Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының "Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 09 маусымдағы № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 2020 жылғы 26 қазандағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 27 қазанда № 21521 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) туралы ереженің 6-тармағына сәйкес:

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Басшысының "Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 09 маусымдағы № 188 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17148 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 шілдеде электронды түрде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 347-бабының 9 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:"

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (бұдан әрі - ҚПК) сәйкес әзірленді, және соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу тәртібін айқындайды.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Арыз беруші қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізудің тиісті бөлімдері арқылы авторизация рәсімінен өткеннен кейін мына сот сатыларының біреуін таңдайды:

      1) бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу;

      2) апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу;

      3) кассациялық сатыдағы сотта іс жүргізу.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Арыз беруші ҚПК және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес арыздың, шағымның, өтінішхаттың, пікірдің және басқа да құжаттардың электрондық нұсқасын толтырады.";

      11-тармақ алынып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Арызды, шағымды, өтінішхатты, пікірді және басқа да құжаттарды тіркеу, қаралу ретін және қаралу барысын "Менің істерім" қосымшасында көруге болады.";

      17-тармақ алынып тасталсын;

      24-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) арыздарда, шағымдарда, өтінішхаттарда және басқа да өтініштерде көрсетілген құжаттар немесе материалдар салынбағанда;";

      28, 29, 30, 31, 32, 33, 34 және 35 тармақтар алынып тасталсын;

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімімен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастыру қамтамасыз етілсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету
департаментінің (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы
Н. АХМЕТЗАКИРОВ