Пестицидтердi өндiру (формуляциялау), пестицидтердi өткiзу, пестицидтердi аэрозольдік және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 4-4/704 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11927 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.08.2021 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 6) тармақшасына және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.08.2021 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 12.08.2021 № 239 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік етуші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _____________Ә. Исекешев

      2015 жылғы 16 сәуір

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрі

      ___________ В. Школьник

      2015 жылғы 23 сәуір


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2014 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 4-4/704 бұйрығымен
бекітілген

Пестицидтерді өндіру (формуляциялау), пестицидтерді өткізу, пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестіктігін растайтын құжаттардың тізбесі

      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 21.02.2023 № 71 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Біліктілік талаптары

Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар

Ескертпе

1 2 3 4

Пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін

1

Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі және өндірістік үй-жайлар және пестицидтерді сақтауға арналған қойма үй-жайларынан, пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған жабдықтардан тұратын өндірістік-техникалық базаның болуы.

Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе жалдау немесе өтеусіз пайдалану шарттарының көшірмесі немесе осы шарттар бір жылдан аз мерзімге жасалған жағдайда, сенімгерлік басқару шартының көшірмесі;
өндіруші зауыттардың жабдықтарға арналған пайдалану паспорттары;
санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалдау /өтеусіз пайдалану/бір жылдан астам мерзімге сенімгерлік басқару) үй-жайлар болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінен алынады

2

Өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер сапасының техникалық регламенттерге, стандарттар мен нормативтерге сәйкестігіне бақылау жүргізуге арналған аккредителген зертхананың не аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың болуы

Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер


3

"Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйым дербес бекіткен әрбір пестицидті өндіруге (формуляциялауға) арналған ұйым стандартының болуы

Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер


4

Ұйым стандартына сәйкес өтініш беруші бекіткен пестицидтерді өндіруге (формуляциялауға) арналған технологиялық (өнеркәсіптік) регламенттің болуы

Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер


5

Басшылар мен мамандардың мынадай білікті құрамының болуы:
пестицидтерді өндірумен (формуляциялаумен) тікелей айналысатын бөлімшелерде тиісті жоғары техникалық, технологиялық және агрономиялық білімі бар, мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жылды құрайтын басшылар (кемінде 2 (екі) адам) және тиісті жоғары химиялық немесе технологиялық білімі немесе арнайы орта химиялық немесе технологиялық білімі бар, мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жылды құрайтын мамандар (кемінде 3 адам)

Осы біліктілік талаптарына 1-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер


Пестицидтерді өткізу жөніндегi қызметтің кіші түрі үшін

6

Пестицидтерді сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қойма үй-жайларының болуы

Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе шарт бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда, жалдау немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмесі

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалдау /өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі "мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінен алынады

7

Басшылар мен мамандардың мынадай білікті құрамының бар болуы:
пестицидтерді өткізумен тікелей айналысатын бөлімшелерде тиісті жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық білімі бар, мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 (екі) жылды құрайтын басшылар және тиісті жоғары техникалық, технологиялық немесе агрономиялық білімі немесе арнайы орта техникалық, технологиялық немесе агрономиялық білімі бар, мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 1 (бір) жылды құрайтын мамандар

Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес пестицидтерді өткізу жөніндегі қызметті қызметті жүзеге асыруға арналған біліктілік талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер


Пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрі үшін

8

Пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі арнайы техниканың болуы

Осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер


9

Пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдануға арналған меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі техника үшін пайдаланылатын көлік құралының болуы

Осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер


10

Пестицидтерді сақтауға арналған, өнеркәсіптік, өрт, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарына жауап беретін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қойма үй-жайларының болуы

Өндірістік үй-жайларға құқық белгілейтін құжаттар немесе шарт бір жылдан кем мерзімге жасалған жағдайда, жалдау немесе өтеусіз пайдалану немесе сенімгерлік басқару шартының көшірмесі;
санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі

Меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (бір жылдан астам мерзімге жалдау /өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік үй-жайлар бар болған жағдайда, ақпарат "Жылжымайтын мүлік тіркелімі "мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінен алынады

11

Мамандардың біліктілік құрамының болуы:
пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолданумен тікелей айналысатын бөлімшелерде тиісті жоғары техникалық немесе агрономиялық білімі немесе мамандығы бойынша кемінде 1 (бір) жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар арнаулы орта техникалық немесе агрономиялық білімі бар мамандар (кемінде 2 (екі) адам)

Осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер


  Пестицидтердi өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi
өткiзу, пестицидтердi
аэрозольдік және фумигациялық
тәсiлдермен қолдану жөнiндегi
қызметке қойылатын бiлiктiлiк
талаптары мен оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне
1-қосымша
Нысан

Пестицидтерді өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер

      1. Пестицидтерді сақтауға арналған меншік құқығындағы өндірістік және қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы мәліметтер:

Р/с

Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

1

2

3

4

5

      2. Өзге заңды негіздегі (жалдау/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) өндірістік және қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы мәліметтер:

Р/с

Шарттың нөмірі

Шарттың күні

Объектінің мекенжайы

Объектінің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметтер

атауы

бизнес-сәйкестендіру нөмірі

жеке сәйкестендіру нөмірі

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

      3. Пестицидтердi өндiруге (формуляциялауға) арналған жабдықтар туралы мәліметтер:

Р/с

Жабдықтың атауы

Жабдыққа арналған паспорттың нөмірі

Әзірлеуші зауыттың атауы

Әзірлеуші зауыттың мекенжайы

1

2

3

4

5

      4. Өндірілетін (формуляцияланатын) пестицидтер сапасының техникалық регламенттерге, стандарттар мен нормативтерге сәйкестігіне бақылау жүргізуге арналған аккредителген зертхана туралы не аккредиттелген зертханалармен жасалған шарт туралы мәліметтер:

      Аккредиттеу аттестатының нөмірі _______________________________

      Аккредиттеу әрекетінің басталу күні ___________________________

      Аккредиттеу әрекетінің аяқталу күні ___________________________

      Аккредиттеу субъектісінің атауы _______________________________

      Техникалық регламент талаптарына сәйкестігі (нормативтік құжаттың атауы)

      ____________________________________________________________________

      Бағалау объектілері ___________________________________________

      Зертханамен қызметтер көрсетуіне арналған шарт туралы мәліметтер:

      Шарт нөмірі ___________________________________________________

      Жасалған күні _________________________________________________

      Зертхананың толық атауы ______________________________________

      Бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________________________

      Мекенжайы _____________________________________________________

      5. "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұйым бекіткен әрбір пестицидті өндіруге (формуляциялауға) арналған ұйым стандартының бар-жоғы туралы мәліметтер:

      Ұйым стандартының төлнұсқасын ұстаушы _________________________

      Сыртқы экономикалық қызмет өнімдерін сыныптауыш ______

      Стандарттардың мемлекетаралық жіктегіші _______________________

      Стандартты өзгерту нөмірі _____________________________________

      Стандарттың белгіленуі ________________________________________

      Стандарттың атауы _____________________________________________

      Ұйым стандарты әрекетінің басталу күні ________________________

      Ұйым стандарты әрекетінің аяқталу күні ________________________

      Қала __________________________________________________________

      6. Ұйым стандартына сәйкес өтініш берушi бекiткен пестицидтердi өндiруге (формуляциялауға) арналған технологиялық (өнеркәсiптiк) регламенттің бар-жоғы туралы мәліметтер:

      Технологиялық (өнеркәсіптік) регламент құжатының толық атауы _____________

      Құжатты бекіткен адамның аты, әкесiнiң аты (бар болса),

      тегі,_____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Құжаттың бекітілген күні ______________________________________________

      7. Басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:

Р/с №

Аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі

Мамандығы бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда –
тану/нострификациялау туралы мәліметтер)

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

  Пестицидтердi өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi
өткiзу, пестицидтердi
аэрозольдік және фумигациялық
тәсiлдермен қолдану жөнiндегi
қызметке қойылатын бiлiктiлiк
талаптары мен оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне
2-қосымша
Нысан

Пестицидтердi өткiзу жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер

      1. Пестицидтерді сақтауға арналған меншік құқығындағы қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы мәліметтер:

Р/с

Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

1

2

3

4

5

      2. Өзге заңды негіздегі (жалдау/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы мәліметтер:

Р/с

Шарттың нөмірі

Шарттың күні

Объектінің мекенжайы

Объектінің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметтер

атауы

бизнес-сәйкестендіру нөмірі

жеке сәйкестендіру нөмірі

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

      3. Басшы мен маманның білікті құрамы туралы мәліметтер:

Р/с

Аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі

Мамандығы бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану/нострификациялау туралы мәліметтер)

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5

  Пестицидтердi өндiру
(формуляциялау), пестицидтердi
өткiзу, пестицидтердi
аэрозольдік және фумигациялық
тәсiлдермен қолдану жөнiндегi
қызметке қойылатын бiлiктiлiк
талаптары мен оларға
сәйкестікті растайтын құжаттар
тізбесіне
3-қосымша
Нысан

Пестицидтерді аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған бiлiктiлiк талаптарына сәйкестік туралы мәліметтер

      1. Арнайы техника туралы мәліметтер (тізімдеме):

Р/с

Арнайы техника

Саны, дана

1

2

3

      2. Негізгі құралдар туралы мәліметтер (тізімдеме):

Р/с

Негізгі құралдар

Орналасқан жері

1

2

3

      3. Аккредиттелген сынақ зертханалары берген сынақ нәтижелері туралы мәліметтер:

      сынақ нәтижесін берген орган ______________________________________________

      моделі, маркасы___________________________________________________________

      дайындаушы _____________________________________________________________

      зауыттық нөмірі, шыққан жылы ______________________________________________

      қондырғыны немесе арнайы техниканы иеленуші________________________________

      сынақтар жүргізуге арналған шарттың нөмірі мен күні____________________________

      сынақтарды өткізу орны _____________________________________________________

      сынақтарды өткізу күні ______________________________________________________

      қолданылған өлшеу құралдарының деректері____________________________________

      сынақтарды жүргізу шарттары ________________________________________________

      сынақ нәтижесі ____________________________________________________________

      4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларына сәйкес ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесі берген көлік құралын тіркеу туралы куәліктің бар-жоғы туралы мәліметтер:

Р/с

Иеленуші (жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі /заңды тұлғаның атауы)

Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі

Маркасы, моделі

Шыққан жылы

Көлік құралының санаты (А, В, С, D, Е)

Қозғалтқыш
нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Шасси нөмірі

Шанақ нөмірі

Түсі

Қозғалтқыш көлемі, текше метр

Ең жоғарғы рұқсат етілген масса, килограмм

Жүктемесіз масса, килограмм

Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесінің берген күні

8

9

10

11

12

13

14

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11702 болып тіркелген) бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу қағидаларына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы берген техникалық паспорттың бар-жоғы туралы мәліметтер:

Р/с №

Машинаның атауы және маркасы

Жалпы мәліметтер

Әзірлеуші зауыт

Әзірленген айы және жылы

Машинаның зауыттық нөмірі

Қозғалтқыштың маркасы және нөмірі

Меншік иесі/ меншік иесі болып табылмайтын иеленуші, мекенжайы (керегін таңдау):

Нөмірлік белгі берілді

Ерекше белгілері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      кестенің жалғасы

Техникалық паспорт берілді (күні)

Сериясы

Нөмірі

Машиналарды тіркеуге қабылдау және тіркеуден шығару

Салдарынан тіркеуден шығарылды

Тіркеуден шығарылған күні

Тіркеуге алынды (жаңа меншік иесінің мекенжайы)

Тіркеуге алынған күні

10

11

12

13

14

15

16

      кестенің жалғасы

Нөмірлік белгіні өзгерту

Нөмірлік белгіні берген күні

Белгінің сериясы және нөмірі

17

18

      6. Меншiк құқығындағы пестицидтердi сақтауға арналған қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы мәліметтер:

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайы

Меншік иесі (құқық иеленуші)

Құқығы туындайтын негіз

1

2

3

4

5

      7. Өзге заңды негізде (жалдау/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) қойма үй-жайларының бар-жоғы туралы мәліметтер:

Р/с №

Шарттың нөмірі

Шарттың күні

Объектінің мекенжайы

Объектінің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметтер

толық атауы

бизнес-сәйкестендіру нөмірі

жеке сәйкестендіру нөмірі

Мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

      8. Басшылар мен мамандардың білікті құрамы туралы мәліметтер:

Р/с №

Аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі

Мамандығы бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда –тану/нострификациялау туралы мәліметтер)

Лауазымы

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі

1

2

3

4

5