"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2021 жылғы 17 мамырдағы № 11-1-4/190 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 22 мамырда № 22777 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1265 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13039 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      5- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5 .Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) өтініш беруші порталға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша береді.";

      6- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өтініш беруші өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі (сұратылатың визаның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кем емес паспорттың қолданыс мерзімімен);

      2) өтініш беруші жарғысының мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;

      3) осы қағидалардың 3-тармағына сәйкес тұлғаның лауазымын растайтын құжаттың электронды көшірмесі;

      4) өтініш берушінің инвестициялық жобаға инвестициялар салу фактісін растайтын құжаттардың электронды көшірмелері (инвестордың нақты растайтын құжаттар "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары, "Салық және Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген шот-фактуралар, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген кедендік декларациялар).

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын және Қазақстан Республикасыныңаумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтініш беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі- Стандарт) баяндалған.

      7-тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, 2017 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші Порталда өтінішті тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағиданың 6-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:

      көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағиданың талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді.";

      9- тармақ алып тасталсын;

      10- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру порталда жүзеге асырылады – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Стандартта көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына шағым беру арқылы жүзеге асырылады.";

      2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3 және 4-қосымшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
М. Тілеуберді

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіщдік комитеті

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ 11-1-4/190
Бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасының
резиденттері болып
табылмайтын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторларға
арналған виза беру туралы
өтініш беру қағидасына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтініш бер" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті.

2.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері

Веб-портал "электрондық үкімет" www.egov.kz (бұдан әрі– Портал).

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету уақыты

Порталға құжаттар топтамасы берілген сәттен бастап - 5 (бес) жұмыс күні.

4.

Мемлекеттік қызмет нысаны

Электронды (толық автоматтандырылған).

5.

Мемлекеттік қызмет нәтижесі

Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтініш беру.

6.

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем соммасы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайда оны жинау тәсілдері

Заңды және жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс графигі

1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
2) көрсетілетін қызметті беруші - 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

8.

Мемлекетік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1) инвесторлық визаны алуға мәлімделген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі (сұратылатың визаның қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін үш айдан кем емес паспорттың қолданыс мерзімімен);
2) өтініш беруші жарғысының мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
3) осы қағидалардың 3-тармағына сәйкес тұлғаның лауазымын растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
4) өтініш берушінің инвестициялық жобаға инвестициялар салу фактісін растайтын құжаттардың электронды көшірмелері (инвестордың нақты растайтын құжаттар "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234 Заңына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары, "Салық және Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген шот-фактуралар, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген кедендік декларациялар).

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Ережелерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар болса.

10.

Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзгеде талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғайбайланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.