Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидаларын, көлемі мен кезеңділігін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 қарашада № 21572 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 87-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға скринингтік зерттеулерді өткізудің қағидалары, көлемі мен кезеңділігі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндеттерін атқарушы
А. Ғиният

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрінің
  міндетін атқарушының
  2020 жылғы 30 қазандағы
  № ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына
  1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2022 № ҚР ДСМ- 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтары

Р/с №

Нысаналы топ

Скринингтік зерттеулердің түрі

1

Скринингтік зерттеулерден өтетін 30 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Мінез-құлықтық тәуекел факторларын ерте анықтауға

2

Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 40 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға

3

Глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 40 жастан бастап 70 жастағы ерлер мен әйелдер

Глаукоманы ерте анықтауға

4

Жатыр мойнының қатерлі ісіктерімен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 30 –дан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер

Жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған

5

Сүт безінің қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 40 –тан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер

Сүт безі обырын қатерлі ісігін ерте анықтауға

6

Жуан ішектің қатерсіз және қатерлі ісігімен динамикалық бақылауда тұрмайтын, скринингтік зерттеулерден өтетін 50 –ден 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер мен әйелдер

Колоректалды обырды ерте анықтауға

7

Тәуекел топтары:
1) медицина қызметкерлері: - қанды өңдеуге қатысатын инвазивті ем-шараларды жүргізетін, гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары; -хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін;-клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар;
2) жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар;
3) гемодиализ, гематология, онкология, трансплантаттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;
4) гемотрансфузия, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, тін жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау алатын және оны ауыстырып қондыратын пациенттер;
5) жүкті әйелдер;
6) өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ-инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға

Скринингтік зерттеулерге жататын ауыл халқы адамдардың қосымша нысаналы топтары

Р/с №

Нысаналы топ

Скринингтік зерттеулердің түрі

1

Скринингтік зерттеулерден өтетін 18 жастан 29 жасқа аралығындағы ерлер мен әйелдер

Мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға

2

Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен, глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18 жастан 29 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтауға

3

Асқазан-ішек жолы ауруларымен және созылмалы бүйрек ауруларымен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Асқазан-ішек жолдарының ауруларын және созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтауға

4

Тыныс алу мүшелерінің туберкулезімен динамикалық бақылауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Тыныс алу ағзаларының туберкулезін ерте анықтауға

5

Скринингтік зерттеулерден өтетін, қуықасты безі обырымен динамикалық бақылауда тұрмайтын 55 –тен 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер

Қуықасты безі обырын ерте анықтауға

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2020 жылғы 30 қазандағы
№ ҚР ДСМ-174/2020 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2022 № ҚР ДСМ- 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі және кезеңділігі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы скринингтік зерттеулерді өткізу қағидалары, көлемі және кезеңділігі (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 87-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және скринингтік зерттеулерді өткізу тәртібін, көлемі мен кезеңділігін айқындайды.

      2. Осы бұйрықта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

      1) скринингтік зерттеулер-әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені;

      2) динамикалық байқау-пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;

      3) медициналық ақпараттық жүйе (бұдан әрі – МАЖ) — денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

      3. Скринингтік зерттеулер меншік нысанына қарамастан амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында (бұдан әрі – АЕК ұйымдары), оның ішінде жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездарды пайдалана отырып жүргізіледі.

      4. Скринингтік зерттеулер аурулардың тиісті түрлері бойынша динамикалық бақылауда тұрмайтын адамдарға жүргізіледі.

2 тарау. Скринингтік зерттеулер жүргізу тәртібі

      5. АЕК ұйымдары скринингтік зерттеулерді кейіннен динамикалық бақылау және халықты сауықтыру арқылы жүзеге асырады.

      6. АЕК ұйыдарының скринингтік зерттеулерін жүргізу үшін:

      1) халықтың медициналық ұйымына бекітімен адамдардың қатарынан скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын қалыптастырады;

      2) осы зерттеулерді жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз етеді;

      3) скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі туралы халықты хабардар етеді;

      4) МАЖ-ға деректерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді;

      5) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін ақпарат бере отырып, жүргізілген скринингтік зерттеулерге ай сайын талдау жүргізеді.

      7. Скринингтік зерттеулер жүргізу мыналарды қамтиды:

      дайындық кезеңі;

      қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңі;

      қорытынды кезең.

