Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 сәуірде № 20381 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.10.2020 2020 № ҚР ДСМ-134/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексі 42-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
Е. Биртанов

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 10 сәуірдегі
№ ҚР ДСМ-37/2020
бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.12.2020 № ҚР ДСМ-238/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Жоғары технологиялы медициналық қызметтер түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14630 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):

      бұйрыққа қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Стационарлық көмек көрсету қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 45-1-тармақпен толықтырылсын:

      "45-1. Пациентте ЖТМҚ көрсету үшін медициналық көрсетілімдер болған кезде емдеуге жатқызу "Жоғары технологиялы медициналық қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 12 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14868 болып тіркелген).".

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
миниистрлігінің өзгерістер мен
толықтыру енгізілетін
нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1112 бұйрығына
қосымша

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

Код

Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің атауы

1

00.50

Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)

2

39.65

Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация

3

35.84

Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру

4

35.23

Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқаша ауыстыру

5

35.21

Аорталық қақпақшаны тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру

6

35.82

Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру

7

37.94

Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау

8

37.66

Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу

9

35.33

Аннулопластика

10

81.042

Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

11

39.72

Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау

12

00.65

Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау

13

02.93

Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру

14

03.7992

Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция

15

03.7993

Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау

16

81.073

Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу

17

81.062

Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

18

81.041

Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

19

81.53

Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған

20

81.55

Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған

21

50.52

Кадаврдан бауырды транспланттау

22

55.62

Кадаврдан бүйректі транспланттау

23

50.59

Бауырды басқа транспланттау

24

86.66

Теріні аллотранспланттау

25

52.53

Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия



Консультациялық-диагностикалық көмек шеңберінде қатерлі ісік аурулары бойынша технологиялар тізімі

26

92.201

Қуықасты безі обырының жоғары мөлшердегі брахитерапиясы

27

92.202

Қуықасты безінің оқшауланған обырының интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия)

28

92.247

Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия

29

92.291

Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жоспарлы емдеуге жатқызу шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлері

Код АХЖ-9

АХЖ - 9 атауы

1

00.50

Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды импланттау (CRT-P)

2

00.51

Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын импланттау (CRT-D)

3

00.65

Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау

4

00.93

Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу

5

01.53

Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы

6

02.93

Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру

7

03.7992

Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция

8

03.7993

Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау

9

03.93

Арқалық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру

10

20.95

Электромагниттік есту аппаратын импланттау

11

33.5

Өкпені транспланттау

12

33.6

"Жүрек - өкпе" кешенін аралас транспланттау

13

35.05

Аорталық қақпақшаны эндоваскулярлық ауыстыру

14

35.11

Ауыстырмай аорталық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы

15

35.12

Ауыстырмай митралдық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы

16

35.121

Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы

17

35.14

Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы

18

35.21

Аорталық қақпақшаны тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру

19

35.23

Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқаша ауыстыру

20

35.33

Аннулопластика

21

35.55

Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою

22

35.82

Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру

23

35.83

Артериялық діңді толық қалпына келтіру

24

35.84

Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру

25

35.91

Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы

26

35.9900

Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу

27

35.991

Митралдық тесікті клиптеу

28

36.1000

Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау

29

36.16

Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау

30

37.32

Жүрек аневризмасын кесу

31

37.35

Парциалдық вентрикулоэктомия

32

37.36

Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау

33

37.51

Жүректі транспланттау

34

37.66

Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу

35

37.76

Трансвеналық атриалдық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру

36

37.94

Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау

37

37.941

Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру

38

37.96

Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана импланттау

39

38.12

Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы

40

38.34

Анастомозбен қолқаның резекциясы

41

38.341

Аорта доғасының үзілісін түзету

42

39.28

Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау

43

39.591

Аорта-өкпе саңылауының пластикасы

44

39.65

Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация

45

39.72

Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау

46

39.73

Кеуде аортасына протезді эндоваскулярлық имплантанттау

47

39.731

Аортаның коарктациясын стенттеу

48

41.01

Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау

49

41.04

Аутологиялық гемопоэтикалық бағаналық жасушаларды тазартусыз транспланттау

50

41.05

Аллогендік гемопоэтикалық бағаналық жасушаларды тазартусыз транспланттау

51

41.06

Кіндік дің жасушаларын транспланттау

52

41.10

Феталдық бағаналық жасушаларды транспланттау

53

50.52

Кадаврдан бауырды транспланттау

54

50.59

Бауырды басқа транспланттау

55

52.53

Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия

56

52.80

Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған

57

55.5016

Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия

58

55.62

Кадаврдан бүйректі транспланттау

59

56.7404

Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия

60

63.8301

Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия

61

69.921

Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама

62

69.922

Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама

63

69.923

АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама

64

69.924

АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама

65

78.191

Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектеріне сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану

66

81.041

Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

67

81.042

Эндокорректор фиксациясы арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

68

81.062

Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

69

81.073

Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу

70

81.53

Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған

71

81.55

Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған

72

81.9610

Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру

73

86.66

Теріні аллотранспланттау

74

99.791

Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау