"Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | М. Журебеков |
Министрдің міндетін атқарушы 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 Бұйрығымен бекітілген |
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 70-41) тармақшасына сәйкес әзірленді және генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) аукциондық сауда-саттық қорытындыларының тізілімі – ұйымдастырушы барлық аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша қалыптастыратын және өткізілген сауда-саттық нәтижелерін растайтын құжат;
2) банк кепілдігі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14915 болып тіркелген) Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген және банктің клиентке (борышкер тұлғаға) оның өтініші негізінде үшінші тұлғаның (кредитор тұлғаның) пайдасына берілетін жазбаша құжат, осы құжат негізінде онда көрсетілген шарттарға сәйкес банктік шекті соманы үшінші тұлғаға (кредитор тұлғаға) төлеуге міндеттенеді;
3) бенефициар – пайдасына төлем және (немесе) ақша аудару жүзеге асырылатын тұлға;
4) борышкер тұлға – эмитент банкке бенефициар пайдасына банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті шығаруға тапсырма беретін заңды тұлға;
5) бір жақты аукцион – жеңімпазды және жеңімпазға үміткерді, жеңімпаз сатып алу шартын жасасудан бас тартқан жағдайда, аукцион затын сатып алу үшін аукционға қатысушының бастапқы бағасынан бастап аукцион адымына баға туралы ағымдағы ұсынысты төмендету жолымен анықтауға бағытталған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру нысаны;
6) бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
7) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттық) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке олардың жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;
8) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттыққа қатысушы) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуден өткен және қатысушы мәртебесін алған заңды тұлға;
9) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын, Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлға;
10) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған тариф;
11) комиссия - кемінде 9 адамнан тұратын, уәкілетті органның, мүдделі мемлекеттік органдардың, ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің, жүйелік оператордың, бірыңғай сатып алушының және аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы жүзеге асыратын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шешімдер қабылдау мақсатында аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының өкілдерінен тұратын уәкілетті орган құратын комиссия;
12) қаржы ресурстары – өтініш берушінің аукциондық сауда-саттыққа қатысуына және генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі шарт талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге арналған банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив;
13) өтініш беруші – аукциондық сауда-саттыққа қатысуды жоспарлайтын заңды тұлға;
14) резервтік аккредитив – борышкер тұлға бенефициар алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайдың басталуы бойынша соманы аккредитив бойынша бенефициардың пайдасына төлеу банктің міндеттемесі (резервтік аккредитив SWIFT жүйесі бойынша шығарылады);
15) сауда сессиясы – аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдер беруі, бағаларды, реттеуші электр қуатының көлемдерін айқындау жүзеге асырылатын және аукциондық сауда-саттық қорытындыларының тізілімі қалыптастырылатын процесс;
16) Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 489 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17923 болып тіркелген) Тұлғалар тобының тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларына сәйкес энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар қатарынан тұратын, уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында қалыптастырылатын және орналастырылатын Тұлғалар тобының тізілімінде тұрған көтерме сауда нарығының субъектілері.
17) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
18) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар бірыңғай сатып алушыға генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсететін қызмет;
19) электр қуатын реттеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – реттеу жөніндегі шарт) – электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің нақты электр жүктемесінің мәлімделген электр жүктемесінен ауытқуын өтеу үшін қызметтер көрсету жөніндегі жүйелік оператор мен аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы арасында жыл сайын жасалатын шарт;
20) электр қуатын сатып алу шарты – бірыңғай сатып алушы мен аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы арасында аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған жеке тариф бойынша жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу шарты;
21) электрондық жүйе – интернет арқылы аукциондық сауда-саттық өткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, техникалық, сауда, бағдарламалық компоненттер кешені.
Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де терминдер мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.
3. Егер электр энергиясы мен қуатының алдағы жеті жылдық кезеңге арналған бекітілген болжамды теңгерімінде Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) немесе оның қандай да бір аймағында болжамның соңғы үш жылы ішінде реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығы 100 мегаваттан асқан жағдайда, уәкілетті орган генерацияның маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғылардың көлемдерін, пайдалануға беру мерзімдерін айқындайды және Тізілімге енгізілген тұтынушыларға реттеуші электр қуатының болжамды жабылмайтын тапшылығының туындауы туралы хабарлама жібереді.
4. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеу (реттілікпен басымдық тәртібімен):
1) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарына (бұдан әрі – орналастыру жоспары) енгізілген және жүйелік оператор әзірлеген техникалық тапсырма негізінде уәкілетті органның тапсырысы бойынша бірыңғай сатып алушы дайындаған алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері (бұдан әрі – Аукциондық сауда-саттықтың бірінші түрі) бар алаңдар;
2) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың алаңдары (бұдан әрі – Аукциондық сауда-саттықтың екінші түрі);
3) алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері жоқ алаңдар (бұдан әрі –Аукциондық сауда-саттықтың үшінші түрі) арасында аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу арқылы жүргізіледі.
Бұл ретте аукциондық сауда-саттықтар Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген, уәкілетті органмен жасалған реттеуші электр қуатын құруға арналған шартқа сәйкес Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар құратын генерациялайтын қондырғыларға қатысты өткізілмейді.
Генерацияның маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру көлемдерін айқындау үшін база ретінде соңғы үш жылда жоғарылатуға және төмендетуге арналған реттеуді қамтамасыз ету мақсаттарын негізге ала отырып, екі есеге ұлғайтылған тиісті болжамның реттеуші электр қуаты тапшылығының ең үлкен мәні (бұдан әрі – База) пайдаланылады.
Аукциондық сауда - саттық шеңберінде іске асырылатын генерацияның маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру көлемі Тұлғалар тобының тізіліміне кірмейтін тұтынушыларға келетін ҚР БЭЖ (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) жүктемесінің үлесіне түзетілген базадан кем емес көлемде желіге қуатты беру, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген талаптарды орындау қамтамасыз етілетін мәнде айқындалады.
Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар іске асыратын генерацияның маневрлік режимі бар реттеуші генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру көлемін тиісті тұлғалар тобы тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға келетін ҚР БЭЖ жүктемесінің үлесіне түзетілген базадан кем емес көлемде желіге қуат беруді қамтамасыз ететін мәнде дербес айқындайды.
5. Уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін алты айдан кешіктірмей осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін (бұдан әрі – График) әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды.
Бұл ретте, уәкілетті орган аукциондық сауда-саттықты өткізудің болжамды күніне дейін үш айдан кешіктірмей Графикке мынадай қосымша ақпарат енгізеді:
шекті аукциондық бағаның шамасы, теңге / мегаватт*ай;
жобаның белгіленген қуаты 1 (бір) мегаватт (бұдан әрі – МВт) есебінен аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде қаржы ресурстарының болуы туралы растау;
жобаның белгіленген қуаты 1 (бір) МВт есебінен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың талаптарын орындау үшін қаржы ресурстарының болуы туралы растау.
6. Аукциондық сауда-саттықтың бірінші түрінің қорытындылары бойынша іріктеп алынбаған реттеуші қуаттардың көлемі Аукциондық сауда-саттықтың екінші түрінің көлеміне толықтыруға жатады.
Аукциондық сауда-саттықтың екінші түрінің қорытындылары бойынша реттеуші қуаттардың көлемі іріктелмеген жағдайда, реттеуші қуаттардың осы көлемі Аукциондық сауда-саттықтың үшінші түрінің көлеміне толықтыруға жатады.
7. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар:
1) реттеуші электр қуатының жабылмайтын тапшылығы бар және (немесе) болжанатын ҚР БЭЖ аймағында 2022 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылады және пайдалануға беріледі;
2) генерациялайтын қондырғыларды автоматты реттеуге қосылады;
3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын реттеу диапазоны болады.
4) жаңа генерациялайтын жабдықты (бұрын пайдалануда болмаған) пайдалана отырып енгізіледі.
Қарсы реттеуші гидроэлектр станциясының типі бойынша генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыны салу кезінде оның жұмыс істеу режимі өзен арнасы бойымен жоғары орналасқан, жұмыс істеп тұрған гидроэлектр станциясының жұмыс істеу режиміне тікелей байланысты жасалады.
8. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – құрылыс қызметі туралы Заң) және Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1-параграф. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру
9. Реттеу қуатының тапшылығын айқындағаннан кейін уәкілетті орган күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде резервте қалдыру үшін қолжетімді қажетті инфрақұрылымы бар жер учаскелері туралы ақпарат (бұдан әрі — жер учаскелері туралы ақпарат) беру туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – ЖАО) сұрау салу жібереді.
ЖАО күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде уәкілетті органға осы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген сұрау салуға сәйкес алаңды айқындау үшін кемінде 3 (үш) бірлік мөлшерінде жер учаскелері туралы алдын ала ақпарат береді және аукциондық сауда-саттықтың бірінші түрі басталғанға дейін уәкілетті орган тарапынан тиісті хабарлама алынған күнге дейін ықтимал резервтеу үшін олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
10. ЖАО жер учаскелері туралы алдын ала ақпарат бергеннен кейін уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде аукциондық сауда-саттықтың бірінші түрін өткізу үшін алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені (бұдан әрі – алдын ала ТЭН) әзірлеу мақсатында жер учаскелері туралы ақпаратты бірыңғай сатып алушының атына жібереді.
11. Қажетті енгізулердің реттеу қуаты көлемінің тапшылығы және оларды енгізу мерзімдері, сондай-ақ жер учаскелері туралы ақпарат негізінде уәкілетті орган ЖАО-ның жер учаскелері туралы алдын ала ақпаратына сәйкес осы құрылыс учаскелері бойынша электр қуатының осы көлемдерін салуды және бөлуді, сондай-ақ Заңның 5-бабының 70-43) тармақшасына сәйкес орналастыру жоспарына енгізілетін осы көлемдерді пайдалануға беру мерзімдерін айқындайды.
Бұл ретте, осы көлемдерді салу және бөлу үшін түпкілікті жер учаскелері, сондай-ақ осы көлемдерді енгізу мерзімдері тиісті алдын ала ТЭН шеңберінде айқындалады.
Алдын ала ТЭН нәтижелерінің негізінде орналастыру жоспарының ақпараты өзектендіруге жатады (бұдан әрі – Өзектендірілген орналастыру жоспары).
12. Уәкілетті орган орналастыру жоспарында енгізілетін қуаттардың көлемін, оның ішінде Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген уәкілетті органмен электр қуатын құруға арналған шартқа сәйкес тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген тұтынушылар құратын немесе құратын реттелетін электр қуатының тапшылығын жабу үшін және реттелетін электр қуатының көлемін ескереді және күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде ЖАО-ға Өзектендірілген орналастыру жоспары жібереді. Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылар құратын электр қуатының көлемдері аукциондық сауда-саттық тетігін қолданбай пайдалануға енгізіледі.
13. Аукциондық сауда-саттық құжаттамасы осы Қағидаларға сәйкес бірыңғай сатып алушы дайындаған алдын ала ТЭН негізінде әзірленеді.
14. Уәкілетті орган орналастыру жоспарында ескерілген жобаларды іске асыру мақсатында жүйелік операторға әрбір жоба бойынша алдын ала ТЭН дайындауға арналған техникалық тапсырманы әзірлеу қажеттігі туралы хат жібереді.
15. Жүйелік оператор уәкілетті органнан хат алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде техникалық тапсырманы әзірлейді және уәкілетті органға жібереді.
16. Уәкілетті орган жүйелік оператордан техникалық тапсырманы алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны алдын ала ТЭН дайындау үшін бірыңғай сатып алушыға жібереді.
17. Алдын ала ТЭН дайындау мақсатында бірыңғай сатып алушы конкурс негізінде жобалау ұйымын тартады.
18. Бірыңғай сатып алушы жүйелік оператор әзірлеген техникалық тапсырма негізінде уәкілетті органның тапсырысы бойынша жобалау ұйымын тарту бойынша конкурстық құжаттаманы дайындайды.
19. Алдын ала ТЭН құрамында:
1) орналастыру орны;
2) ұлттық электр желілеріне қосылу нүктесін;
3) жобаны іске асырудың болжамды құны;
4) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тариф;
5) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі он бес жылға тең;
6) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі;
7) ҚР БЭЖ-де реттелетін электр қуатының тапшылығы аймағы;
8) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың талап етілетін техникалық, технологиялық және пайдалану сипаттамалары бар.
20. Алдын ала ТЭН әзірлеу сатысында жобалау ұйымы бірыңғай сатып алушының атына:
1) ұлттық электр желілерін пайдаланатын ұйымнан ҚР БЭЖ-ге қосылуға арналған техникалық шарттар;
2) магистральдық газ құбырына, газ тарату жүйесіне немесе газ генерациясына арналған топтық резервуарлық қондырғыға қосуға арналған техникалық шарттар алады.
21. Әзірленген алдын ала ТЭН бірыңғай сатып алушының комиссиялық қабылдауына жатады.
Алдын ала ТЭН нәтижелерін қабылдау бойынша бірыңғай сатып алушы комиссиясының құрамына мыналар:
1) уәкілетті орган;
2) жүйелік оператор;
3) бірыңғай сатып алушы;
4) ұлттық газ операторы;
5) тәуелсіз сарапшылар, заңды тұлғалар бірлестіктері, ұлттық кәсіпкерлер палатасы кіреді.
22. Бірыңғай сатып алушы алдын ала ТЭН комиссиялық қабылдағаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде аукциондық сауда-саттық құжаттамасын әзірлеу үшін уәкілетті органға оның көшірмесін ұсынады.
23. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шешімдер қабылдау үшін уәкілетті орган осы Қағидалардың 2-тармағының 20) тармақшасына сәйкес комиссия құрады.
Комиссия қабылдайтын шешімдер құжаттың электрондық көшірмесі нысанында уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
24. Тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру және комиссия хатшысын айқындау туралы шешім уәкілетті органның бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен қабылданады.
25. Төраға, төрағаның орынбасары және комиссияның басқа да мүшелері комиссия мүшелері болып табылады. Комиссия мүшелері өтінімдерді қарайды және дауыс беруге қатысады.
26. Комиссия төрағасы және төраға орынбасары әрбір жаңа аукцион кезінде комиссия құру туралы шешімде көрсетілген адамдар арасынан дауыс беру арқылы айқындалады.
27. Комиссия төрағасы өзіне жүктелген міндеттемелер шеңберінде комиссия қызметіне басшылық жасайды.
28. Комиссия оны құру туралы шешім қабылдау жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы күшіне енген күннен бастап әрекет етеді және жаңа комиссия құру туралы шешім қабылданған күні өз қызметін тоқтатады.
29. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
30. Комиссияның шешімдері құжаттың электрондық көшірмесі нысанында уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.
31. Комиссияның ұйымдастырушылық қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс бермейді.
Комиссия хатшысы уәкілетті органның қызметкерлері арасынан айқындалады.
32. Комиссия хатшысы:
1) аукциондық сауда-саттық құжаттамасын қалыптастырады және интернет-ресурста орналастырады;
2) интернет-ресурста аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін, аукциондық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, аукционға қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, аукционға рұқсат беру хаттамасын орналастырады;
3) комиссия шешімін интернет-ресурста орналастырады.
33. Комиссия аукциондық сауда-саттықты өткізгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш беруші ұсынған құжаттардың болуын және осы Қағидалардың 47, 49 және 54-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Өтініш беруші ұсынған құжаттар осы Қағидалардың 36-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда, өтініш беруші комиссияның рұқсат беру туралы оң шешімінің негізінде аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелуге рұқсат алады.
34. Электрондық жүйеде тіркелуге рұқсат алу қорытындылары бойынша уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге, бірыңғай сатып алушыға және аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға электрондық жүйеде тіркелуге рұқсат алған өтініш берушілердің ақпараты мен тізімін жібереді.
35. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы уәкілетті орган мен өтініш беруші электрондық жүйеде тіркелуге рұқсат алғаннан кейін өтініш берушілерді тіркеуді жүргізеді.
36. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркелу үшін өтініш беруші онлайн-тіркелуден өту үшін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсына жүгінеді және оның мекенжайына электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Жарғының көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
3) заңды тұлғаның тиісті органының бірінші басшысын тағайындау туралы шешімнің көшірмесі;
4) өкілге сенімхат (егер мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);
5) заңды тұлғаның деректемелері туралы ақпарат (банктік деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы).
37. Өтініш беруші бірыңғай сатып алушыға аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде қаржы ресурстарының болуын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын осы Қағидалардың 47, 50 және 54-тармақтарына сәйкес аукциондық сауда-саттық басталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей ұсынады.
38. Осы Қағидалардың 36 және 37-тармақтарына сәйкес құжаттарды ұсынған кезде, өтініш беруші мен аукциондық сауда-саттықты ұымдастырушы арасында шарт жасасу және аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу кезінде аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы өтініш берушіге аукциондық сауда-саттыққа қатысушы мәртебесін береді.
39. Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушы уәкілетті орган бекіткен аукциондық сауда-саттықты өткізу графигіне сәйкес аукциондық сауда-саттық басталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын өтініш берушілерден құжаттарды қабылдауды тоқтатады.
40. Қатысушы аукциондық сауда-саттық басталғанға дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей, электрондық жүйеге рұқсаты бар қатысушы қызметкерлерінің деректемелері немесе тізімі өзгерген жағдайда, бұл туралы аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысын хабардар етеді.
Тіркелгеннен кейін әр аукциондық сауда-саттыққа қатысушыға электрондық жүйеге рұқсат алу үшін пароль беріледі.
41. Электрондық жүйеге рұқсат алу құқығын беретін пароль үшінші тұлғаларға берілмейді.
42. Аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысының көрсетілетін қызметтеріне тарифтер өтініш беруші мен аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы арасында жасалатын үлгілік шарт (бұдан әрі – Шарт) негізінде төленеді.
43. Шартта мыналар:
1) Шарттың мәні, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы көрсететін қызметтердің түрлері, төлеу мерзімдері мен тәсілдері;
2) аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін өтініш берушіге қойылатын өлшемшарттар мен талаптар және аукциондық сауда-саттыққа рұқсат беру;
3) аукциондық сауда-саттықты өткізу әдістері;
4) Шартқа аукциондық сауда-саттық қатысушыларының Шарт талаптарын бұзғаны үшін жауаптылығы қамтылады.
44. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу мақсатында аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы:
1) аукциондық сауда-саттықты өткізу жөніндегі электрондық жүйенің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді;
2) аукциондық сауда-саттыққа қатысушыларға аукциондық сауда-саттыққа қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз етеді;
3) аукциондық сауда-саттық қатысушыларының қызметкерлеріне электрондық жүйеде жұмыс істеу бойынша нұсқама өткізеді;
4) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырумен және өткізумен байланысты мәселелер бойынша уәкілетті органмен және бірыңғай сатып алушымен өзара іс-қимыл жасайды;
5) Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін ресми интернет-ресурста жариялайды.
45. Егер аукциондық сауда-саттықтың бірінші, екінші және үшінші түрлері осы Қағидалардың 86, 117 және 119-тармақтарында көрсетілген себептер бойынша өткізілмеді деп жарияланған жағдайда, уәкілетті орган 4-тармақта көрсетілген алаңдар арасында күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қайталама аукциондық сауда-саттықты өткізу туралы шешім қабылдайды.
2-параграф. Аукциондық сауда-саттықтың бірінші түрін дайындау
46. Бірыңғай сатып алушы алдын ала ТЭН дайындағаннан кейін уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖАО-ға генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды салуға жер учаскелерін резервтеу қажеттілігі туралы ақпаратты жібереді;
ЖАО уәкілетті органнан ақпарат алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарына жер учаскесіне құқықтар берген кезге дейін генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін алдын ала ТЭН-де айқындалған жер учаскелерін резервтеуді жүзеге асырады және тиісті ақпаратты уәкілетті органға жібереді;
47. Өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттарды құжаттарды ұсынады:
1) Жарғының көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
3) заңды тұлғаның тиісті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;
4) өкілге сенімхат (егер мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);
5) заңды тұлғаның деректемелері (банктік деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы) туралы ақпарат;
6) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде қаржы ресурстарының болуын растау;
7) қатысушының аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар үшін аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттамамен танысқаны туралы растау-хат.
