ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 18.08.2022 № 33 (11.09.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 464 бұйрығымен бекітілген |
Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру қағидалары
1. Осы Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру қағидалары "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру тәртібін айқындайды.
Осы Қағидалардың күші "азаматтық қорғау" арнаулы атағы берілген азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі – АҚО) бос басшылық лауазымдарына қатысты қолданылады.
2. Осы Қағидалардағы ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің www.gov.kz/memleket/entities/emer домендік атауы (мекенжайы) ресми интернет-ресурсы (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) деп түсіндіріледі.
3. АҚО-ның басшылық лауазымдарының тізбесі Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі - Министр) "Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының басшылық лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" 2021 жылғы 26 мамырдағы № 235 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22892 болып тіркелген ) бекітілген.
4. Ақпараттық жүйеде тағайындау Министрдің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрлерінің, АҚО-ның уәкілетті басшыларының құзыретіне кіретін бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар "Қызмет бағыты" бөлімінің "Кадр саясаты" кіші бөлімінде орналастырылады.
5. Ақпараттық жүйеде бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтерді және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды АҚО-ның кадр қызметтерінің ұсынымы бойынша (еркін нысанда) АҚО-ның қоғаммен байланыс бөлімшелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос лауазымдар пайда болған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады.
Ақпараттық жүйеден бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар орналасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде алынып тасталады.
6. Бос басшылық лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін АҚО-ның лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес айқындалады.
Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық- анықтамалық жүйелерде орналастыру қағидаларына қосымша |
|
Нысан |
Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар
Бос басшылық лауазымның атауы | Бос орындар саны | Бос басшылық лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) | ||
Министрліктің аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері | ||