ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 50-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. "Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 216 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10846 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 4 желтоқсаны № ҚР ДСМ-234/2020 бұйрығымен бекітілген |
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 50-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғалардың санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын объектілерде жүргізіледі.
3. Осы қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) аудиторлық шарт – өтініш беруші мен аудитордың арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жасалатын санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шарт;
2) аудиторлық қорытынды – жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат;
3) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілері – тізбесі Кодекстің 36-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалатын эпидемиялық мәні бар объектілер;
4) санитариялық-эпидемиологиялық аудит – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын эпидемиялық мәні бар объектілерді санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалау және көрсетілген объектілерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру жөнінде ұсынымдар әзірлеу тұрғысынан бақылаудың балама түрі;
5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аудитор (бұдан әрі – аудитор) – санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аудиторлық ұйым (бұдан әрі – аудиторлық ұйым) – санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға (коммерциялық ұйым);
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы аудиттелетін субъект (бұдан әрі – аудиттелетін субъект) – санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер.
2-тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит
4. Санитариялық-эпидемиологиялық аудитті Кодекстің 48, 49 және 50-баптарының ережелеріне және осы Қағидаларға сәйкес аудиторлық шартта көзделген санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің нақты міндеттерін, мерзімдерін және көлемдерін ескере отырып, аудиттелетін субъектінің өтініші бойынша аудитор (аудиторлық ұйым) жүргізеді.
5. Аудитор (аудиторлық ұйым) және аудиттелетін субъектінің арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге арналған шарттың негізінде туындайды.
6. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Кодекстің 49-бабының ережелерінде көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
3-тарау. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу
7. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит Кодекстің 50-бабының талаптары ескеріле отырып, аудитор (аудиторлық ұйым) жасайтын санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарына сәйкес жүргізіледі және аудиттелетін субъектімен келісіледі.
8. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізуге өтініш осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.
9. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарын әзірлеу үшін аудиттелетін субъектінің ерекшелігімен алдын ала танысу жүргізіледі.
10. Санитариялық-эпидемиологиялық аудиттің мерзімдері мен көлемі аудитор (аудиторлық ұйым) жасайтын және аудиттелетін субъектімен келісілетін санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарында белгіленеді. Аудит жүргізу жоспары шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
11. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспары нақты өндіріс ерекшеліктері ескеріле отырып, еркін нысанда жасалады және мыналарды:
1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын шикізатты, өнімді өндіру, тасымалдау, сақтау, қолдану және өткізу, еңбек ету, тұру, демалу, тамақтану, сумен жабдықтау, сондай-ақ жұмыстардың орындалуы мен қызметтер көрсету жағдайлары мен режимін тексеруді;
2) өндірістік бақылауды жүзеге асырумен байланысты есептің және есептіліктің жүргізілуін және жұмыс істейтін адамдарды медициналық қарап тексерудің қорытынды актілерін тексеруді;
3) жұмыс істейтін адамдарды медициналық қарап тексеруді, гигиеналық оқытуды ұйымдастыруды және жеке медициналық кітапшасының болуын бақылауды;
4) токсикологиялық, радиологиялық, санитариялық-гигиеналық, бактериологиялық, вирусологиялық, физикалық-химиялық сараптамалар жүргізу үшін сыртқы орта объектілері үлгілерінің көлемі мен тізбесін айқындауды;
5) зертханалық-құрал-саймандық өлшеулер жүргізуді;
6) обьектінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын жақсарту бойынша ұсынымдар дайындауды;
7) санитариялық-эпидемиологиялық тәуекелдерді бағалай және тәуекел дәрежесін айқындай отырып, объектінің эпидемиялық маңыздылығы туралы қорытындылар, анықталған бұзушылықтар, құжаттама мен есептілік жүргізудің дәйектілігі туралы мәліметтерді қамтиды.
12. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізудің мақсаты объектінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысымен бекітілетін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережесінің 16-тармағының 132-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін санитариялық қағидаларға, гигиеналық нормативтерге сәйкестігін анықтау, өндірістің адам және тіршілік ету ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын бақылауды қамтамасыз ету, технологиялық процестердің мүмкін болатын бұзушылықтарын анықтау, шикізат пен өнімнің қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келмеуі, зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырланудан және жұмыс орындарында физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті деңгейлерден асуы және зиянды факторлардың халықтың және жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына әсер ету тәуекелдерін төмендету жөнінде қажетті іс-шараларды әзірлеу болып табылады.
13. Зертханалық зерттеулердің және сынақтардың номенклатурасы, көлемдері мен мерзімділігі өндірістің санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамасы, зиянды өндірістік факторлардың болуы, олардың адам денсаулығына және оның тіршілік ету ортасына әсер ету тәуекелі ескеріле отырып айқындалады.
14. Зертханалық зерттеулер және өлшеулер техникалық реттеу және метрология саласындағы заңнамаға сәйкес аккредиттелген аккридиттеудің тиісті саласымен өндірістік зертханалар, сынақ зертханалары (орталықтары) базасында жүргізіледі.
15. Зертханалық зерттеулер және өлшеулер жүргізу үшін үлгілерді іріктеу және жеткізу іріктелетін сынаманың әрбір түріне стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
16. Үлгілер саны, оларды іріктеу тәртібі, сәйкестендіру және сақтау қағидалары, өнім сынамаларын іріктеу актісін ресімдеу мәлімделген өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.
17. Қажетті ақпаратты жинау және жүйелеу аудиттелетін субъектіге және өзге ұйымдарда жүргізіледі. Ақпараттың құрамына:
1) аудиттелетін субъектінің қызметіне қатысты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің талаптары;
2) аудиттелетін субъектінің орналасу ауданының картасы және карта-схемасы;
3) аудиттелетін субъектінің әкімшілік басқару құрылымы;
4) өндірістік бақылау жүргізу бойынша есептілік, жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі актілер мен хаттамалар;
5) соңғы үш жылдағы зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер хаттамаларының көшірмелері (бар болса);
6) аудиттелетін субъектінің қызметіне байланысты азаматтардың және қоғамдық бірлестіктердің өтініштері туралы мәліметтер кіреді.
Объектіні неғұрлым тиімді және толық бағалау үшін аудиттелетін субъект Кодекстің 50-бабы 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
18. Аудиттелетін субъектіні қарап тексеру және қызметкерлерге сауалнама жүргізу аудиттелетін субъектінің іс жүзіндегі жағдайына құжаттаманың сәйкестігін бағалау, аудиттелетін субъект мамандарының біліктілігін айқындау, аудиттелетін субъект қызметінің тиімділігін жақсарту үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізіледі.
19. Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігі тұрғысында оны қарап тексеру, жүргізілген салыстырмалы талдау және жоспарланып отырған не жүзеге асырылып жатқан қызметтің санитариялық-эпидемиологиялық қауіптілік дәрежесін, өндірістік бақылаудың жеткіліктілігі мен дәйектілігін бағалау нәтижелері бойынша аудитор (аудиторлық ұйым) объектінің ахуалын (жағдайын) тұрақтандыру бойынша ұсынымдар (ұсыныстар) енгізеді.
20. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелерін жарамсыз деп тану негіздері Кодекстің 50-бабының 5-тармағында көзделген.
21. Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу нәтижесінде туындайтын даулар сот тәртібімен шешіледі.
4-тарау. Аудиторлық қорытынды және оны беру тәртібі
22. Жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық аудит нәтижелері бойынша объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативткі құқықтық актілерге сәйкестігі туралы аудиторлық қорытынды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.
23. Объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігі туралы тұжырымдары бар аудиторлық қорытындыны аудитор (аудиторлық ұйым) аудит аяқталған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.
24. Аудиторлар (аудиторлық ұйымдар) жыл сайын есепті жылдан кейінгі оныншы қаңтарға қарай халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органы ведомоствосына Кодекстің 48-бабының 3-тармағына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша жүргізілген аудит туралы ақпарат береді.
Санитариялық- эпидемиологиялық аудит жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Өтініштерді тіркеу журналы
№ | Өтінішті тіркеу күні, айы, жылы | Өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса) | Объектінің атауы | Объектінің қызмет саласы | Аудит жүргізу кезеңі, аудитордың Т.А.Ә. (бар болса) | Аудиторлық есептің қорытындылары, есептің №, берілген күні | Алушының қолы |
Аудиторлық қорытынды
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан
Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 50-бабына сәйкес
мен _____________________________________________________________
_________________________________________________________________
(аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және (немесе) аудиторлық
ұйымның толық атауы, Рұқсаттар мен хабарламалар тізілімінің есепке алу нөмірі)
_________________________________________________________________
(аудиттелетін субъектінің орналасқан жері)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
мекенжайы бойынша орналасқан
_________________________________________________________________
(аудиттелетін субъектінің толық атауы)
____________________________________________________ санитариялық-
эпидемиологиялық аудит жүргіздім.
Санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу үшін негіз: ______________
_________________________________________________________________
(өтініштің күні мен №, өтініш берушімен келісілген санитариялық-
эпидемиологиялық аудит жүргізу жоспарының көшірмесі)
_________________________________________________________________
Ұсынылған: _______________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
___________________________________________________ материалдарды
қарап, мынаны: ___________________________________________________
(объектіні қарап тексеру, жағдайларын тексеру нәтижелерін сипаттау)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
______________________________________________________ анықтадым.
Зертханалық зерттеулер және (немесе) өлшеулер нәтижелері негізінде:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(хаттаманың № мен күні, кім берді, зертхананы (орталықты) аккредиттеу
туралы мәліметтер, хаттамалардың көшірмелері қоса беріледі)
Аудиттелетін субъектінің шаруашылық және өзге де қызметімен байланысты мүмкін
болатын тәуекелдердің сипаты және бағалау:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Қорытынды: объект ______________________________________________
(аудиттелетін объектінің толық атауы)
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік
құқықтық актілердің ___________________________________
________________________________________________________________
________________________________________ талаптарына сәйкес келеді.
(сәйкестігіне аудит жүргізілген НҚА-ның толық атауы және қабылданған күні)
Ұсынымдар ______________________________________________________
________________________________________________________________
Аудиторлық ұйымның басшысы (аудитор) ____________________________
Т.А.Ә. (бар болса), лауазымы)
Мөрі (бар болса) Күні
Аудиторлық қорытынды алғаны туралы белгі _________________________
алған адамның Т.А.Ә. (бар болса) және қолы, күні