48. Уәкілетті орган комиссия осы Қағидалардың 36-тармағына сәйкес құжаттарды тексергеннен кейін ақпаратты және тіркелуге рұқсат алған өтініш берушілердің тізімін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға жібереді.
Аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін тауарлық газды электр энергиясын өндіру үшін пайдаланатын, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салынған жағдайда:
газды өндіруді, тасымалдауды (тасуды), сақтауды және көтерме саудада өткізуді, сондай-ақ тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу мен тұтынуды мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – газбен жабдықтау туралы Заң) 20-бабына сәйкес тауарлық газды көтерме саудада өткізудің көлемі мен шекті бағаларын айқындайды;
газбен жабдықтау туралы Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес магистральдық газ құбырына және (немесе) газ тарату жүйесіне қосуға техникалық шарттар беріледі.
3-параграф. Аукциондық сауда-саттықтың екінші түрін дайындау
49. Аукциондық сауда-саттықтың екінші түрінің құжаттамасы:
1) инфрақұрылымды салуға жұмсалған шығындарды шегергенде, ұқсас жобалардың алдын ала ТЭН-і және (немесе) аукциондық сауда-саттықтың бірінші түріне сәйкес ұқсас жобалардың аукциондық сауда-саттығының нәтижелері бойынша есептелген, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тарифі;
2) он бес жылға тең электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі;
3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі;
4) ҚР БЭЖ-дегі реттеу электр қуаты тапшылығының аймағы ескеріле отырып, дайындалады.
50. Өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Жарғының көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
3) заңды тұлғаның тиісті органының бірінші басшыны тағайындау туралы шешімінің көшірмесі;
4) өкілге сенімхат (егер мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);
5) заңды тұлғаның деректемелері (банктік деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы) туралы ақпарат;
6) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде қаржы ресурстарының болуын растау;
7) қатысушының аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар үшін аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушысының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттамамен танысқаны туралы растау-хат.
51. Аукциондық сауда-саттықтың екінші түріне қатысатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар аукциондық сауда-саттық өткізу жарияланған ҚР БЭЖ аймағында болады.
52. Жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр энергиясын өндіру үшін судың гидродинамикалық энергиясын және (немесе) газды пайдаланатын жобаларды іске асырады.
4-параграф. Аукциондық сауда-саттықтың үшінші түрін ұйымдастыру
53. Аукциондық сауда-саттықтың үшінші түрінің құжаттамасы:
1) ұқсас жобалардың алдын ала техникалық-экономикалық негіздемелері және (немесе) аукциондық сауда-саттықтың бірінші түріне сәйкес ұқсас жобалардың аукциондық сауда-саттығының нәтижелері бойынша есептелген, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметке арналған болжамды жеке тарифі;
2) он бес жылға тең электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі;
3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі;
4) ҚР БЭЖ-дегі реттеу электр қуатының тапшылығы аймағы ескеріле отырып, дайындалады.
54. Өтініш беруші аукциондық сауда-саттыққа қатысу үшін аукциондық сауда-саттық өткізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Жарғының көшірмесі;
2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
3) заңды тұлғаның тиісті органының бірінші басшысын тағайындау туралы шешімнің көшірмесі;
4) өкілге сенімхат (егер мүдделерді білдіруді бірінші басшы жүзеге асырмаған жағдайда);
5) заңды тұлғаның деректемелері (банктік деректемелері, мекенжайы, байланыс телефондары, электрондық мекенжайы) туралы ақпарат;
6) аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде қаржы ресурстарының болуын растау;
7) қатысушының аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар үшін аукциондық сауда-саттыққа ұйымдастырушысының интернет-ресурсында орналастырылған құжаттамамен танысқаны туралы растау-хат.
55. Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түріндегі аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде қаржы ресурстарының болуын растау бірыңғай сатып алушының пайдасына шығарылады.
5-параграф. Өтінім берудің мазмұны мен тәртібі
56. Аукциондық сауда-саттық жасырын, қашықтықтан, интернет желісін пайдалана отырып, аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысының электрондық жүйесінің интернет-ресурсы арқылы жүргізіледі.
Аукциондық сауда-саттықты өткізу үшін электрондық жүйенің ашылуы туралы ақпарат аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысының сайтында жарияланады.
57. Аукциондық сауда-саттық бір жақты аукцион нысанында өткізіледі.
58. Сауда сессиясы аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде графикке сәйкес мерзімде өткізіледі және 30 (отыз) минутқа созылады.
Бұл ретте сауда сессиясы сауда сессиясы аяқталғанға дейін 5 (бес) минут ішінде аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан аукциондық тарифпен қолда бар ең төмен ұсыныстан төмен өтінім келіп түскен кезде 5 (бес) минутқа ұзартылады.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген ықтимал ұзартуларды ескере отырып, сауда сессиясын өткізудің жалпы уақыты ашылған уақыттан бастап 3 (үш) сағаттан аспайды.
59. Сауда сессиясы ашылғанға дейін аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысы:
1) электрондық жүйеге іріктеуге жоспарланған белгіленген қуаттың көлемі туралы ақпаратты, шекті аукциондық тарифті және уәкілетті орган бекіткен графикке сәйкес өзге де ақпаратты енгізеді;
2) уәкілетті органнан алынған генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысы жоспарланатын резервке қойылған жер учаскелерінің болуы және электр желілеріне қосу нүктелері бойынша барынша жол берілетін қуатты көрсете отырып, энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне қосылу мүмкіндігі жөніндегі ақпаратты электрондық жүйеге енгізеді.
3) электрондық жүйеге аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде бірыңғай сатып алушыдан алынған қаржы ресурстарының мөлшері туралы ақпаратты енгізеді;
4) электрондық жүйеге жер учаскелері және ұлттық электр желілеріне қосылу нүктелері туралы ақпарат енгізеді.
60. Сауда сессиясын өткізу рәсімі мыналарды қамтиды:
1) аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысының сауда сессиясын ашуы;
2) аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың электрондық жүйеде аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер беруі;
3) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда сессиясын жабуы;
4) аукциондық бағаларды айқындауды қоса алғанда, аукциондық сауда-саттықтың қорытындыларын шығару;
5) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімін қалыптастыруы және оны өзінің интернет-ресурсында жариялауы.
61. Қатысушының аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімінде мынадай негізгі мәліметтер қамтылады:
1) қатысушының атауы;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетілетін, ҚҚС-сыз бір мегаватт - ай үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке аукциондық тариф;
62. Қатысушылар сауда сессиясы ішінде электрондық жүйеге аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер береді, бұл ретте өтінімдерде көрсетілген бағалар тиісті шекті аукциондық тарифтің шамасынан аспауға тиіс.
63. Электрондық жүйеге берілген басқа қатысушылардың аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдеріндегі аукциондық тарифтермен сәйкес келетін аукциондық тарифтермен қатысушылардың сауда сессиясы ішінде берген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдері қабылданбайды.
64. Аукциондық сауда-саттықты өткізу кезінде қатысушыдан аукциондық сауда-саттыққа қойылған жобаның белгіленген қуатының толық көлеміне тең аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде расталған қаржы ресурсының мөлшері шегінде өтінім беріледі.
65. Қатысушының электрондық жүйеге аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берген өтінімі жойылуға жатпайды.
66. Қатысушылар өз қалауы бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғанға дейін жаңа өтінім беру арқылы бұрын берілген өтінімді өзгертеді. Бұл ретте, қатысушылар жаңа өтінімдегі бағаны алдыңғыға қарағанда төмен көрсетеді, ал бұрын берілген өтінімнің көлемі өзгертуге жатпайды.
Бағаны өзгерту қадамы –айына 1 (бір) МВт үшін кемінде 50 (елу) мың теңге.
67. Электрондық жүйеде аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер беру күні мен уақытын белгілеуді аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы миллисекундқа дейінгі дәлдікпен жүзеге асырады.
6-параграф. Қаржы ресурстарының түрлері және оларды енгізу мен қайтару шарттары
68. Қатысушылар қабылдаған міндеттемелерді, сондай-ақ аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарында туындайтын міндеттемелерді орындауға кепілдік беру мақсатында қатысушылар осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және шарттарда қаржы ресурстарының болуын растайтын құжатты енгізеді.
Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде қаржы ресурстарының болуы туралы ақпарат құпия болып табылады және жария етуге жатпайды.
69. Қаржы ресурстары үшінші тұлғалардың талап ету құқықтарынан, сондай-ақ аукциондық сауда-саттыққа қатысушының және (немесе) жеңімпаздың басқа да міндеттемелерінен бос болып табылады.
70. Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төленген талаптың нәтижесінде алынған ақша бірыңғай сатып алушының резервтік қорының арнайы шотына есепке алынады және (немесе) бірыңғай сатып алушыға жіберіледі.
71. Расталған қаржы ресурстарын енгізу және қайтару шарттары осы параграфқа сәйкес айқындалады.
72 Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде қаржы ресурстарының болуы туралы растауды өтініш берушілер бірыңғай сатып алушыға береді және ол аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы болып айқындалған жағдайда, осы Қағидаларда көзделген талаптармен және мерзімдерде бірыңғай сатып алушымен электр қуатын сатып алу шартын жасайтындығының және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартты орындау үшін қаржы ресурстарының болуы туралы растауды енгізетіндігінің кепілі болып табылады.
73. Қаржы ресурстарының болуы туралы растауды аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары электр қуатын сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде бірыңғай сатып алушыға ұсынады.
74. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде қаржы ресурстарының болуы туралы растау бірыңғай сатып алушының пайдасына шығарылады және оған аукциондық сауда-саттық басталатын күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей беріледі.
75. Бірыңғай сатып алушы аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыға соманы көрсете отырып, аукциондық сауда-саттық басталғанға дейін 2 (екі) сағат бұрын қаржы ресурстарының болуы туралы растамасы бар өтініш берушілердің тізімін жібереді.
76. Өтініш беруші SWIFT жүйесі бойынша шығарылатын аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде қаржы ресурстарының болуы туралы растаудың мынадай түрлерінің бірін таңдайды:
1) банк кепілдігі;
2) резервтік аккредитив.
77. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде қаржы ресурстарының болуы туралы растаудың мөлшері генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың белгіленген қуатына көбейтілген, белгіленген қуаттың 1 (бір) МВт-на 200 000 (екі жүз мың) теңгені құрайды;
78. Өтініш беруші банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түрінде енгізген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімде қаржы ресурстарының болуы туралы растауды бірыңғай сатып алушы мынадай жағдайлардың бірі басталған кезде аукциондық сауда-саттық өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде банкке (банктерге) тиісті хат жіберу арқылы қайтарады (босатылады):
1) қатысушы аукциондық сауда-саттық қорытындыларына сәйкес аукциондық сауда-саттық жеңімпазы болмаған;
2) аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы электр қуатын сатып алу шартын жасасты және сатып алу шартының талаптарын орындау үшін қаржы ресурстарының болуы туралы растауды енгізді.
79. Егер аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған және (немесе) осы Қағидалардың 73 және 74-тармақтарына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындау үшін қаржы ресурстарының болуы туралы растауды ұсынбаған жағдайда, бірыңғай сатып алушы тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша төлемге талап қояды.
80. Қаржы ресурстарының болуы туралы растау аукциондық сауда-саттық өткізілген күннен бастап кемінде күнтізбелік 120 (жүз жиырма) күннің қолданылу мерзіміне ресімделеді және қайтарып алынбайтын болып табылады.
81. Қаржы ресурстарының болуы туралы растауды банк бірыңғай сатып алушы мынадай құжаттарды ұсынған кезде орындайды (ұстайды):
1) қағаз жеткізгіште ресімделген, бірыңғай сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған және бірыңғай сатып алушы мөр бедерімен куәландырған борышкер тұлғаның міндеттемелерді орындамағаны туралы өтініші;
2) осы Қағидаларға сәйкес өндіріп алу сомасын көрсете отырып, ақы төлеу талабы.
82. Қаржы ресурстарының, оның ішінде Алушы банктің (бенефициар) болуын растауға байланысты барлық банктік комиссияларды және шығыстарды борышкер тұлға төлейді.
83. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету ретінде банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив Standard&Poor's бойынша "В" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "В3" төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі не Standard&Poor ' s бойынша "ВВВ" немесе Fitch немесе Moody ' sinvestorsservice бойынша "Ваа2" деңгейінен төмен емес бас ұйымның рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент банктерінен беріледі.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің банктік кепілдігін немесе резервтік аккредитивін резидент емес банктер резидент еместердің қарсы міндеттемелері бойынша кепілдік шығару жолымен растауға тиіс.
Standard&Poor's бойынша "ВВВ"-ден төмен емес, шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктері, Moody'sInvestorsService бойынша "ВВВ" Fitch бойынша "Ваа2" банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті тиісті қарсы міндеттемелерді шығармай шығара алады.
7-параграф. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау
84. Сауда сессиясы барысында Аукциондық сауда-саттықтың бірінші түріне қатысушыларға мынадай ақпарат ашылды:
1) Графикте көрсетілген аукциондық сауда-саттықты сипаттайтын жалпы ақпарат;
2) қатысушының оның барлық параметрлерімен берген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімі (бағасы, өтінімді беру уақыты);
3) бағаны көрсете отырып, аукциондық сауда-саттыққа қатысушылар берген өтінімдер.