1-параграф. Скринингтік зерттеулердің дайындық кезеңін өткізу тәртібі

      8. Дайындық кезеңін АЕК ұйымының орта медицина қызметкері (бұдан әрі – ОМҚ) жүзеге асырады және өзіне мыналарды қамтиды:

      күнтізбелік жылдың 15 қарашасына дейін алдағы жылы скринингтік зерттеулерге жататын нысаналы топтардың тізімін жыл сайын қалыптастыру және жасау, кейіннен нысаналы топтарды ай сайын түзету;

      халықтың нысаналы топтарын скринингтік зерттеулерден өту қажеттілігі мен шарттары туралы хабардар ету;

      халықтың нысаналы тобын скринингтік зерттеулерге шақыру;

      халықтың нысаналы топтарының скринингтік зерттеулерден уақтылы өтуін қамтамасыз ету.

2-параграф. Скринингтік зерттеулердің қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңін жүргізу тәртібі

      9. Қарап-тексеру және (немесе) зерттеу кезеңі бірінші және екінші кезеңді қамтиды:

      бірінші кезеңде АЕК ұйымының ОМЖ немесе дәрігері:

      сауалнама бойынша сұрау жүргізу;

      антропометриялық өлшеулер жүргізу (салмағы, бойы, белінің өлшемі), Кетле индексін есептеуді жүргізеді;

      екінші кезең – зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізу жолымен тереңдетілген толық зерітеп-қарау кезеңі, оған пациент скринингтік зерттеулердің бірінші кезеңінде өзгерістер анықталған кезде жіберіледі.

      10. Скринингтік зерттеулер осы бұйрықтың 1–қосымшасына сәйкес халықтың нысаналы топтары (бұдан әрі - нысаналы топтар) арасында жүргізіледі.

      11. Пациент сауалнамасының нәтижелері бойынша АЕК ұйымдарының дәрігері немесе ОМҚ:

      1) Профилактикалық консультация жүргізеді және пациентке мінез-құлқын өзгерту жөнінде егжей-тегжейлі ұсынымдар береді;

      2) пациентті бейінді денсаулық мектебіне жібереді.

      12. Жүргізілген скринингтік зерттеудің бірінші кезеңінің нәтижелері бойынша өзгерістерді анықтаған кезде пациент екінші кезеңге (толық тексеру) жіберіледі.

      ОМҚ немесе АЕК ұйымының дәрігері скринингтік зерттеу түріне байланысты толық тексеруге МАЖ-ға жолдамалар қалыптастырады.

      13. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тексеруге жататын медицина қызметкерлері бекітілген орны бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулерден өтеді.

      14. Гемодиализ, гематология, онкология, трансплантаттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері, жоспарлы операциялық араласуларға түсетін пациенттер, гемотрансфузия (жоспарлы тәртіппен), ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, феталдық, дің жасушаларын және биологиялық материалдарды трансплантаттау және ауыстырып отырғызуды алатын пациенттер, жүкті әйелдер бекітілген жері бойынша АЕК ұйымдарында скринингтік зерттеулер өтеді.

      15. Өмір салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары халықтың негізгі топтарындағы адамдар АИТВ инфекциясының профилактикасы саласындағы қызметтін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарында АИТВ инфекциясына тестілеу үшін жүгінген кезде скринингтік зерттеулерден өтеді.

3-параграф. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңін өткізу тәртібі

      16. Скринингтік зерттеулердің қорытынды кезеңі скринингтік зерттеулердің нәтижелерін талдауды және анықталған патологиясы бар пациенттерді динамикалық бақылауға қоюды, МАЖ-да деректерді толтыруды аяқтауды, скринингтік зерттеулердің нәтижелері туралы халықты хабардар етуді қамтиды.

      17. Скринингтік зерттеулер барысында анықталған созылмалы аурулары бар пациенттер "Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21262 болып тіркелген) сәйкес есепке алынуға және динамикалық байқауға жатады.

      Жіті аурулар анықталған кезде тексеру жүргізіледі, толық сауыққанға дейін пациенттің денсаулық жағдайын кейіннен бағалау арқылы емдеу тағайындалады.

      Қорытынды кезеңде АЕК ұйыдарының дәрігері МАЖ-ға мінез-құлықтық қауіп факторларын, қорытынды диагнозды бөліп көрсете отырып скринингтік зерттеулердің нәтижелерін енгізеді, толық тексеру, бақылау бойынша ұсынымдар береді, сондай-ақ скринингті аяқтау негіздерін көрсетеді: скринингтік зерттеулерді аяқтау, скрининг мерзімдерінің аяқталуы, пациенттің қайтыс болуы, АЕК басқа ұйымдарына бекіту.

