"Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 5 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 754 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 1 қыркүйекте № 24187 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 21сәуірдегі №5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20503 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      9-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензия беруге арналған құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, ақы төленгені туралы, психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың болуы туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия алу үшін құжаттардың толық топтамасын 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы құжаттарды қарайды және лицензия беруге бұйрықты не дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі) дайындайды және уәкілетті тұлғаға қол қоюға жібереді.

      Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.";

      мынадай редакциядағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының лицензияны қайта ресімдеуге құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Жеке басты куәландыратын құжат туралы, адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы, ақы төленгені туралы, психиатриялық және наркологиялық диспансерлерден анықтамалардың болуы туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қайта ресімдеуге құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін немесе дәлелді бас тартуды дайындайды және "көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне" жібереді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама жіберілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күніне мерзімін ұзарта отырып, алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.";

      16-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "16. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарышөнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 31 тамыздағы
№ 754 Бұйрыққа
№ 1 қосымша
  "Сот-сараптама қызметімен,
оның ішінде сот-медициналық,
сот-наркологиялық және сот-
психиатриялық
сараптамалармен
айналысуға лицензия беру
мемлекеттік қызмет
көрсету қағидаларына"
1-қосымша

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия беру" (бұдан әрі-Стандарт)

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Электрондық Үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады: www.egov.kz, www.elicense.kz.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсету мерзімі:
беру-6 (алты) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу-3 (үш) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Сот-сараптама қызметімен айналысуға лицензия беру / қайта ресімдеу, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Сот-сараптама қызметімен, оның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сараптамалармен айналысуға лицензия бергені, лицензия қайта ресімдегені үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым алынады, ол "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554 бабына сәйкес мынадай:
1) лицензия беру - 6 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі - АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдеу – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10% - ын, бірақ 4 АЕК-тен аспайды.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін;
2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдауды және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді келесі жұмыс күні жүзеге асыратын тәулік бойы.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің ресми Интернет-ресурсында орналастырылған – www.adilet.gov.kz.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар тізбесі

Лицензия алу үшін:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.
Лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған жағдайда тегінің, атының және әкесінің атының (ол болған кезде) ауысқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы;
2) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар мен деректердің (мәліметтердің) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10309 болып тіркелген) сот-сараптама қызметін, оның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне);
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;
5) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға уақытша тыйым салған жағдайларда жүзеге асырылады.

10

Ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар мемлекеттік қызмет көрсетудің

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
3) мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-02-41.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414, 8 800 080 7777).

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2021 жылғы 31 тамыздағы
№ 754 Бұйрыққа
№ 2 қосымша
  "Сот-сараптама қызметімен,
  оның ішінде сот-медициналық,
  сот-наркологиялық және сот-
  психиатриялық сараптамалармен
  айналысуға лицензия беру
  мемлекеттік қызметін
  көрсету қағидаларына"
  2-1-қосымша

Сот-сараптама қызметін, оның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкестігін растайтын мәліметтер нысаны __________________________________________________ жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты( бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі (мен ұсынылған деректердің дұрыстығына дербес жауап беремін)

      барлық тұлғалар үшін толтырылады

      1. Сот сараптамаларының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің болуы және / немесе тиісті мамандық бойынша сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сарапшы дәрігер үшін мынадай нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы бойынша біліктілік емтиханын тапсырғанын растайтын маман сертификатының болуы:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі берген біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігіне қосымшаның нөмірі_____________________________________________________

      Біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігінің қосымшасының берілген күні

      ______________________________________________________________________

      Сот сараптамасы бойынша мамандығы (біліктілік куәлігі)_____________

      ______________________________________________________________________

      2. Диплом және оған қосымша туралы мәліметтер жоғары оқу орнының атауы_____________________________________________

      мамандық атауы _____________________________________________

      мамандық шифры ____________________________________________

      дипломның және оған қосымшаның нөмірі __________________________________

      дипломның және оған қосымшаның берілген күні ____________________________

      дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні ______________

      дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің нөмірі

      _______________________________________________________________________

      (6, 7-тармақтар шетелдік білім беру ұйымдары берген дипломдар үшін толтырылады)

      3. Жоғары білімі туралы дипломда көрсетілген мамандық бойынша жұмыс өтілінің немесе сараптама қызметінің мәлімделген түрі бойынша сот сараптамасы (сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық) органдарындағы жұмыс өтілінің кемінде үш жыл болуы туралы мәліметтер:

      жұмыс кезеңі __________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      лауазымы, ұйым, бөлімше _______________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ұйымның орналасқан жері_______________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      бұйырықтың нөмірі_____________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      еңбек өтілі_____________________________________________________________

      ______________________________________________________________________