Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.10.2020 № 365/НҚ бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. "Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 210 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12067 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті (А.Б. Батырқожа):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Султанов
2016 жылғы 15 қаңтар
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасынын
Экономика мннистрі
________________ Е. Досаев
2016 жылғы 14 қаңтар
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1192 бұйрығымен бекітілген |
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды
беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-бабы 2-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алған жеке және (немесе) заңды тұлға;
2) гранттық қаржыландыру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) – құрамына уәкілетті органның және басқа мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдері (келісім бойынша) және технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институтының (бұдан әрі – ұлттық институт) қызметкерлері кіретін комиссия мүшелерінің саны тақ болатын, өтінімдердің сараптамасын және осы Қағидалармен белгіленген инновациялық гранттар беру шарттарын ескере отырып, өтініш берушілердің жобалары бойынша шешім қабылдау үшін ұлттық институт шеңберінде құрылған алқалы орган;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін ендіру (пайдалану) – жаңа өнімді өнідру немесе жаңа технологияны ендіру бойынша ғылыми-өндірістік циклдің соңғы кезеңін іске асыруға бағытталған қызмет
4) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – индустрия және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) инновациялық грант – инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобаларын іске асыру үшін оларға өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаттары;
6) комиссия шешімі – комиссия мүшелері отырысына қатысушылардың санынан дауыс беру қорытындылары негізінде грант беру туралы ақпаратты қамтитын хаттама, дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі;
7) өтінім – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;
8) өтінім беруші – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алу үшін қарауға өтінім ұсынған, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға және (немесе) заңды тұлға;
9) технология – пайдаланылуы жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді алуды қамтамасыз ететін, бірыңғай өндірістік циклде жұмыс істейтін процесс және (немесе) жабдықтар кешені;
10) технологияларды коммерцияландыру – оң экономикалық әсер алуға бағытталған жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикалық пайдалануға байланысты қызмет;
11) технологияларды коммерцияландыру грантын беру туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) – грант алу үшін ұлттық институт пен грант алушының арасында жасасқан шарт;
12) технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға және инновациялық даму үрдістерін үйлестіруге уәкілетті ұлттық даму институты.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен3.Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант өтінім берушілерге өз өндірісінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін экономикалық оң әсер алу мақсатында енгізу (пайдалану) үшін беріледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен4. Өтініш беруші өтінімде көрсетілген сенімді бастапқы мәліметтерді, есептерді, негіздерді ұсынады. Өтінімді дайындау және ұсыну бойынша барлық шығындарды өтініш беруші өзі қарастырады.
5. Инновациялық гранттарды беруді ақпараттық қамтамасыз етуді уәкілетті орган және ұлттық институт жүзеге асырады.
6. Осы Қағидаларға сәйкес инновациялық гранттарды беру уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттарды беруғе көзделген қаражатты бөлу арқылы уәкілетті органмен жүзеғе асырылады.
7. Сараптама жүргізу рәсімі ұлттық институтыц актілерімен реттеледі.
2. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық
гранттар беру тәртібі
8. Ұлттық институт инновациялық гранттарды алу үшін өтінімдерді қабылдау мекен-жайы мен кезеңін көрсету арқылы бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау кезеңі өтінім қабылдаудың басталуынан 15 (он бес) жұмыс күн бұрын жарияланады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен9. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру рәсімі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) ұлттық институтпен өтінімнің қабылдануы және ұсынылған құжаттардың толықтығын және рәсімдерін ұлттық институттың актілерімен реттелетін Қағидалар талаптарына сәйкес келуін тексеруі.
Өтінімдерді осы Қағидалар талаптарына сәйкес келуін тексеру аяқталғаннан кейін, ұлттық институт өтінімде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына анықталған сәйкессіздіктер (бар болған жағдайда) туралы ескерту хатын жібереді.
Осы Қағидалардың 25-тармақ талаптарына өтінімнің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, ұлттық институт хабарлама жіберген күннен бастап өтінім беруші 10 (он) жұмыс күнде анықталған сәйкессіздіктерді жояды.
Құжаттар 10 (он) жұмыс күнінде ұсынылмаған жағдайда өтінім одан әрі қараусыз өтінім берушіге қайтарылады.