      Техникалық мүмкіндік болмаған кезде медициналық құжаттама қағаз түрінде ресімделеді, кейіннен МАЖ-ға күнтізбелік бір айдан кешіктірілмей енгізіледі.

3-тарау. Скринингтік зерттеулерді өткізу көлемі мен кезеңділігі

      18. Скринингтік зерттеулерге және халықтың В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға жататын нысаналы топтар үшін скринингтік зерттеулердің көлемін осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қызмет түріне лицензиясы бар АЕК ұйымдары жүргізеді.

      19. Халықты скринингтік зерттеулердің кезеңділігі мен оны аяқтау мерзімдері осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      20. В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мерзімдерде жүзеге асырылады.

  Скринингтік зерттеулерді
өткізу қағидалары,
көлемі мен кезеңділігіне
1-қосымша

Халықтың нысаналы топтарына скринингтік зерттеулерінің көлемі

Р/с№

Нысаналы топ және скринингтік зерттеудің түрі

Скринингтік зерттеулер көлемі

Қызметтер пакетінің атауы

1

2

3

4

1

Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 30-дан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер

ТМККК

Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт

2

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 40-тан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер

Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу немесе жанаспайтын пневмотонометрия

Жедел әдіспен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау

Жедел әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау

Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері

Электрокардиографиялық зерттеу (12 бөлікте)

Консультация: Кардиолог

МӘМС

Консультация:Эндокринолог

Консультация:Офтальмолог

Нысаналы топ

Жылжымалы медициналық кешендерді пайдалана отырып, скринингтік зерттеулер көлемі


3

Мінез-құлықтық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 29 жасқа аралығындағы ерлер мен әйелдер

Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер

ТМККК

Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт

4

Жылына 1 рет артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-39 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер

Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт

ТМККК

Жедел әдіспен қан сарысуындағы жалпы холестеринді анықтау

Қан сарысуындағы тығыздығы жоғары липопротеидтерді талдағышта анықтау

Электрокардиографиялық зерттеу (12 бөлікте)

Консультация: Кардиолог

МӘМС

5

Жылына 1 рет Қант диабетін ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт

ТМККК

Қабылдау: мейірбике немесе фельдшер

Жедел әдіспен қан сарысуындағы глюкозаны анықтау

Қандағы гликозилденген гемоглобинді талдағышта анықтау

МӘМС

Қалқанша безінің УДЗ

Консультация: Эндокринолог

6

Глаукоманы ерте анықтауға жылына 1 рет скринингтік зерттеуге жататын 18 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт

ТМККК

Қабылдау: мейірбике немесе фельдшер

Маклаков бойынша көзішілік қысымды өлшеу (1 көз)

Консультация:Офтальмолог

МӘМС

7

Жылына 1 рет тыныс алу ағзаларының туберкулезін ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 50-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт

ТМККК

Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер

Диагностикалық флюорография (1 проекция)

Кеуде қуысының шолу органдарының рентгенографиясы (1 проекция)

МӘМС

Кеуде қуысы мен көкірек қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы

Кеңес: Фтизиатр


8

Жылына 1 рет асқазан-ішек жолы ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18-ден 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе Терапевт

ТМККК

Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер

Қан сарысуындағы жалпы билирубинді талдағышта анықтау

МӘМС

Қан сарысуындағы аланинаминотрансферазаны (АЛаТ) талдағышта анықтау

Қан сарысуындағы аспартатаминотрансферазаны (АСаТ) талдағышта анықтау

Фиброэзофагогастродуоденоскопия

Гепатобилиопанкреатиялық аймақтың УДЗ (бауыр, өт қабы, ұйқы безі, көкбауыр)

Жедел әдіспен нәжістегі жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест)

Скринингтік жаппай бейне колоноскопия

Кеңес: Гастроэнтеролог

9

Созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 18 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер, жылына 1 рет

Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе терапевт

ТМККК

Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер

Талдағышта несептің жалпы талдауын зерттеу (несеп тұнбасының жасушалық элементтерінің санын есептей отырып, физикалық-химиялық қасиеттері)

Қан сарысуындағы креатининді талдағышта анықтау

МӘМС

Бүйректі, қуықты қалдық несепті анықтаумен УДЗ

Консультация: Уролог


Консультация: Нефролог

10

2 жылда 1 рет қуықасты безі обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеуге жататын 55–тен 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер

Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе терапевт

ТМККК

Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер

Қан сарысуындағы жалпы простатқа тән антигенді (ПСА) ИФТ-әдісімен анықтау

МӘМС

Қуық асты безі мен қуықтың қалдық несепті анықтаумен трансабдоминальды УДЗ

Эндоскопиялық шымшу биопсиясы

Консультация: Уролог

  Скринингтік зерттеулерді
өткізу қағидалары, көлемі
мен кезеңділігіне
2-қосымша

Скринингтік зерттеулерге және В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға жататын халықтың нысаналы топтарына скринингтік зерттеулердің көлемі

Р/с№

Скринингтік зерттеулердің нысаналы тобы және түрі

Қызметтің атауы

Қызметтер пакетінің атауы

1

Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 40 –тан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер

Маммография (4 сурет)

МӘМС

Кеңес беру (2 рентгенограмманы тазалау): Рентгенолог

Консультация: Акушер-гинеколог

Консультация:Онколог

Сүт бездерін УДЗ

Мақсатты маммография (1 проекция)

2

Жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтау үшін скринингтік зерттеулерге жататын 30 –дан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер

Консультация: Акушер-гинеколог

МӘМС

Консультация:Онколог

Скринингтік жаппай бейне колоноскопиясы

Жатыр мойнынан жағындыны цитологиялық зерттеу ПАП-тест

3

Колоректалдық қатерлі ісікті ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 50 –ден 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер мен әйелдер

Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер

ТМККК

Қабылдау: Акушер

Жедел әдіспен нәжісте жасырын қанды анықтау (гемокульт-тест)

МӘМС

Скринингтік жаппай бейне колоноскопиясы

Эндоскопиялық шымшу биопсиясы

3 күрделілік санатындағы операциялық-биопсиялық материалды 1 блок-препаратты гистологиялық зерттеу

Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе терапевт

ТМККК

Консультация:Онколог

МӘМС

Консультация: Хирург

4

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қауіп тобындағы адамдарды скринингтік зерттеу (2 кезеңдік)

Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер

ТМККК

Тамырдан қан алу

Қан сарысуындағы HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау

МӘМС

Қан сарысуындағы С гепатит вирусына жиынтық антиденелерді ИФТ-әдісімен анықтау

Жоғары сапалы ПТР әдісімен биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ анықтау

Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе учаскелік терапевт дәрігер

ТМККК

5

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қауіп тобынан иммунокомпрометирленген адамдарды скринингтік зерттеу (1 кезеңі)

Қабылдау: мейірбике немесе фельдшер

ТМККК

Венадан қан алу

Қан сарысуындағы HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау

МӘМС

Қан сарысуындағы IgG-ді HBsAg-қа ИФТ-әдісімен анықтау

Қан сарысуындағы IgM HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау

Қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жиынтық антиденелерді ИФТ-әдісімен анықтау

Жоғары сапалы ПТР әдісімен биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ анықтау

Қабылдау: Отбасылық дәрігер / Жалпы практика дәрігері немесе терапевт

ТМККК

6

Скринингтік зерттеулердің нысаналы тобы және түрі

Скринингтік зерттеулер көлемі

Қызметтер пакетінің атауы

7

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қауіп тобындағы балалар

Қабылдау: мейіргер немесе фельдшер

ТМККК

Венадан қан алу

Қан сарысуындағы HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау

МӘМС

Қан сарысуындағы С гепатиті вирусына антиденелерді ИФТ-әдісімен жиынтық анықтау

Қабылдау: учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері

ТМККК

Қабылдау: Педиатр

Жоғары сапалы ПТР әдісімен биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ анықтау

МӘМС

Қабылдау: Педиатр

ТМККК

Қабылдау: учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері

8

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға қауіп тобындағы иммунокомпрометирленген балалар

Қабылдау: мейірбике немесе фельдшер

ТМККК

Венадан қан алу

Қан сарысуындағы HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау

МӘМС

Қан сарысуындағы IgG-ді HBsAg-қа ИФТ-әдісімен анықтау

Қан сарысуындағы IgM HBsAg ИФТ-әдісімен анықтау

Қан сарысуындағы С гепатиті вирусына жиынтық антиденелерді ИФТ-әдісімен анықтау

Жоғары сапалы ПТР әдісімен биологиялық материалда С гепатиті вирусының РНҚ анықтау

