Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 18 тамыздағы № 33 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 тамызда № 29226 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылғы 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министірінің
міндетін атқарушы
И. Кульшимбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар
министірінің міндетін атқарушы
2022 жылғы 18 тамыздағы
№ 33 бұйрығына
қосымша

Күші жойылған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кейбір бұрықтарының тізбесі

      1. "Азаматтық қорғау органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 216 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22811 болып тіркелген).

      2. "Азаматтық қорғау органдарында тәртіптік комиссияны құру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 15 маусымдағы № 285 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23130 болып тіркелген).

      3. "Азаматтық қорғау органдарында қызметтік тергеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 16 маусымдағы № 290 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23067 болып тіркелген).

      4. "Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 7 шілдедегі № 329 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23428 болып тіркелген).

      5. "Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне көтермелеуді қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 21 шілдедегі № 352 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23686 болып тіркелген).

      6. "Азаматтық қорғау органдарының қарамағында тұрған қызметкерлердің қызмет өткеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № 370 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23870 болып тіркелген).

      7. "Азаматтық қорғау органдарындағы қызметін тоқтатқан қызметкерлерді азаматтық қорғау органдарының кадрынан шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 2 тамыздағы № 371 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23869 болып тіркелген).

      8. "Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне кезектен тыс арнаулы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 382 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23998 болып тіркелген).

      9. "Азаматтық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 тамыздағы № 384 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23932 болып тіркелген).

      10. "Азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 412 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24183 болып тіркелген).

      11. "Азаматтық қорғау органдарындағы конкурстық негізде орналасатын аға және жоғары басшы құрам лауазымдарының тізбесін, азаматтық қорғау органдарына қызметке алғаш рет кіретін адамдар үшін конкурс пен тағылымдама өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 24 тамыздағы № 413 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24173 болып тіркелген).

      12. "Азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 20 қыркүйектегі № 461 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24516 болып тіркелген).

      13. "Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптарды ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 464 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24505 болып тіркелген).

      14. "Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 23 қарашадағы № 557 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25487 болып тіркелген).

      15. "Азаматтық қорғау органдарында кадрлық жоспарлауды ескере отырып, кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 18 мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 586 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25902 болып тіркелген).