85. Сауда сессиясы барысында Аукциондық сауда-саттықтың екінші және үшінші түріне қатысушыларға мынадай ақпарат ашылды:
1) уәкілетті орган бекіткен Графикте көрсетілген аукциондық сауда-саттықты сипаттайтын жалпы ақпарат;
2) қатысушының оның барлық параметрлерімен берген аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімі (бағасы, өтінімді беру уақыты);
3) сатуға аукциондық сауда-саттыққа қатысуға берілген өтінімдерде көрсетілген ең төмен баға.
86. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы электрондық жүйеде тіркелген және тиісті аукциондық сауда-саттыққа жіберілген қатысушылардың саны кемінде екеу болған жағдайды орындаған кезде бағаларды есептеуді жүргізеді.
Жоғарыда көрсетілген шарттар орындалмаған жағдайда, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукциондық тарифті есептемейді, сауда сессиясының жабылу уақыты өткенге дейін сауда-саттықты жабады және сауда-саттық өткізілмеді деп жариялайды.
87. Аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдердің ішінен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы оларда көрсетілген бағалардың өсуі бойынша қалыптастырылған тізімді жасайды.
88. Аукциондық сауда-саттықтың бірінші, екінші және үшінші түрлерінің жеңімпаздарын айқындау әрбір аукционға бағасы ең төмен бір өтінімді таңдау арқылы сауда сессиясына аукциондық сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерді қабылдау уақыты аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.
89. Өткізілген аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда сессиясы жабылғаннан кейін 1 (бір) сағат ішінде қатысушыларға электрондық түрде өткен аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары туралы хабарлама жібереді. Жазбаша хабарламалар қатысушыларға келесі жұмыс күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 18-00-ден кешіктірілмей жіберіледі.
90. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі аукциондық тарифтер мен аукциондық сауда-саттық барысында іріктелген генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатының көлемдерін көрсете отырып, аукционның соңғы түрі өткізілгеннен кейін аукциондық сауда-саттық ұйымдастырушысының веб-сайтында жарияланады.
91. Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда сессиясы жабылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей аукциондық сауда-саттықты кезең-кезеңімен өткізудің мағынасын ашып, электрондық жүйеге берілген барлық өтінімдер мен аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізілімі туралы толық ақпаратты көрсете отырып, өткізілген аукциондық сауда-саттық қорытындыларын қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді.
92. Бірыңғай сатып алушының құжаттаманы аукциондық сауда-саттық жеңімпазының меншігіне беруі тиісті сатып алу-сату шартын жасасу арқылы жүзеге асырылады.
93. Аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы деп танылған қатысушы өзін және оның генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыны салу жөніндегі тиісті жобасын жеңімпаздар тізіміне енгізген сәттен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған, бірыңғай сатып алушыға сатып алу шартын жасасуға өтінім береді.
94. Бірыңғай сатып алушымен сатып алу шартын жасасуға арналған өтінімге қатысушы мынадай құжаттарды қоса береді:
1) құрылтай құжаттары;
2) тұлғаның сатып алу шартына қол қою өкілеттігін растайтын құжат;
3) электр энергиясын берудің жоспарланған көлемі туралы ақпарат;
4) өткен аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары туралы жазбаша хабарламаның көшірмесі.
95. Қатысушы сатып алу шартының талаптарын орындау үшін қаржы ресурстарының болуы туралы растауды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 болып тіркелген) бекітілген Банк кепілдіктері мен кепілдемелерді беру қағидаларына немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивке сәйкес ресімделген банк кепілдігі беру арқылы сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде ұсынады.
Қатысушы банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі Standard&Poor's бойынша "В" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody'Sinvestorsservice бойынша "В3" төмен емес не Standard&Poor's бойынша "ВВВ" немесе Fitch бойынша "Ваа2" немесе Moody's' sinvestorsService бойынша "ВВВ" деңгейінен төмен емес бас ұйымның рейтингі (Қазақстан Республикасының резидент банкі акцияларының 50% - дан астамы тиесілі) Қазақстан Республикасының резидент банктерінен ұсынады.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінен банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті резидент емес банктер резидент еместердің қарсы міндеттемелері бойынша кепілдік шығару жолымен растайды.
Standard&Poor's бойынша "ВВВ", Moody's Investors Service бойынша Fitch "Ваа2" бойынша "ВВВ" төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес банктері банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті тиісті қарсы міндеттемелерді шығармай шығара алады.
96. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары үшін сатып алу шартының талаптарын орындауға қаржы ресурстарының болуы туралы растаудың мөлшері Аукциондық сауда-саттық қорытындылары тізілімінде көрсетілген генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғының электр қуатына көбейтілген электр қуатының 1 (бір) МВт-ына 1 000 000 (бір миллион) теңгені құрайды.
97. Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарып алынбайтын болып табылады, сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап қолданылу мерзімімен алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша олардың толық немесе бөліп-бөліп орындалуын көздейді:
газ электр станциялары үшін – кемінде 37 (отыз жеті) ай;
гидроэлектр станциялары үшін – кемінде 61 (алпыс бір) ай.
98. Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті банк бірыңғай сатып алушыға мынадай құжаттарды ұсынған кезде орындайды:
1) қағаз жеткізгіште ресімделген, бірыңғай сатып алушының уәкілетті адамы қол қойған және бірыңғай сатып алушының мөр бедерімен куәландырылған борышкер тұлғаның міндеттемелерін орындамау туралы өтініш;
2) сатып алу шартына сәйкес ұстап қалу сомасы көрсетілген төлемге қойылатын талап.
99. Қаржы ресурстарының, оның ішінде Алушы банктің (бенефициар) болуын растауға байланысты барлық банктік комиссияларды және шығыстарды аукциондық сауда-саттық жеңімпазы төлейді.
100. Сатып алу шартының немесе оның бір бөлігінің талаптарын орындау үшін расталған қаржы ресурстарын қайтару генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы уақтылы пайдалануға берілген жағдайда, жазбаша өтініш берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
101. Сатып алу шартының талаптарын орындау үшін қаржы ресурстарының болуы туралы растау мынадай жағдайларда осы Қағидалардың 96-тармағында белгіленген тәртіппен ұсталады:
1) сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай (газ электр станциялары), 24 (жиырма төрт) ай (гидроэлектр станциялары үшін) өткеннен кейін 6 (алты) ай ішінде генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғының құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі ұсынылмаған кезде, оған қатысты мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген электр қуатын сатып алу – сатып алу шартының талаптарын орындау үшін расталған қаржы ресурстары сомасының 30% мөлшерінде;
2) өзіне қатысты электр қуатын сатып алу шарты жасалатын, Құрылыс қызметі туралы Заңына сәйкес бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсынбаған кезде – сатып алу шартының талаптарын орындау үшін расталған қаржы ресурстары сомасының 100% - ы мөлшерінде, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес сатып алу шартының талаптарын орындау үшін расталған қаржы ресурстарының бір бөлігі ұсталған – Сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап келесі мерзімдерде сатып алу шартының талаптарын орындау үшін расталған қаржы ресурстары сомасының 70% - ы:
газ электр станциялары үшін – 36 (отыз алты) ай ішінде;
гидроэлектр станциялары үшін – 60 (алпыс) ай ішінде.
102. Бірыңғай сатып алушы өтінімді және ұсынылған құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде қарайды. Өтініш беруші осы Қағидалардың 94-тармағында көзделген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған жағдайда, бірыңғай сатып алушы олар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінімді қайтарады.
Қатысушы өтінім қайтарылған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтырады және/немесе өтінімді және қоса берілген құжаттарды осы Қағидалардың және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіру мақсатында бірыңғай сатып алушының ескертулерін жояды.
103. Бірыңғай сатып алушы қатысушымен мынадай талаптар орындалған кезде электр қуатын сатып алу шартын жасасады:
1) қатысушы осы Қағидалардың 94-тармағында көзделген құжаттарды ұсынса;
2) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы және қатысушы аукциондық сауда-саттық нәтижелері бойынша тізбеге енгізілген;
3) қатысушы осы Қағидалардың 93, 94 және 102-тармақтарының талаптарын орындаса.
104. Электр қуатын сатып алу шарты Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартқа сәйкес сатып алу шартының үлгілік нысанына сәйкес ресімделеді.
105. Бірыңғай сатып алушы күнтізбелік 15 күн ішінде жеңімпазға өтінімде көрсетілген мекенжай бойынша жібереді немесе бірыңғай сатып алушы орналасқан жер бойынша қатысушының уәкілетті өкіліне осы Қағидалардың 96-тармағында көзделген бірыңғай сатып алушымен сатып алу шартын жасасу үшін қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде сатып алу шарты жобасының екі данасын қолма-қол береді.
106. Сатып алу шартына қол қойылғаннан кейін қатысушы бірыңғай сатып алушыға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген электр қуатын сатып алу шарты жасалатын генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғының құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі – газ электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде;
2) өзіне қатысты электр қуатын сатып алу шарты жасалатын, Құрылыс қызметі туралы Заңында айқындалған тәртіппен бекітілген генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғының пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін – газ электр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 36 (отыз алты) ай ішінде, гидроэлектр станциялары үшін сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде;
3) Бірыңғай сатып алушының сұрау салуы бойынша генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыны салу барысы туралы ақпарат жіберу;
4) сатып алу шартының талаптарын орындау үшін оған қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаржы ресурстарының болуы туралы растау.
107. Электр қуатын сатып алу шарты мынадай жағдайларда өз қолданысын тоқтатады:
1) осы Қағидалардың 106-тармағының 2) тармақшасына сәйкес генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыны пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсыну мерзімі бұзылған кезде;
2) осы Қағидалардың 106-тармағының 4) тармақшасына сәйкес шарт талаптарын орындау үшін қаржы ресурстарының болуы туралы растауды ұсынбаған кезде.
108. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасу арқылы электр қуатының нарығына қатысады.
109. Бірыңғай сатып алушы аукциондық сауда-саттық қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде аукциондық сауда-саттық жеңімпазына электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың жобасын жібереді.
110. Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы электр қуатын сатып алу шартының жобасын алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде көрсетілген шартқа аукциондық сауда-саттық нәтижесі бойынша айқындалған, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке алғашқы аттестаттау күнінен бастап он бес жылға тең мерзімге қол қояды.
Бұл ретте генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке Жеке тариф, аукциондық сауда-саттық жеңімпазының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі ұлғаю жағына қарай түзетуге жатпайды.
Пайдалануға уақтылы енгізілмеген жағдайда, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың мерзімі мен күні қайта қаралмайды.
111. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын электр қуаты нарығының тетіктерін пайдалану арқылы туындайды.
112. Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың шарттық электр қуаты оларды пайдалануға енгізген күннен бастап жүйелік оператордың жыл сайынғы аттестаттауына жатады.
Егер электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі іс жүзінде көрсетілген көрсетілетін қызметтерді есептеу кезінде қабылданатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша, кезекті аттестаттауды өткізгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
113. Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы жыл сайын жүйелік оператормен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларына сәйкес айқындалатын нысанға сәйкес реттеу бойынша шарт жасасады.
114. Аукциондық сауда-саттық жеңімпазы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға құқылы.
115. Аукциондық сауда-саттықты өткізу мынадай мән-жайлар туындаған жағдайда 30 минутқа дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады:
1) серверлік жабдықтағы техникалық ақаулар немесе электрондық жүйенің жұмыс істемеуіне әкеп соққан электрондық жүйедегі іркілістер;
2) сауда жүйесіне қол жеткізудің мүмкін еместігіне себеп болған интернет желісі жабдығының немесе байланыс арналарының техникалық ақаулары.
116. Аукциондық сауда-саттықты өткізуді тоқтата тұрған кезде аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы қатысушыларды қолжетімді техникалық байланыс құралдары арқылы аукциондық сауда-саттықты өткізу процесінің қалпына келтірілетін уақытын көрсете отырып, сауда-саттықты тоқтата тұру себебі туралы жедел хабардар етеді.
117. Аукциондық сауда-саттықты өткізу мынадай себептер бойынша тоқтатылады:
1) осы Қағидалардың 115-тармағында көрсетілген техникалық ақауларды жоймау;
2) сауда залын және (немесе) электрондық жүйенің серверлік жабдығын электрмен жабдықтауда ұзақ (екі сағаттан астам) үзіліс.
118. Осы Қағидалардың 117-тармағында көрсетілген себептер бойынша аукциондық сауда-саттықтың күші жойылған жағдайда, қайталама аукциондық сауда-саттық аукциондық сауда-саттық өткізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күні өткізіледі.
119. Егер аукциондық сауда-саттық осы Қағидалардың 86-тармағында көрсетілген себептер бойынша өтпеді деп жарияланған жағдайда, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы оларды күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қайта өткізеді.
Бұл ретте, егер қайталама аукциондық сауда-саттық өткізілмеді деп жарияланса, уәкілетті орган оларды келесі өткізу күнін айқындайды.
120. Аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары бірыңғай сатып алушыға аукциондық сауда-саттық жүргізуге негіз болған алдын ала ТЭН-ді әзірлеуге жұмсалған шығындарды аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілген кезден бастап 30 күн ішінде өтейді.
121. Уәкілетті орган аукциондық сауда-саттық жеңімпазын Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларына сәйкес электр станцияларының тізбесіне енгізеді.
122. Аукциондық сауда-саттық шеңберінде енгізілген өндіруші қондырғылар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын реттеу диапазонын сақтайды.
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына 1-қосымша |
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларға қойылатын техникалық, технологиялық және пайдалану талаптары және реттеу диапазоны (бұдан әрі – Талаптар)
1. Жиілік пен қуат ағындарын қайталама реттеуге тартылған реттеуші электр қуатының қолда бар көлемі:
1) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде (бұдан әрі – ҚР БЭЖ) оқшауланған жұмысы кезінде Заңға сәйкес ҚР БЭЖ стандартты жиілігін қолдауды;
2) ҚР БЭЖ-дің Ресей БЭЖ-імен қатарлас жұмыс істеуі кезінде Қазақстан жүйелік операторының ұлттық диспетчерлік орталығы беретін жиілік бойынша түзетумен сыртқы байланыстар бойынша жиынтық қуат ағындарын (қуат ағындарының сальдосы) қолдауды;
3) энергия жүйесі жұмысының орнықтылығы, электр беру желілері сымдарының, кіші станциялардың электр техникалық жабдығының рұқсат етілген ток жүктемесінің шарттары бойынша қуат ағынын шектеуді қамтамасыз етеді;
4) реттеуші электр қуатының қолда бар көлемі қуат теңгерімінің тұрақты емес ауытқуларының, жүктеме графигінің ауыспалы бөлігінің сағаттарында қуат теңгерімін реттеу қателіктерінің, сондай-ақ генерацияның немесе тұтынудың неғұрлым ықтимал авариялық жоғалуына, бірақ ең ірі агрегаттың қуатынан төмен емес немесе ҚР БЭЖ-дің ағымдағы тұтынуының 8% - на дейінгі ауытқуының толық өтелуін қамтамасыз етеді.
2. Мынадай талаптарға сәйкес келетін жиілік пен қуат ағындарын қайталама реттеуге қатысу үшін жұмыс істеп тұрған электр станцияларының реттеуші электр қуаты:
1) реттеуші электр қуаты жиілік пен қуатты автоматты (жедел) қайталама реттеуге қатысады;
2) электр станциясының реттеуші электр қуатының жиынтық көлемі кемінде 50 МВт болуы тиіс;
3) реттеуші электр қуатын жиілік пен қуатты автоматты (жедел) қайталама реттеуге іске қосуды реттеуші электр қуатының барлық берілген шамасына уақыт пен ұзақтық бойынша шектеусіз электр станциясы қамтамасыз етеді.
3. Мынадай талаптарға сәйкес келетін жиілік пен қуат ағындарын қайталама реттеуге қатысу үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілетін электр станцияларының реттеуші электр қуаты:
1) реттеуші электр қуаты жиілік пен қуатты автоматты қайта реттеуге қатысады;
2) осы Талаптарға қосымшада келтірілген техникалық мәндерге сәйкес келетін реттеуші электр қуатының көлемі;
3) осы Талаптарға қосымшада келтірілген техникалық мәндерге сәйкес келетін генерациялайтын қондырғылардың реттеуші электр қуатының көлемін тиеуге немесе түсіруге өзгерту жылдамдығы;
4) реттеуші электр қуатын жиілік пен қуатты автоматты реттеуге іске қосуды реттеу электр қуатының барлық берілген шамасына уақыт пен ұзақтық бойынша шектеусіз электр станциясы қамтамасыз етеді;
5) сыртқы электр желісінде кернеу болмаған кезде генерациялайтын қондырғыларды іске қосу және іске қосу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;
6) генерациялайтын қондырғылар жылына іске қосудың талап етілетін санын жібереді (жылына кемінде 350 іске қосу/);
7) реттеуші электр қуатын тиеу-түсіруге іске қосу жедел де, диспетчерлік персоналдың командалары бойынша да, жүйелік оператордың жиілігі мен қуатын автоматты реттеу жүйесінен (ЖҚАР) автоматты түрде де жүзеге асырылады.
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларға қойылатын техникалық, технологиялық және пайдалану талаптары және реттеу диапазонына қосымша |
Жаңадан пайдалануға берілетін реттеуші электр қуатына қойылатын реттеу диапазоны
№ | Электр станциясының түрі | Қондырғылардың белгіленген электр қуатынан реттеуші электр қуатының диапазоны, % | Реттеуші электр қуаты көлемінің өзгеру жылдамдығы, Мегаватт/ минут | Ескертпе |
1. | Газтурбиналық электр станциялары | +/- 50 | 10-нан кем емес | ** |
2. | Бу-газ электр станциялары | +/- 50 | 10-нан кем емес | ** |
3. | Жылумен жабдықтауға қатысатын бу-газ электр станциялары * |
жылу беру кезеңінде энергия өндіруші ұйымдардың генерациялайтын қондырғыларының технологиялық минимумдарына байланысты жұмыстың +/- 20 - дан + / - 50% - ға дейін; | 10-нан кем емес | * |
4. | Газпіспекті электр станциялары | +/- 50 | 10-нан кем емес | ** |
5. | Гидроэлектр станциялары | +/- 50 | 10-нан кем емес | ** |
Ескертпе:
* - жылумен жабдықтауға қатысатын бу-газ электр станциялары жүйелік оператормен келісілген технологиялық минимумға байланысты электр қуатын реттеу бойынша қызметтер көрсетеді. Электр станциясының технологиялық минимумы – генерациялайтын қондырғылардың ең аз электр қуаттарының жиынтығы (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде), мегаваттпен;
** - электр станциясының белгіленген қуатын желіге қосу сәтінен бастап беру -агрегаттардың кез келген жылу жағдайынан 15 минуттан аспайды.
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Аукциондық сауда-саттықты өткізу графигі
Сауда-саттық күні | Сауда-саттықты өткізу уақыты (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты) | Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін құжаттарды қабылдау кезеңі | Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі аймағы | Түрі | Сатып алынатын белгіленген қуаттың көлемі, МВт | Шекті аукциондық бағаның шамасы, тг/МВт * ай | Пайдалануға берудің талап етілетін күні, шарттың қолданылу мерзімі | Жобаның белгіленген қуаты 1 МВт есебінен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың талаптарын орындау үшін қаржы ресурстарының болуын растау | Жобаның белгіленген қуаты 1 МВт есебінен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың талаптарын орындау үшін қаржы ресурстарының болуын растау |
1. | 2. | 3. | 4. | 5. | 6. | 7. | 8. | 9. | 10. |
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары 3-қосымша |
|
Нысан |
20__ жылғы "__" ______ № __ аукциондық сауда-саттық қорытындыларының тізілімі
№ р/н | Сауда-саттық күні | Мәміле нөмірі | Генерациялайтын қондырғылардың түрі | Жеңімпаздың атауы | Жер учаскесіне | Газ инфрақұрылымына қосылу нүктесі * | Аукциондық бағасы, тг / МВт * ай (ҚҚС-сыз) | Белгіленген қуаты, кВт |
1. | ||||||||
2. | ||||||||
ЖИЫНЫ: |
Ескертпе:
* - газ генерациясы бойынша жоба іске асырылған жағдайда