Қабылдау: учаскелік дәрігер немесе жалпы практика дәрігері

ТМККК

Қабылдау: Педиатр

  Скринингтік зерттеулерді
өткізу қағидалары, көлемі
мен кезеңділігіне
3-қосымша

Халықтың скринингтік зерттеулерінің мерзімділігі және аяқталу мерзімдері

Р/с№

Нысаналы топтың атауы

Мерзімділігі

Қарап-тексеруді аяқтау мерзімі

1

Мінез-құлықтың тәуекел факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 30 жастан бастап 70 жасқа дейінгі әйелдер

4 жылда 1 рет

14 күн

2

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 40 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

2 жылда 1 рет

30 күн

3

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы ерте анықтауға скринингтік зерттеулердің екінші кезеңіне (көрсеткіштер бойынша тереңдетілген тексеруге) жататын 40 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

жылына 1 рет

60 күн

4

Жатыр мойны обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 30 –дан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер

4 жылда 1 рет

60 күн

5

Сүт безі обырын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 40 –тан 70 жасқа дейн және одан да үлкен әйелдер

2 жылда 1 рет

60 күн

6

Колоректалдық обырды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 50 –ден 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер мен әйелдер

2 жылда 1 рет

60 күн

7

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға азаматтардың декреттелген санаттары (2 кезеңдік)

6 айда 1 реттен жиі емес

3 ай

8

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға азаматтардың иммунокомпрометирленген декреттелген санаттары (1- кезеңдік)

6 айда 1 реттен жиі емес

3 ай

Ауыл тұрғындары үшін скринингтік зерттеулердің кезеңділігі мен аяқтау мерзімдері

Р/с№

Нысаналы топтың атауы

Кезеңділігі

Қарап-тексеруді аяқтау мерзімі

1

Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулерден өтетін 18-29 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер

жылына 1 рет

30 күн

2

Артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен, қант диабетімен, глаукомамен, динамикалық байқауда тұрмайтын скринингтік зерттеулерден өтетін 18 жастан бастап 39 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

жылына 1 рет

30 күн

3

Асқазан-ішек жолы ауруларын, бүйректің созылмалы ауруларын скринингтік зерттеулерден өтетін 18-70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер



4

Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын, қант диабетін, глаукоманы, асқазан-ішек жолы ауруларын, бүйректің созылмалы ауруларын ерте анықтауға скринингтік зерттеулердің екінші кезеңіне (көрсетілімдер бойынша тереңдетілген тексеруге) жататын 18 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

жылына 1 рет

60 күн

5

Тыныс алу ағзалары туберкулезін ерте анықтауға скринингтік зерттеулердің екінші кезеңіне (көрсеткіштер бойынша тереңдетілген тексеруге) жататын 50 жастан бастап 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер

жылына 1 рет

30 күн

6

Қуық асты безінің қатерлі ісігін ерте анықтауға скринингтік зерттеулерге жататын 55 –тен 70 жасқа дейн және одан да үлкен ерлер

2 жылда 1 рет

60 күн

  Скринингтік зерттеулерді
өткізу қағидалары, көлемі
мен кезеңділігіне
4-қосымша

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтау үшін тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері

Р/с №

В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға тәуекел топтарына скринингтік зерттеулер жүргізу мерзімдері

Тәуекел тобы

1

Жұмысқа орналасу кезінде және кейіннен алты айда бір рет

Медицина қызметкерлері:
гемодиализбен айналысатын, қанды қайта өңдеуге қатысатын инвазивтік емшаралар жүргізетін қан қызметі ұйымдары;
хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ қатар диагностика мен емдеудің инвазивті әдістері;
клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар

2

Операциялық араласулардың алдында және операциялық араласудан кейінгі алты айдан кейін

Жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар;

3

Емдеуге жатқызуға түскеннен кейін және емдеуге жатқызылғаннан кейін алты айдан кейін

Гемодиализ, гемотология, онкология, трансплантология, жүрек тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері;

4

Гемотрансфузия, трансплантация жүргізер және ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып қондырар алдында және алты айдан кейін;

Гемотрансфузия алатын, трансплантация жасататын және ағзаларын (ағзаларының бөліктерін), тіндерін, жыныстық, фетальді, дің жасушаларын және биологиялық материалдарын ауыстырып қондыратын пациенттер;

5

Есепке қойған кезде және вирусты гепатитіне зерттеп-қарау болмаған жағдайда, босанар алдында

Жүкті әйелдер

6

АИТВ инфекциясына тесттен өту үшін жүгінген кезде және алты айда 1 реттен жиі емес

Өмір сүру салтының ерекшеліктеріне байланысты АИТВ инфекциясын жұқтырудың жоғары тәуекеліне ұшырайтын халықтың негізгі топтарындағы адамдар