"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2020 жылғы 20 қазандағы № 452 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қазанда № 21489 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16137 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 қаңтарда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а Б. Асылова

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің м.а
2020 жылғы 20 қазаны
№ 452 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 597 бұйрығымен
бекітілді

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есеп алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 46-1) тармақшасына сәйкес әзірленіп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (бұдан әрі – білім берудің барлық деңгейлері) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде бірыңғай тәсілдемені айқындайды және білім беру ұйымының жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі мен мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін жоспарлау үшін қолданылады.

      Осы Әдістеменің күші жергілікті атқарушы органдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының арасындағы соңғыларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру кезінде туындайтын қатынастарға қолданылмайды.

      2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;

      2) білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық және тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы;

      3) білім беру процесі – бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жалпы білім берудің, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;

      4) бір академиялық кредит құнының нормативі – білім беру деңгейіне (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және білім беру саласына байланысты оқудың толық мерзімі үшін бір білім алушыға шаққандағы жан басына қаржыландыру нормативінің академиялық кредиттердегі білім беру бағдарламасының еңбек сыйымдылығына ара салмағы;

      5) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

      6) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру;

      7) кредиттік оқыту технологиясы – академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.

      3. Білім берудің барлық деңгейлерінің жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеуде мынадай жалпы көрсеткіштер қолданылады:

      1) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысымен бекітілетін базалық лауазымдық айлықақы (бұдан әрі – БЛА);

      2) Республикалық бюджет туралы заңмен тиісті жылға белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК).

2-тарау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі

      4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың (бұдан әрі – МДТО) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ – МДТО-ны жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі, мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Контz – тәрбиеленушілердің нақты ай сайынғы контингенті (бірақ жобалық қуаттылығынан аспайды);

      z – міндеттегі топтар (жалпы міндеттегі топтар, балаларға арналған түзету үлгісіндегі топтар, туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтар) бойынша индекс;

      Бір МДТО ұйымында мектепке дейінгі топтардың бірнеше түрі болған жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі міндеттегі топ пен білім беру бағдарламаларының түрі бойынша бір тәрбиеленушіге есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nz – бір айда бір тәрбиеленушіні қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Еz – айына бір тәрбиеленушіге арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы;

      L – айына бір тәрбиеленушіге арналған білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      3) Еz – міндеттегі топтар бойынша бір айда бір тәрбиеленушіге арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтардың бір айда бір тәрбиеленушіге есептегендегі айлық еңбекақы қоры;

      X – бір айда бір тәрбиеленушіге есептелген білім беру процесіне байланысты оқу шығыстары, 0,3 АЕК-ті құрайды;

      4) Т мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:



      Тнег. – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтардың өтемақылық төлемдерсіз айлық еңбекақы қоры;

      Төтем. – қызметкердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың айлық көлемі;

      W – педагогтардың айлық еңбекақы қоры;

      kр – лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшеріне түзету коэффициенті:

      2020 жылға – 1,25;

      2021 жылға – 1,5;

      2020 жылға – 1,75;

      2023 жылға және одан кейінгі жылдарға – 2;

      е – "Арал өңiрiндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заң) сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа үстемеақы коэффициенті – 0,025.

      Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, e 0-ге тең болады;

      r – "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заң) 13-бабының 3-тармағына сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа үстемақы коэффициенті - 0,028.

      Егер осы қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, r 0-ге тең болады;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0855;

      mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2020 жылға – 1,02;

      2021 жылға – 1,02;

      2022 және одан кейінгі жылдарға – 1,03;

      mv – бала-сағат коэффициенті мыналардан құралады:

      жарты күн болатын топтағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 0,04;

      болу режимі 9 сағаттық топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 0,08;

      болу режимі 10,5 сағаттық топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 0,09;

      туберкулез, аллергия ауруымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған 10,5 сағаттық топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 0,15;

      түзету үлгісіндегі 10,5 сағаттық топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 0,1875;

      5) W – білім беру процесіне қатыстырылған педагогтардың айлық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ЛА – білім беру процесіне қатысатын педагогтардың БЛА-ны 4,21 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын лауазымдық айлықақысы;

      f – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті:

      2020 жылға – 0,936;

      2021 жылға – 1,123;

      2022 жылға – 1,310;

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 1,497;

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті мынаны құрайды:

      қалалық МДТО ұйымдары үшін – 1;

      ауылдық ұйымдар үшін – 1,25;

      Қеж1 – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың және педагогтардың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2020 жылға – 0,620;

      2021 жылға – 0,744;

      2022 жылға – 0,868;

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 0,992;

      uz – туберкулез, аллергия ауруларымен ауыратын, қант диабетімен ауыратын, әлжуаз және жиі ауыратын балаларға арналған топтарда, сондай-ақ түзету үлгісіндегі топтарда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен жұмыс үшін педагогтарға қосымша ақы коэффициенті – 0,380;

      ke1 – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың және педагогтардың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2020 жылға – 1,860;

      2021 жылға – 2,231;

      2022 жылға – 2,603;

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 2,975.

      Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, ke1 0-ге тең болады;

      R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Егер осы қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, r 0-ге тең болады;

      Kалм. – қызметкерлердің орнын алмастырғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2020 жылға – 0,898;

      2021 жылға – 1,039;

      2022 жылға – 1,177;

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 1,315;

      6) Эөтем1 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың және педагогтардың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мына формула бойынша есептеледі:



      Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, Эөтем1 0-ге тең болады;

      7) L – МДТО-ның білім беру ортасы шығыстарының бір айда бір тәрбиеленушіге шаққандағы нормасы мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір айда бір тәрбиеленушіге есептелген айлық еңбекақы төлеу қоры;

      S – бір айда бір тәрбиеленушіге шаққандағы мектепке дейінгі білім беру ұйымын ағымды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасы мынаны құрайды:

      Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан облыстары және Алматы мен Шымкент қалалары үшін – 3,75 АЕК;

      Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы үшін – 3,92 АЕК;

      Солтүстік Қазақстан облысы үшін – 4,08 АЕК;

      Қызылорда облысы үшін – 4,25 АЕК.

      Жарты күндік топтағы тәрбиеленушілер үшін ағымдағы күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасын есептеу кезінде S көрсеткіші 2-ге бөлінеді;

      8) Q мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:



      Qнег – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың өтемақылық төлемдерсіз айлық еңбекақы төлеу қоры;

      Qөтем – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеу шығыстарының айлық көлемі;

      12 – бір жылдағы айлар саны;

      Эөтем2 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:



      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем2 0-ге тең болады;

      F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір айдағы еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      с – білім беру процесіне қатыспайтын білікті персонал жалақысының педагогтың жалағысына қарағандағы үлес салмағының коэффициенті, мынаған тең:

      жарты күндік топтардағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 1,631;

      басқа топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 1,822;

      q – қызметкерлердің еңбек демалысына жыл сайын төленетін сауықтыруға арналған төлем көзделмеген, білім беру процесіне қатыспайтын білікті емес қызметкерлер жалақысының үлес салмағының коэфициенті, мынаған тең:

      жарты күндік топтардағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 0,723;

      басқа топтар үшін – 2,417;

      Қеж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті:

      жарты күндік топтардағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 0,235;

      басқа топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 0,424;

      ke2 - Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      жарты күндік топтардағы, жалпы білім беретін мектептің жанындағы мектепалы даярлық сыныптарындағы тәрбиеленушілер үшін – 0,706;

      басқа топтардағы тәрбиеленушілер үшін – 1,272;

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңмен қарастырылмаған жағдайда ke2 0-ге тең болады.

3-тарау. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі

1-параграф. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу көрсеткіштері

      5. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеуде мына көрсеткіштер қолданылады:

      1) "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ 1) сәйкес білім беру деңгейлері бойынша аптадағы сағаттар саны:

      29,75 сағат – 1-4 сыныптардағы орташа сағат саны;

      45,1 сағат – 5-9 сыныптардағы орташа сағат саны;

      56,25 сағат – 10-11 сыныптардағы орташа сағат саны;

      32,75 сағат – 1-4 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;

      40,25 – 5-10 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;

      43 сағат – 10-12 түзете-дамыта оқыту сыныптардағы орташа сағат саны;

      8 сағат – 1-4 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;

      10 сағат – 5-9 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;

      12 сағат – 10-11 сынып оқушыларын үйде оқыту сағаттарының саны;

      2) "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелді) бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына (бұдан әрі – МЖМБС), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15681 болып тіркелген) сәйкес сыныптардың есептелген толықтырылуы:

      қалалық жалпы білім беретін мектептерде – 24 оқушы;

      ауылдық жалпы білім беретін мектептерде – 20 оқушы;

      арнайы (түзету) сыныптарында – 12 оқушы;

      3) "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Педагог мәртебесі туралы заң) 8-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтар үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі:

      орта білім беру ұйымдары үшін 18 сағат.

2-параграф. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі

      6. Орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) VЖҚ – орта білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:



      Бір орта білім беру ұйымында білім беру бағдарламаларының бірнеше түрі іске асырылатын жағдайда білім беру процесін қаржыландыру көлемі білім беру бағдарламаларының түрлері, білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде жиынтық түрде анықталады.

      2) Nz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      z – орта білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін сыныптарындағы білім беру деңгейін (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру), оның ішінде дамуында ерекше білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды көрсететін индекс;

      Еz – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы білім беру процесі шығыстарының нормасы.

      Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушы үшін Еz 2-ге көбейтіледі;

      L – бір жылда бір оқушыға шаққандағы білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      k1 – нақты орташа жылдық контингент бойынша мектептердің толықтырылу коэффициенті:

      400 оқушыға дейін – 1;

      401-ден 500 оқушыға дейін – 0,85;

      501-ден 800 оқушыға дейін – 0,75;

      801-ден 1000 оқушыға дейін – 0,65;

      1001-ден 1200 оқушыға дейін – 0,6;

      1201-ден 1400 оқушыға дейін – 0,58;

      1401-ден 1600 оқушыға дейін – 0,56;

      1601-ден 2000 оқушыға дейін – 0,52;

      2001-ден 2500 оқушыға дейін – 0,49;

      2501-ден 3000 оқушыға дейін – 0,45;

      3001-ден 4000 оқушыға дейін – 0,40;

      4001-ден бастап одан көп оқушы – 0,38;

      k2 – мектептің жобалық қуаттылығынан асатын нақты орташа жылдық контингент бойынша мектептердің толықтырылу коэффициенті:

      150 %-ға дейін – 0,3;

      151-ден 170 %-ға дейін – 0,29;

      171-ден 190 % -ға дейін – 0,28;

      191-ден 210 % -ға дейін – 0,27;

      211-ден 230 %-ға дейін – 0,26;

      231-ден 250 %-ға дейін – 0,25;

      251-ден 270 %-ға дейін – 0,24;

      271-ден 290 %-ға дейін – 0,23;

      291-ден 310 %-ға дейін – 0,22;

      311% және одан көп – 0,21.

      k1 және k2 түзету коэффициенттері жекеменшік білім беру ұйымдарының сенімгерлік басқаруындағы мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының объектілерін қоспағанда, мемлекеттік орта білім беру мекемелерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға арналып ұйымдастырылған сыныптарға, сондай-ақ жекеменшік орта білім беру ұйымдарына қолданылмайды;

      А1 – бір оқушыға шаққандағы ғимараттың және құрылыстың амортизациясына, жабдықтардың амортизациясына/сатып алынуына арналған шығыстардың нормасы:

      жылына 6 АЕК – меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс жасап тұрған мектептерде оқитындар үшін;

      12 АЕК – жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернатта, жекеменшік мектеп-интернатта тұратын білім алушылар үшін;

      А2 – орта білім беру ұйымының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымы объектілерінде жаңадан енгізілген, бірақ олардың жобалық қуаттылығынан аспайтын, оқитындар нақты орналасқан әрбір оқушы орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар нормасы.

      Жаңадан енгізілетін оқушы орны 2018 жылғы 20 шілдеден кейін құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен пайдалануға енгізілген орта білім беру ұйымдарының жеке меншігіндегі, сол сияқты осы орта білім беру ұйымдары құрылтайшыларының немесе олардың жақын туыстарының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымдары объектілеріндегі орындар болып табылады.

      А2 мына білім беру ұйымдарына 8 (сегіз) жыл ішінде төленеді:

      А2-ні алуға үміткер ұйымға – орта білім беру объектісінің нысаналы мақсатын өзгертуге жиырма жылға дейін тыйым салатын ауыртпалық құқығы салынғаннан кейін;

      2020 жылғы 14 ақпанға дейін А2-ны алған ұйымдарға – 2020 жылдың ішінде орта білім беру ұйымы объектісінің нысаналы мақсатын жиырма жылға дейін өзгертуге тыйым салатын құқық ауыртпалығын салу жөніндегі міндеттемелер қабылданғаннан кейін. Бұл ретте, А2-ні төлеу мерзімі осы міндеттемелер қабылданғанға дейін жүргізілген оны төлеу мерзіміне барабар азайтылады.

      Жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің меншік иесі ауысқан жағдайда А2-ні төлеу мерзімі жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің бұрынғы меншік иесіне төленген мерзімге барабар қысқартылады.

      А2 мынаны құрайды:

      құрылыс салынған жағдайда – жылына 96 АЕК;

      реконструкция жасалған жағдайда – жылына 47 АЕК.

      Басқа жағдайларда, оның ішінде жаңадан енгізілген оқушы орындары үшін А2 төленетін 8 (сегіз) жыл өткенде А2 0-ге тең болады;

      А3 – орта білім беру ұйымының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымы объектілерінде жаңадан енгізілген, бірақ олардың жобалық қуаттылығынан аспайтын, білім алушылар нақты орналасқан әрбір тұру орны үшін ғимараттың амортизациясына арналған шығыстар нормасы.

      Білім алушылар нақты орналасқан тұру орны 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылыс салу немесе реконструкция жасау жолымен пайдалануға енгізілген орта білім беру ұйымдарының жеке меншігіндегі, сол сияқты осы орта білім беру ұйымдары құрылтайшыларының немесе олардың жақын туыстарының жеке меншігіндегі орта білім беру ұйымдарының интернаттарындағы орындар болып табылады.

      А3 орта білім беру ұйымы интернатының нысаналы мақсатын өзгертуге жиырма жылға дейін тыйым салатын ауыртпалық құқығы салынғаннан кейін 8 (сегіз) жыл ішінде төленеді. Бұл ретте жекеменшік орта білім беру ұйымы объектісінің меншік иесі ауысқан жағдайда А3-ті төлеу мерзімі жекеменшік орта білім беру ұйымы интернатының бұрынғы меншік иесіне төленген мерзімге барабар қысқартылады.

      А3 мынаны құрайды:

      құрылыс салынған жағдайда – жылына 122 АЕК;

      реконструкция жасалған жағдайда – жылына 47 АЕК.

      Басқа жағдайларда, оның ішінде жаңадан енгізілген білім алушылардың тұру орындарына А3 төленетін 8 (сегіз) жыл өткенде А3 0-ге тең болады;

      3) Контz – оқушылардың орташа жылдық контингенті, мына формула бойынша есептеледі:

      алдағы жылға жан басына шаққандағы қаржыландырудың жылдық көлемін жоспарлау кезінде:

      Контz = ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне болжамды контингент;

      Жан басына шаққандағы қаржыландырудың жылдық көлемін нақтылау кезінде:



      мұндағы:

      Контz1 – ағымдағы жылдың 1 қаңтарына оқушылардың нақты контингенті,

      Контz2 – ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне оқушылардың нақты контингенті,

      8, 4, 12 – айлар саны;

      4) Еz – білім беру деңгейлері бойынша орта білім беру ұйымдарының бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Тz – орта білім беру ұйымының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтардың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Х – бір білім алушыға есептегенде жылына 1,2 АЕК-ті құрайтын білім беру процесімен байланысты шығыстар;

      5) Тz білім беру деңгейіне (z) байланысты мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:



      мұндағы:

      Тz нег. – орта білім беру ұйымының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық және негізгі персоналдың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Тz өтем. – орта білім беру ұйымы қызметкерінің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      W – педагогтардың айлық еңбекақы қоры,

      ЛА – БЛА-ны 5,12 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын бір педагогикалық мөлшерлеменің лауазымдық айлықақысы;

      kр – лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшеріне түзету коэффициенті:

      2020 жылға – 1,25;

      2021 жылға – 1,5;

      2020 жылға – 1,75;

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 2;

      f – басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті:

      2020 жылға – 1,811;

      2021 жылға – 2,173;

      2020 жылға – 2,535;

      2023 және одан кейінгі жылдарға – 2,897;

      е – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа қосымша ақы коэффициенті – 0,30.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда е 0-ге тең болады;

      r – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа қосымша ақы коэффициенті – 0,33.

      Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда r 0-ге тең болады;

      St – бір білім алушыға 0,135 БЛА мөлшеріндегі ынтыландыру құрамдауышы;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0855;

      mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2020 жылға – 1,02;

      2021 жылға – 1,02;

      2022 және одан кейінгі жылдарға – 1,03;

      mvz – оқушы-сағат коэффициенті (нормативті оқу жүктемесін есепке алғандағы бір оқушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы) мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы

      tz – ҮОЖ 1 бойынша аптадағы сағат саны;

      n – аптадағы нормативтік оқу жүктемесі;

      d – сыныптардың есептелген толықтырылуы. Үйде оқыту үшін mvz -ны есептеуде d = 1;

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті:

      қала мектептері үшін – 1,0;

      ауыл мектептері үшін – 1,25;

      Эөтем1 – білім беру процесіне қатысатын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:



      егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем1 0-ге тең болады;

      6) W – педагогтардың айына еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Қеж1 – білім беру процесіне қатысатын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2020 жылға – 0,821;

      2021 жылға – 0,985;

      2022 жылға – 1,149;

      2023 және кейінгі жылдарға – 1,314;

      uz – педагогикалық қосымша ақылар мен үстеме ақылардың коэффициенті, мынаны құрайды:

      жалпы білім беретін сыныптарда оқитындар үшін:

      2020 жылғы 31 тамызға дейін – 0,224;

      2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап – 2,352;

      2021 жылға – 2,736;

      2022 жылға – 3,120;

      2023 және кейінгі жылдарға – 3,504;

      арнайы (түзету) сыныптарында оқитындар және үйде оқитындар үшін:

      2020 жылғы 31 тамызға дейін – 0,624;

      2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап – 2,752;

      2021 жылға – 3,136;

      2022 жылға – 3,520;

      2023 және кейінгі жылдарға – 3,904;

      h – педагогтардың біліктілік деңгейі үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2020 жылға – 0,102;

      2021 және кейінгі жылдарға – 0;

      ke1 – білім беру процесіне қатысатын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті:

      2020 жылға – 2,46;

      2021 жылға – 2,96;

      2022 жылға – 3,45;

      2023 және кейінгі жылдарға – 3,94.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда ke1 0-ге тең болады;

      R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда R 0-ге тең болады;

      7) L – білім беру ортасы шығыстарының бір жылда бір білім алушыға шаққандағы нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      S – бір жылда бір білім алушыға шаққандағы орта білім беру ұйымын ағымды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасы:

      "мемлекеттік мекеме" ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымы үшін – 6,69 АЕК (коммуналдық шығыстар мен интернетке арналған шығыстарды қоспағанда);

      шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке меншік орта білім беру ұйымдары үшін S көрсеткіші коммуналдық қызметтерді, интернет қызметтерін тұтыну көлемдері мен олардың өңірлердегі тарифтеріне байланысты ерекшеленеді:

      Атырау, Қостанай, Маңғыстау облыстары үшін – 10,19 АЕК;

      Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары үшін – 11,19 АЕК;

      Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін – 12,69 АЕК;

      Ақмола, Жамбыл облыстары – 13,19 АЕК;

      Қызылорда облысы үшін – 14,69 АЕК.

      Жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернатта (мектеп- интернатта) тұратын білім алушының білім беру ортасына арналған шығыстардың нормасын есептеу кезінде S 2-ге көбейтіледі.

      Үйде оқыту жағдайындағы білім беру ортасы шығыстарының нормасын есептеуде S көрсеткіші 0-ге тең болады.

      Р – Жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы мектеп жанындағы интернатта (мектеп-интернатта) тұратын білім алушының тамақтануына арналған шығыстар нормасы өңірлердегі негізгі азық-түліктің бағасына байланысты ерекшеленеді және мынаны құрайды:

      Ақтөбе, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін – 91 АЕК;

      Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласы үшін – 98 АЕК;

      Шығыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары үшін –110 АЕК;

      8) Q мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:



      мұндағы:

      Qнег. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың еңбекақы төлеу қоры;

      с – білім беру процесіне қатыспайтын білікті персонал жалақысының педагогтардың жалағысына қарағандағы үлес салмағының коэффициенті 1,11-ге тең, жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернаттың немесе жекеменшік мектеп-интернаттың білікті персоналы үшін 4,55-ке тең;

      q – қызметкерлердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақының төленуі көзделмеген, білім беру процесіне қатыспайтын білікті емес қызметкерлер жалақысының үлес салмағының коэфициенті 1,54-ке тең, жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернаттың немесе жекеменшік мектеп-интернаттың білікті емес персоналы үшін 4,63-ке тең;

      mvор – mvz коэффициенттері мәнінің орташа көрсеткіші, 0,1012-ге тең;

      Qөтем. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеу шығыстарының жылдық көлемі;

      Эөтем2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек, мынадай формула бойынша есептеледі:



      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем2 0-ге тең болады;

      9) F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір айдағы еңбекақы төлеу қоры, мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Қеж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,265, жекеменшік орта білім беру ұйымы жанындағы интернаттың немесе жекеменшік мектеп-интернаттың персоналы үшін Қеж2 0,918-ге тең;

      ke2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,795.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңмен қарастырылмаған жағдайда ke2 0-ге тең болады.

4-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу алгоритмі

1-параграф. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды есептеу көрсеткіштері

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ және ОБК) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеуде мына көрсеткіштер қолданылады:

      1) МЖМБС-ға сәйкес аптадағы сағаттар саны:

      40,91 сағат – жеке сабақтарды көздейтін білім беру бағдарламаларын қоспағанда, білім беру бағдарламаларын меңгерудің барлық нормативтік мерзімдері бойынша аптадағы орташа сағат саны;

      32,45 часа – жеке сабақтарды көздейтін білім беру бағдарламаларын меңгерудің барлық нормативтік мерзімдері бойынша аптадағы орташа сағат саны;

      2) "Техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлары және үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 384 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11690 болып тіркелген) бекітілген Үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ҮОЖ2) сәйкес аптадағы сағат саны:

      7,2 сағат – зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды өткізу жағдайында аптадағы орташа сағаттар саны;

      8,46 сағат – білім беру бағдарламаларын меңгерудің барлық нормативтік мерзімдері бойынша аптадағы орташа сағат саны;

      3) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 369 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8828 болып тіркелген) бекітілген Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес топтардың есептелген толықтырылуы:

      оқытудың күндізгі нысанында 25 адам;

      зертханалық жұмыстарды, практикалық сабақтарды, оның ішінде дене тәрбиесі және жекелеген пәндер бойынша сабақтар өткізу жағдайында оқу топтары 13 адамнан аспайтын шағын топтарға бөлінеді;

      4) Педагог мәртебесі туралы заңның 8-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтар үшін бір аптаға нормативтік оқу жүктемесі:

      ТжКБ және ОБК-нің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін 18 сағат.

2-параграф. ТжКБ және ОБК-ның жан басына шаққандағы қаржыландыруды есептеу алгоритмі

      8. ТжКБ және ОБК-ның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына қаржыландыру нормативін есептеу мына формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) ТжКБ және ОБК ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі Vжқ, мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Nz – бір жылда бір білім алушыға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      z – шығындылық топтары бойынша оқыту бейінінің индексі;

      Контz – білім беру бейіні бойынша білім алушылардың орташа жылдық контингенті мына формула бойынша есептеледі:

      Контz = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 - оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны;

      Бір ТжКБ және ОБК ұйымында білім беру бейіндерінің бірнеше түрі болған жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі білім беру бейіндері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nz – бір жылда бір білім алушыны қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Еz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы.

      Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушылар үшін Еz 2-ге көбейтіледі;

      L – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      3) Еz – білім беру бейіндері бойынша бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтардың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Y – бір жылда бір білім алушыға 5 АЕК-ті құрайтын оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиет және құралдар.

      Хz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі білім беру процесіне байланысты, оның ішінде өндірістік оқыту және кәсіби тәжірибеден өту кезіндегі оқу шығыстары. Xz мәні білім беру бейініне қарай, "Сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 65 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13149 болып тіркелген) бекітілген Сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесіне сәйкес анықталады және мынаны құрайды:

      А тобы (білім беру: мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, тәрбие жұмысын ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт, бастауыш білім беру, технология, музыкалық білім беру, өмір қауіпсіздігі және валеология, білім беру ұйымдарындағы зертханашы, негізгі орта білім беру, исламтану; құқық; метрология, стандарттау және сертификаттау; өнер және мәдениет: кітапхана ісі, аспаптық орындау және музыкалық өнер эстрадасы, әртіс орындаушы, концерттік бағдарламалардың дыбыс операторы) – 6 АЕК,

      Б тобы (қызмет көрсету, экономика және басқару: әлеуметтік жұмыс, телекоммуникациялық құралдар мен тұрмыстық техникаларды жөндеу және қызмет көрсету, слесарлық іс, бұйымдарды химиялық тазалау және бояу, фото ісі, қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру, аяқ киім ісі, іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану, туризм, аударма ісі, маркетинг, бағалау, менеджмент, қаржы, статистика, есеп және аудит, экономика; ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология;байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар; электрондық техника; білім беру: кәсіптік оқыту) – 8 АЕК;

      В тобы (өнер және мәдениет: дизайн, әлеуметтік-мәдени қызметі және халықтық көркемдік шығармашылығы, хор дирижеры, Музыка теориясы, ән салу, хореография өнері, актерлік өнер, цирк өнері, театр-декорациясы өнері, кескіндеу, мүсіндеу және графика, сәндік-қолданбалы өнері және халықтық кәсіпшілік, қайта қалпына келтіріп жөндеу, зергерлік ісі; қызмет көрсету, экономика және басқару: шаштараз өнері және сәндік косметика, тамақтандыруды ұйымдастыру; білім беру: бейнелеу өнері және сызу; мұнай-газ және химия өндірісі; энергетика, электроэнергетика; өндіріс, монтаж, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша). Көлікті пайдалану; геология, тау-кен өнеркәсібі және пайдалы қазбаларды өндіру; металлургия және машина жасау; құрылыс және коммуналдық шаруашылық; (салалар бойынша) транспорт: авиациялық техника, транспорттық техника, технологиялық машиналар және жабдықтар, әскери іс және қауіпсіздік) – 19 АЕК;

      Г тобы ((салалар бойынша) транспорт: теңіз техникасы) – 44 АЕК;

      4) Т мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:



      Тнег. – ТжКБ және ОБК ұйымдарының білім беру процесіне қатыстырылған басқарушылық персоналдың және педагогтардың өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры (зертханалық жұмыстарды және практикалық, жеке сабақтарды қоса есептегенде);

      Төтем. – ТжКБ және ОБК қызметкерінің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      W – ТжКБ және ОБК ұйымдары педагогтарының және басқарушылық персоналының айына еңбекақы төлеу қоры;

      е – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін жыл сайынғы қосымша ақылы демалысқа үстемеақы коэффициенті – 0,30;

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда е 0-ге тең болады;

      r – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңына сәйкес радиациялық қауіпті аймақтарда тұрғаны үшін жыл сайын ақысы төленетiн қосымша демалысқа үстемақы коэффициенті – 0,33.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда r 0-ге тең болады;

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0855;

      mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2020 жылға – 1,02;

      2021 жылға – 1,02;

      2022 және одан кейінгі жылдарға – 1,03;

      mv – топтардың есептелген толықтырылуына байланысты болатын сағат-білім алушы коэффициенті (нормативті оқу жүктемесін есепке алумен бір білім алушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы);

      mvg – сағат-білім алушы коэффициенті (зертханалық жұмыстарды және практикалық сабақтарды өткізуді есепке алумен бір білім алушыға шаққандағы оқу сағаттары санының ара салмағы);

      g – зертханалық және тәжірибелік сабақтардың индексі;

      mvi – сағат-білім алушы коэффициенті (бір білім алушыға арналған жеке сағаттар санының нормативтік оқу жүктемесіне арақатынасы);

      Эөтем1 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес педагогтарға және білім беру процесіне қатыстырылған басқарушы персоналға жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:



      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда Эөтем1 0-ге тең болады;

      5) W – білім беру процесіне қатыстырылған педагогтардың және басқарушылық персоналдың айлық еңбекақы қоры, мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ЛА – білім беру процесіне қатысатын негізгі персоналдың БЛА-ны 5,03 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын лауазымдық айлықақысы;

      ks – мамандарға ауылдық жердегі жұмыс үшін төленетін қосымша ақы коэффициенті мынаны құрайды:

      қалалық ТжКБ ТжКБ және ОБК ұйымы үшін – 1;

      ауылдық ТжКБ және ОБК ұйымы үшін – 1,25;

      f – білім беру процесіне қатысатын басқарушылық персоналдың еңбекақы төлеу қорын есептеу коэффициенті – 1,084;

      Қеж1 – білім беру процесіне қатысатын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,611;

      u – оқытушыларға және өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша ақы коэффициенті:

      2020 жылғы 31 тамызға дейін – 0,499;

      2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап – 0,571;

      ke1 – Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 1,83.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда ke1 0-ге тең болады;

      R – Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңға сәйкес радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша ақы – 1,5 АЕК.

      Егер мұндай қосымша ақы Ядролық сынақ полигонында зардап шеккендерді қорғау туралы заңда қарастырылмаған жағдайда R 0-ге тең болады;

      6) mv мына формула бойынша есептеледі:



      mvg мына формула бойынша есептеледі:



      mv i мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      t – ТжКБ және ОБК-ның МЖМБС бойынша аптадағы сағат саны;

      tg – ҮОЖ2 бойынша аптадағы зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтардың сағат саны;

      ti - ҮОЖ2 бойынша аптадағы жеке сабақтардың сағат саны;

      i – жеке сабақтар индексі;

      n – аптадағы нормативтік оқу жүктемесі;

      d – топтардың есептелген толықтырылуы;

      dg – зертханалық жұмыстарды және практикалық сабақтарды өткізу кезіндегі топтардың толықтырылуы.

      Жеке сабақтардың сағат саны үшін mv i,-ны есептеуде d 1-ге тең.

      Оқу жоспарында жеке сабақтар саны болмаған жағдайда mvi 0-ге тең болады;

      7) Dual – дуальды оқыту кезінде ТжКБ және ОБК ұйымдарының кәсіпорындарға (ұйымдарға) беретін шығыстары жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі шегінде мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Zр – бір білім алушыға шаққандағы өндірістік оқыту шеберлерінің еңбекақы төлеу нормасы 2,7 БЛА-ны құрайды;

      b – жылына 1013 сағатты құрайтын дуальды оқыту кезіндегі өндірістік оқыту мен кәсіптік практика сағаттарының орташа жоспарлы саны;

      Chf – дуалды оқыту кезіндегі өндірістік оқыту мен кәсіптік практика сағаттарының нақты саны;

      Кy – сол кәсіпорында (ұйымда) өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтіп жатқан білім алушылардың нақты саны.

      Осы тармақшаның талаптары дуальды оқытуға шығындарды өз бетінше көтеретін кәсіпорындарға (ұйымдарға) қолданылмайды.

      8) L – білім беру ортасы шығыстарының нормасы мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      S – коммуналдық қызметтерді, интернет қызметтерін тұтыну көлемдеріне және өңірлердегі олардың тарифтеріне байланысты ерекшеленетін бір жылда бір білім алушыға есептелген ТжКБ және ОБК ұйымдарын ағымды күтіп-ұстауға арналған шығыстардың нормасы:

      Маңғыстау облысы, Алматы қаласы үшін – 17 АЕК;

      Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары үшін – 22 АЕК;

      Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары үшін – 29 АЕК;

      Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары үшін – 39 АЕК;

      9) Q мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:



      Qнег. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың өтемақы төлемдерісіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Qөтем. – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына сауықтыруға арналған жәрдемақыларды төлеу шығыстарының жылдық көлемі;

      Эөтем2 – экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қолданыстағы төлемнен тыс сауықтыруға арналған материалдық көмек мынадай формула бойынша есептеледі:



      Егер осы қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңда көзделмеген жағдайда, Эөтем2 0-ге тең болады;

      10) F – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      h – білім беру процесіне қатыспайтын білікті персонал жалақысының педагогтардың еңбекақысына үлес салмағының коэффициенті - 1,423;

      q – қызметкерлердің еңбек демалысына жыл сайын төленетін сауықтыруға арналған төлем көзделмеген білім беру процесіне қатыспайтын білікті емес персонал жалақысының үлес салмағының коэфициенті - 1,161;

      Қеж2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,258;

      ke2 – білім беру процесіне қатыспайтын персоналдың Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес экологиялық қасірет аймағында тұрғаны үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,775.

      Егер мұндай қосымша ақы Экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы заңмен қарастырылмаған жағдайда ke2 0-ге тең болады.

      ТжКБ және ОБК-ны қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өтуші білім алушыларға қолданылмайды.

5-тарау. Кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін есептеу алгоритмі

      9. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:

      1) Vжқ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Nzb – бакалавриатта бір жылда бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Nzm - магистратурада бір жылда бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Nzd – докторантурада бір жылда бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;

      Контzb – бакалавриатта білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контzm – магистратурада білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контzd – докторантурада білім алушылардың орташа жылдық контингенті;

      Контzb, Контzm, Контzd мына формула бойынша есептеледі:

      Контzb,zm,zd = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 - күтілетін түлектер санының 1/2 - оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны;

      z – шығындылық топтары бойынша оқыту бейінінің индексі.

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бірнеше бағыты іске асырылатын жағдайда жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары, білім беру деңгейлері бойынша бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы нормативтің негізінде жиынтық түрде анықталады;

      2) Nzb – бакалавриатта бір жылда бір білім алушыға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Еz – кадрларды даярлау бағыттары бойынша бір жылда бір білім алушыға арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы;

      L – бір жылда бір білім алушыға арналған білім беру ортасы шығыстарының нормасы;

      A – білім беру салалары үшін оқу құралдары мен жабдықтарының амортизациялану нормасы:

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 64 АЕК;

      білім берудің басқа салалары үшін А 0-ге тең болады.

      А-ның мәнін анықтау үшін 2020 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК-тің мөлшері негізге алынады.

      Dp – "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласындағы даярлау бағыттары бойынша кәсіптік практикадан өтумен байланысты шығыстар нормасы;

      ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында – 27,98 АЕК;

      басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында – 24,94 АЕК;

      Dp мәнін анықтау үшін 2020 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК-тің мөлшері негізге алынады.

      3) Nzm – магистратурада бір жылда бір білім алушыға арналған жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Km – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының магистратурасында бір білім алушыны жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу кезінде қолданылатын түзету коэффициенті.

      Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша Km мынаны құрайды:

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 0,426287;

      "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 0,4829171;

      "Педагогикалық ғылымдар" – 0,455516;

      "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" – 0,495253;

      "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 0,493154;

      Басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша Km мынаны құрайды:

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 0,294059;

      "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 0,3387865;

      "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" – 0,348732;

      "Педагогикалық ғылымдар" – 0,3191132;

      "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 0,347034;

      4) Nzd – докторантурада бір жылда бір білім алушыға есептелген жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Kd – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында докторантурада бір білім алушыны жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу кезінде қолданылатын түзету коэффициенті.

      Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша Kd мынаны құрайды:

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 0,9399359;

      "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 1,0305798;

      "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" – 1,0495576;

      "Педагогикалық ғылымдар" – 0,9874598;

      "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 1,0463463;

      Басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша Kd мынаны құрайды:

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" – 1,074812;

      "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" – 1,1949993;

      "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" – 1,220591;

      "Педагогикалық ғылымдар" – 1,143187;

      "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 1,21625;

      5) Еz – кадрларды даярлау бағыттары бойынша бір жылда бір білім алушыға арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Т – білім беру процесіне қатыстырылған әкімшілік-басқарушы персоналдың (бұдан әрі - ӘБП) және профессорлық-оқытушылық құрам (бұдан әрі – ОПҚ) персоналдың бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      Xz – бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде оқу-әдістемелік әдебиетті сатып алуға, зертханалық, практикалық, теориялық және жеке сабақтарды ұйымдастыруға арналған оқу шығыстары.

