Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 168 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 наурызда № 22397 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің орынбасары М. Кожаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2021 жылғы 26 наурыздағы
№ 168 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7030 болып тіркелген, 2011 жылғы 27 тамызда "Казахстанская правда" газетінде № 272-274 (26693-26695) болып жарияланған):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      2-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Арнайы қабылдау орны – әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнайы мекемесі.";

      Мынадай мазмұнға 3-1 тармағымен толықтырылсын:

      "3-1. Заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнына орналастыру ішкі істер органдарының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Мұндай адамдардың жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу бұл ретте оларды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың арнаулы қабылдау орнына орналастырылғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жіберілгені туралы арнаулы қабылдау орнының бір тәулік ішінде олардың жақын туыстарына – тұрғылықты жері бойынша, ал шетелдікті орналастырған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы шет мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге өкілдігіне де хабарлайды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      Арнайы қабылдау орындарын пайдалану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № ҚР ДСМ-29 бұйрығымен бекітілген "Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 қарашада № 17769 болып тіркелді) айқындалған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 23 маусымдағы № 439 бұйрығымен бекітілген "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 тамызда № 15501 болып тіркелді) сәйкес өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін, әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қауіпсіз ұстау үшін жарамды үй-жайлар болған кезде ғана рұқсат етіледі.

      11-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды "Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен белгіленген нормаларға бойынша күн сайын үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етеді;";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Арнайы қабылдау орыны бастығының орынбасары әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеп шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау режиміне бақылауды жүзеге асырады, олардың арасында іздестіріліп жатқан адамдарды анықтау және олар жасаған қылмыстарды ашу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады. Арнайы қабылдау орындарында ұсталатын адамдар арасында жедел-іздестіру жұмысын жүргізу "Жедел-іздестіру қызметі туралы" 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бастық уақытша болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оның функцияларын орындайды.";

      13-тармақтың 1 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) арнайы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркеуді және есепке алуды жүргізеді;";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Инспектор:

      1) әкімшілік қамауға алынған адамдардың істерін жүргізеді, жазалау мерзімін өткерген соң олардың уақтылы босатылуын бақылайды;

      2) мәжбүрлі тәртіппен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың істерін жүргізеді, олардың уақтылы босатылуын бақылайды;

      3) толықтыру лимиті үлкен арнайы қабылдау орындарында есептік және алфавиттік картотека жүргізеді.".

      16-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) арнайы қабылдау орнында өткізу режимін жүзеге асырады, әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеп шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдау орнының аумағынан өз бетінше шығуына және бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды күзету бойынша арнайы қабылдау орнының полицейі арнайы қабылдау орны бойынша кезекшіге және бөлімше командиріне бағынады.

      Полицей:

      1) Бекетке кезекшілікке түскен кезде арнайы қабылдау орнының үй-жайында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдап алады;

      2) арнайы қабылдау орнының үй-жайында ұсталатын адамдарды қарап тексеруді жүргізеді;

      3) ұсталудағы адамдардың мінез-құлқын ұдайы бақылайды, өлтіру, өзін-өзі өлтіру немесе дене жарақаттарын келтіру жағдайларының алдын алуға шаралар қабылдайды;

      4) арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамдардың Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 ақпанда № 7415 тіркелді) сақтауын қамтамасыз етеді;

      5) кезекшімен бірлесіп орналастырылған адамдарды күнделікті сейілдеуге шығарады, оларға ведомості бойынша тамақ береді;

      6) күнделікті камералардың жай-күйін, олардың ақаусыздығын тексереді және арнайы қабылдау орнының басшысына байқалған ақаулар туралы баяндайды және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды;

      7) сигнализация мен байланыстың ақаулығын тексереді;

      8) әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ауырып қалған жағдайда бұл туралы арнайы қабылдау орны бойынша медициналық қызметкерге және кезекшіге хабарлайды.".

      2. "Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №10 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7414 болып тіркелген, 2012 жылғы 19 мамырда "Казахстанская правда" газетінде № 144-145 (26963-26964) болып жарияланған):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртібі қағидаларында:

      28-тармақты мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Уақытша ұстау изоляторына жеткізілгендерді медициналық тексеруді және оларды камераларға орналастырар алдында санитарлық өңдеуден өткізуді Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21534 болып тіркелген) бекітілген Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес уақытша ұстау изоляторының фельдшері немесе ол болмаған кезде кезекші жүзеге асырады.";

      3. "Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы №11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7415 болып тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2012 жылғы 19 мамырда № 144-145 (26963-26964) болып жарияланған):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының ішкі тәртіп қағидаларында:

      5-тармақтың 1-тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) арнайы қабылдау орны – әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнайы мекемесі;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Арнайы қабылдау орны бойынша кезекші әкімшілік қамауға алынған адамды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдікті және азаматтығы жоқ адамды қабылдау кезінде:

      1) қамауға алу туралы судьяның өзі жеке қол қойған және соттың мөрімен расталған қаулысының (әкімшілік қамауға алынған адамдар үшін);

      2) жүріп-тұру еркіндігін превентивті шектеу туралы ішкі істер органының сот санкциялаған қаулысының (мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамдар үшін);

      3) арнайы қабылдау орнында сақтауға тыйым салынған заттарды ала отырып, жеке тексеріп қарау хаттамасының;

      4) әкімшілік қамауға алынған адамның, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттың бар болуы тексеріледі.

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің біріктірілген деректер банкінің есептері және "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің "Ақпараттық сервис" ақпараттық жүйесі арқылы тексеріледі.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Толтыру лимиті 100 адамнан асатын арнайы қабылдау орындарында тіркеу журналының орнына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік қамауға алынған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған карточкалардан есептік әліпбилік картотека құрылады.

      Бұл жағдайларда есепке алу карточкаларынан басқа, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік қамауды өтеу үшін жаңадан келген адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға есепке алудың тәуліктік ведомосі жүргізіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Арнаулы қабылдау орнына орналастырылған әрбір адамға судьяның қамауға алу туралы қаулысы, жүріп-тұру еркіндігін превентивті шектеу туралы ішкі істер органының сот санкциялаған қаулысы, жеке тексеріп қарау хаттамасы және басқа да материалдар қоса тіркелетін іс ашылады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Әкімшілік қамауға алынған адамның, мәжбүрлі тәртіппен шығарып жіберуге жататын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның дене жарақаттары және денсаулығына зиян келтірудің айқын белгілері болған немесе анықталған кезде арнайы қабылдау орны бойынша кезекші олардың пайда болу себептерін анықтайды және арнайы қабылдау орнының бастығына жазбаша нысанда баяндайды.";

      18-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Уақытша ұстау изоляторына жеткізілгендерді медициналық тексеруді және оларды камераларға орналастырар алдында санитарлық өңдеуден өткізуді Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21534 болып тіркелген) бекітілген Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес уақытша ұстау изоляторының фельдшері немесе ол болмаған кезде кезекші жүзеге асырады.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Әкімшілік қамауға алынған адамдарға, мәжбүрлі тәртіппен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға материалдық-тұрмыстық қызмет көрсету нормалары";

      19-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "19. Арнайы қабылдау орнының әкімшілігі әкімшілік қамауға алынған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға гигиена, санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін жағдайлар жасайды. Камералардағы санитариялық алаңның нормасы бір адамға кемінде 2,5 шаршы метр есебінен белгіленеді.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Арнайы қабылдау орнында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға серуендеу арнайы қабылдау орнының бастығы құрастырған кесте бойынша тәуліктің күндізгі уақытында беріледі.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Арнайы қабылдау орнында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке пайдалану үшін:";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Әкімшілік қамауға алынған әрбір адамға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға аптасына кемінде екі рет ұзақтығы кемінде 15 минутқа душқа түсу мүмкіндігі беріледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Әкімшілік қамауға алынған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қырынуға арналған керек-жарақтар олардың өтініші бойынша белгіленген мерзімде беріледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Арнаулы қабылдау орнында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды "Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысымен белгіленген нормаларға бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Әкімшілік қамауға алынған адамға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға сәлемдемелердің, бандерольдар мен берілімдердің салмағы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 65 бұйрығымен бекітілген Пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну қағидаларында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 қазанда № 14370 болып тіркелді) көзделген нормалардан аспауы тиіс.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Берілімді қабылдаған соң арнайы қабылдау орнының қызметкері қабылдағаны туралы қолхатпен бірге өтініштің бірінші данасын келушіге қайтарады, екінші данасы арнайы қабылдау орнында ұсталатын, әкімшілік қамауға алынған адам, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам берілімді алғаны туралы қолхатқа қол қойғаннан кейін оның ісіне тігіледі.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Сәлемдемелер мен бандерольдердің ішіндегісін ашуды және салыстырып тексеруді құрамында арнайы қабылдау орнының кемінде екі қызметкері бар комиссия жүзеге асырады, бұл туралы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәлемдемелер мен бандерольдерді ашу актісі жасалады.

      Актіге комиссия мүшелері қол қояды, онымен әкімшілік қамауға алынған адам, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам қол қоя отырып танысады және жеке ісіне тігіледі.";

      37-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мына жағдайларда сәлемдемелер, бандерольдер және сәлемдемелер қабылданбайды және кері қайтарылады:

      1) әкімшілік қамауға алынған адам, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам арнайы қабылдау орнынан босатылғанда;";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Сәлемдемелер, бандерольдар немесе берілімдер әкімшілік қамауға алынған адамға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға оны қабылдағаннан кейін бір тәуліктен кешіктірмей беріледі.";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Арнайы қабылдау орнының әкімшілігі дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған жағдайда, медицина қызметкерінің қорытындысы бойынша әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға үшін дәрі-дәрмектерді қабылдайды.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар хаттар алады.";

      42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "42. Әкімшілік қамауға алынған адамның, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның атына келіп түскен хаттарды арнайы қабылдау орнының әкімшілігі хат келіп түскен күннен бастап екі күннен кешіктірмей береді.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Жақын туысының қайтыс болғаны немесе ауыр сырқаттанғаны туралы мәліметтер әкімшілік қамауға алынған адамға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға оларды алған соң бір тәулік ішінде хабарланады.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Әкімшілік қамауға алынған адам, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адам арнайы қабылдау орнынан босатылғаннан кейін оның атына келіп түскен хаттар оларды алғаннан кейін үш күннен кешіктірмей оның тұрғылықты жеріне жіберіледі.";

      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "46. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға тыйым салынған заттары, заттары, тамақ өнімдері, ақшасы, бағалы қағаздары осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша заттарды, құжаттарды, заттар мен өзге де материалдық құндылықтарды беру актісі бойынша арнайы қабылдау орнының сақтау камерасына тапсырылады, оның көшірмесі жеке іске тігіледі.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Әкімшілік тұтқындалуға ұшыраған адам, мәжбүрлі тәртіпте шығарып жіберуге жататын шетелдік және азаматтығы жоқ адам қайтыс болған жағдайда оған тиесілі ақша, бағалы заттар, нәрселер, заттар және сақталудағы азық-түліктер "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV кодексінің 1-бабы 13-тармағына сәйкес қайтыс болған адамның туыстарына беріледі (Қазақстан Республикасының азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға қатысты. Шетелдік қайтыс болған жағдайда оған тиесілі ақша, бағалы заттар, нәрселер, заттар және сақталудағы азық-түліктер қайтыс болғанның жақын туыстарына да, елшіліктің, консулдықтың өкілдеріне немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы шет мемлекеттің өкілдігіне де беріледі.";

      Мынайдай мазмұндағы 49-1-тармақпен толықтырылсын:

      "49-1. Мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар шығарып жіберу туралы сот үкімін, шешімін, қаулысын орындау үшін не жүріп-тұру бостандығын алдын ала шектеу мерзімі өткеннен кейін арнаулы қабылдау орнынан босатылады.";

      52-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Заңға сәйкес адвокаттың қызметтерін пайдалана алады.";

      52-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "52-2. Өкілдігін жіберген мемлекеттің әкімшілік қамауға алынған азаматына, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің ресми өкілдерінің олардың өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетуі бойынша баруына жол беріледі.

      Әңгімелесу кезінде жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету арнайы мекеменің әкімшілігіне жүктеледі.";

      1, 2, 3 және 4 - қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      7, 8, 9 және 10 - қосымша осы бұйрыққа 5, 6, 7 және 8 - қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      4. "Ішкі істер органдарындағы уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 5 ақпандағы № 95 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16389 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 ақпанда электронды түрде жарияланған):

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларының ішкі тәртібі қағидаларында:

      13-тармағын келесі редакцияда жазылсын:

      "13. Уақытша ұстау изоляторына жеткізілгендерді медициналық тексеруді және оларды камераларға орналастырар алдында санитарлық өңдеуден өткізуді Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21534 болып тіркелген) бекітілген Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес уақытша ұстау изоляторының фельдшері немесе ол болмаған кезде кезекші жүзеге асырады.".

  Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының
тізбесіне
1-қосымша
  Ішкі істер органдары арнайы
қабылдау орындарының ішкі
тәртіп қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Бастық _______________
_________________________
_________________________
20___ жылғы "____"__________

ІШКІ КҮН ТӘРТІБІ (үлгі)

      1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Ішкі тәртіп қағидаларын сақтайды және арнайы қабылдау орны қызметкерлерінің талаптарын орындайды.

      2. Арнайы қабылдау орнында ұсталатын адамдар үшін мынадай күн тәртібі белгіленеді:

Тұру

сағ.7.00.

Жуыну

сағ.7.00 мин. - сағ.7.30 мин.

Камераларды жинау

сағ.7.30 мин. - сағ.8.30 мин.

Таңғы ас

сағ.8.30 мин. - сағ.9.30 мин.

Арнайы қабылдау орны қызметкерлерінің камераларды аралауы

сағ.9.30 мин. - сағ.10.30 мин.

Түскі ас

сағ.14.00 мин. - сағ.15.00 мин.

Кешкі ас

сағ.19.00 мин. - сағ.20.00 мин.

Камераларды жинау

сағ.20.00 мин. - сағ.21.00 мин.

Жуыну

сағ.21.00 мин. - сағ.22.00 мин.

Ұйқыға кету

сағ.22.30 мин.

      Арнайы қабылдау орнының бастығы ________________________________

      (қолы)

      20___жылғы "___"____________

  Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Ішкі істер органдары арнайы
қабылдау орындарының ішкі
тәртіп қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Арнайы қабылдау орнына жеткізілген адамдарды тіркеу ЖУРНАЛЫ

  Басталды: "___"_____20__жыл.
  Аяқталды: "___"_____20__жыл.

Әкімшілік қамауға алынған адамның, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

Туған күні, айы, жылы

Тұрғылықты жері

Жұмыс, оқу орны, лауазымы

Қашан және қандай ІІО ұстады

Қашан және қандай мерзімге қамауға алынды, бостандығынан алдын ала шектелді

Жіберу туралы күні мен уақыты

Босатылған күні мен уақыты

ескертпе

1










  Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Арнайы қабылдау орнында әкімшілік қамауға алынған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған КАРТОЧКА

      1. Тегі ___________________________________________________

      2. Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда)_____________________

      3. Туған жылы____________________________________________

      4. Тұрғылықты жері _______________________________________

      5. Жұмыс (оқу) орны, лауазымы __________________________

      6. ІІО қызметкерлері қашан ұстады __________________________

      7. Қашан және қандай мерзімге қамауға алынды,

      бас бостандығы алдын ала шектелді _________________________

      8. Жіберу туралы күні, уақыты ______________________________

      9. Босатылған күні, уақыты _________________________________

      20____жылғы "___"_______Арнайы қабылдау орнының кезекшісі____________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), атағы, қолы)

  Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
  Ішкі істер органдары арнайы
қабылдау орындарының ішкі
тәртіп қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Арнайы қабылдау орнында әкімшілік қамауды өтеу үшін жаңадан келген адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алудың тәуліктік ведомосі

Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

Күні, айы, туған жылы

Қандай орган және қашан ұстады

Қашан және қандай мерзімге қамауға алынды

Жіберу туралы
күні мен уақыты

Босатылған күні мен уақыты

Орналастырылған камераның №

ескертпе

1









  Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
  Ішкі істер органдары арнайы
қабылдау орындарының ішкі
тәртіп қағидаларына
7-қосымша

Арнайы қабылдау орнына орналастырылған адамдардың өзімен бірге алып жүре алатын және сақтай алатын заттар мен азық-түлік өнімдерінің тізбесі

      1) жылумен өңдеуді қажет ететін, сақтау мерзімі өтіп кеткен, тез бүлінетін азық-түлікті қоспағанда, азық-түлік өнімдері. Азық-түлік өнімдерінің тізбесі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ұйғарымы бойынша шектеледі;

      2) темекі бұйымдары, сіріңке;

      3) бел буатын белдіксіз, иық бау мен галстуксыз бір жиынтық киім, сондай-ақ бас киім, маусымға сәйкес аяқ-киім (супинаторларсыз, металл өкшесіз);

      4) бір жиынтық спорт костюмін немесе үйде киетін халат (әйелдер үшін), ішкі киімді, шұлық, қолғап (биялай), қол орамалдар, бөлмеде киетін немесе спорт шәркесі;

      5) дәретхана бұйымдары (иіс, кір сабын, сұйық сабын немесе сусабын, тіс ұнтағы, тіс жууға арналған щетка, сабын мен тіс ұнтағын салу үшін пластмассадан жасалған футляр, кремдер, тарақ);

      6) қалтаға салынатын айна (камерада айна болмаған жағдайда), электр немесе механикалық ұстара, қауіпсіз бір реттік ұстаралар (арнайы қабылдау орнының сақтау камерасында сақталады);

      7) көзілдіріктер мен көзілдіріктерге арналған пластмассадан жасалған футлярлар;

      8) үшкіл орамал, рейтуздар, белдіктер, бюстгальтерлер, дәке, шаш қыстырғыштар, мақта, гигиена және косметика бұйымдары, пластамассадан жасалған бигуди (әйелдер үшін);

      9) балдақтар, ағаш таяқтар, протездар (дәрігердің рұқсаты бойынша);

      10) зауытта дайындалған тұрмыстық электр су қайнатқыш;

      11) жөке, губка, дәретхана қағазы;

      12) қаламсап, оның өзегі, қара қарындаш;

      13) хат жазу үшін қағаз, дәптерлер, пошта конверттері, пошта маркалары;

      14) тағып алуға немесе қалтаға салуға арналған діни наным бұйымдары;

      15) бір жиынтық төсек-орын жабдығы (екі жайма және жастық тыс), орамал;

      16) көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзімді басылым шығарылымдары;

      17) фотосуреттер - кемінде екеу;

      18) үстел ойындары (шашка, шахмат, домино, нарды);

      19) дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі-дәрмектер.

      Саналмаған заттардан басқа әкімшілік қамауға алынған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен жазбаларды, сондай-ақ пошталық жіберілім бланкілерін, сақтауға тапсырылған ақшалай қаражат, бағалы заттар мен құжаттардың түбіртектерін өздерімен бірге алып жүруге және сақтауға рұқсат етіледі.

  Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
  Ішкі істер органдары арнайы
қабылдау орындарының ішкі
тәртіп қағидаларына
8-қосымша
  нысан

ӨТІНІШ

      Азамат (ша)_______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      __________________________________________________________________ тұратын

      (тұрғылықты жері)

      _________________________________________________________________________

      (әкімшілік қамауға алынған адамға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге

      жататын шетелдік мен азаматтығы жоқ адамға қатысы)

      _________________________________________________________________________

                  (Тегі, аты-жөні) үшін берілім қабылдауыңызды сұраймын

№ р/с

Азық-түліктің атауы

Салмағы

Саны

Ескерту

килограмм

грамм

1





2





      Өтініш иесінің қолы 20_ жылғы__________________________"___"_______

      Берілімге рұқсат берді_____________________________________________

      (арнайы қабылдау орнының бастығы)

      Берілімді қабылдады ______________________________________________

      (берілімді қабылдаған қызметкердің т.а.ә. (ол болған жағдайда))

      Берілімді алдым___________________________________________________

      (берілімді алған адамның қолы)

      20___жылғы "____" ____________

  Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша
  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидаларына
9-қосымша
  нысан

Сәлемдемелер мен бандерольдерді ашу АКТІСІ

      20__жылғы "_____"______                         Толтыру орны ___________________

      Комиссия құрамы: _________________________________________________________

      (комиссия құрамының Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

      Сәлемдемені (бандерольді) ашудың осы актісін толтырды

      __________________________________________________________________________

      (заттардың, азық-түліктің атауы, олардың сыртқы белгілері, саны (жазбаша) көрсетіледі)

      Әкімшілік қамауға алынған адамға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын

      шетелдік мен азаматтығы жоқ адамға қандай заттар берілді

      _________________________________________________________________________

      (заттардың, азық-түлік өнімдерінің атауы көрсетіледі)

      ________________________________________________________________________

      Сақтау камерасына өткізілді_______________________________________________

      Комиссия мүшелерінің қолдары: 1._______________

      2._______________

      Алдым __________________________________________________________________

      (әкімшілік қамауға алынған адамның, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге

      жататын шетелдік мен азаматтығы жоқ адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған

      жағдайда), қолы)

      Актіні толтырған қызметкердің қолы _________________________________

                                    (лауазымы, атағы, Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қолы)

  Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
8-қосымша
  Ішкі істер органдары
арнайы қабылдау орындарының
ішкі тәртіп қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Заттарды, құжаттарды, бұйымдар мен өзге де материалдық бағалы заттарды сақтау камерасына тапсыру АКТІСІ

      20_жылғы "____" _________                         Қала (кент)________________

      Мен, _____________________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі)

      __________________________________________________________________________

      (ішкі істер органының атауы)

      20 ___ жылғы "__"_____________ ұсталған

      Аз._____________________________ тиесілі

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) ___________________ заттардың,

      бұйымдардың, құжаттар мен өзге де материалдық бағалы заттардың атауы көрсетілсін

      (жазбаша түрде) ___________________________________________________________

      арнайы қабылдау орнының сақтау камерасына тапсырғаны туралы осы актіні толтырдық.

      Осы акт екі данада толтырылды (бір данасы тексеру материалына тігіледі, екінші

      данасы иесіне беріледі).

      Актінің көшірмесін алдым ___________________________________________________

                              (әкімшілік қамауға алынған адамның, мәжбүрлеу тәртібімен

                              шығарып жіберуге жататын шетелдік мен азаматтығы жоқ

      адам тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

      Актіні толтырған қызметкердің қолы ______________________________________

                                                      (қолы)