ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 8 қазаны № 309 бұйрығымен бекітілген |
"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесін" білдіретін ақпараттық жүйе;
2) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
1-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) баяндалған.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін жолдайды.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы, мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
Портал мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін және уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеуді келіп түскен күні жүзеге асырады және жауапты жұмыскерді тағайындайтын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар берілген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы мәліметтердің толықтығын тексереді.
Тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты жұмыскері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін – қорытындыны (рұқсат беру құжатын) не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды ресімдейді.
Қорытынды (рұқсат беру құжаты) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, әкетуге және транзиттеуге арналған қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың талаптарын ескере отырып жасалады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы;
2) қорытынды (рұқсат беру құжатын) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
4) пестицидтердің ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтарын жүргізу жоспарында тіркелмеген пестицидтердің болмауы;
5) ғылыми зерттеулер жүргізуге шарттың болмауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
8. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесі қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2022 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми- зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына |
|
1-қосымша |
"Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
2 | Мемлекеттік қызметті беру тәсілі (кіру каналдары) | "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы. |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: | 2 (екі) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны | Электрондық. |
5 | Мемлкеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған уәкілетті органның қорытындысы (рұқсат беру құжаты) не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлееттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс уақыты |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі –Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: |
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешіміне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжаты) беру туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуге дәлелді бас тартуға негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы; |
10 | Өзге талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу(ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) ғылыми-зерттеулер жүргізу үшін тіркелмеген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге арналған қорытынды (рұқсат құжатын) беру туралы өтініш
№____/______20 /________
Кімге ___________________________________________________________________________
(қорытынды беруге уәкілетті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органының атауы)
Кімнен _________________________________________________________________________
(заңды тұлғалар үшін – ұйымның атауы, почталық мекенжайы, елі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі / жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) почталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының аумағына_____________________________ (өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарын/ өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының шектелген санын – керегін көрсету қажет) ___________________________________ әкелуге қорытынды беруді сұраймын.
Орнын ауыстыру түрі _____________________________________________________________
(орнын ауыстыру түрі)
_________________________________ ___________________________
(Тауарлардың бірыңғай тізбесінің бөлімі) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды*)
Тауардың атауы | Саны | Өлшем бірлігі |
Алушы/жіберуші _________________________________________________________________
(атауы, заңды мекенжайы, ел)
Межелі ел/жіберуші ел ____________________________________________________________
Әкелу (әкету) мақсаты ____________________________________________________________
Негіз ___________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Қосымша ақпарат:
Инвойс немесе тауарлы-көліктік жөнелтпе құжат ______________________________________
(нөмірі, күні)
Тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын жүргізуге және (немесе) зерттеулер
жүргізуге арналған шарт ___________________________________________________________
(шарттың нөмірі, қол қойған күні, орындаушы ұйымының атауы, почталық мекенжайы)
Транзит елі ______________________________________________________________________
(аумақ бойынша транзит)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Электрондық цифрлық қолтаңба _____________ Күні __________________________________
_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
<*> жолдар тауарлар санаттарына қойылатын талаптарды ескере отырып толтырылады.
Ескертпе: өтініш нысаны Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 мамырдағы № 45 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде басқа елдермен сауда кезіндегі Кедендік одақтың мүше-мемлекеттерімен әкелуге немесе шығаруға тыйым немесе шектеу қою қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген жекелеген тауарларды әкелуге, шығаруға және олардың транзитіне қорытындының (рұқсат беру құжатының) бірыңғай нысанын толтыру жөніндегі әдістемелік нұсқаудың 5-7, 10-21-тармақтарының талаптарын ескере отырып толтырылады.
Қорытынды (рұқсат құжаты)
№____/______20 /________
________________________________________________________________________________
(қорытынды беруге уәкілетті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органының атауы)
Берілді _________________________________________________________________________
(заңды тұлғалар үшін – ұйымның атауы, почталық мекенжайы, елі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) почталық мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________________
Орнын ауыстыру түрі _____________________________________________________________
(орнын ауыстыру түрі)
________________________________________________________________________________
(Тауарлардың бірыңғай тізбесінің бөлімі) (ЕАЭО СЭҚ ТН коды*)
Тауардың атауы | Саны | Өлшем бірлігі |
Алушы/жіберуші _________________________________________________________________
(Атауы, заңды мекенжайы, ел)
Межелі ел/жіберуші ел ____________________________________________________________
Әкелу (әкету) мақсаты ____________________________________________________________
Негіз: __________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Қосымша ақпарат ________________________________________________________________
Транзит елі ______________________________________________________________________
(аумақ бойынша транзит)
Қорытынды дейін жарамды _____________ ___________________________________________
(Лауазымы)
_______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Электрондық цифрлық қолтаңба _______________ Күні_______________
<*> – жолдар тауарлар санаттарына қойылатын талаптарды ескере отырып толтырылады.
[Уәкілетті органның |
[Уәкілетті органның |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту
Берілген күні: [Берілген күні]
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы]
Тіркеу орны:
Облыс: [Облыс]
Аудан: [Аудан]
Қала\ елді мекен: [Қала\ елді мекен]
[жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі] [ЖСН/БСН]
Тіркеу күні [күні]
Бас тарту себебі: [Бас тарту себебі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (болса), тегі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі]