 және 18 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5757 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.

      24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы Маңғыстау облысы бойынша ең төменгі 1,5 еселік күнкөріс деңгейінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру "Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бюджеттік бағдарламасы бойынша, ағымдағы қаржы жылына Қарақия ауданының бюджетімен қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеуді әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті беретін уәкілетті ұйым арқылы жүзеге асырады.

      26. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда екінші дәрежелі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

4- тарау. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      27. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5 - тарау. Қорытынды ережелер

      29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
  оның мөлшерін белгілеудің және
  мұқтаж азаматтардың жекелеген
  санаттарының тізбесін айқындаудың
  қағидаларына
  1 қосымша

Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі және еселігі

Р/с №

Күні

Аутаулы күндер және мереке күндер

Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі

1

21-22 наурыз

Наурыз мейрамы

жылына 1 рет

2

26 сәуір 

1986 жылғы Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні

жылына 1 рет

3

1 мамыр

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

жылына 1 рет

4

9 мамыр

Жеңіс күні

жылына 1 рет

5

1 маусым

Халықаралық балаларды қорғау күні

жылына 1 рет

6

29 тамыз

Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні

жылына 1 рет

7

30 тамыз

Қазақстан Республикасының Конституция күні

жылына 1 рет

8

1 қазан

Қарттар күні

жылына 1 рет

9

Қазанның екінші жексенбісі

Қазақстан Республикасындағы мүгедектер күні

жылына 1 рет

10

16-17 желтоқсан

Тәуелсіздік күні

жылына 1 рет

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
  оның мөлшерін белгілеудің және
  мұқтаж азаматтардың жекелеген
  санаттарының тізбесін айқындаудың
  қағидаларына
  2 қосымша

Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі

Атаулы күндер мен мереке күндері

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттары

Әлеуметтік көмек мөлшері

1

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және I дәрежедегі "Ана даңқы" орденімен наградталғандар

2 АЕК

бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балалар

5 АЕК

 2

26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апат күні

-Чернобыль АЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардыңжәне ядролық сынақтардың салдарынан жою кезінде қайтыс болғандардың отбасылары;
-Чернобыль АЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;

40 АЕК

 Чернобыль АЭС апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары

60 АЕК

1986 – 1987 жылдары Чернобыль АЭС апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар

50 АЕК

1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар

20 АЕК

3

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

барлық топтың мүгедектері, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балалар

5 АЕК


9 мамыр – Жеңіс күні

Ұлы Отан Соғысының ардагерлері

1000000 теңге

жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар (Чернобыль АЭС апатты жою салдарынан мүгедек болған адамдардан басқа)

60 АЕК

жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар (1986-1987 жылдардағы Чернобыль АЭС апатты жоюға қатысушылардан басқа)

50 АЕК

-бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);
-оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;
-Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;
-бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi, Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
-Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
-Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;
-Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары

50 АЕК

-Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
-1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар

40 АЕК

Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері; екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы)

40 АЕК

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары

40 АЕК

бейбiт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары

40 АЕК

Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы)

40 АЕК

5

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар және он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балалар

5 АЕК

6

29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар

10 АЕК

7

30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні

асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балалар).

8 АЕК

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар

60АЕК

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Заңына сәйкес, арнаулы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, Маңғыстау облысы алдында сіңірген ерекше еңбегі үшін дербес зейнетақы тағайындалған тұлғалар

36 АЕК

барлық топтың мүгедектері, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балалар

5 АЕК

8

1 қазан –Қарттар күні

жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар және 70 жастан асқан зейнеткерлер

2 АЕК

9

Қазанның екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының мүгедектер күні

барлық топтың мүгедектері, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балалар

5 АЕК

10

16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Қазақстандағы 1986 жылғы 16-17 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін қуғын – сүргінге қолданған, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, саяси қуғын-сүргіндер құрбандары

50 АЕК

барлық топтың мүгедектері, он алты жасқа дейінгі мүгедек балалар, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балалар

5 АЕК

      Ескерту:

      аббревиатуралардың ажыратылып жазылуы:

      КСР Одағы-Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы;

      Чернобыль АЭС -Чернобыль атом электр станциясы;

      АЕК –айлық есептік көрсеткіш

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
  оның мөлшерін белгілеудің жәнемұқтаж
  азаматтардың жекелеген
  санаттарының тізбесін айқындаудың
  қағидаларына
  3 қосымша

Өмірде қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру Актісі 20 жылғы ________"____" _________________________________________________________________ (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________

            _______________________________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы ___________________________________________

            _______________________________________________________________

      3. Орын алуына байланысты өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген өмірдегі қиын жағдай

      _________________________________________________________________

      _________________________________________________________________.

      4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ____ адам, оның ішінде:

Р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты(бар болса)

Туған күні

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірдегі қиын жағдай

1

2

3

4

5

6

7

8

































      Еңбекке жарамды барлығы _________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері _______ адам.

      Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында

      ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне

      теңестірілген адамдардың, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің,

      80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың,

      мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)

            _______________________________________________________________

            _______________________________________________________________.

      5. Тұрмыс жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген

      тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет):

            _______________________________________________________________.

            Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар:

            _______________________________________________________________

            _______________________________________________________________.

            Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына

1

2

3

4

5

6







            6. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат,

      оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

            _______________________________________________________________

            _______________________________________________________________.

      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйінің болуы

      (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс)

            _______________________________________________________________

            _______________________________________________________________.

            7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

            _______________________________________________________________

            _______________________________________________________________

         _________________________________________________________________

            _________________________________________________________________.

            8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі): _______________

            _________________________________________________________________

            _________________________________________________________________

            _________________________________________________________________

            _________________________________________________________________.

            9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі:

            _________________________________________________________________

            10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы:

            _________________________________________________________________

            Комиссия төрағасы: _______________________________________________

            Комиссия мүшелері: ______________________________________________

            ___________________________ ____________________________________

            ___________________________ _____________________________________

            (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты)

            Жасалған актімен таныстым: _______________________________________

            Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

            _________________________________________________________________

            Тексеру жүргізілуден бас тартқан ___________________________________

            Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

            ____________________________________________________________

            (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

            Күні _______

  Әлеуметтік көмек көрсетудің,
  оның мөлшерін белгілеудің және
  мұқтаж азаматтардың жекелеген
  санаттарының тізбесін айқындаудың
  қағидаларына
  4 қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы 20__ ж. ___ ______

            Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін

            белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін

            айқындау қағидаларына сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына

            байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамның (отбасының)

            _________________________________________________________________

            (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

            өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар

            және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру

            нәтижелерінің негізінде

            _________________________________________________________________

            (қажеттілігі, қажеттіліктің жоқтығы)

            адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты

            әлеуметтік көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады

            Комиссия төрағасы: __________________ _______________________

            Комиссия мүшелері: __________________ _______________________

            __________________ _______________________

            __________________ _______________________

            __________________ _______________________

            (қолдары) (Т.А.Ә.)

            Қорытынды

            қоса берілген құжаттармен ___ данада

            20__ ж. "___" ___________ қабылданды

            Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе

            уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2021 жылғы 29 наурыздағы
  № 2/18 шешіміне 2 қосымша

Күші жойылды деп танылған Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің және құрылымдық элементінің тізбесі

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2779 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдедегі "Қарақия" газетінде жарияланған).

      2. "Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 3/24 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3091 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 шілдеде "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 24 қазандағы № 5/45 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3183 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қарашада "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қазандағы № 11/134 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3450 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      5. "Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 наурыздағы № 16/186 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3555 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. "Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 17/196 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3630 болып тіркелген, 2018 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      7. "Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 шілдедегі № 18/211 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3688 болып тіркелген, 2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      8. "Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 23/265 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3769 болып тіркелген, 2018 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      9. "Қарақия аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 маусымдағы № 27/285 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 29/302 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3876 болып тіркелген, 2019 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      10. "Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 41/414 шешімінің 17 – тармағының 2) тармақшасы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4237 болып тіркелген, 2020 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).