ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрлігі
КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 қарашасы № 334 бұйрығымен бекітілген |
"Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы "Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы Заң) 10-бабы 1) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заң) 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) баяндалған.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Стандартта көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі құжаттарды тіркеген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – құжаттар тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
7. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен күні Стандартта көрсетілген құжаттарды тіркеуді жүзеге асырады және оларды жауапты қызметкер тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері Стандартта көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған, қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері портал арқылы электрондық нысанда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – келісуші орган) сұрау салуды жолдайды.
10. Келісуші органның қызметкері сұрау салу түскен сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін немесе сәйкес еместігін анықтайды, оның нәтижелері бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны келісу туралы қорытынды немесе пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияны келісуден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) құрады.
Келісуші орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы қорытынды портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі.
Келісуші орган белгіленген мерзімде жауап бермеген жағдайда Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 25-бабы 3-тармағына сәйкес лицензия және (немесе) лицензияға қосымша келісілді деп есептеледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!11-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері келісуші органнан қорытынды алғаннан кейін не жауапты ұсыну үшін белгіленген мерзім аяқталса 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияға қосымшаны немесе осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
12. Көрсетілетін қызметті алушыға пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 29-бабы 2-тармағына сәйкес олардың қызметін жүзеге асыратын орны бойынша жүзеге асырылады.
13. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) лицензиялық алым енгізілмеген;
3) көрсетілетін қызметті алушының "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметтерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 4-4/704 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11927 болып тіркелген) (бұдан әрі – біліктілік талаптары) біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
4) көрсетілетін қызметті беруші тиісті келісуші мемлекеттік органнан көрсетілетін қызметті алушының лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес еместігі туралы жауап алды;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған;
7) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған жағдайда.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!14-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу:
1) жеке тұлға-лицензиаттың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиатты бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғаға қосу, бөлініп шығу және бөлу нысандарында қайта ұйымдастыру;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда).
Егер дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайы, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің мекенжайы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көшелер атауының өзгеруіне байланысты болса, осы Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу жүзеге асырылмайды. Лицензиаттардың мекенжайларына мұндай өзгерістер мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріктіру арқылы жүзеге асырылады.
Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 33-бабы 2-тармағына сәйкес, рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
15. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңның 34-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген негіздер бойынша қайта ресімдеуді қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін тексермейді.
16. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері құжаттарды берген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және (немесе) тиісінше ресімделуін тексереді.
Стандартта көрсетілген құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.
17. Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзімі құжаттар тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
18. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Стандартта көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе тиісінше ресімделмеуі негіз болып табылады.
Заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады:
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін қажетті құжаттар ұсынылмаған немесе тиісінше ресімделмеген;
2) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер бұрын лицензия және (немесе) лицензияға қосымша заңды тұлғалар-лицензиаттардың бөліну нәтижесінде жаңадан пайда болған қатарынан басқа заңды тұлғаға қайта ресімделсе, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша қайта ресімделуі мүмкін.
19. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
20-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
21. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қарауға жатады:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
22. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!23-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) портал арқылы көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік қызметті беру тәсілі (кіру каналдары) | "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: |
1) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде, оның ішінде заңды тұлға-лицензиатты бөлініп шығару және бөліну нысандарында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 10 (он) жұмыс күні; |
4 | Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлкеттік қызметті көрсету нәтижесі | Пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 | Мемлееттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттiк қызмет көрсетілетін қызметті алушымен ақылы негізде көрсетiледi. |
7 | Жұмыс уақыты |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуға негіздер |
1) осы көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрiмен айналысу; |
10 | Өзге талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші
(кімге)_________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
(кімнен) _______________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы көрсетілсін)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы
_______________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық почтасы ____________________________________________
Телефондары ___________________________________________________
Факсы _________________________________________________________
Банктік шоты ___________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
___________________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Жеке тұлға ___________ ________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"____
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініші
(кімге) _________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
(кімнен) ________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________
(қызмет түрінің және (немесе) қызметтің кіші түрінің толық атауы көрсетілсін)
жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруіңізді сұраймын
Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________
(почталық индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін), облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық почтасы ____________________________________________
Телефондары ____________________________________________________
Факсы __________________________________________________________
Банктік шоты ____________________________________________________ (шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы ________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Басшы _____________ __________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңба) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" ____
Жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдеуге арналған өтініші
(кімге) _________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
(кімнен) _______________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________
(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кiшi түрiнің толық атауы)
______________________________________________ жүзеге асыруға арналған
20___ жылғы "___ " _________ берілген №__________________________
____________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) (керегінің астын сызу)
төмендегі негіздер бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
1) жеке тұлға-лицензиат атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің өзгеруі _____
2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, атауының өзгеруі_________________
3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, заңды мекенжайының өзгеруі _____
4) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________________________________
5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________________
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы _____________________________________ (почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық почтасы ____________________________________________________
Телефондары ___________________________________________________________
Факсы _________________________________________________________________
Банктік шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы _______________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі) ______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Жеке тұлға ___________ _______________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"______
Заңды тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші
(кімге) ________________________________________________________
(лицензиярдың толық атауы)
(кімнен) ______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру нөмірі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________
(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кiшi түрiнің толық атауы)
________________________________________ жүзеге асыруға арналған
20___ жылғы "___ " _________ берілген №__________
_______________________________________________________________ (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
(керегінің астын сызу) төмендегі негіздер бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз)
қайта ресімдеуді сұраймын:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиаттың (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
бірігу _______________
қайта құру ___________
қосылу ______________
бөліп шығару ________
бөліну _____________ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _______________________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі __________
4) қызмет түрі атауының өзгеруі ___________________________________
5) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі _____________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы (ел – шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық почтасы ____________________________________________
Телефондары ___________________________________________________
Факсы _________________________________________________________
Банктік шоты ___________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы _______________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі) ____ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Басшы ________________ _________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" _________
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензия
20____ жылғы "___" ___________ | №_____________ |
______________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы
___________________________________________________ айналысуға
_______________________________________________________ берілді
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық аты, әкесінің аты (бар болса), тегі жеке сәйкестендіру нөмірі)
Ерекше шарттары ______________________________________________
Ескерту: ______________________________________________________
(иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)
Лицензиар ____________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) __________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған болса)
Электрондық цифрлық қолтаңба ________________ (лицензиялар үшін)
Алғашқы берілген күні: "____" ____________ _______ ж.
Лицензияның қолданылу кезеңі: "____" ____________ _______ ж.
Берілген орны ____________________________
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді өткізуге, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған қызметті жүзеге асыруға лицензияға қосымша
Лицензияның нөмірі ____________
Лицензияның берілген күні 20 __ жылғы _________________
Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі(лері) ____________________
______________________________________________________________
("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)
Лицензиат ____________________________________________________
(заңды тұлғаның (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес- сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болса), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өндiрiстік база және/немесе объект ______________________________
(орналасқан жерi)
Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары ___________________
Лицензиар ___________________________________________________
(лицензияға қосымшаны берген органның толық атауы)
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _________________________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Электрондық цифрлық қолтаңба ______________
Қосымшаның нөмірі ________________
Қолданылу мерзiмi "____" _______________ _____ ж.
Қосымшаның берілген күні "____" ________________ 20 ____ ж.
Берілген орны ________________________
[Уәкілетті органның |
[Уәкілетті органның |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [Берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны:
Облыс: [Облыс]
Аудан: [Аудан]
Қала\ елді мекен: [Қала\ елді мекен]
[жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі] [ЖСН/БСН]
Тіркеу күні [күні]
Бас тарту себебі: [Бас тарту себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегi, аты, әкесiнiң аты (болса)]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегi]