Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21367 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2020 жылғы 1 қазаны
№ 365/НҚ бұйрығымен
бекітілді

Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) алдын ала ұсыныс – көрсетілетін қызметті алушының конкурстың бірінші кезеңіне беретін ұсынысы;

      2) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алған жеке немесе заңды тұлға;

      3) гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) –құрамына қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдерінің тақ саны кіретін алқалы орган (келісім бойынша), өтінімдердің сараптамаларын және осы Қағидаларда белгіленген инновациялық гранттар беру шарттарын ескере отырып, өтінім берушілердің жобалары бойынша шешімдер қабылдау үшін Технологиялық даму саласындағы ұлттық институт шеңберінде құрылған тәуелсіз (отандық және (немесе) шетелдік) сарапшылар;

      4) жобаны бағалау критерийлері – балдық жүйені пайдалана отырып, көрсетілетін қызметті алушының жобасын бағалау белгілері;

      5) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар (оның ішінде жай серіктестіктер нысанындағы);

      6) инновациялық грант – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;

      7) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) Кеңестің шешімі – кеңес мүшелері қабылдаған және хаттамамен ресімделген, сондай-ақ инновациялық грант беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтерді қамтитын шешім;

      9) өтінім – көрсетілетін қызметті берушіге жіберетін көрсетілетін қызметті алушының алдын ала және толық ұсыныстары;

      10) өтінім беруші (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – инновациялық грант алу үшін осы Қағидаларға сәйкес қарауға өтінім ұсынған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі;

      11) өтінімдерді электронды қабылдау және сүйемелдеудің автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – автоматтандырылған жүйе) – бұл инновациялық гранттарды алуға берілетін өтінімдерді қабылдау және сүйемелдеу бойынша автоматтандырылған жүйе;

      12) технология – белгілі бір өнімді өндіру мен шығаруды, оның ішінде тауарларды өндіру мен шығаруды қамтамасыз ететін әдістер мен құралдардың жиынтығы;

      13) технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға және инновациялық даму процестерін үйлестіруге уәкілетті ұлттық даму институты;

      14) технологияларды коммерцияландыру – оң экономикалық тиімділік алуға бағытталған, жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін іс жүзінде қолдануға байланысты қызмет;

      15) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында инновациялық грант беруге жасалған шарт;

      16) толық ұсыныс – көрсетілетін қызметті алушының конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін көрсетілетін қызметті берушіге жіберетін ұсынысы.

      3. "Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант көрсетілетін қызметті алушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізуге беріледі.

      5. Инновациялық гранттарды беруді ақпараттық қамтамасыз етуді уәкілетті орган және көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

      6. Осы Қағидаларға сәйкес инновациялық гранттар беруді уәкілетті орган мен көрсетілетін қызметті беруші арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттар беруге көзделген қаражатты бөлу жолымен уәкілетті орган жүзеге асырады.

      7. Қаржы жылының соңына есептелетін көрсетілетін қызметті берушінің ағымдағы шотындағы қаражат қалдықтары уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің инновациялық гранттар беру жөніндегі қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

2-тарау. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру тәртібі

      9. Көрсетілетін қызметті беруші инновациялық гранттарды алуға өтінімдерді қабылдау туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет - ресурсында "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) мекенжайын және өтінімдерді қабылдау кестесін көрсете отырып хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау кестесі уәкілетті органмен келісіледі және өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде оның ресми интернет-ресурсында жарияланады.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне құжаттар топтамасын ұсынады.

      11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау, оның көшірмесіне тіркеу күні мен нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі болып табылады.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға автоматтандырылған жүйенің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      12. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынылған құжаттар мен оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      13. Көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қараудың және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші өтінімді тіркеген сәттен бастап 45 (қырық бес) жұмыс күнін құрайды.

      14. Өтінімдерді ашық және жан-жақты қарау, сондай-ақ инновациялық грант беру туралы шешім қабылдау мақсатында қызмет беруші Кеңес құрады. Кеңестің қызметін ұйымдастыру, оның мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу және оның құрамы көрсетілетін қызметті берушінің актісімен реттеледі.

      Уәкілетті органның шешімі бойынша Кеңестің функциялары Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 2 ақпандағы Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Өнімді инновацияларды ынталандыру жобасы) шеңберінде құрылған ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңеске жүктеледі.

      15. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті беруші алдын-ала ұсыныстарды тіркеген сәттен бастап оны қарау үшін Кеңеске жібереді.

      Кеңес 10 (он) жұмыс күні ішінде жоба негізінде әзірлеудің ғылыми-техникалық деңгейін бағалау, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған шешімді енгізу перспективасы, құрылатын өнімді іске асыруды коммерцияландыру әлеуеті, жобаны орындау үшін жоба командасының болуы және біліктілігі, сондай-ақ осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жоба тәуекелдерін бағалау тұрғысынан алдын ала ұсыныстарды қарауды және іріктеуді жүзеге асырады.

      Алдын ала ұсыныстарды қарау аяқталғаннан кейін Кеңес көрсетілетін қызметті алушыларды конкурстың екінші кезеңіне жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

      2) көрсетілетін қызметті беруші Кеңестің шешімін алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде іріктеуден өткен көрсетілетін қызметті алушыларға толық ұсыныстар мен таныстырылымдарды дайындау туралы тиісті хабарламаны электрондық пошта мекенжайына, сондай-ақ екінші кезеңге өтпеген көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді.

      Өтінімді қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушыға толық ұсынысты дайындау туралы ресми хабарлама электрондық пошта арқылы жіберілген сәттен бастап тоқтатыла тұрады.

      3) іріктеуден өткен көрсетілетін қызметті алушы 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге толық ұсыныс жібереді.

      4) көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде толық ұсыныстарды қабылдауды және тексеруді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы толық ұсыныс ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің акционерін, уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, инновациялық гранттар беру процесіне іске қосылмаған үшінші тұлғаларға өтінімде қамтылған ақпаратты жария етпеуді қамтамасыз етеді;

      5) Кеңес 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде толық ұсынысқа сараптама жүргізеді.

      Қажет болған жағдайда сараптама жүргізу үшін көрсетілетін қызметті беруші тартылады.

      Көрсетілетін қызметті берушіде сарапшылар болмаған жағдайда сараптама жүргізу үшін сыртқы отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар тартылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші сыртқы отандық және шетелдік сарапшылар мен сараптамалық ұйымдардың тізбесін, оның ішінде "Атамекен" Қазақстан Республикасы ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың ұсынымдары негізінде қалыптастырады.

      Сараптама мына бағыттар бойынша жүргізіледі:

      технологиялық сараптама аналогтармен салыстырғанда, жобаның техникалық іске асырылуы мен технологиялық орындылығын белгілеу мақсатында жүргізіледі;

      қаржы-экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық орындылығын, бәсекеге қабілеттілік өлшемшарттарын, маркетингтік стратегияны, жұмыстарды мәлімделген мерзімдерге (кезеңдерге), көлемі мен мазмұнына және қаржыландырудың сұратылып отырған сомасына бөлу мақсатында жүргізіледі;

      құқықтық сараптама ұсынылған құжаттардың мазмұнын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан талдау мақсатында жүргізіледі.

      Технологиялық, қаржылық-экономикалық және құқықтық сараптамалар жобалар бойынша бір мезгілде жүргізіледі;

      Өтінімдерге жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша сараптамалық қорытынды қалыптастырылады;

      6) сараптамалардың сараптамалық қорытындылары негізінде көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде кешенді қорытынды қалыптастырады және Кеңеске қарауына жібереді.

      7) Кеңес отырысына көрсетілетін қызметті алушы өз жобасын көзбе-көз немесе аудио және бейне тіркеумен телекоммуникациялар құралдары арқылы таныстыру үшін шақырылады.

      Қарау нәтижелері бойынша Кеңес көрсетілетін қызметті алушыға инновациялық грант беру туралы немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Жалпы шешім көрсетілетін қызметті алушының өтінімін балдық бағалау жолымен қабылданады, ол Кеңес шешімінің хаттамасына жинақталады және оның төрағасы оған қол қояды, одан әрі көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі;

      8) көрсетілетін қызметті беруші Кеңес шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны шартқа қол қою қажеттігі туралы хабардар етеді немесе көрсетілетін қызметті алушыларға бас тарту туралы мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді.

      Шартқа көрсетілетін қызметті алушы не оның шарт жасасуға уәкілетті өкілі және көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

      Шарт көрсетілетін қызметті беруші айқындайтын нысан бойынша тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалады.

      Егер тиісті қаржы жылына инновациялық гранттар алуға мәлімделген сомалардың жалпы мөлшері тиісті қаржы жылына уәкілетті орган бөлген сомадан асатын болса, онда гранттар беруге өтінімдерді іріктеу алынған балдардың ең көп саны бойынша жүзеге асырылады.

      16. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші немесе уәкілетті орган басшысының атына немесе Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      18. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

      19. Көрсетілетін қызметті беруші жасалған шартқа сәйкес жобаның іске асырылуын және көрсетілетін қызметті алушының қабылданған қарсы міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асыру үшін жобаның іске асырылуына тұрақты мониторинг жүргізеді.

      Мониторинг барысында инновациялық грант қаражатын мақсатсыз пайдалану анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің шотына шартты бұзу және инновациялық грант қаражатын қайтару туралы мәселені Кеңестің қарауына шығарады. Осы қаражатты көрсетілетін қызметті беруші инновациялық гранттар беруге жұмсайды.

      20. Жасалған шарттар бойынша жобалардың мониторингі көрсетілетін қызметті берушінің актісімен реттеледі, ол уәкілетті органның, көрсетілетін қызметті берушінің интернет - ресурсында орналастырылады.

      21. Көрсетілетін қызметті алушыға байланысты емес мән-жайлар бойынша жобаны іске асыру мүмкін болмаған негізді жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші шартты бұзу туралы мәселені Кеңестің қарауына шығарады.

      Бұл ретте шарт бұзылған кезде жұмсалған инновациялық грант қаражаты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылды деп есептеледі.

      22. Шартта грант алушының жоба туралы ақпаратты көрсетілетін қызмет беруші жобаны постгранттық мониторингілеу мақсатында жобаны аяқтау туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде ұсынуы көзделеді.

3-тарау. Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру шарттары

      23. Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант шеңберінде жобаны қаржыландырудың жалпы сомасы 90%-ға дейін, бірақ 150 000 000 (жүз елу миллион) теңгеден аспайды және жобаны іске асырудың мынадай сатыларын қамтитын шарттың талаптарына сәйкес жүргізіледі:

      1) технологияны коммерциялық пайдалануға арналған жоба тұжырымдамасының негіздемесі (акселерациялық кезең);

      2) өндірісті және (немесе) процестерді жолға қою (жобаны іске асыру);

      3) нарыққа жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен қызметтерді шығару (коммерцияландыру).

      24. Егер жоба бойынша бірінші және (немесе) екінші сатыдан өту талап етілмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алдыңғы сатыдан өтпей-ақ екінші және (немесе) үшінші сатыға өтеді.

      Әрбір кезең аяқталғаннан кейін тиісті кезең уақытында көрсетілетін қызметті алушының (грант алушының) қол жеткізілген нәтижелері негізінде Кеңес оны келесі кезеңге жіберу және тиісті қаржыландыру траншын беру туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте, жобаны іске асырудың бірінші сатысынан екінші сатысына өтетін грант алушылардың саны грант алушылардың жалпы санының 20%-нан аспайды.

      25. Технологияны коммерциялық пайдалануға арналған жоба тұжырымдамасын негіздеу кезеңіне арналған инновациялық грант (акселерациялық кезең) 10 000 000 (он миллион) теңгеден аспайды және шығындардың мынадай түрлерін жабады:

      1) салықтарды, алымдарды және онымен байланысты басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда, жоба командасының жалақысы (тиісті кезең қаражаты сомасының 75%-нан аспайтын);

      2) үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындайтын өзге де жұмыстарға және (немесе) қызметтерге ақы төлеу (тиісті кезең қаражаты сомасының 20%-нан аспайтын);

      3) кеңсе және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалға алу.

      26. Өндірісті және (немесе) процестерді жолға қою (жобаны іске асыру) немесе нарыққа жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен қызметтерді шығару (коммерцияландыру) сатысындағы инновациялық грант қоса қаржыландыру шартымен беріледі және 140 000 000 (бір жүз қырық миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайды.

      27. Осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген инновациялық грант шығындардың мынадай түрлерін жабады:

      1) салықтар, алымдар және оған байланысты басқа да міндетті төлемдерді қоса алғанда, жоба командасының жалақысы (75%-дан аспайтын);

      2) қажет болған жағдайда тасымалдауды, салықтық міндеттемелерді және кедендік баждарды қоса алғанда, одан әрі коммерцияландыру мақсатында өнім немесе қызмет көрсетуді жасау үшін қажетті лицензиялар, жабдықтар сатып алу (30%-дан аспайтын);

      3) одан әрі коммерцияландыру мақсатында өнімді немесе көрсетілетін қызметтерді құру үшін материалдар мен жинақтаушыларды сатып алу (жоба сомасының 15%-нан аспайтын);

      4) үшінші тұлғалар және/немесе бірлесіп орындаушылар орындайтын өзге де жұмыстарға және (немесе) қызметтерге ақы төлеу (грант сомасының 10%-нан аспайтын);

      5) мемлекеттік баж салығын төлеу;

      6) кеңсе және (немесе) өндірістік үй-жайларды жалдау;

      7) іссапар шығыстары (жоба сомасының 10%-ынан аспайтын);

      8) маркетингтік шығыстар;

      9) жобаны ілгерілету бойынша шығыстар.

      Бұл ретте, 27-тармақта көрсетілген шығыстар тиісінше кезеңнің мақсатына қол жеткізуге бағытталатын болады деп болжанады.

      28. Көрсетілетін қызметті алушыға мынадай критерийлер белгіленеді:

      бірінші сатыда:

      ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аяқталған нәтижелерінің, өнімнің эксперименттік тәжірибелік үлгісінің немесе бастапқы конструкцияның (MVP) болуы);

      кемінде 3 білікті маманнан команда құру;

      шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылуы.

      екінші сатыда:

      өнімнің дайын тәжірибелік үлгісінің болуы;

      инновациялық гранттың сұратылып отырған сомасының кемінде 10% мөлшерінде бірлесіп қаржыландырудың болуы;

      жоба командасы 7 (жеті) адамнан аспауы тиіс, оның ішінде жоба жетекшісі, бизнесте жұмыс тәжірибесі бар (3 жылдан кем емес), маркетингтік зерттеулер жүргізуге қабілетті, қаржыгер, жоба бойынша тар мамандар (жоба ауқымына байланысты аз рұқсат етіледі).

      Бұл ретте, команда мүшелердің көп санын иеленуге құқылы, бірақ жоба шеңберінде 7 (жеті) адамнан артық қаржыландыруға жол берілмейді.

      үшінші сатыда алдыңғы сатыға қосымша:

      пайда немесе залал есебінің болуы;

      өнімді ілгерілетудің маркетингтік жоспары және клиенттердің сипаттамасы;

      сатудың негізгі кезеңдерінің болуы.

      29. Көрсетілетін қызметті алушылар жобаның жалпы сомасының кемінде 10%-ы мөлшерінде бірлесіп қаржыландыруды тарту және коммерцияландыру стратегиясына сәйкес өткізілген өнім көлеміне қол жеткізу бойынша міндеттемелерді, бірақ жобаны іске асырудың екінші және үшінші сатысының қорытындылары бойынша инновациялық грант сомасының кемінде 10%-ын өзіне алады.

      30. Көрсетілетін қызметті алушылар жобаны іске асырудың екінші және үшінші сатысының қорытындылары бойынша өнімді коммерцияландыруды және сатуды (сатуды) жүзеге асырады.

      31. Жобаларды бағалау критерийлері төмендегідей құрылған:

      1) бірлесіп қаржыландыру деңгейі;

      2) жоба командасы;

      3) өнімнің артықшылықтары:

      әлеуетті қолдану үшін нарықтың ауқымдылығы мен мөлшері;

      технологияның дайындық деңгейі;

      инновациялық және бәсекеге қабілеттілік;

      тапсырыс берушілер мен инвесторлардың болуы;

      4) экономикалық қайтарым:

      әлеуетті экономикалық нәтиже (коммерцияландыру стратегиясының негізінде).

      32. Егер индустриялық-инновациялық жобаға бұрын мәлімделген мақсаттарға мемлекеттік қолдау көрсетілсе, инновациялық гранттар беруге жол берілмейді.

      33. Жобаны іске асыруға қаражат аудару үшін кеңестің оң қорытындысын алған көрсетілетін қызметті алушы жобаны іске асыруға арналған қаражатты нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мақсатында көрсетілетін қызметті алушының жобаны іске асыруға байланысты емес шығыс операцияларын жасау құқығынсыз оларды депозитке салу шартымен Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкінде эскроу - шот режимінде жеке ағымдағы шот ашады.

      Эскроу-шот режимінде ағымдағы шот ашу туралы шартқа көрсетілетін қызметті алушы, көрсетілетін қызметті беруші және Қазақстан Республикасының резиденті екінші деңгейдегі банк арасында қол қойылады.

      34. Бизнес-әріптес немесе инвестор тарапынан бірлесіп қаржыландыруға ақшалай қаражаттың болуын растайтын құжаттарды не гранттық қаражатты алған жағдайда бірлесіп қаржыландыру сомасын енгізуге дайын екендігі туралы бизнес - әріптестің немесе инвестордың кепілдік хатын ұсынған жағдайда жол беріледі.

      35. Қаржыландыру үшін мақұлданған жобаларды іске асыру Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылады. Грант шеңберінде бөлінген қаражат өтінімде көрсетілген мақсаттарға бағытталады.

      36. Шартқа қол қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 10 (он) жұмыс күні ішінде шарт талаптарына сәйкес мөлшерде жобаны қоса қаржыландыру үшін эскроу-шот режимінде ағымдағы шотқа аударады.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан екінші деңгейдегі банктегі ашық эскроу-шотқа ақша қаражаты түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бірінші кезеңнің грант қаражатын аударуды жүргізеді.

      Келесі транштар (бөліктер) көрсетілетін қызметті беруші жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша аударылады.

      37. Инновациялық грантты бірінші сатыда игеру мерзімі 3 (үш) айдан, екінші сатыда - 12 (он екі) айдан, үшінші сатыда - 9 (тоғыз) айдан аспайды.

      Инновациялық грантты игеру мерзімі 24 (жиырма төрт) айдан аспайды.

  Технологияларды
коммерцияландыруға
инновациялық гранттар
беру қағидаларына
қосымша

"Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші)

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www. egov. kz (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі – 45 (қырық бес) жұмыс күні:
1 кезең – алдын ала ұсынысты қарау және Кеңестің екінші кезеңге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімі –10 жұмыс күні;
2 кезең – толық ұсынысты қарау және Кеңестің инновациялық грантты беру (ұсынбау) туралы шешімі – 35 жұмыс күн.

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

қағаз/электрондық

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1 кезең – Кеңестің алдын ала ұсынысты мақұлдауы және екінші кезеңге жіберу (жіберуден бас тарту) туралы шешімі;
2 кезең – технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант беру туралы шартқа қол қою немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде

6.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7.

Жұмыс кестесі

1. көрсетілетін қызметті берушінің –Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2. порталдың – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің www. gov. kz/ mem leke t/ ent іtіe s/ mdaі Мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарының бірыңғай платформасында орналасқан парақшасында, "Мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары бөлімі", "Инновациялық экожүйе департаменті" кіші бөлімінде орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1 кезең:
1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға алдын ала ұсыныс технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант алуға алдын ала ұсыныс;
2 кезең:
1) осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға арналған толық ұсыныс технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант алуға арналған толық ұсыныс;
2) осы Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Коммерцияландыру стратегиясы;
3) осы Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Күнтізбелік жоспардың жобасы;
4) осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Шығындар таратып жазылған шығыстар сметасының жобасы.
5) заңды тұлғалар үшін - жарғының көшірмесі, жоғары органның ұлттық институтқа өтінім беру туралы, басшыға немесе инновациялық грант алуға және өтінім беруге байланысты құжаттарға қол қоюға уәкілетті өзге тұлғаға өкілеттік беру туралы шешімі;
6) есепке алу Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.
7) жабдықты жеткізуге алдын ала шарттардың және (немесе) келісімдердің, оның ішінде лицензиялық шарттардың көшірмелері (бар болса);
8) жабдықты тасымалдауға (жеткізуге) арналған шарттардың көшірмелері (бар болса);
9) бағдарламалық өнімге қойылатын талаптардан басқа талап етілетін мамандар көрсетілетін бағдарламалық өнімді әзірлеуге арналған техникалық ерекшелік, олардың жұмыс түрлерін, көлемдерін, мерзімдерін және ақы төлеуді сипаттай отырып, мамандандыру бөлінісіндегі олардың саны (бағдарламалық өнімді әзірлеген жағдайда);
10) сатып алынатын жабдыққа коммерциялық ұсыныстар, сондай-ақ кемінде екі санда баламалы ұсыныстар;
11) жобаны іске асыру үшін сатып алынатын кемінде екі қызмет көрсетуге және (немесе) жұмыстарға арналған коммерциялық ұсыныстар;
12) жоба командасы мүшелерінің біліктілігін растайтын сертификаттардың, дипломдардың және басқа да құжаттардың көшірмелері.
Өтінім портал арқылы берілген жағдайда 5, 7, 8 және 12-тармақтарда көрсетілген құжаттар электрондық көшірмелер нысанында ұсынылады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының инновациялық грантты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) гранттық қаржыландыру жөніндегі Кеңестің теріс шешімі болған жағдайда.

10.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

1) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
2) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  "Технологияларды
коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
1-қосымша
  нысан

Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант алуға алдын ала ұсыныс

Жеке тұлғаның Т.А.Ә./заңды тұлғаның атауы



Жобаның атауы:


Жоба инновациялық гранттар алу үшін ұсыныстың басым бағытына жатады (бір ғана басым бағытты көрсету):

Экономика салаларында және қоғамның тіршілік әрекетінде қолданылатын жоғары өнімді технологиялар:

Индустрия 4.0 элементтерін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



 

Жаңа материалдар, аддитивті технологиялар, нанотехнологиялар.



 

Биотехнология, медицина және денсаулық сақтаудағы жаңа технологиялар.



 

Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар



 

Ғарыштық технологиялар



 

Экологиялық таза технологиялар, энергия тиімділігі, энергия үнемдеу және баламалы энергетика



 

Жаңа қаржы технологиялары



 

Электрондық өнеркәсіп



 

Робототехника



 

Өтініш берушінің мекенжайы (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)


Телефон

жұмыс


ұялы


Электрондық пошта


Ресми сайт


Жоба туралы қысқа ақпарат

Жобаның атауы:


Жобаның міндеттері:


Жобаны іске асыру орны


Жобаны іске асыру мерзімі


Өткізу нарығы
(ел, өңір)



Жобаның дайындық дәрежесі


Акселерация өтті ме

Иә


Жоқ


Жобаның сипаттамасы:


Жоба негізінде жатқан әзірлеудің ғылыми-техникалық және (немесе) технологиялық деңгейі:


Енгізу перспективасы:


Құрылатын өнімді сатудың коммерциялық әлеуеті:


Команда біліктілігі:


Жобаның тәуекелдері:


Күтілетін нәтижелер:


Осы жоба басқа көздерден қаржыландырылды ма:

Иә


Жоқ


Егер "иә" болса, онда қандай көлемде, бағдарламаның атауын, жобаны және алынған қаржыландыру сомасын көрсету қажет)

Инновациялық гранттар туралы қандай көздерден білдіңіз?

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты

крсетілетін қызметті берушінің сайты

көрсетілетін қызметті берушінің тарату

көрсетілетін қызметті берушінің семинарлары, конференциялары

әлеуметтік желілер

басқа

Өтініш берушінің атынан қол қою үшін өкілеттіктері бар адамның лауазымы

_________________________
Т.А.Ә.
___________
қолы

  "Технологияларды
коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  нысан

Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грант алуға толық ұсыныс

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы


Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық грантты алу үшін қажетті материалдар топтамасымен бірге осы өтінішті жолдайды

Жобаның атауы:


Инновациялық гранттың теңгемен сұралатын сомасы (цифрмен және жазбаша):


Жобаның толық құны теңгемен
(цифрмен және жазбаша):


Өтініш беруші туралы ақпарат

Ұйымның атауы:


Құрылған күні:


Тіркеу деректері:


Өтініш берушінің мекенжайы (индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)


Банктік деректемелер, есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктік жеке код:


Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:


Телефон

Жұмыс


Ұялы


Электрондық пошта


Ресми сайт


Жұмыс істейтіндердің нақты саны, оның ішінде:


инженерлік-техникалық қызметкерлер


әкімшілік-басқару персоналы


Басқалар


Құрылтайшылар (қатысу үлесін көрсете отырып):


Бірінші басшы туралы ақпарат:

Т.А.Ә.


Білімі/ғылыми дәрежесі / берілген жылы


Жынысы:

ер

әйел


Телефон

Жұмыс


Ұялы


Электрондық пошта адресі


Лауазымы


Байланыс мекенжайы


Байланыс тұлғасы

Т.А. Ә.


Телефон

Рабочий


Мобильный


Электрондық пошта мекенжайы


Лауазымы


Байланыс мекенжайы


      Жоба туралы ақпарат

Жобаның мақсаты:


Жобаның міндеттері:


Жобаны іске асыру орны


Жобаны іске асыру мерзімі


Өткізу нарығы
(ел, өңір)


Осы жоба басқа көздерден қаржыландырылды ма:

Иә


Жоқ


Егер "иә" болса, онда қандай көлемде, бағдарламаның атауын, жобаны және алынған қаржыландыру сомасын көрсету қажет)


Осымен осы өтінім бойынша құжаттарды, материалдарды және ақпаратты, оның ішінде құпия мәліметтерді қамтитын мәліметтерді пайдалануға, ұлттық институт сараптамалық бағалау жүргізген кезде, оның ішінде бөгде тұлғаларды тарта отырып, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлға туралы, барлық көздерде кредиторлық берешектің болуы (болмауы) туралы деректерді жинауға өз келісімімді беремін.
Осымен ұсынылған материалдар мен ақпараттың, оның ішінде бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің дұрыстығын растаймын және дәйексіз деректерді беру фактілері анықталған жағдайда өтінім қараудан бас тартылатыны ескертілді.
Осымен осы өтінімге қоса берілетін материалдардың, ақпараттың, техникалық-технологиялық шешімдер мен ілеспе құжаттаманың қолданылуы мен таратуға қандай да бір шектеулері жоқ, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтер жоқ екенін растаймын.
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге өтінім беру сәтінде банкроттық сатысындағы не мүлкіне тыйым салынған дәрменсіздік нәтижесінде таратылған жеке немесе заңды тұлғалардың меншік иелері және (немесе) басшылары болып табылатын немесе болған жеке немесе заңды тұлға, меншік иесі және бірінші басшы болып табылмайтынын растаймыз.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 20 жылғы " " № бұйрығымен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру туралы қағидаларымен таныспын.
Осымен инновациялық гранттар беру шарттарымен және ұлттық институттың ішкі рәсімдерімен өз келісімімді растаймын.

Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес талап етілетін материалдар және (немесе) құжаттар қоса беріледі:
1) коммерцияландыру стратегиясы п.;
2) күнтізбелік жоспар п.;
3) шығындарды таратып жазу арқылы шығыстар сметасы п.;
4) әзірленетін өнімге техникалық тапсырма п.;
5) MS PowerPoіnt форматында жобаны таныстыру.

Осы өтінім мәселелері бойынша хат-хабар жүргізуге арналған электрондық пошта мекенжайы:


      Ескерту: заңды тұлғалар үшін ұйымның бланкісінде жасалады. Өтінішке бірінші басшы немесе өзге де уәкілетті тұлға қол қояды. Басшы ауысқан және байланыс деректері өзгерген кезде (пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы және телефоны) ұлттық институтты хабардар ету қажет.

Өтініш берушінің атынан қол қою үшін өкілеттіктері бар адамның лауазымы

___________________________
Т.А.Ә.
_________________
қолы

  "Технологияларды
коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша

Коммерцияландыру стратегиясы

      1. Жобаның мақсаты, өзектілігі, жобаны орындаудан күтілетін нәтижелер.

      2. Жоба командасының сипаттамасы (аты-жөні), лауазымы, жобада орындалатын жұмыс, тартылу дәрежесі).

      Жоба командасы 7 (жеті) адамнан (көп емес) тұруы тиіс, оның ішінде жоба жетекшісі, бизнесте жұмыс тәжірибесі бар (3 жылдан кем емес), маркетингтік зерттеулер жүргізуге қабілетті, қаржыгер, жоба бойынша сала мамандары (жобаның ауқымына байланысты аз рұқсат етіледі).

      3. Жобаны іске асыру бойынша жұмыстардың мәні мен мазмұны:

      1) Техникалық бөлім.

      Ұсынылып отырған әзірлеу жобасының техникалық мәні сипатталады (қажет болған жағдайда мазмұндалған суреттермен, схемалармен, диаграммалармен, фотосуреттермен және т.б. суреттеу керек). Әзірленетін өнімнің, процестің немесе қызметтің техникалық параметрлері мен негізгі сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық тапсырманың жобасын тұжырымдауға және негіздеуге мүмкіндік беретін жоба бойынша жұмыстардың ғылыми-техникалық мазмұны нақтыланады. Жаңа өнім/қызмет жасау немесе оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін функционалдық, тұтыну, құндық және басқа да көрсеткіштерді жақсарту алғышарттары қандай жаңашылдықтар есебінен пайда болатынын, жобаның мәлімделген мақсаттарына қол жеткізу кезінде ықтимал тәуекелдер келтірілетіндігін көрсету қажет.

      2) Маркетинг бөлімі.

      Өнімді/қызметті өткізудің әлеуетті нарығы және оның тұтынушылары. Өнімді/қызметті өткізу нарығының сипаттамасы мен бағасы беріледі. Ішкі және сыртқы нарықтардағы заттай есептеудегі және ақшалай баламадағы өнімге деген қазіргі және болжанатын сұранысты бағалау келтіріледі. Арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізілді ме, қандай компаниялар жоба нәтижелерінің әлеуетті тұтынушылары болады, негізгі компаниялар-ұқсас өнімді өндіруші. Арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізілген жағдайда тиісті құжаттаманы қоса беру қажет. Өнімнің артықшылықтары мен бәсекеге қабілеттілігі негізделеді. Өнімнің техникалық және құндық көрсеткіштерінің қандай жиынтығы оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететіні анықталады. Ұсынылатын жаңа өнімнің нақты параметрлерін техникалық көрсеткіштер мен құнның жиынтығы бойынша нарықта бар аналогтармен салыстыру кестесі келтіріледі. Өнім алуы мүмкін нарық тауашасы (ақшалай және заттай мәндегі өткізу көлемі, нарық үлесінің пайызы) бағаланады. Көрсетілген параметрлері бар өнімді/қызметтерді нақты тұтынушыларға өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттарды (кепілдік хаттар, міндеттемелер, шарттар және т.б.) қоса беру керек.

      3) Ұйымдастыру бөлімі.

      Жоба бойынша жұмыс кезеңдері. Жобаның кезеңдері бойынша жұмыстарды жүргізудің дәйектілігі мен мерзімдері сипатталады және негізделеді. Әрбір кезеңнің қорытындылары бойынша қандай аралық нәтижелер күтілетіні және олар қандай есептік құжаттармен расталатыны көрсетіледі. Баяндалғанның негізінде күнтізбелік жоспар жасалады. Жобаны басқа ұйымдармен бірлесіп орындау кезінде бірлесіп орындаушы ұйымдар (заңды тұлғалар) аударылады. Жоба бойынша жұмыстар өтінім беруші ұйым мен бірлесіп орындаушы ұйымдар арасында бөлінеді. Нақты бірлесіп орындаушы ұйымдарды таңдау немен байланысты екені көрсетіледі, әрбір бірлесіп орындаушы ұйым туралы қысқаша анықтама келтіріледі:

      ұйымның толық атауы;

      заңды және нақты мекенжайы;

      ұйым басшысының аты-жөні, телефоны.

      4) Қаржы-экономикалық бөлім

      Жобаны орындау кезінде бюджет қаражатын мақсатты пайдалану негізделеді (шығындар):

      Ғылыми жұмыстарға арналған жабдықтарды сатып алу қажеттілігі, жеткізушілерді таңдау, номенклатура мен бағалар. Материалдар мен жинақтауыштарды сатып алу қажеттілігі, олардың номенклатурасы мен бағалары. Қоса орындаушыларды жобаға қатысуға тарту қажеттілігі және тиісінше есептеумен бірге жалақы төлеуге сұратылатын қаражат көлемі: жоба бойынша жұмыстардың әрбір кезеңі бойынша әрбір қызметкердің функцияларын көрсете отырып, штат кестесін, жоба бойынша жұмысқа қызметкердің тартылу дәрежесін (толық жұмыс уақыты, ішінара қоса атқару бойынша), қызметкердің еңбекақысын, ғылыми іссапарларды (ғылыми мақсатта іссапарларды) көрсету; өздері сатып алатын жабдықтар мен материалдарды үлгілі көрсетуді қоса алғанда, бірлесіп орындаушылар жұмыстарының құны, сондай-ақ тартылатын персоналдың саны.

      Жоба жетекшісі _________             _________________________

                              (қолы)             Т.А.Ә.

      Өтініш беруші _________             _________________________

                              (қолы)             Т.А.Ә.

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

  "Технологияларды
коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
  нысан

Күнтізбелік жоспар

      Жобаның атауы:________________________________________________

Р/с №

Жұмыстардың және олардың негізгі кезеңдерінің атауы

Жұмыстарды орындау мерзімі (ай)

Кезеңнің есептік бағасы (теңге)

Есеп беру нысаны мен түрі

1

2

3

4

5


1-кезең. Технологияны коммерциялық пайдалануға арналған жоба тұжырымдамасын негіздеу (акселерациялық кезең)





2-кезең. Өндірісті және (немесе) процестерді жолға қою (жобаны іске асыру)





3-кезең. Нарыққа жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен қызметтерді шығару (коммерцияландыру).




      Ескертпе: Күнтізбелік жоспар жобасында жобаны іске асырудың 3 (үш) кезеңінен аспайтыны көрсетіледі.

      Жоба жетекшісі _____________            ___________________________

                              (қолы)                   Т.А.Ә.

      Өтініш беруші _____________            ____________________________

                              (қолы)                        Т.А.Ә.

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

  "Технологияларды
коммерцияландыруға
инновациялық гранттар беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
5-қосымша
  нысан

Шығындары таратып жазылған шығыстар сметасы

      Жобаның атауы __________________________________________

      ___________________________________________________________

Жұмыстарды орындауға арналған шығындар

Шығындар сомасы, теңге

Жұмыс кезеңдері

Баға белгілеу бойынша түсініктемелер

Есептерде пайдаланылатын деректер көзі

1-кезең. Технологияны коммерциялық пайдалануға арналған жоба тұжырымдамасын негіздеу (акселерациялық кезең)

2-кезең. Өндірісті және (неме се) процестерді жолға қою (жобаны іске асыру)

3-кезең. Нарыққа жаңа немесе жетілдірілген өнімдер мен қызметтерді шығару (коммерцияландыру).

Шығындар-барлығы:







оның ішінде баптар бойынша-














Анықтама: басқа қаржыландыру көздері есебінен шығындар - Барлығы:







оның ішінде:







жеке қаражаттар







басқалары (көрсету қажет)







      Есеп айырысуды жүргізу күні:

      Ескертпе: шығын баптарының әрқайсысы бойынша өтініш беруші есептерде пайдаланылған деректер көздері, шифрын ашу, баға белгілеуді көрсетеді.

      Жоба жетекшісі _____________            ___________________________

                              (қолы)                   Т.А.Ә.

      Өтініш беруші _____________             ____________________________

                              (қолы)                   Т.А.Ә.

      Мөр орны (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің
2020 жылғы 1 қазаны
№ 365/НҚ бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементінің тізбесі

      1. "Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 560 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11521 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 656 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11610 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1192 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13062 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 332 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кейбір бұйрықтары тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15288 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 30 маусымда жарияланған).

      5. "Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 560 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 443 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15357 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 31 шілдеде жарияланған).

      6. "Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 656 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 2 тамыздағы № 523 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15469 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 24 тамызда жарияланған).