      Xz мәндері ерекше мәртебесі бар және ерекше мәртебесі жоқ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес білім беру саласына байланысты айқындалады:

      "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша – 20 АЕК;

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары"; "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика" білім беру салаларындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша – 19 АЕК;

      "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" білім беру салаларындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша – 9 АЕК;

      "Өнер және гуманитарлық ғылымдар" білім беру саласындағы кадрларды даярлау бағыттары бойынша – 7 АЕК;

      Xz көрсеткішінің мәнін анықтау үшін 2020 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады;

      6) Т – білім беру процесіне қатыстырылған ӘБП мен ОПҚ-ның бір жылда бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:



      Тнег. – білім беру процесіне қатыстырылған ӘБП мен ОПҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      W – ӘБП мен ОПҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры;

      12 – айлық нормативтік шығындарды есептеуден жылдық нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін бір жылдағы айлар саны;

      Төтем. – қызметкерлердің жыл сайынғы төленетін еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі;

      kст – Заңның 1-бабының 19-2) тармақшасына және "Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережеге сәйкес ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ОПҚ мен басшы жұмыскерлерінің белгіленген лауазымдық айлықақы мөлшерлеріне қосымша ақылар коэффициенті:

      ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін – 1,2;

      басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін – 1;

      mv1 – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арасалмақ коэффициенті мынаны құрайды:

      бакалавриатта білім беру салаларының даярлау бағыттары бойынша:

      "Өнер және гуманитарлық ғылымдар"; "Ветеринария" – 0,125;

      "Педагогикалық ғылымдар" – 0,1;

      "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар"; "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат", "Бизнес, басқару және құқық", "Қызмет көрсету" – 0,083;

      магистратурада – білім беру салаларындағы кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша – 0,167;

      докторантурада – білім беру салаларындағы кадрларды даярлаудың барлық бағыттары бойынша – 0,25;

      7) W – ӘБП мен ОПҚ-ның айына еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      ЛА – БЛА-ны 14,402 коэффициентіне көбейту жолымен анықталатын ОПҚ-ның лауазымдық айлықақысы;

      f – ӘБП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 4,88;

      u – ғылыми дәреже үшін қосымша ақы коэффициенті – 0,685.

      sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті – 1,0855;

      mp – жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдар коэффициенті:

      2020 жылға – 1,02;

      2021 жылға – 1,02;

      2022жылға және одан кейінгі жылдарға – 1,03;

      8) L – білім беру ортасына шығыстардың нормасы мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Q – білім беру процесіне қатыспайтын оқу-қосалқы персоналдың (бұдан әрі – ОҚП), қызмет көрсетуші және басқадай персоналдың (бұдан әрі – ҚКБП) бір жылда бір білім алушыға есептелген жылдық еңбекақы төлеу қоры;

      S – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын ағымдағы күтіп-ұстауға арналған шығыстар нормасы банк, байланыс, интернет және күзет қызметтерін, коммуналдық қызметтерді сатып алумен байланысты шығыстарды, ғимаратты, компьютерлік және кеңсе техникасын ағымдағы жөндеу, ұстау және оған қызмет көрсету бойынша шығыстарды, жабдықтарды, кеңсе тауарларын, дәрі-дәрмек, жуғыш құралдарды, шаруашылық тауарларын сатып алу бойынша шығыстарды қамтиды – 42,79 АЕК;

      S көрсеткішінің мәнін анықтау үшін 2020 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері негізге алынады.

      9) Q – білім беру процесіне қатыспайтын ОҚП мен ҚКБП-ның бір білім алушыға есептегендегі жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Qоқп. – ОҚП-ның жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Qнег.оқп. – ӘБҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      mv2 – ОҚП-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны арақатынасының коэффициенті – 0,037;

      Fоқп – ОҚП-ның айлық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      q – ОҚП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 5,11;

      10) Qоқп.өтем. – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:



      11) Qопқ. – ОПҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Qопқ.нег. – ОПҚ-ның өтемақылық төлемдерсіз жылдық еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      Fопқ. – ОПҚ-ның айлық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      h – ҚКБП жалақысының ОПҚ жалақысындағы үлес салмағының коэффициенті – 3,2;

      mv3 – ОПҚ-ның бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа саны арақатынасының коэффициенті – 0,125;

      Qопқ. өтем. – жыл сайынғы еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысын төлеуге арналған шығыстардың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:



      12) Кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі (Vk) мына формула бойынша анықталады:



      мұндағы:

      Kz – бір білім алушыға арналған кредиттердің жоспарланған жылдық саны;

      Nz. cred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісіндегі бір академиялық кредит құнының нормативі.

      Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрлар даярлаудың бірнеше бағыты іске асырылатын жағдайда кредиттік оқыту технологиясы ескерілген жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім беру деңгейлері бойынша білім берудің кредиттік оқыту технологиясы ескеріле отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемдерін қосу жолымен анықталады;

      13) Nz cred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бағыттағы кадрларды даярлау бағыттары бөлінісіндегі бір академиялық кредит құнының нормативі мына формула бойынша есептеледі:



      мұндағы:

      60 – МЖМБС-ға сәйкес айқындалған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші.