Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 сәуірде № 22634 болып тіркелді.

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Раимкулова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Білім және

      ғылым министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Денсаулық

      сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Еңбек

      және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 27 сәуірдегі
№ 113 бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік шығармашылық тапсырысты (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативін есептеу кезінде бірыңғай тәсілді айқындайды.

      Әдістеме осы Әдістеменің 1-қосымшасында (бұдан әрі – 1-қосымша) көзделген шығармашылық үйірме түрлерінің тізіміне қатысты, осы Әдістеменің 2-қосымшасына (бұдан әрі – 2-қосымша) сәйкес шығармашылық үйірме түрлеріне қойылатын талаптарды ескере отырып қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Әдістемеде келесі ұғымдар қолданылады:

      1) арнайы балалар тобы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды немесе бір нозологиялық топтағы мүмкіндіктері шектеулі балаларды ғана қабылдауға жол берілетін шығармашылықтың белгілі бір түрі бойынша сабақ өткізуге арналған балалар тобы;

      2) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – инфрақұрылымды, мүлікті ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстарды және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін негізге ала отырып айқындалатын шығармашылық процесті жүзеге асыруға арналған шығыстарды қаржыландыру;

      3) инклюзивті балалар тобы – әртүрлі нозологиялық топтардағы мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобына 2 баладан аспайтын балаларды қабылдауға жол берілетін шығармашылықтың белгілі бір түрі бойынша сабақ өткізуге арналған балалар тобы;

      4) интеграцияланған балалар тобы – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобына немесе әртүрлі нозологиялық топтардағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға 2-ден астам баланы қабылдауға жол берілетін шығармашылықтың белгілі бір түрі бойынша сабақ өткізуге арналған балалар тобы;

      5) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер үшін балалар мен жасөспірімдерге мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік кепілдендірілген құнының қаржылық қамтамасыз ету нормативі (бұдан әрі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі);

      6) нозологиялық топ – денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ауытқуларын сипаттайтын санаттарға жіктелуі;

      7) өнім беруші – негізгі қызмет түрі Әдістемеде көзделген үйірмелер түрлерінің бағыттары бойынша қызметтер көрсету болып табылатын білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;

      8) шығармашылық процесс – баланың интеллектуалды және эмоционалды дамуына бағытталған шығармашылық үйірмелерде айналысатын балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту процесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруының есептеу алгоритмі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбына орыс тілінде өзгерістер енгізілді, қазақша мәтінге өзгеріс енгізілмейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Есеп беру кезеңінде өнім берушінің балаларға көрсеткен қызметтерінің құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

      S = N * T, мұндағы:


S

төленетін сома, теңгемен;


N

айына нақты бару саны, бірақ 2-қосымшаға сәйкес белгіленген шектен артық емес;


T

бір сабақ үшін құны, теңгемен;

      Инклюзивті, интеграцияланған және арнайы топтардағы балалармен сабақ өткізу үшін көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу мүмкіндіктері шектеулі және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін есептеу құнын бөле отырып жүзеге асырылады.

      4. Бір сабақтың құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

      T = ИМАҚТ + ШПТ, мұндағы

      ИМАҚТ – өнім берушінің инфрақұрылымын және мүлкін ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстар;

      ШПТ – шығармашылық процесті жүзеге асыруға арналған шығыстар.

      5. Бір сабақтың ИМАҚТ құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

      ИМАҚТ = ИМАҚҚ + (ИМАҚҚ * ӨҢІРК) + (ИМАҚҚ + ИМАҚҚ * ӨҢІРК * ИҚТК-V, мұндағы:

      ИМАҚҚ – өнім берушінің инфрақұрылымын және мүлкін ағымды қамтамасыз етуге арналған шығыстардың базалық құны ең төмен есептік көрсеткіш мөлшерлемесінен есептеледі, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, жалға алу, интернет және телефон байланысы, бейнебақылау қызметтерін, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған шығындарды, ағымды жөндеу жүргізуді және сабақ өткізу үшін инфрақұрылымның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін арнайы шығыс материалдарын, күнделікті шығыс материалдарын қоспағанда, өзге де ағымды шығындарды қамтиды. Қызмет көрсетудің стационарлық режимі үшін көрсеткіш шамасының мәні 1АЕК * 0,045 құрайды, қашықтықтан қызмет көрсету режимі үшін (бейнеконференцбайланыс технологияларын пайдалана отырып) 1 АЕК * 0,01125 құрайды;

