ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 қазаны № 309 бұйрығымен бекітілген |
"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
1-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) жазылған.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеуді келіп түскен күні жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты жұмыскерді тағайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді.
Тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қорытындыны (рұқсат беру құжатын) не осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Қорытынды (рұқсат беру құжаты) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге арналған қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың талаптарын ескере отырып жасалады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің басшысының не оның міндетін атқарушы адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы;
2) қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) пестицидтердің ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтарын жүргізу жоспарында тіркелмеген пестицидтердің болмауы;
5) ғылыми зерттеулер жүргізуге шарттың болмауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
8. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі және осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген мерзімдерде қарауға жатады.
Шағым Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабы 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік орган және (немесе) лауазымды адам) жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
12. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері (қол жеткізу арналары) | www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 2 (екі) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат беру құжаты) не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледi. |
7 | Жұмыс уақыты |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1) көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес ныан бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжатын) беру туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы; |
10 | Өзге талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу(ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру туралы өтініш
20 __/________№____/______
Кімге___________________________________________________
(қорытынды беруге уәкілетті Еуразиялық экономикалық
одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органының атауы)
Кімнен__________________________________________________
(заңды тұлғалар үшін – ұйымның толық ресми атауы, заңды мекенжайы
почталық мекенжайы, елі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғалар
үшін –аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, тұрғылықты мекенжайы, почталық
мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________
Қазақстан Республикасының аумағына____________________
(тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарын/ тіркелмеген өсімдіктерді қорғау
құралдарының шектелген санын – керегін көрсету қажет)
___________________________________ әкелуге қорытынды беруді сұраймын.
Орнын ауыстыру түрі____________________________________________
(орнын ауыстыру түрі)
_________________________________ ___________________________
(Тауарлардың бірыңғай тізбесінің бөлімі) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды*)
Тауардың атауы | Саны | Өлшем бірлігі |
Алушы/жіберуші_________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, ел)
Межелі ел/жіберуші ел ___________________________________________
Әкелу (әкету) мақсаты____________________________________________
Уақытша әкелу (әкету) мерзімі_____________________________________
Негіз___________________________________________________________
_______________________________________________________________
Қосымша ақпарат:
Инвойс немесе тауарлы-көліктік жөнелтпе құжат_____________________
(нөмірі, күні)
Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізуге және (немесе)
ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған шарт __________________________
_______________________________________________________________
(шарттың нөмірі, қол қойған күні, орындаушы ұйымының атауы, почталық мекенжайы)
Транзит елі____________________________________________________
(аумақ бойынша транзит)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен
қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Электрондық цифрлық қолтаңба _____________Күні__________________
_____________________________________________
(аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі)
<*> жолдар тауарлар санаттарына қойылатын талаптарды ескере отырып толтырылады.
Ескертпе: өтініш нысаны Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16
мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу
шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды
әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының)
бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтардың 5-7, 10-21-
тармақтарының талаптарын ескере отырып толтырылады.
Қорытынды (рұқсат құжаты)
№____/______20 /________
________________________________________________________________________________
(қорытынды беруге уәкілетті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органының атауы)
Берілді _________________________________________________________________________
(заңды тұлғалар үшін – ұйымның атауы, почталық мекенжайы, елі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) почталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________________
Орнын ауыстыру түрі _____________________________________________________________
(орнын ауыстыру түрі)
________________________________________________________________________________
(Тауарлардың бірыңғай тізбесінің бөлімі) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды*)
Тауардың атауы | Саны | Өлшем бірлігі |
Алушы/жіберуші _________________________________________________________________
(Атауы, заңды мекенжайы, ел)
Межелі ел/жіберуші ел ____________________________________________________________
Әкелу (әкету) мақсаты ____________________________________________________________
Негіз: __________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Қосымша ақпарат ________________________________________________________________
Транзит елі ______________________________________________________________________
(аумақ бойынша транзит)
Қорытынды дейін жарамды _____________ ___________________________________________
(Лауазымы)
_______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Электрондық цифрлық қолтаңба _______________ Күні_______________
<*> – жолдар тауарлар санаттарына қойылатын талаптарды ескере отырып толтырылады.
[Уәкілетті органның |
[Уәкілетті органның |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [Берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны:
Облыс: [Облыс]
Аудан: [Аудан]
Қала\ елді мекен: [Қала\ елді мекен]
[жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі] [ЖСН/БСН]
Тіркеу күні [күні]
Бас тарту себебі: [Бас тарту себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болса), тегі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]