"Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-42 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 желтоқсанда № 17962 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.10.2020 № ҚР ДСМ-134/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда № 14630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2018 жылғы 14 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-42 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1112 бұйрығына
қосымша

Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

Код

Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің атауы

1. Бірегей түрлері

Хирургиялық бейін

1.

00.93

Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу

2.

02.93

Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру

3.

03.93

Арқалық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру

4.

33.5

Өкпені транспланттау

5.

33.6

"Жүрек - өкпе" кешенін аралас транспланттау

6.

37.51

Жүректі транспланттау

7.

37.66

Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу

8.

41.06

Кіндік дің жасушаларын транспланттау

9.

41.10

Феталдық бағаналық жасушаларды транспланттау

10.

50.52

Кадаврдан бауырды транспланттау

11.

52.80

Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған

12.

55.62

Кадаврдан бүйректі транспланттау

13.

99.791

Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау

Терапиялық бейін

14.

92.247

Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия

2. Негізгі түрлері

Хирургиялық бейін

15.

00.50

Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)

16.

00.51

Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын импланттау (CRT-D)

17.

00.65

Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау

18.

01.53

Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы

19.

03.7992

Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция

20.

03.7993

Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау

21.

35.05

Аорталық қақпақшаны эндоваскулярлық ауыстыру

22.

35.11

Ауыстырмай аорталық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы

23.

35.12

Ауыстырмай митралдық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы

24.

35.121

Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы

25.

35.14

Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы

26.

35.21

Аорталық қақпақшаны тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру

27.

35.23

Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқаша ауыстыру

28.

35.33

Аннулопластика

29.

35.55

Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою

30.

35.82

Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру

31.

35.83

Артериялық діңді толық қалпына келтіру

32.

35.84

Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру

33.

35.91

Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы

34.

35.9900

Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу

35.

35.991

Митралдық тесікті клиптеу

36.

36.1000

Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау

37.

36.16

Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау

38.

37.32

Жүрек аневризмасын кесу

39.

37.35

Парциалдық вентрикулоэктомия

40.

37.36

Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау

41.

37.76

Трансвеналық атриалдық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру

42.

37.94

Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау

43.

37.941

Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру

44.

37.96

Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана импланттау

45.

38.12

Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы

46.

38.34

Анастомозбен қолқаның резекциясы

47.

38.341

Аорта доғасының үзілісін түзету

48.

39.28

Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау

49.

39.591

Аорта-өкпе саңылауының пластикасы

50.

39.72

Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау

51.

39.73

Кеуде аортасына протезді эндоваскулярлық имплантанттау

52.

39.731

Аортаның коарктациясын стенттеу

53.

41.01

Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау

54.

41.04

Аутологиялық гемопоэтикалық бағаналық жасушаларды тазартусыз транспланттау

55.

41.05

Аллогендік гемопоэтикалық бағаналық жасушаларды тазартусыз транспланттау

56.

50.59

Бауырды басқа транспланттау

57.

52.53

Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия

58.

55.5016

Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия

59.

56.7404

Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия

60.

63.8301

Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия

61.

78.191

Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектеріне сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану

62.

81.041

Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

63.

81.042

Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

64.

81.062

Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

65.

81.073

Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу

66.

81.53

Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған

67.

81.55

Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған

68.

81.9610

Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру

69.

86.66

Теріні аллотранспланттау

Акушериялық-гинекологиялық бейін

70.

69.921

Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама

71.

69.922

Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама

72.

69.923

АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама

73.

69.924

АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама

Педиатриялық бейін

74.

20.95

Электромагниттік есту аппаратын импланттау

Терапиялық бейін

75.

39.65

Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация

76.

92.201

Қуықасты безі обырының жоғары мөлшердегі брахитерапиясы

77.

92.202

Қуықасты безінің оқшауланған обырының интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия)

78.

92.291

Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы