"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 қыркүйекте № 138 (1735) "Заң газеті" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:
1) атаулы әлеуметтік көмек;
2) тұрғын үй көмегі;
3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;
4) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
5) бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
6) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
7) бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
8) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылар;
9) жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын студенттерге, техникалық және кәсіптік (мектептер, колледждер), білім беру ұйымдарының студенттеріне төленетін мемлекеттік стипендия;
10) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;
11) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;
12) Қазақстан Республикасының білім саласындағы заңнамасына сәйкес білім беру ұйымдарында табысы аз отбасылардан шыққан студенттерге көрсетілетін материалдық көмек;
13) азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес табысы аз азаматтарға мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек;
14) Үлгілік қағидаларға сәйкес көрсетілетін біржолғы ақшалай көмек;
15) қайырымдылық көмек;
16) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
17) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
18) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек:
дәрілік препараттар;
санаторлық-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
мүгедектерге бөлінген жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен оңалту құралдары;
жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен аз, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмаған отбасылардан шыққан мемлекеттік білім беру мекемелерінің студенттері мен оқушыларына, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға және Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес студенттер мен тәрбиеленушілердің өзге санаттарына ұсынылатын материалдық көмек;
табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмек;
20) жетім баланы және (немесе) ата-ананың қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алумен байланысты біржолғы төлемдер;
21) Бағдарлама шеңберінде ерікті түрде қоныс аударушыларға (әр отбасы мүшесіне) көшуге берілетін біржолғы төлем;
22) "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 34 Жарлығына сәйкес кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті екінші деңгейдегі банктерде және микроқаржы ұйымдарында біржолғы өтеу;
23) тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен қарыз бойынша бастапқы төлемнің бір бөлігін жабуға арналған тұрғын үй сертификаттарының сомасы;
24) төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
25) төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына немесе шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдер.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде отбасының мынадай түрде алынған табысы ескеріледі:
1) Еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жұмыс берушіден еңбекақы ретінде алынған, атап айтқанда:
еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімді, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (қызметкерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушілердің актілеріне сәйкес төленетін ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзіне қарамастан);
қызметкер жалақысының сақталуына кепілдік берілетін кезең үшін жұмыс беруші есептейтін және қызметкерлерге төленетін орташа жалақы;
ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шартының бұзылуы кезінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;
сақтандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін төлем түрлері;
мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісімшарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестірілген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай ризығы;
жұмыс беруші төлеген кредит сомалары. Көрсетілген төлемдер кредитті өтудің белгіленген мерзіміне бөлінеді;
әскери қызметшілерге және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне берілетін ағымдағы тұрғын үй төлемдері;
2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;
он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардан басқа, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан және бірінші, екінші, үшінші топтардағы он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдан басқа, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына немесе шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдерді қоспағанда, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақылар;
үйде оқитын мүгедек балаларды оқыту шығындарын өтеу;
қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін жәрдемақы;
патронат тәрбиелеушілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін төлем;
мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру бойынша жәрдемақылар;
отставкадағы судьяның ай сайынғы өмір бойғы қамтылымы;
зейнетақы төлемдерін алушыларға инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарнамаларының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттің кепілдіктері;
төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бірге тұратын балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар отбасыларға олар кәмелетке толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіргенге дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы;
стипендия, оның ішінде қаржыландыру көзіне қарамастан, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларына және оқу орындарының басқа да тыңдаушыларына төленетін мемлекеттік атаулы және атаулы стипендия;
табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде көрсетілетін көмекті қоспағанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;
қаржыландыру көзіне қарамастан, интерндерге, магистранттарға, докторанттарға, резидентура тыңдаушыларға және оқу орындарының басқа тыңдаушыларға төленетін стипендия;
табысы аз отбасылардан шыққан балаларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде көрсетілетін көмекті қоспағанда, жергілікті бюджет қаражаты есебінен берілетін қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;
төтенше жағдай немесе шектеу іс-шараларын кезеңінде ұсынылатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтарын, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін соманы қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде жергілікті мемлекеттік басқару органдары, мекемелері мен ұйымдары белгілеген барлық төлем түрлеріне үстемеақылар мен қосымша ақылар.";
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының, "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.М. Әукеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Б. Нурымбетов |
Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесі
Облысы, республикалық маңызы бар қала, астана | Ауданы, қаласы |
---|---|
1 | 2 |
1. Дала аймағы | |
Солтүстік Қазақстан облысы |
1. Айыртау ауданы |
Ақмола облысы |
1. Біржан сал ауданы |
Қостанай облысы |
1. Қарабалық ауданы |
Павлодар облысы |
1. Ертіс ауданы |
2. Қуаң дала аймағы | |
Батыс Қазақстан облысы |
1. Ақжайық ауданы |
Ақтөбе облысы |
1. Қобда ауданы |
Қостанай облысы |
1. Қамысты ауданы |
Ақмола облысы |
1. Есіл ауданы |
Нұр-Сұлтан қаласы | 1. Нұр-Сұлтан қаласы |
Қарағанды облысы |
1. Нұра ауданы |
Павлодар облысы |
1. Ақтоғай ауданы |
Шығыс Қазақстан облысы |
1. Бесқарағай ауданы |
3. Шөлейтті аймақ | |
Алматы облысы | 1. Қапшағай ауданы |
Батыс Қазақстан облысы |
1. Бөкөйордасы ауданы |
Қостанай облысы |
1. Амангелді ауданы |
Ақтөбе облысы |
1. Ойыл ауданы |
Қарағанды облысы |
1. Жаңаарқа ауданы |
Шығыс Қазақстан облысы |
1. Абай ауданы |
4. Шөлді аймақ | |
Атырау облысы |
1. Жылыой ауданы |
Қызылорда облысы |
1. Арал ауданы |
Ақтөбе облысы |
1. Байғанин ауданы |
Маңғыстау облысы |
1. Бейнеу ауданы |
Түркістан облысы |
1. Созақ ауданы |
Жамбыл облысы |
1. Сарысу ауданы |
Алматы облысы | 1. Балқаш ауданы |
5. Тау eтeгі-шөлді-далалық аймақ | |
Алматы облысы |
1. Ақсу ауданы |
Алматы қаласы | 1. Алматы қаласы |
Жамбыл облысы |
1. Байзақ ауданы |
Түркістан облысы |
1. Арыс ауданы |
Шығыс Қазақстан облысы |
1. Үржар ауданы |
Шымкент қаласы облысы | 1. Шымкент қаласы |
6. Оңтүстік Сібір таулы және тау eтeгі аймағы | |
Шығыс Қазақстан облысы |
1. Глубокое ауданы |