Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 453 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 24 қыркүйекте № 24506 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төтенше жағдайлар
министрінің міндетін атқарушы
И. Кульшимбаев

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар бірінші
вице-министрінің
2021 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 453 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында (бұдан әрі – ТЖМ-ның арнаулы оқу орны) азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстан тыс немесе конкурстық негізде орналасу қағидалары

      2. ТЖМ арнаулы оқу орнының азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер (бұдан әрі – педагогтер, ғылыми қызметкерлер) лауазымдарына орналасу конкурстан тыс немесе конкурстық негізде жүзеге асырылады.

      3. Конкурстан тыс және конкурстық негізде орналасуды дайындау және өткізуді ұйымдастыру ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының кадр қызметіне жүктеледі.

      4. ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасудың негізгі критерийі "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Құқық қорғау қызметі туралы" Заң) 29-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) сәйкестігі болып табылады.

1-параграф. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтері, ғылыми қызметкерлері лауазымдарына конкурстан тыс орналасу тәртібі

      5. Педагогтердің, ғылыми қызметкерлердің лауазымдарына конкурстан тыс біліктілік талаптарына сәйкес келетін азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі – АҚО) қызметкерлері, әскери қызметшілер (бұдан әрі – қызметкерлер қатарынан кандидаттар) орналастырылады.

      6. Қызметкерлер арасынан конкурстан тыс қатысатын кандидаттар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ТЖМ-ның арнаулы оқу орны бастығының атына жазбаша баянат береді.

      Конкурстан тыс орналастыру туралы шешім қабылдау үшін баянат тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде арнаулы оқу орнының бастығы немесе оның орынбасары не олардың тапсырмасы бойынша ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кандидатпен әңгімелесу өткізеді, оның барысында алдағы қызметтің сипаты мен лауазымдық міндеттері түсіндіріледі.

      7. Әңгімелесу өткізілгеннен кейін кандидат бес жұмыс күні ішінде кадр қызметіне мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

      2) жоғары білім туралы және академиялық не ғылыми дәреже, ғылыми атақ туралы дипломдардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (болған жағдайда);

      3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

      4) ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (болған жағдайда).

      8. Кадр қызметі осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды қарайды, кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      9. Осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кандидаттардың құжаттарын кадр қызметі факультет, кафедра (цикл), бөлім немесе ғылыми бөлімше отырысында талқылау үшін жібереді.

      Факультет, кафедра (цикл), бөлім, ғылыми бөлімше бастығы (бастықтың орынбасары) лауазымына орналасуға кандидаттардың құжаттарын қарау кезінде ТЖМ-ның арнаулы оқу орны бастығының қызметтің тиісті бағытына жетекшілік ететін орынбасары төрағалық етеді.

      10. Факультет, кафедра (цикл), бөлім, ғылыми-зерттеу бөлімшесі отырысының барысы бейнежазбаға жазылады. Отырыстың бейнежазбасы одан әрі сақтау үшін ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының кадр қызметіне беріледі.

      11. Әрбір кандидат бойынша шешім жай көпшілік дауыспен дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      12. Кандидаттар факультеттің, кафедраның (циклдің), бөлімнің, ғылыми-зерттеу бөлімшесінің отырысына қатысады.

      13. Кафедра (цикл) факультеті, бөлім, ғылыми-зерттеу бөлімшесі отырысының нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады:

      1) лауазымға тағайындауға ұсыну;

      2) лауазымға тағайындаудан дәлелді түрде бас тарту.

      14. Шешім осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша отырыс хаттамасымен ресімделеді.

      15. Кафедра (цикл) факультеті, бөлім, ғылыми-зерттеу бөлімшесі отырысының оң шешімі қабылданғаннан кейін кандидат бір ай ішінде арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен лауазымға тағайындалады.

2-параграф. Конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтері, ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу тәртібі

      16. ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының азаматтық қызметші лауазымдарын қоспағанда, педагогтер, ғылыми қызметкерлер лауазымдарына орналасу конкурстан тыс кандидаттар болмаған кезде конкурс бойынша жүзеге асырылады.

      17. Конкурс бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) конкурстық комиссияны құру;

      3) азаматтардан құжаттар қабылдау және олардың лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін алдын ала қарау;

      4) кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыруы;

      5) кандидаттармен конкурстық комиссиясы өткізетін әңгімелесу;

      6) конкурстық комиссияның шешімі.

      18. ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының педагогтері, ғылыми қызметкерлері лауазымдарына конкурстық негізде орналасудың негізгі критерийі "Құқық қорғау қызметі туралы" Заңның 6-бабының 2-тармағында көзделген біліктілік талаптарына, құқық қорғау қызметіне кіру шарттарына сәйкестігі болып табылады.

      ТЖМ-ның арнаулы оқу орнының педагогтері, ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасу конкурсын өткізу тәртібі "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабымен және "Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдерін, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы бос және уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 256, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 40, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 1009, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 358 және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 485 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31638 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 13.10.2023 № 554 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы
оқу орындарында
азаматтық қызметші
лауазымдарын қоспағанда,
педагогтер, ғылыми
қызметкерлер лауазымдарына
орналасу қағидаларына
1-қосымша
Конкурстық комиссияның
төрағасы
____________________________

БАЯНАТ

      Мені____________________________________________________бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

      Конкурсты өткізудің негізгі шарттарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

      Ұсынылған құжаттардың түпнұсқалылығын растаймын.