      ӨҢІРK – осы Әдістеменің 3-қосымшасында (бұдан әрі – 3-қосымша) ұсынылған мәндерге сәйкес өнім берушінің қызметтер көрсету өңіріне түзету коэффициенті.

      ИҚТК-V – шығармашылықтың әрбір түрі үшін 2-қосымшада ұсынылған мәндерге сәйкес өнім берушінің инфрақұрылымын қамтамасыз етудің күрделілігіне түзету коэффициенті және инфрақұрылымның жұмыс істеуін, оларға қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз ететін арнайы шығыс материалдарын сатып алуды қамтиды. Арнайы жабдықты қажет ететін, инфрақұрылымды пайдаланатын өнім берушілерге қолданылады және түзету коэффициенттерінің келесі диапазонына ие:

инфрақұрылымның күрделілігі

мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы жабдықтауды қажет етпейтін шығармашылық түрлері үшін маңыздылығы

орта

1,00

төмен

0,50

өте төмен

0,30

      Мемлекеттік орган тарапынан өнім берушілердің мәжбүрлі тоқтап тұруына, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан балалардың шығармашылық үйірмеге бармауына әкеп соғатын шектеу шаралары белгіленген жағдайда, бір сабақтың ИМАҚТ шығыстарын есептеу 5-тармақтың формуласына сәйкес әрбір өткізілмеген сабақ үшін толық көлемде жүзеге асырылады.

      6. Бір сабақтың ШПТ құнын есептеу келесі формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

      ШПТ = ШПҚ + ШПҚ * ӨҢІРK + (ШПҚ + ШПҚ * ӨҢІРK) * МШ-ШПК + ШПK-М, мұндағы:

      ШПҚ – шығармашылық процесті жүзеге асыру үшін еңбекке ақы төлеу шығыстарының базалық құны ең төмен есептік көрсеткіш мөлшерлемесінен есептеледі және негізгі әрі қосалқы персоналдың еңбегіне ақы төлеуді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті медициналық сақтандыру бойынша жарналар мен аударымдарды және бірыңғай жиынтық төлемді (өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін), сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген еңбекке ақы төлеудің қосымша төлемдері мен өтемақыларына байланысты шығыстарды қамтиды. Топтарда сабақтар өткізу режимі үшін көрсеткіш шамасының мәні 2-қосымшаға сәйкес орташа жиіліктегі шығармашылық үйірмелердің түрлері үшін (айына 8 сабақ) 1 АЕК * 0,3 және жоғары жиіліктегі шығармашылық үйірмелердің түрлері үшін (айына 12 сабақ) 1 АЕК * 0,215 құрайды;

      сабақтарды өткізудің жеке режимі үшін 2-қосымшаға сәйкес орташа жиіліктегі шығармашылық үйірмелердің түрлеріне 1 АЕК * 0,39 және жоғары жиіліктегі шығармашылық үйірмелердің түрлеріне 1 АЕК * 0,28 (айына 12 сабақ) құрайды.

      МШ-ШПК – шығармашылық процесті мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін бейімделген арнайы оқу бағдарламаларымен қамтамасыз ету қажеттілігіне түзету коэффициенті шығармашылықтың әрбір түрі үшін 2-қосымшаға сәйкес мәнге ие: 1, егер қажеттілік болса және 0, егер қажеттілік болмаса.

      ШПK-М – сабақ аяқталғаннан кейін есептен шығарылатын, сабақтар өткізу үшін күнделікті шығыс материалдарына арналған шығындар. Қажеттілік шығармашылықтың әрбір түрі үшін 2-қосымшамен анықталады, ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшерлемесінен есептеледі және күнделікті шығыс материалдарымен жабдықтау қажеттілігі болса, 1 АЕК * 0,08, егер талап етілмесе 0 құрайды.

