Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ерекше мәртебесі бар мемлекеттік жоғары оқу орындары туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 39, 494-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 5 қарашадағы № 1398 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі № 733 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 21, 227-құжат).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 14 ақпандағы
№ 66 қаулысымен
бекітілген

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 13.06.2019 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентіне жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына ерекше мәртебе беру туралы ұсыныс енгізеді.

      Ескерту. 2-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ерекше мәртебе – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының тұлғаны тәрбиелеуге, оқытуға және оның кәсіптік қалыптасуына аса зор үлес қосқаны, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің орнықты жоғары деңгейін қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының Президенті беретін мәртебесі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.09.2025 № 749 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының өкiлеттiгi

      5. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабында айқындалған қызмет түрлерін жүзеге асырады және құзыреттерге ие болады.

      Бұл ретте ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру стандарттарының талаптарынан төмен болмайтындай етіп өз бетінше айқындай алады, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор дәрежесін бере алады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.09.2025 № 749 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру

      6. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы:

      1) ғылыми-педагогикалық әлеуетті, оқу-материалдық базаны және инновациялық білім беру технологияларын тиімді пайдаланудың негізінде әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тұрақты жоғары деңгейіне кепілдік береді;

      2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының әрбiр білім алушысының, оқытушысының және қызметкерiнің жеке басының бiлiм, рухани, мәдени және зияткерлік дамуы үшін барынша жағдайлармен қамтамасыз етеді;

      3) оқу-әдiстемелiк базаны дамытуға, ғылыми қызметтің, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің сапасын арттыруға бағытталған ғылыми, білім беру және өзге де көрсетілетін қызметтерден түсетін қаражат пен кiрiстердi тиiмдi пайдалануды жүзеге асырады;

      4) әлемдік ғылыми-білім беру кеңістігінде жоғары білімнің, ғылымның, техника мен технологиялардың дамуына жүйелі түрде мониторинг жүргізеді және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне енгізу үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізеді.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.09.2025 № 749 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Ерекше мәртебесi бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қаржыландыру

      7. Арттыру коэффициенті заңнамада айқындалатын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Сот төрелігі академиясын қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 1,2 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.

      Ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 1,75 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.

      Ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, мәдениет және өнер саласындағы ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақылардың белгіленген мөлшерлеріне 3,5 арттыру коэффициенті есепке алынып айқындалады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.09.2025 № 749 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшерлеріне 1,5-ке дейін арттыру коэффициентін қолдана отырып айқындалады.

      Лауазымдық айлықақыға арттыру коэффициентінің нақты мөлшері лауазым санаттарына қарай сараланып белгіленеді және оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры бекітеді.

      9. Қазақстан Республикасының Қорғаныс ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамының және басшы қызметкерлерінің лауазымдық айлықақылары лауазымдық айлықақының белгіленген мөлшерлеріне 1,5 арттыру коэффициенті қолданылып айқындалады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.09.2025 № 749 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.