Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.11.2020 № ҚР ДСМ-177/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің7-бабының 1-тармағының 29-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 26 наурыздағы № 151 бұйрығына" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9372 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 2 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 29-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидаларында:
атауы мынадай реакцияда жазылсын:
"Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидасы";
1, 2, 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 29-5) тармақшасына және 173-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындайды.
3. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) өтініш беруші белгілеген, бірақ осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір жылдан аспайтын мерзімге береді.";
3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібі";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында адамның гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруге өтініш Комитет өтінішті қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қаралады.";
9-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін денсаулық сақтау ұйымы немесе ғылыми қызметті жүзеге асыратын ұйым Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1) диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыны (рұқсат беру құжатын) алу үшін:";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Комитет диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру туралы өтініш қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын белгілейді.";
12, 13, 14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) беруге өтініш Комитет өтінішті қабылдаған күннен бастап үш жұмыс ішінде қаралады.
13. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды (рұқсат беру құжаттарын) беруден бас тарту үшін негіздеме:
1) құжаттар пакетін толық ұсынбауы;
2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес ақпараттың болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың 5-тармағының 1-5)-тармақшаларында және 9-тармағының 1-2)-тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) егер өтініш иесіне қатысты соттың мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салу туралы шешімі болған жағдайда.
14. Туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыны (рұқсат беру құжатын) беруден бас тарту сот тәртібімен шағымдалуы мүмкін.
15. Денсаулық сақтау ұйымы туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Комитет мекенжайына осы Қағидаларға 5, 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша оларды алғаны туралы есепті және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылдау актісінің көшірмелерін ұсынады";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада жоғарыдағы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада жоғарыдағы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада жоғарыдағы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) тіркелген осы бұйрықты алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде оның көшірмелерін бір данада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Денсаулық сақтау және | |
әлеуметтік даму министрі | Т. Дүйсенова |
нысан
Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе
биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған
жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің,
оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық
және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың,
шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетуге (рұқсат беру құжаты) қорытынды
201 /_____/____/№ ____
жылы айы күні ____________________________________________________________________
Қорытынды берген мемлекеттік органның атауы)
____________________________________________________________ берілді
(Елі, ұйымның атауы, заңды мекенжайы)
Өткізу түрі _________________________________________________________
Тауардың атауы | Саны | Өлшем бірлігі |
Алушы/жіберуші*_____________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, елі)
Тағайындалатын/жіберілетін елі*______________________________________
Әкелу/әкету мақсаты _________________________________________________
Уақытша әкелу (әкету) мерзімі________________________________________
Негіздеме:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қосымша ақпарат _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
Транзит елі__________________________________________________________
(аумақ бойынша транзит)
____________________________________________________________________
Қолы __________________Күні __________________
Қорытынды __________________ дейін жарамды
МО ____________________________________
(бар болса) _________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
__________________
(лауазымы)
нысан
Гемопоэздік дің жасушаларын, адамның сүйек кемігін, туыстас
емес транспланттауды жүргізу мақсатында өткізген жағдайда
Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе)
Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындыларды
(рұқсат беру құжаттарын) алу үшін
Өтініш
____________________________________________________________________
(импорттаушы (экспорттаушы) ұйымның атауы, оның мекенжайы)
___________________(күні) № _______ келісімшартқа сәйкес туыстас емес
транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек
кемігін Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) әкелуге
(әкетуге) рұқсат беруді сұрайды
_____________________________________________________________________
(атауы, саны)
_____________________________________________________________________
(әкелудің/әкетудің нақты мақсатын көрсету)
Алушы/жіберуші ______________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, елі)
_____________________________________________________________________
Тағайындалатын/жіберілетін елі_______________________________________
Мынадай құжаттар қоса беріледі:
____________________________________________________________________
(ұйым басшысы лауазымының атауы) (қолы) (тегі, аты-жөне, әкесінің
аты) (бар болса)
нысан
Диагностикалық ғылыми мақсаттарға арналған немесе
биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған
жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің,
оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық
және патологиялық шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың,
шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына
әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) алу үшін өтініш
_______________________________________________________________
(импорттаушы (экспорттаушы) ұйымның атауы, оның мекенжайы)
______ (күні) № __________ келісімшартқа сәйкес жасушалардың,
тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның
тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық
шығындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін
Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) әкелуге (әкетуге)
рұқсат беруді сұрайды
____________________________________________________________________
(атауы, саны)
Диагностикалық ғылыми мақсаттар үшін биомедициналық зерттеулер
жүргізу процесінде алынған
__________________________________________________ (әкелу/әкету
мақсаты, керектісін астын сызу)
Мынадай құжаттар қоса беріледі: _____________________________________
____________________________________________________________________
(ұйым басшысы лауазымының атауы) (қолы)(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)