      Мемлекеттік органдар тарапынан өнім берушілердің мәжбүрлі тоқтап тұруына, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан балалардың шығармашылық үйірмеге бармауына әкеп соғатын шектеу шаралары белгіленген жағдайда, бір сабақтың ШПТ шығыстарын есептеу әрбір өткізілмеген сабақ үшін мынадай формулаға сәйкес жүзеге асырылады:

      ШПТ = ШПҚ + ШПҚ * ӨҢІРK, мұндағы ШПҚ – көрсеткіш шамасының мәні 1АЕК * 0,054 құрайды.

  Мемлекеттік шығармашылық
тапсырыстың жан басына
шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесіне
1-қосымша

Шығармашылық үйірме түрлерінің тізімі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Шығармашылық түрінің атауы

Жаяу қолжетімділік әлеуеті*

Сабақтарды жыл бойы өткізу мүмкіндігінің әлеуеті**

Жаппай таралушылық әлеуеті***

Ұлт мәдениеті үшін әлеуметтік маңызы бар әлеует ****

1

2

3

4

5

6

Би үйірмелері

1.

Ұлттық (Халықтық) билер

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

2.

Балет

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

3.

Заманауи (Эстрадалық) билер

жоғары

иә

жоғары

пайдаланылмайды

4.

Хореографиялық ансамбль

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

5.

Бал билері

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

Бейнелеу өнері үйірмелері

6.

Кескіндеме, сурет салу

жоғары

иә

жоғары

пайдаланылмайды

7.

Графика

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

8.

Көркем фотосурет

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

9.

Керамика және мүсін

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

10.

Мүсіндеу

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

Декоративтік-қолданбалы шығармашылық үйірмелер

11.

Тоқу, кілем тоқу

орташа

иә

төмен

иә

12.

Кестелеу

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

13.

Бисермен өру

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

14.

Тоқу

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

15.

Киіз басу (тоқу)

орташа

иә

орташа

пайдаланылмайды

16.

Ағаш ою

орташа

иә

төмен

жоқ

17.

Зергерлік өнер

орташа

иә

төмен

иә

18.

Макраме

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

19.

Құрақ тігу

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

20.

Тері өңдеу

орташа

иә

төмен

жоқ

21.

Батик

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

22.

Қағаз модельдеу, оригами

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

Театр және кино үйірмелері

23.

Актерлік өнер және сахналық сөлеу

жоғары

иә

жоғары

пайдаланылмайды

24.

Цирк өнері

орташа

иә

орташа

пайдаланылмайды

25.

Қуыршақ үйірмесі

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

26.

Режиссерлік өнер

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

27.

Компьютерлік графика, анимация и мультипликация

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

28.

Бейнетүсірілім және монтаждау

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

Заманауи АРТ-индустрия үйірмелері

29.

Визаж, грим

жоғары

иә

жоғары

пайдаланылмайды

30.

Модельдік өнер

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

31.

Киімдерді үлгілеу, пішу және тігу

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

32.

Флористика, икебана

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

Вокалдық үйірмелер

33.

Эстрадалық вокал

жоғары

иә

жоғары

пайдаланылмайды

34.

Вокалдық ансамбль және хормен ән айту

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

35.

Халық әні

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

Аспаптық орындаушылық үйірмелер

36.

Пернелі аспаптар

жоғары

иә

жоғары

пайдаланылмайды

37.

Ішекті аспаптар

жоғары

иә

жоғары

пайдаланылмайды

38.

Үрмелі аспаптар

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

39.

Эстрадалық аспаптар

жоғары

иә

жоғары

пайдаланылмайды

40.

Ұрмалы-соқпалы аспаптар

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

41.

Халық аспаптары

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

42.

Аспаптық ансамбль

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

43.

Домбыра

жоғары

иә

жоғары

пайдаланылмайды

Музей ісі үйірмелері

44.

Өлкетану, гид (экскурсия жүргізуші)

жоғары

иә

төмен

иә

45.

Археология

орташа

жоқ

төмен

иә

46.

Мәдени құндылықтарды реставрациялау

төмен

иә

төмен

иә

Әдеби үйірмелер

47.

Айтыс

орташа

иә

төмен

иә

48.

Поэзия, проза

жоғары

иә

төмен

иә

49.

Көркем оқу

жоғары

иә

төмен

жоқ

50.

Шешендік өнер

жоғары

иә

орташа

пайдаланылмайды

      Ескерту:

      *Жаяу қолжетімділік әлеуеті – білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының қолда бар инфрақұрылымы, тұрғын үй инфрақұрылымы негізінде сабақ өткізу үшін өнім берушінің инфрақұрылымын іске қосу жеңілдігі бойынша шығармашылық түрін бағалау өлшемшарты. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган шығармашылық түрінің әлеуетін бағалау үшін мынадай жіктеуішті пайдаланады:

      "жоғары": көппәтерлі тұрғын үйлер базасында, жертөле, цокольдық және тұрғын үй-жайларда, комерциалық ғимараттарда өрбіту мүмкіндігі;

      "орташа": білім беру ұйымдарының, мәдениет және спорт ұйымдарының объектілері мен құрылыстарының базасында өрбіту мүмкіндігі;

      "төмен": арнайы жабдықтары мен үй-жайлары бар арнайы құрылыстар жағдайында ғана және ұлт мәдениеті үшін елеулі маңызы болған жағдайда өрбіту мүмкіндігі;

      ** Сабақтарды жыл бойы өткізу мүмкіндігінің әлеуеті – шығармашылық түрін маусымдылық пен ауа райы жағдайларына арнайы тәуелділіктің болуы немесе болмауы бойынша бағалау өлшемшарты. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган шығармашылық түрінің әлеуетін бағалау үшін келесі жіктеуішті пайдаланады:

      "ия": қызметтер жыл бойы көрсетілуі мүмкін;

      "жоқ": маусымдық тәуелділік бар және тізімге енгізілмейді.

      ***Жаппай таралым әлеуеті – факторлар кешенімен, оның ішінде жаяу жүру қолжетімділігімен, ілеспе шығындардың құнымен және тарихи қалыптасқан сұраныспен байланысты халық арасында шығармашылық түрін бағалау өлшемшарты. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган шығармашылық түрінің әлеуетін бағалау үшін келесі жіктеуішті пайдаланады:

      "жоғары": шығармашылықтың түрі халықтың кең ауқымында тұрақты жоғары сұранысқа ие;

      "орташа": шығармашылықтың түрі халықтың кең ауқымында қалыпты сұранысқа ие;

      "төмен": шығармашылықтың түрі халықтың шағын шеңберінде ғана сұранысқа ие және ұлт мәдениеті үшін маңызды;

      **** Ұлт мәдениеті үшін елеулі маңызы бар әлеуеті – жаяу қол жетімділіктің және жаппай таралымның төмен көрсеткіштері бар түрлерге қолданылатын шығармашылық түрін бағалау өлшемшарты. Ол талап етілетін әлеуметтік ортадағы балалардың мәдени және шығармашылық дамуына әсер ету тұрғысынан шығармашылықтың осы түрінің маңыздылығын талдау үшін қолданылады. Мәдениет саласындағы уәкілетті орган шығармашылық түрінің әлеуетін бағалау үшін келесі жіктеуіштер пайдаланылады:

      "иә": қызметтің маңызды әлеуметтік мәні бар;

      "жоқ": көрсетілетін қызметтер көлемінің статистикасына сәйкес қызметтің айқын әлеуметтік басымдығы жоқ.

  Мемлекеттік шығармашылық
тапсырыстың жан басына
шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесіне
2-қосымша

Шығармашылық үйірмелер қызметтерін ұсынуға қойылатын талаптар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Қызметтің атауы

Сапа нормативті

Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар

Шығармашылық процеске қойылатын талаптар

бір балаға айына сабақ жиілігі (төленетін сабақтардың ең көп саны)

бір балаға жылына ішкі есептік іс-шаралардың ең көп саны

сабақтың басталуы үшін баланың ең төменгі жасы, жыл

10 жасқа дейінгі балаларға арналған сабақтың ең аз ұзақтығы, минут

10 жастан асқан балаларға арналған сабақтың ең аз ұзақтығы, минут

инклюзивті немесе интеграцияланған топтағы балалардың ең көп саны, адам

арнайы топтағы балалардың ең көп саны, адам

жабдықтау және қызмет көрсету күрделілігі

мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы оқу бағдарламаларын қолдану қажеттілігі

сабақтарды өткізудің жеке режиміне жол беру

күнделікті шығыс материалдарымен жабдықтау қажеттілігі

Материалдық-техникалық жарақтандыруға қойылатын ең аз талаптар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

БИ ҮЙІРМЕЛЕРІ

1.

Ұлттық (Халықтық) билер

12

6

4

60

90

20

10

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Айналар, станоктар, дыбыстық жабдықтар, паркет немесе линолеум, жеке кілемшелер

2.

Балет

12

6

4

60

90

20

10

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Айналар, станоктар, дыбыстық жабдықтар, балет линолеумы немесе паркет, жеке кілемшелер

3.

Заманауи (Эстрадалық) билер

12

6

4

60

90

20

10

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Айналар, станоктар, дыбыстық жабдықтар, паркет немесе линолеум, жеке кілемшелер

4.

Хореографиялық ансамбль

12

6

6

60

90

20

10

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Айналар, станоктар, дыбыстық жабдықтар, паркет немесе линолеум, жеке кілемшелер

5.

Бал билері

12

6

6

60

90

20

10

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Айналар, станоктар, дыбыстық жабдықтар, паркет немесе линолеум, жеке кілемшелер

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ҮЙІРМЕЛЕРІ

6.

Кескіндеме, сурет салу

8

4

4

60

90

10

8

өте төмен

иә

жоқ

міндетті

Мольберт, үстелдер, орындықтар, қылтаяқшалар, қарындаштар, өшіргіштер, сұйықтықтарға арналған сыйымдылықтар

7.

Графика

8

4

6

60

90

10

8

өте төмен

иә

жоқ

міндетті

Станоктар, үстелдер, орындықтар, қарындаштар, өшіргіштер, сиялар

8.

Көркем фотосурет

8

4

8

60

90

10

8

төмен

иә

жоқ

міндетті

Үстелдер, орындықтар, фото стендтер, компьютерлер, түрлі-түсті принтерлер, фотоаппараттар

9.

Керамика және мүсін

8

4

6

60

90

10

8

орташа

иә

жоқ

міндетті

Үстелдер, орындықтар, қыш шеңбер, сазды күйдіруге арналған пеш, қыш құралдары, сұйықтыққа арналған сыйымдылықтар, алжапқыштар, қылтаяқшалар, нақыштауға арналған құралдар

10.

Мүсіндеу

8

4

4

60

90

10

8

өте төмен

иә

жоқ

міндетті

Үстелдер, орындықтар, тақталар мен қабырғалар, сұйықтықтарға арналған сыйымдылықтар, алжапқыштар

ДЕКОРАТИВТІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕР

11.

Тоқу, кілем тоқу

8

4

10


90

10

5

орташа

иә

иә

міндетті

Тоқыма станогы, қайшы, тарақ, пышақ, ілмек пышақ, таяқша, үстелдер, орындықтар

12.

Кестелеу

8

4

8

60

60

10

5

өте төмен

иә

иә

міндетті

инелер, метрлер, қайшылар, тігін машиналары, үстелдер, орындықтар, қарындаштар

13.

Бисермен өру

8

4

6

60

90

10

5

өте төмен

иә

иә

міндетті

Үстелдер, орындықтар, иіргіш (иіргіш), станок, бисерлі ине, жалпақ суреттерді тоқуға арналған станок, Ілмек, қайшы, дөңгелек тістеуік, тістеуік, пинцет, түйреуіш, қылтаяқшалар, бисер, моншақтар, стеклярус, кримп, қысқыштар, түйреуіштер, байланыстырушы сақиналар, коннектор, спейсер шынжыр, карабин, құлып-бекіткіш, концевик, ұстаушы, әшекейлер үшін негіздер

14.

Тоқу

8

4

8

60

60

10

5

өте төмен

иә

иә

міндетті

Үстелдер, орындықтар, спицтер, ілгектер, түйреуіштер, инелер, помпондар жасауға арналған құрылғы, маркерлер, қатар есептегіштері, бауларды тоқуға арналған құрылғылар, жіптерді бөлгіш, ілгекті байлауға арналған сақиналар, гүлдер жасауға арналған құрылғылар

15.

Киіз басу (тоқу)

8

4

8

60

60

10

5

өте төмен

иә

иә

міндетті

Үстелдер, орындықтар, инелер, төсемдер, ойықтар, фильц машинасы, пуходерка, қайшы, қарындаштар, сұйықтықтарға арналған сыйымдылықтар, алжапқыштар

16.

Ағаш ою

8

4

10


90

10

5

орташа

иә

иә

міндетті

Үстелдер, орындықтар, қашаулар, балғалар, ара, жонғыш, милка, пышақтар, станоктар, шағын бұрғылар (бормашиналар), бұрауға арналған фрезерлер, электр жонғыштар, ажарлағыш машиналар, скобель, тесу қысқыштар, қысқыштар, сызғыш, шаршы, протектор, ярунок, малка, тіктеуіш, юстир, деңгей, кронциркуль, штангенциркуль, нутромер, рейсмус, компас, рулетка, қарындаштар, сұйықтықтарға арналған ыдыстар, алжапқыштар

17.

Зергерлік өнер

8

4

10


90

10

5

орташа

иә

иә

міндетті

Үстелдер, орындықтар, қысқыштар, егегіштер, шағын бұрғылар( бормашиналар), бұрғылар, фрезалар, тістегіштер, дөңгелек тістегіштер, қайшылар, тістегіштер, лупалар, бинокулярлар,
микроскоптар, қарындаштар, қылтаяқшалар, жылтырату және ажарлау жабдығы, ажарлау шеңберлері, щеткалар компьютер, металды нақыштауға және балқытуға арналған құралдар, сұйықтықтарға арналған ыдыстар, алжапқыштар

18.

Макраме

8

4

6

60

90

10

5

өте төмен

иә

иә

міндетті

Үстелдер, орындықтар

19.

Құрақ тігу

8

4

8

60

60

10

5

өте төмен

иә

иә

міндетті

Үстелдер, орындықтар, инелер, тігін машиналары

20.

Тері өңдеу

8

4

10


90

10

5

орташа

иә

иә

міндетті

Үстелдер, орындықтар, кілемше-мат, кесуге арналған пышақтар,
сызғыш, теріге арналған маркер, шило, қайшы, ине, балға, қашау, тескіш, тескіш, сұйықтықтарға арналған ыдыстар, алжапқыштар

21.

Батик

8

4

8

60

60

10

5

төмен

иә

иә

міндетті

Үстелдер, орындықтар, батикке арналған бояулар, қылтаяқшалар, суық және ыстық батикке арналған құралдар, сұйықтыққа арналған сыйымдылықтар, алжапқыштар

22.

Қағаз модельдеу, оригами

8

4

6

60

90

10

5

өте төмен

иә

иә

міндетті

стелдер, орындықтар, қайшылар, пышақтар, тақталар, сызғыштар, қылтаяқшалар, қарындаштар

ТЕАТР ЖӘНЕ КИНО ҮЙІРМЕЛЕРІ

23.

Актерлік өнер және сахналық сөйлеу

8

4

5

60

90

10

8

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, экран, реквизиттер, костюмдер, айналар

24.

Цирк өнері

8

4

5

60

90

10

8

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Түріне қарай үстелдер, орындықтар, құралдар мен заттар

25.

Қуыршақ үйірмесі

8

4

6

60

90

10

8

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, қуыршақтар, экрандар

26.

Режиссерлік өнер

8

4

10


90

10

8

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, компьютерлер

27.

Компьютерлік графика, анимация және мультипликация

8

4

10


90

10

8

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, компьютерлер

28.

Бейнетүсірілім және монтаждау

8

4

10


90

10

8

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, компьютерлер, бейнекамералар

ЗАМАНАУИ ART-ИНДУСТРИЯ ҮЙІРМЕЛЕРІ

29.

Визаж, грим

8

4

10


90

10

5

төмен

иә

жоқ

міндетті

Үстелдер, орындықтар, қылтаяқшалар, шам, айналар

30.

Модельдік өнер

8

4

6

60

90

10

5

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Подиум, орындықтар, дыбыстық жабдықтар

31.

Киімдерді үлгілеу, пішу және тігу

8

4

8

60

90

10

5

орташа

иә

жоқ

міндетті

Үстелдер, орындықтар, тігін машиналары, шамдар, қайшылар, оверлок, үтік, манекен

32.

Флористика, икебана

8

4

6

60

90

10

5

төмен

иә

жоқ

міндетті

Үстелдер, орындықтар, секаторлар, пластмасса гүлдер, қайшылар, тістеуіктер

ВОКАЛДЫҚ ҮЙІРМЕЛЕР

33.

Эстрадалық вокал

8

4

4

60

90

10

8

орташа

иә

иә

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, микрофондары бар дыбыс жабдығы, фортепиано немесе басқа да ұқсас аспап, қабырғалардағы дыбыс сіңіргіш мата, айналар

34.

Вокалдық ансамбль және хормен ән айту

8

4

6

60

90

10

8

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, фортепиано немесе басқа ұқсас құрал, қабырғалардағы дыбыс сіңіретін мата, айналар

35.

Халық әні

8

4

4

60

90

10

8

орташа

иә

иә

талап етілмейді

Орындықтар, үстелдер, пюпитрлар, сүйемелдеуші құрал (егер қажет болса), қабырғалардағы дыбыс сіңіргіш мата, айналар

АСПАПТЫҚ ОРЫНДАУШЫЛЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРІ

36.

Пернелі аспаптар

12

6

6

60

60

10

5

орташа

иә

иә

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, фортепиано немесе басқа байланысты құрал, қабырғалардағы дыбыс сіңіретін мата

37.

Ішекті аспаптар

12

6

6

60

90

10

5

орташа

иә

иә

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, пюпиттер, аспаптар, фортепиано немесе басқа да ұқсас аспаптар, қабырғалардағы дыбыс сіңіретін мата

38.

Үрмелі аспаптар

12

6

10


90

10

5

орташа

иә

иә

талап етілмейді

39.

Эстрадалық аспаптар

12

6

10


90

10

5

орташа

иә

иә

талап етілмейді

40.

Ұрмалы-соқпалы аспаптар

12

6

10


90

10

5

орташа

иә

иә

талап етілмейді

41.

Халық аспаптары

12

6

6

60

90

10

5

орташа

иә

иә

талап етілмейді

42.

Оркестр, аспаптық ансамбль

12

6

10


90

20

5

орташа

иә

иә

талап етілмейді

43.

Домбыра

12

6

6

60

90

10

5

орташа

иә

иә

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, мектеп немесе маркерлік тақта, пюпитрлар, домбыра, қабырғалардағы дыбыс сіңіретін мата, айналар

МҰРАЖАЙ ІСІ ҮЙІРМЕЛЕРІ

44.

Өлкетану, гид (экскурсия жүргізуші)

8

4

10


90

10

8

өте төмен

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, әдебиет, интернет

45.

Археология

8

4

10


90

10

8

төмен

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, компьютерлер, карталар, қалақшалар, күректер, шөміш шнек, қалақ, тұғырық, елеуіш, флотациялық құрылғы, қылтаяқшалар, таразылар, қолғаптар

46.

Мәдени құндылықтарды реставрациялау

8

4

10


90

10

8

орташа

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, компютерлар, pH-өлшегіш қалам, түптеу терісін өңдеуге арналған Станок, электр люминесцентті үлдір, аэрозольді қалпына келтіру генераторы, бу генераторы, қалпына келтіру шпателі, қалпына келтіру тазартқышы, музейлік шаңсорғыш, сору функциясы бар бу генератор-тазартқышы, қалпына келтіру лазері, қалпына келтіру бу қарындаш, қалпына келтіру үтіктері, престер, ванналар, кептіргіштер, станоктар, кескіштер, ағаш ұсталық аспаптар

ӘДЕБИ ҮЙІРМЕЛЕР

47.

Айтыс

8

4

8

60

90

10

5

өте төмен

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, әдебиет, домбыра

48.

Поэзия, проза

8

4

8

60

90

10

5

өте төмен

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, әдебиет,

49.

Көркем оқу

8

4

8

60

90

10

5

өте төмен

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, әдебиет, домбыра

50.

Шешендік өнер

8

4

8

60

90

10

5

өте төмен

иә

жоқ

талап етілмейді

Үстелдер, орындықтар, трибуналар

      Ескертпе:

      Мәдениет саласындағы уәкілетті органның сабақтар өткізу үшін жарақтандырудың және инфрақұрылымға қызмет көрсетудің күрделілігін бағалау өлшемшартының келесі мәндердің жол берілетін тізбесі болады:

      "өте төмен" - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін және көппәтерлі тұрғын үйлердің базасында, жертөле, цокольді үй-жайларда, оның ішінде тұрғын үй-жайлар мен пәтерлерде жұмыс істей алатын инфрақұрылым;

      "төмен" - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін және көп пәтерлі тұрғын үйлер базасында, жертөле, цокольді үй-жайларында жұмыс істей алатын инфрақұрылым;

      "орташа" - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін инфрақұрылым, бірақ арнайы жабдықтың болуына байланысты қолданыстағы білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы, мәдениет және спорт ұйымдарының нысандары мен құрылыстары негізінде ғана өрбуі мүмкін;

      Ескертпе:

      *Мәдениет саласындағы уәкілетті органның сабақтар өткізу үшін жарақтандырудың және инфрақұрылымға қызмет көрсетудің күрделілігін бағалау өлшемшартының келесі мәндердің жол берілетін тізбесі болады:

      "өте төмен" - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін және көппәтерлі тұрғын үйлердің базасында, жертөле, цокольді үй-жайларда, оның ішінде тұрғын үй-жайлар мен пәтерлерде жұмыс істей алатын инфрақұрылым;

      "төмен" - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін және көп пәтерлі тұрғын үйлер базасында, жертөле, цокольді үй-жайларында жұмыс істей алатын инфрақұрылым;

      "орташа" - жаяу қолжетімділік өлшемшартына сай келетін инфрақұрылым, бірақ арнайы жабдықтың болуына байланысты қолданыстағы білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы, мәдениет және спорт ұйымдарының нысандары мен құрылыстары негізінде ғана өрбуі мүмкін;

  Мемлекеттік шығармашылық
тапсырыстың жан басына
шаққандағы нормативтік
қаржыландыру әдістемесіне
3-қосымша

Түзету коэффициенті мәндерінің тізімі ӨҢІРК

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 15.09.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ р/с

Өңір

Мәні

1

2

3

1.

Абай облысы

0,64

2.

Ақмола облысы

0,29

3.

Ақтөбе облысы

0,36

4.

Алматы облысы

0,29

5.

Атырау облысы

0,57

6.

Батыс Қазақстан облысы

0,30

7.

Жамбыл облысы

0,29

8.

Жетісу облысы

0,29

9.

Қарағанды облысы

0,37

10.

Қостанай облысы

0,37

11.

Қызылорда облысы

0,29

12.

Маңғыстау облысы

0,37

13.

Павлодар облысы

0,29

14.

Солтүстік Қазақстан облысы

0,29

15.

Түркістан облысы

0,12

16.

Ұлытау облысы

0,37

17.

Шығыс Қазақстан облысы

0,64

18.

Нұр-Сұлтан қаласы

0,73

19.

Алматы қаласы

0,75

20.

Шымкент қаласы

0,29