      __________________________________

      (тегі, аты-жөні (болған жағдайда))

      __________________________________

      (Қолы) 20___ жылғы "___" ______________

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы оқу
орнында азаматтық қызметші
лауазымдарын қоспағанда,
педагогтер, ғылыми
қызметкерлер лауазымдарына
орналасу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Кадрларды есепке алу бойынша ЖЕКЕ ПАРАҚ

1. Тегі __________________________________
аты ____________________________________
әкесінің аты (болған жағдайда) ____________
2. Жынысы ___________
3. Туған жылы, айы, күні __________________
4. Туған жері ____________________________
(ауыл, қала, аудан, облыс, республика)
5. Ұлты _________________________________
6. Азаматтығы ___________________________
7. Білімі ________________________________

Фотосуретке
арналған
орын


Оқу орнының атауы және оның тұрған жері

Факультеті немесе бөлімшесі

Түскен
жылы

Бітірген немесе шыққан жылы

Бітірмесе, қай курстан кетті

Оқу орнын бітіргенде нәтижесінде қандай біліктілік алып шықты, диплом не куәлік нөмірін көрсету керек.

      8. Ана тіліңіз, басқа қандай тілдерді және қай дәрежеде білесіз ___________________________________________________________________ (сөздікпен, оқи аласыз және түсінісе аласыз, еркін меңгердіңіз)

      9. Ғылыми дәрежеңіз, ғылыми атағыңыз ________________________________

      10. Қандай ғылыми еңбектеріңіз бен ғылыми жаңалықтарыңыз бар __________________________________________________________________

      11. Сіз және Сіздің жақын туысқандарыңыз* сотты болғансыздар ма __________________________________________________________________ (қашан және не үшін кім соттады, жазалау шарасы)

      12. Еңбек жолын бастағаннан бері істеген жұмыстары (жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқыған жылдарын, әскери қызметін, қоса атқарған жұмысын қоса есептегенде).

Айы және жылы

Мекеме, ұйым, кәсіпорын, сондай-ақ министрлік (ведомство) көрсетілген лауазым

Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның орналасқан жері

Келген

Кеткен

      Осы тармақты толтырған кезде мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындар кезінде қалай аталса, сол қалпында берілсін, әскери қызмет лауазымы округімен қоса көрсетілсін.

      13. Жеке парақшаны толтырған кездегі отбасылық жағдайы, Сіздің жақын туыстарыңыз*

Туыстық дәрежесі

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Туған күні және жері

Жұмыс орны, лауазымы

Тұрғылықты мекенжайы

      *Жақын туыстары: ерлі-зайыптылар, олардың ата-аналары, ағалары, әпкелері, балалары.

      Егер олар белгіленген тәртіппен өзгеркен болса, осы адамдардың бұрынғы тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда), сондай-ақ бұрынғы ерлі-зайыптылардың деректерін көрсету қажет.

      14. Шетелдерде болуы (жұмыс, қызметтік іссапар, делегациямен сапар)

Айы және жылы

Қандай елде

Шетелде болу мақсаты

Қай уақыттан бастап

Қай уақытқа дейін

      15. Қандай сайланбалы органдарға сайлады немесе сайланды (қайда, қандай органдарға және қашан) ____________________________________________________________________________________________________________________________________

      16. Әскери міндеттілікке қатысы (әскери міндетті, әскери міндетті емес) __________________________________________________________________ (әскери-есепке алу мамандығы, әскери атағы, әскери билетінің нөмірі және жеке нөмірі)

      17. Сізде қандай мемлекеттік марапаттар бар (қашан, кім марапаттады және немен марапатталды) ___________________________________________________________________ 18. Төлқұжат ________________________________________________________(сериясы, нөмірі, кім және қашан берген, тіркелген мекенжайы)

      19. Тұрғылықты жері _________________________________________________

      20___ жыл "_____" ___________ Өзінің қолы ____________________________ (толтырылған күні)

      (Жеке парақты толтыратын қызметкер барлық кейінгі өзгерістер туралы (білімі, ғылыми дәреже, ғылыми атақ беру және т.б.) осы өзгерістерді оның жеке ісіне енгізу үшін жұмыс орнына хабарлауға міндетті).

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрлігінің арнаулы оқу
орнында азаматтық
қызметші лауазымдарын
қоспағанда, педагогтер,
ғылыми қызметкерлер
лауазымдарына орналасу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Отырыстың хаттамасы

      Орны №____ Күні_____ Қатысқандар: факультет, кафедра (цикл), бөлім немесе ғылыми бөлімше отырысының төрағасы ________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ________________________________________________________________________________ ұйымның атауы, атқаратын лауазымы)

      Комиссия мүшелері:__________________________________________________________________

      Күн тәртібі: педагог, ғылыми қызметкер лауазымдарына орналасуға кандидаттардың құжаттарын қарау

      1. Кандидат______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      2. Сұрақтар:_______________________________________________________________

      3. Кандидат _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      дауыс беру қорытындысы бойынша лауазымға тағайындауға ұсынылады/лауазымға / тағайындауға ұсынылмайды.

      Төраға ______________________________________________(қолы)

      Комиссия мүшелері

      ___________________________________________________(қолы)

      ___________________________________________________(қолы)

      ___________________________________________________(қолы)

      (қажеттінің астын сызу қажет)

      Хатшы _____________________________________________(қолы)