Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2020 № ҚР ДСМ-177/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 29-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1."Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 наурыздағы № 151 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 79366 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидасында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық және ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті (бұдан әрі – Комитет) өтініш беруші белгілеген, бірақ осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге береді.
Өтініштерді қабылдау және нәтижесін беру www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібі";
5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін денсаулық сақтау ұйымы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) "гематология" немесе "онкология" мамандығы бойынша медициналық қызметке лицензияның көшірмесі;
3) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, олардың үлгілерінің биологиялық қауіпсіздігіне зерттеу нәтижелері.
6. Комитет Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру туралы өтініш қабылдаған күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтайды.
7. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі белгіленген жағдайда Комитет өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы уәжді жауап ұсынады.
8. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге өтінішті қарау, қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру немесе бас тарту туралы уәжді жауап беру мерзімі өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнін құрайды.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібі";
9-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
медициналық қызметке арналған лицензияның көшірмесі;
2) биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
ғылыми қызметпен айналысуды растайтын құжаттың көшірмесі.";
10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Комитет диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру туралы өтініш қабылдаған күннен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын анықтайды.
11. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі белгіленген жағдайда Комитет өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы уәжді жауап ұсынады.
12. Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге өтінішті қарау, қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру немесе бас тарту туралы уәжді жауап мерзімі өтінішті қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күнін құрайды.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Қорытынды ережелер".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
Е. Біртанов |