Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 14 маусымдағы № 73 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 19 маусымда № 23101 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең төмен мөлшерін мынадай мөлшерде белгіленсін:

      банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алатын коллекторлық агенттік үшін 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен және банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алатын коллекторлық агенттік үшін:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 100 000 000 (жүз миллион) теңге;

      тек қана коллекторлық қызметті жүзеге асыратын коллекторлық агенттік үшін 50 000 000 (елу миллион) теңге;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін есептік тіркеуден өткен және тек қана коллекторлық қызметті жүзеге асыратын коллекторлық агенттік үшін:

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10 000 000 (он миллион) теңге;

      2022 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 000 000 (отыз миллион) теңге;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 50 000 000 (елу миллион) теңге.

      Коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталы міндеттемелерді шегергенде коллекторлық агенттіктің активтері ретінде есептелетін соманы құрайды.

      Құрылатын коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталының ең аз мөлшеріне ақы төлеуді растау мақсатында коллекторлық агенттік оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) сәтіне қарай мынадай құжаттарды ұсынады: коллекторлық агенттіктің жарғылық капиталына жарна ретінде ақшаның банк шотына аударылғанын растайтын және есептік тіркеуден өту үшін өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес берілген екінші деңгейдегі банктің құжаты (оның ішінде клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді көшірме) және бар болса, шаруашылық серіктестігі қатысушыларының тізілімі не одан бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы берген үзінді көшірме.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 12.12.2022 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және пруденциялық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова