Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21262 болып тіркелді

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 88-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі бекітілсін.

      2. "Динамикалық байқау жүргізілетін науқастардың созылмалы аурулар тізбесін, медициналық-әлеуметтік көмек көрсетілетін әлеуметтік мәні бар аурулар тізбесін, диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика тізбесін, инфекциялық аурулар мен айналадағыларға қауіп төндіретін аурулар тізбесін, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде динамикалық байқауға жатпайтын аурулар мен шұғыл және жоспарлы стоматологиялық көмек алуға жататын халықтың жекелеген санаттары тізбесін, алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша медициналық оңалту және қалпына келтіру еміне жататын аурулар (жай-күйлер) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 17 қазандағы № ҚР ДСМ-136 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 18 қазанда № 19484 тіркелген, 2019 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Цой

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 23 қыркүйегі
№ ҚР ДСМ-109/2020 бұйрығына
қосымша

Динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулардың тізбесі

Cозылмалы аурулар тізбесі

Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктелуі, 10 қайта қарау бойынша кодтар

1. Инфекциялық және паразитарлық аурулар

1.

В және С және Д вирусты созылмалы гепатит, бауырдың циррозынсыз

B18, В18.0, B18.1. B18.2, B18.8 қоса алғанда

2. Қанайналым жүйесінің аурулары

2.

Артериялық гипертензия:

2.1. Эссенциалды (алғашқы) гипертензия

I10

2.2. Жүректің гипертензиялық ауруы (жүректі басымырақ зақымдайтын гипертониялық ауру)

I11

2.3. Бүйректерді басымырақ зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру

I12

2.4. Жүрек пен бүйректі басымырақ зақымдайтын гипертензиялық (гипертониялық) ауру

I13

2.5. Салдарлық гипертензия

I15

3.

Жүректің ишемиялық ауруы:

3.1. Жүрек қыспасы

I20.0

3.2. Жүрек қыспасының басқа түрлері

I20.8

3.3. Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы

I25

3.4. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі

I 50

3.5. Механикалық құрылғыны имплантациялаудан кейінгі жағдай

Z 95.8

4.

Брахиоцефалдық артерияның экстракраниялдық аурулары:

4.1. Цереброваскулярлық аурулар

I65-I69

4.2. Ми инфаргін тудырмайтын прецеребралдық артерияның бітелуі мен тарылуы

I65

4.3. Ми инфаргіне əкелмейтін ми артерияларының бітелуі мен тарылуы

I66

4.4. Ми-тамырлық басқа аурулар

I67

4.5. Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысында ми тамырлырының зақымданулары

I68

4.6. Ми-тамырлық аурулардың салдарлары

I69

4.7. Қол артерияларының эмболиясы мен тромбозы

I74.2

4.8. Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы қолқаның қабынуы

I79.1

4.9. Мидың торлы қабығының астына қан құйылу

I 60

Мидың ішіне қан құйылу

I 61

Бас сүйек ішіне жарақаттық емес басқа қан құйылу

I 62

Ми инфаргі

I 63

Қан құйылу немесе инфаркт ретінде анықталмаған миға қан құйылу

I 64

5.

5.1. Жүрек қақпақшасының зақымдануы:

Жүректің ревматикалық созылмалы ауруы

I05-I09

Қос жармалы қақпақшаның ревматикалық аурулары

I05

Қолқа қақпақшасының ревматикалық аурулары

I06

Үш жармалы қақпақшаның ревматикалық аурулары

I07

Бірнеше қақпақшалардың зақымдалуы

I08

Жүректің ревматикалық басқа аурулары

I09

5.2. Жүрек қақпақшаларының ревматикалық емес зақымданулары:

I34-I39

Қос жармалы қақпақшаның ревматикалық емес зақымданулары

I34

Қолқа қақпақшасының ревматикалық емес зақымданулары

I35

Үш жармалы қақпақшаның ревматикалық емес зақымданулары

I36

Өкпе артериясы қақпақшасының зақымданулары

I37

Эндокардит, қақпақша анықталмаған

I38

Басқа айдарларда жіктелген аурулар барысындағы эндокардит пен қақпақшалардың зақымданулары

I39

6.

Ұстамалық тахикардия

I47

Жүрекшелердің фибрилляциясы мен лупілдеуі

I48

3. Қан және қан шығарушы ағзалардың аурулары

7.

7.1. VIII фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы

D66

7.2. IX фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы

D67

7.3. Виллебранд ауруы

D68.0

7.4. Ұюдың басқа факторларының тұқым қуалайтын тапшылығы

D68.2

4. Тыныс алу жүйесінің аурулары

8.

Төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы:

8.1. Өкпенің созылмалы басқа обструкциялық ауруы

J44

8.2. Демікпе

J45

5. Ас қорыту жүйесінің ауруы

9.

Жоғарғы асқазан-ішек жолдарының ауруы:

9.1. Эзофагит қабаттасқан асқазан-өңеш рефлюксі

K21.0

9.2. Асқазанның және ұлтабардың ұлпасы
Асқазанның ойық жарасы
Он екі елі ішектің ойық жарасы
Орналасуы анықталмаған пептикалық ойық жара

K25-К27
К25
К26
К27

9.3. Атрофиялық созылмалы гастрит

K29.4

9.4. Асқазанның полипозы

K31.7

10.

Инфекциялық емес энтерит және колит:

10.1. Крон ауруы

К50

10.2. Ойық жаралы колит

К51

10.3. Жұқпалы емес гастроэнтериттер мен колиттер

K52

11.

Бауыр аурулары
Бауырдың уыттық зақымдануы
Бауыр қызметінің басқа айдарларда жіктелмеген жеткіліксіздігі
Басқа айдарларда жіктелмеген созылмалы гепатит
Бауыр фиброзы мен циррозы
Бауырдың басқа қабынба аурулары
Бауырдың басқа аурулары

К70-К76

К71

К72

К73

К74

К75

К76

6. Сүйек-бұлшық ет жүйесі мен дәнекер тіннің ауруы

12.

Артропатиялар, дорсопатиялар:

12.1. Ревматоидты артрит

М 05-М 06

12.2. Басқа псориаздық артропатиялар

М 07.3

12.3. Жасөспірімдердің (ювенилдік) артриті

М08

12.4. Анкилоздаушы спондилит

М45

13.

Дәнекер тінінің жүйелі түрде зақымдануы:

13.1. Түйінді полиартерит пен сол тектес жағдайлар

М30

13.2. Басқа өлі еттендіруші васкулопатиялар

М 31

13.3. Жүйелі қызыл жегі

М32-М32.9

13.4. Дерматополимиозит

M33-М33.9

13.5. Жүйелі беріштену (жүйелі склеродермия)

М34-М34.9

13.6. Дəнекер тіннің басқа жүйелі зақымдануы

М35

7. Эндокриндік жүйенің ауруы, тамақтану бұзылыстары және зат алмасы бұзылулары

14.

14.1. Инсулинтәуелді қант диабет

Е 10

14.2. Инсулинтәуелсіз қант диабет

Е11 - Е11.9

15.

Қалқанша безі аурулары:


15.1. Гипотиреоз

Е02

15.2. Тиреотоксикоз

Е05 - Е05.9

8. Жүйке жүйесінің ауруы

16.

Эпилепсия

G 40

17.

Балалардың церебралдық параличі

G 80

9. Несеп-жыныс жолдарының аурулары

18.

Гломерулярлық аурулар:

18.1. Бүйректің созылмалы қабыну синдромы

N03

18.2. Нефроздық синдром

N04

18.3. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі

N18

19.

Бүйректің созылмалы түтік-интерстициалдық қабынуы

N11

20.

Қуық асты безінің гиперплазиясы

N40

21.

Сүт безінің қатерсіз дисплазиясы

N60

22.

Əйелдер жыныс ағзаларының қабынба емес аурулары:

22.1. Эндометриоз

N80

22.2. Əйелдер жыныс ағзаларының түймешігі

N84

22.3. Жатыр денесінің сілемейлі қабығының без тінді гиперплазиясы

N85.0

22.4. Жатыр денесінің сілемейлі қабығының без тінді гиперплазиясы

N85.1

22.5. Жатыр мойнының жалақ жарасы мен эктропионы

N86

22.6.Жатыр мойны сілемейлі қабықтарындағы ақшыл дақтар

N88.0

Анабездің қатерсіз өспесі

D27

10. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жеке жағдайлар:

23.

Бронх-өкпенің перинаталдық кезеңде пайда болған дисплазиясы

Р27.1

11. Туа біткен ауытқулар (даму кемістіктері), деформациялар мен хромосомалық бұзылулар (балалар)

24.

Операциядан кейінгі туа біткен жүрек ақаулары:

24.1. Жүрек камералары мен қосылыстарының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)

Q20

24.2. Жүрек қалқасының туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)

Q21

24.3. Өкпе жəне үш жармалы қақпақшалардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)

Q22

24.4. Қолқа жəне қос жармалы қақпақшалардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)

Q23

24.5. Жүректің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)

Q24

24.6. Ірі артериялардың туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)

Q25

25.

Туа біткен ақаулары:

25.1. Өңештің туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)

Q39

25.2. Тоқ ішектің туа біткен жоқтығы, атрезиясы мен тарылуы

Q42

25.3. Сүйек-бұлшық ет жүйесінің басқа айдарларда жіктелмеген туа біткен ауытқулары (даму кемістіктері)

Q79