Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № ҚР ДСМ-177/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 қарашада № 21592 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 13) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 3 қарашасы
№ ҚР ДСМ-177/2020
бұйрығымен бекітілген

Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленген және туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) адамның тіршілік ету өнімдері – адамның организмнің ішкі ортасына және сыртқы ортаға бөлетін биологиялық заттары;

      2) биологиялық материалдар - физиологиялық және патологиялық сұйықтықтардың, тіндердің, адам өмірінің секрециялары мен өнімдерінің үлгілері, оларға мыналар жатады: амниотикалық сұйықтық, ірің, қан, лимфа, қақырық, уыз, зәр, простата безінің секрециясы, шырышты қабықтың шырышты қабаты, синовиальды сұйықтық, ұрық, жұлын сұйықтығы, тіндік сұйықтық, плевралық сұйықтық, мұрын шырышы, тер, трансудат, құлақ күкірті, экссудат, биопсиялық материал, гистологиялық бөлімдер, жағындылар, қырындылар, жуғыштар, патологиялық бөлінулер, қырындылар, құпия, физиологиялық бөлінулер, жуу,тін, сондай - ақ дезоксирибонуклеин қышқылының (бұдан әрі-ДНҚ) үлгілері);

      3) жасуша-өзіндік метаболизмі бар, тәуелсіз өмір сүруге, өзін-өзі көбейтуге және дамытуға қабілетті адам ағзасының негізгі құрылымдық және функционалды бірлігі;

      4) сүйек кемігі - қан түзуді жүзеге асыратын, сүйектердің ішкі бөлігінде орналасқан және гемопоэздік дің жасушаларын, строманы және микроортаның басқа да компоненттерін қамтитын тін;

      5) жағынды - микроскоппен одан әрі зерттеу мақсатында заттық шыныға жағылған адамның зерттелетін материалы;

      6) гемопоэздік дің жасушалары - полипотенттілігі бар және сүйек кемігінде, перифериялық қан мен кіндік қанында өмір сүру процесінде болатын адамның сүйек кемігінің қан түзетін жасушалары.

2-тарау. Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібі

      3. "Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қорытындыны алу үшін, заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) Қағидаларға 1-қосымшамен бекітілген нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы өтініш жібереді және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттар тізбесі Қағиданың 2-қосымшада келтірілген.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай – ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған (бұдан әрі-Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты).

      5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдайды және тіркейді.

      Құжаттарды тіркеу және қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.Құжаттарды тіркеу және қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.Көрсетілетін қызметті алушы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қарауының және қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруінің жалпы мерзімі 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде еркін нысанда дәлелді бас тартуды дайындайды, өтінішті одан әрі қараудан бас тартады және "жеке кабинетке" жібереді.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі осы Қағидалардың 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша тиісті қорытынды (рұқсат беру құжаты) не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің, денсаулық сақтау саласындағы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі уәкілетті органдарының басшысының атына шағым беріледі.

      11. Шағымдарды қарау мерзімдері тіркелген күннен бастап:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – 5 (бес) жұмыс күн ішінде;

      2) денсаулық сақтау саласындағы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі уәкілетті органдары – 15 (он бес) жұмыс күн ішінде.

  Туыстық емес
трансплантаттауды жүргізу
мақсатында адамның
биологиялық материалдарының
үлгілерін, гемопоэздік дің
жасушаларын, сүйек кемігін,
донорлық лимфоциттерді,
жыныстық жасушалар мен
эмбриондарды Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
болып табылмайтын
мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге қорытындылар
(рұқсат беру құжаттарын)
беру қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін Өтініш _______________________________________________________________________________ (импорттаушы (экспорттаушы) ұйымның атауы, оның мекенжайы)

      ___________________(күні) № _______ келісімшартқа сәйкес туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) әкелуге (әкетуге) рұқсат беруді сұрайды

      __________________________________________________________________________

      (атауы, саны)

      __________________________________________________________________________

      (әкелудің/әкетудің нақты мақсатын көрсету)

      Алушы/жіберуші ___________________________________________________________

      (атауы, заңды мекенжайы, елі)

      __________________________________________________________________________

      Тағайындалатын/жіберілетін елі ______________________________________________

      Мынадай құжаттар қоса беріледі: ____________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (ұйым басшысы лауазымының атауы)

      _____________________________________                   ____________________

      (тегі, аты-жөне, әкесінің аты) (бар болса))                         (қолы)

  Туыстық емес
трансплантаттауды
жүргізу мақсатында адамның
биологиялық материалдарының
үлгілерін, гемопоэздік дің
жасушаларын, сүйек кемігін,
донорлық лимфоциттерді,
жыныстық жасушалар мен
эмбриондарды
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше болып
табылмайтын мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге қорытындылар
(рұқсат беру құжаттарын)
беру қағидаларына
2-қосымша

"Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

www. egov. kz, www. eli cens e. kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні
(құжаттарды тіркеу және қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді)

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін;2) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
1) өтініш;
2) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушалары, сүйек кемігі, донорлық лимфоциттер үлгілерінің биологиялық қауіпсіздігіне зерттеу нәтижелерінің электрондық көшірмесі.
2. Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
1) өтініш;
3. Туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру үшін:
1) өтініш;
2) ғылыми қызметпен айналысуды растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі болады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның www. gov. egov. kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефон нөмірлері-1414, 8- 800- 080-7777.

  Туыстық емес
трансплантаттауды жүргізу
мақсатында адамның
биологиялық материалдарының
үлгілерін, гемопоэздік дің
жасушаларын, сүйек кемігін,
донорлық лимфоциттерді,
жыныстық жасушалар мен
эмбриондарды Еуразиялық
экономикалық одаққа мүше
болып табылмайтын
мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге қорытындылар
(рұқсат беру құжаттарын)
беру қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

20 /_____/____№ ____/ жылы күні айы туыстық емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаты)

      __________________________________________________________________________

      (Қорытынды берген мемлекеттік органның атауы)

      берілді _______________________________________________________________

      (Елі, ұйымның атауы, заңды мекенжайы)

      Өткізу түрі _______________________________________________________________

      _____________________________________/ /__________________________________

      (Тауарлардың бірыңғай тізбесі бөлімі)                   (КО СЭҚ ТН коды)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі




      Алушы/жіберуші* _____________________________________________________

      (атауы, заңды мекенжайы, елі)

      Тағайындалатын/жіберілетін елі*__________________________________

      Импорттаушы ел________________________________________________

      Экспорттаушы ел _______________________________________________

      Әкелу/әкету мақсаты _____________________________________________

      Уақытша әкелу (әкету) мерзімі ___________________________________

      Негіздеме:______________________________________________________

      Қосымша ақпарат ______________________________________________

      Транзит елі ____________________________________________________

      (аумақ бойынша транзит)

      Қолы _____________________ Күні ____________________

      Қорытынды __________________ дейін жарамды

      МО ________________________________

      (Т.А.Ә.)

      ________________

      (лауазымы)

      <*> тауарлар санатына қойылатын талаптарды ескере отырып, толтырылады

  Туыстық емес
трансплантаттауды жүргізу
мақсатында адамның
биологиялық материалдарының
үлгілерін, гемопоэздік дің
жасушаларын, сүйек
кемігін, донорлық
лимфоциттерді, жыныстық
жасушалар мен эмбриондарды
Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше болып
табылмайтын мемлекеттерден
Қазақстан Республикасының
аумағына әкелуге және
Қазақстан Республикасының
аумағынан осы мемлекеттерге
әкетуге қорытындылар
(рұқсат беру құжаттарын)
беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

20 /_____/____№ ____/ жылы айы күні туыстық емес трансплантаттауды жүргізу мақсатында адамның биологиялық материалдарының үлгілерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін, донорлық лимфоциттерді, жыныстық жасушалар мен эмбриондарды Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттары)

      _________________________________________________________________________

      (қорытынды берген мемлекеттік органның атауы)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (Елі, ұйымның атауы, заңды мекенжайы) берілді

      Өткізу түрі ________________________________________________________________

      ____________________________________/ /_________________________________

      (Тауарлардың бірыңғай тізбесі бөлімі)                   (КО СЭҚ ТН коды)

Тауардың атауы

Саны

Өлшем бірлігі




      Алушы/жіберуші __________________________________________________________

      (атауы, заңды мекенжайы, елі)

      Тағайындалатын/жіберілетін елі _____________________________________________

      Әкелу/әкету мақсаты ________________________________________________________

      Уақытша әкелу (әкету) мерзімі _______________________________________________

      Негіздеме: _______________________________________________________________

      Қосымша ақпарат __________________________________________________________

      Транзит елі ________________________________________________________________

      (аумақ бойынша транзит)

      Қолы ___________________________ Күні ________________________

      Қорытынды __________________ дейін жарамды

      ________________________________             ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (лауазымы)

      ________________________________             ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))             (қолы)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 3 қарашасы
№ ҚР ДСМ-177/2020
бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң күшіжойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 наурыздағы № 151 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 9372 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған").

      2. "Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 наурыздағы № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 650 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің тізілімінде № 14152 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған");

      3. "Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 наурыздағы № 151 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-25 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 17626 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 қазанда ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. Өзгерістер енгізілетін денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтар тізбесінің 1-тармағы "Денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № ҚР ДСМ-27/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 7 сәуірде № 20333 болып тіркелді).