"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 124-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2025 № 103 (01.10.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Цой |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 16 қазаны № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 1-қосымша |
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары
1. Осы Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі – ЖТМК) түрлерін, сондай-ақ ЖТМК түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің (бұдан әрі – ММК) көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын айқындау тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.11.2025 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. ЖТМК түрлері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша айқындалады.
Өлшемшарттың әрқайсысына салмақтық коэффициент, өлшемшарт шкаласы, мәні мен балл беріледі.
ЖТМК тізбесіне 7-10 балл жинаған технологиялар енгізіледі.
3. ЖТМК түрлерін ММК қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары өзіне мыналарды қамтиды:
технологиялардың республикалық деңгейден өңірлік деңгейге трансферт деңгейі (облыстық және қалалық маңызы бар, оның ішінде жекеменшік клиникалар) географиялық тұрғыдан қағидаты (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірлер) бойынша 5 (бес) және одан көп өңірлерде 75 %-дан жоғары;
шығын сыйымдылығы – Кодекстің 124-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесіне кіретін барлық қызметтердің орташа арифметикалық құнынан төмен қызмет құны;
сирек - 100 000 адамға шаққанда жылына 1 реттен артық емес қызмет көрсету;
қайтыс болу жағдайлары мен асқынулардың үлес салмағы орташа жылдық 10 % мәннен төмен.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2023 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Өлшемшарттар жиынтықта қаралады, бұл ретте 4 өлшемшартқа сәйкес келетін технологиялар алып тасталады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2023 № 175 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары
Ескерту. Өлшемшарттар жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.11.2025 № 129 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ | Өлшемшарт | Салмақтық коэффициент | Өлшемшарт шкаласы | Мәні | Өлшемшарт баллы |
1 | Инновациялық (жаңашылдық) | 0,1 | Технология әлемде 5 жылдан аз уақыт қолданылады | 10 | 1 |
Технология әлемде 5-10 жылдан астам уақыт бойы қолданылады | 7,5 | 0,75 | |||
Технология әлемде 10 жылдан астам уақыт бойы қолданылады | 5 | 0,5 | |||
Технология әлемде 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылады | 2,5 | 0,25 | |||
2 | Ресурс сыйымдылығы | 0,3 | Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды медициналық бұйымдарды медициналық техниканы, айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етеді | 10 | 3 |
Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етеді | 7,5 | 2.25 | |||
Технологияны пайдалану айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етеді | 5 | 1,5 | |||
Технологияны пайдалану қымбат тұратын дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етпейді, айтарлықтай еңбек және уақыт шығынын қажет етпейді | 2,5 | 0,75 | |||
3 | Бірегейлігі | 0,1 | Технологияның аналогтары және (немесе) Қазақстандағы балама емдеу әдістері жоқ | 10 | 1 |
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) емдеудің балама әдістерінен артық | 7,5 | 0,75 | |||
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтарға және (немесе) баламалы емдеу әдістеріне теңеледі | 5 | 0,5 | |||
Технология тиімділігі жағынан Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) баламалы емдеу әдістерінен төмен | 2,5 | 0,25 | |||
4 | Күрделілігі | 0,5 | Технология өте күрделі және ерекше дағдыларды талап етеді (мысалы, симультальды, біріктірілген немесе реконструктивтік операциялар). Қосымша тіндер мен ағзалардың ерекшеліктеріне бейімделген мамандандырылған жабдықты пайдалануды қажет ететін пациенттің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері (неонатальды жастағы балаларда технологияны қолдану) ескеріледі. Мұндай операциялар асқыну қаупі жоғары және мұқият жоспарлауды қажет етеді. | 10 | 5 |
Бірнеше кезеңдерді қамтитын және хирург пен медицина персоналының жоғары деңгейде дайындығын талап ететін орташа күрделіліктегі технологиялар. Операциялар біріктірілген немесе реконструктивті болуы мүмкін, бірақ күрделі анатомиялық немесе физиологиялық ерекшеліктері жоқ балалар мен ересек пациенттерде орындалады | 7,5 | 3,75 | |||
Технологияның орындау қиындығы төмен (мысалы, жоспарланған) операциялар) және базалық хирургиялық жабдықты пайдаланыла отырып, стандартты жағдайларда жүргізіледі. Бұл операциялар әдетте бір сатылы және пациент үшін төмен қауіп деңгейіне ие | 5 | 2,5 | |||
Күрделілікті қажет етпейтін технологиялар амбулаториялық негізде орындалатын өте қарапайым емшараларды қамтиды. Олар арнайы дайындықты қажет етпейді және ресурстардың ең аз мөлшерін пайдалана отырып, жылдам орындалуы мүмкін | 2,5 | 1,25 |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 2-қосымша |
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.10.2025 № 103 (01.10.2025 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
р/с № | Жоғары технологиялық медициналық көмек коды | Жоғары технологиялық медициналық көмек түрінің атауы |
Шұғыл емдеуге жатқызу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері | ||
1 | 00.50 | Бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды жалпы жүйенің дефибрилляторын жанаспай импланттау (CRT-P) |
2 | 35.84 | Басқа айдарларда жіктелмейтін ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру |
3 | 35.23 | Митралдық қақпақшаны тіндік трансплантаттаушымен ашық және басқаша ауыстыру |
4 | 35.21 | Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантаттаушымен ашық және басқаша ауыстыру |
5 | 35.82 | Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру |
6 | 37.94 | Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды имплантаттау |
7 | 37.66 | Имплантатталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу |
8 | 35.33 | Аннулопластика |
9 | 81.042 | Эндотүзеткіштерді ішкі бекітумен кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі,алдыңғы жету әдісі |
10 | 39.72 | Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау |
11 | 00.65 | Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы имплантаттау |
12 | 02.93 | Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру |
13 | 03.7992 | Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция |
14 | 03.7993 | Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау |
15 | 81.073 | Бел және сегізкөз омыртқаларының спондилодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу |
16 | 81.062 | Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі |
17 | 81.041 | Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі |
18 | 81.53 | Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
19 | 81.55 | Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
20 | 50.52 | Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бауырды транспланттау |
21 | 55.62 | Өлімнен кейінгі донордан бүйректі трансплантаттау |
22 | 50.59 | Бауырды басқа транспланттау |
23 | 86.66 | Терінің аллотранспланттау |
24 | 52.53 | Радикалдық субтоталдық панкреотомия |
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері | ||
1 | 92.321 | Гамма-пышақ аппаратын қолдана отырып, орталық нерв жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісі |
2 | 92.201 | Қуықасты безі обырының жоғары дозалы брахитерапиясы |
3 | 92.202 | Қуықасты безінде орналасқан обырдың интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия) |
4 | 92.203 | Әйелдің жыныс жолдарының обыры кезіндегі жоғары дозалы брахитерапия |
5 | 54.970.059 | Гипертермиялық интраперитонеалды химиотерапия (HIPEC) |
6 | 92.291 | Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы |
7 | 92.330.001 | Протондық терапия (1 сеанс) |
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлері | ||
1 | 00.50 | Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды имплантаттау (CRT-P) |
2 | 00.51 | Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын имплантаттау (CRT-D) |
3 | 00.65 | Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау |
4 | 00.93 | Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу |
5 | 01.53 | Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы |
6 | 02.93 | Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру |
7 | 03.7992 | Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция |
8 | 03.7993 | Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау |
9 | 03.93 | Жұлын нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру |
10 | 20.95 | Электромагниттік есту аппаратын импланттау |
11 | 33.5 | Өкпені транспланттау |
12 | 33.6 | "Жүрек – өкпе" кешенін аралас транспланттау |
13 | 35.05 | Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру |
14 | 35.11 | Ауыстырмай қолқа қақпақшаның ашық вальвулопластикасы |
15 | 35.12 | Ауыстырмай митралдық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы |
16 | 35.121 | Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы |
17 | 35.14 | Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы |
18 | 35.21 | Қолқа қақпақшасын тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру |
19 | 35.23 | Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқа ауыстыру |
20 | 35.33 | Аннулопластика |
21 | 35.55 | Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою |
22 | 35.82 | Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру |
23 | 35.83 | Артериялық діңді толық қалпына келтіру |
24 | 35.84 | Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру |
25 | 35.91 | Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы |
26 | 35.9900 | Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу |
27 | 35.991 | Митралдық тесікті клиптеу |
28 | 36.1000 | Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау |
29 | 36.16 | Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау |
30 | 37.32 | Жүрек аневризмасын тілу |
31 | 37.35 | Парциалдық вентрикулоэктомия |
32 | 37.36 | Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау |
33 | 37.51 | Жүректі транспланттау |
34 | 37.66 | Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу |
35 | 37.76 | Трансвеналық атриялық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру |
36 | 37.94 | Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау |
37 | 37.941 | Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру |
38 | 37.96 | Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана импланттау |
39 | 38.12 | Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы |
40 | 38.34 | Анастомозбен қолқаның резекциясы |
41 | 38.341 | Қолқа доғасының үзігін түзету |
42 | 39.28 | Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау |
43 | 39.591 | Қолқа-өкпе саңылауының пластикасы |
44 | 39.65 | Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация |
45 | 39.72 | Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау |
46 | 39.73 | Кеуде қолқасына протезді эндоваскулярлық имплантанттау |
47 | 39.731 | Қолқаның коарктациясын стенттеу |
48 | 41.01 | Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау |
49 | 41.04 | Аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз транспланттау |
50 | 41.05 | Аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз транспланттау |
51 | 41.06 | Кіндік дің жасушаларын трансплантаттау |
52 | 41.10 | Феталдық бағаналық жасушаларды транспланттау |
53 | 50.52 | Өлімнен кейінгі донордан бауырды транспланттау |
54 | 50.59 | Бауырды басқа транспланттау |
55 | 52.53 | Радикалдық субтоталдық панкреотомия |
56 | 52.80 | Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған |
57 | 55.5016 | Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия |
58 | 55.62 | Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бүйректі транспланттау |
59 | 56.7404 | Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия |
60 | 63.8301 | Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия |
61 | 78.191 | Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектерінде сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану |
62 | 81.041 | Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі |
63 | 81.042 | Эндокорректор бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі |
64 | 81.062 | Эндокорректордың ішкі бекітуі арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондилодезі, алдыңғы жету әдісі |
65 | 81.073 | Бел және сегізкөз омыртқаларының спондилодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу |
66 | 81.53 | Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
67 | 81.55 | Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған |
68 | 81.9610 | Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру |
69 | 86.66 | Теріні аллотранспланттау |
70 | 99.791 | Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау |
| Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 16 қазаны № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына 3-қосымша |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1) "Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 қаңтарда жарияланған);
2) "Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған);
3) "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20381 болып тіркелген, Қазақстан Республикасыың Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 15 сәуірде жарияланған).