БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8827 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2014 жылғы 8 наурыздағы № 47 (28271) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Оқытуды ұйымдастыру жағдайы бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"83. Кәмелетке толмағандарды анықтау үшін арнаулы білім беру ұйымына құжаттар жинауды кәмелетке толмағандарды анықтау мен есепке алуды жүзеге асыратын білім беру, ішкі істер, денсаулық сақтау органдары қамтамасыз етеді.
Арнаулы білім беру ұйымына жіберілетін әрбір кәмелетке толмағанның әрқайсысына:
1) кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына жіберу туралы сот шешімі;
2) туу туралы куәлік (жеке куәлік);
3) білім алушының жеке ісі қағазы;
4) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) және "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2423 болып тіркелген) бекітілген № 026/у-3 есеп нысаны (бұдан әрі -№469 бұйрық);
5) отбасының құрамы, отбасының әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің толық деректері, олардың нақты тұратын жері, жұмыс орны, кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу мен тәрбиелеу үшін жағдайлардың болуы көрсетілген отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері (түлектері) қатарынан кәмелетке толмағандарға ата-ана қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттар;
7) оқу орнынан мінездеме;
8) әскерге шақыру жасындағы адамдар үшін тіркеу куәлігі ұсынылады.
Жеке іс құжаттары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және баланы отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіне (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына қабылдаған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 592 қаулысымен бекітілген Кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергі болатын аурулардың тізбесіне сәйкес денсаулық жағдайында ауытқулары бар кәмелетке толмағандар арнаулы білім беру ұйымына жіберілмейді (бұдан әрі - № 592 қаулы).
Алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдаланатын кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына жіберу туралы мәселені қарау кезінде оларға психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлық бұзылуынан (ауруынан) емделуден өтуді тағайындаудың орындылығы міндетті түрде зерделенеді."
98-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"98. Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына кәмелетке толмағандар соттың шешімі бойынша алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге жіберіледі.
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілетін кәмелетке толмағанның әрқайсысына:
1) кәмелетке толмаған баланы ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы сот шешімі;
2) туу туралы куәлік (жеке куәлік);
3) оқушының жеке ісі;
4) денсаулық жағдайы туралы анықтама (№ ҚР ДСМ-175/2020 бұйрыққа сәйкес № 065/у нысан және № 469 бұйрыққа сәйкес 026/у-3 есеп нысаны);
5) отбасының құрамы, әлеуметтік мәртебесі туралы мәліметтер, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің толық деректері, олардың нақты тұратын жері, жұмыс орны, кәмелетке толмаған баланы күтіп-бағу мен тәрбиелеу үшін жағдайлардың болуы көрсетілген отбасының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері (түлектері) қатарынан кәмелетке толмағандарға ата-ана қамқорлығының жоқтығын растайтын құжаттар;
7) оқу орнынан балаға мінездеме;
8) әскерге шақыру жасындағы адамдар үшін тіркеу куәлігі ұсынылады.
Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына № 592 қаулыға сәйкес денсаулық жағдайында ауытқулары бар кәмелетке толмағандар жіберілмейді.
Алкогольдік ішімдіктерді, есірткі құралдарын және психотроптық заттарды, сол тектестерді теріс пайдаланатын кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберу туралы мәселені қарау кезінде оларға психикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалануға байланысты психикалық, мінез-құлық бұзылуынан (ауруынан) емделуден өтуді тағайындаудың орындылығы міндетті түрде зерделенеді.
Жеке іс құжаттары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер кәмелетке толмағанды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына қабылдаған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей Республикалық деректер базасына енгізіледі.
Кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастыру және жеткізу үшін қажетті құжаттарды жинауды ішкі істер органдары қамтамасыз етеді.
Кәмелетке толмаған күдікті өмір сүру және тәрбиелену жағдайлары бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдырыла алмайтын жағдайларда, ол қылмыстық процесті жүргізетін органның қаулысы бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қатысуымен қылмыстық процесс бойынша іс жүргізу кезеңінде тұру үшін ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына орналастырылуы мүмкін.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
А. Аймагамбетов |