Уәкілетті органның, ұлттық институттың акционерін және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, ұлттық институт өтінім туралы ақпараттың инновациялық грант беру рәсіміне қатыспайтын үшінші тұлғаларға жарияланбауын қамтамасыз етеді;
2) ұлттық институттың өтінімдер сараптамасын жүргізуі.
Сараптаманы жүргізу рәсіміне талаптар осы Қағидалардың 1-қосымшасында көрсетілген.
Технологиялық сараптама бойынша теріс қорытынды алған өтінімдер, қаржылық-экономикалық және құқықтық сараптамадан бұдан әрі өтпей, шешім қабылдау үшін комиссия қарауына шығарылады;
3) сараптамалар нәтижелері мен өтінім материалдары бойынша кешендік қорытындыны жасау және инновациялық грантты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін комиссия қарауына жіберу.
Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 60 (алпыс) жұмыс күнін құрайды;
4) өтінімдерді комиссия отырысында қарастыру және инновациялық грантты беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;
5) Шартқа қол қою немесе инновациялық грантты беруден бас тарту туралы өтінім берушіге ескерту.
Ұлттық институт өтінім берушілерге комиссияның шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінде ұлттық институтпен Шартқа қол қою қажеттігі туралы хабарлайды немесе өтінім берушілерге инновациялық грантты беруден бас тарту туралы негіздемелері қоса берілген хабарламалар жібереді.
Шартқа грант алушы мен ұлттық институт комиссия хаттамасына қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнінде қол қояды. Шарт ұлттық институт актілерімен реттелетін нысанда әр тарап үшін бір-бірден екі данада жасалады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен9-1. Ұлттық институт мынадай жағдайларда технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беруден бас тартады:
1) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты алу үшін өтінім берушімен берілген құжаттардың және (немесе) құжаттардағы мәліметтердің (деректердің) анық еместігін белгілеу;
2) өтінім берушінің және (немесе) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты алу үшін қажетті ұсынылған матералдардың, мәліметтер мен деректердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген талаптарына сәйкес келмеуі.
Ескерту. Қағида 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен10. Өтінімдерді ашық және жан-жақты қарастыру және гранттар бөлу туралы шешім қабылдау мақсатында ұлттық институтта Комиссия құрылады. Комиссия төрағасы ұлттық институттың бірінші басшысы болып табылады.
11. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және құрамы ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
12. Комиссияның отырысына өтініш беруші жобаны іске асыру бойынша командасымен бірге ұлттық институтпен құрылған комиссияның алдында немесе телекоммуникация құралдары арқылы өзінің жобасын ұсынуға шақырылады.
13. Жасасқан шарттарға сәйкес жобаның іске асырылуын бақылау мақсатында ұлттық институт егжей-тегжейлі бизнес жоспарға сәйкес одан әрі уәкілетті органға жіберу үшін жобаны іске асыру барысында тұрақты мониторинг жүргізеді.
14. Жасасқан инновациялық грант беру туралы шарттар бойынша жобалардың мониторингі ұлттық институттың актісімен реттеледі, ол уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет-ресурсында орналастырылады.
Жобаның мониторингі процесінде инновациялық грант қаражатын мақсатсыз пайдалану анықталған кезде ұлттық институт шартты бұзу және инновациялық гранттың қаражатын қайтару туралы cұрақты комиссия қарауына шығарады. Осы қаражат ұлттық институтпен инновациялық грант беруге жұмсалады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен15. Шарт грант алушының ұлттық институтпен жобаны аяқтау туралы шешім қабылданған сәттен бастап нарықта жобаны жылжытуға жәрдемдесу мақсатында 5 жыл ішінде ұлттық институтқа жоба туралы ақпарат ұсынуын көздейді.
3. Технолоғияларды коммерцияландыруға инновациялық
грантты беру шарттары
16. Технолоғияларды коммерцияландыруға инноваңиялық гранттар Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға беріледі.
17. Технологияны коммерциализацияландыруға инновациялық грант беру шеңберінде қаржыландырудың жалпы сомасы негізделген шығындардан 50 (елу) пайызға дейін, бірақ 200 000 000 (екі жүз миллион) теңгеден аспайтын соманы құрайды және жұмыстардың мына түрлерін орындау үшін бөлінеді:
1) өнеркәсіптік прототипті жасау;
2) нақты өндірістік жағдайда өнеркәсіптік сынақтарды өткізу;
3) жобалау-конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;
4) өнімнің өнеркәсіптік дизайнін әзірлеу;
5) жобаны іске асыру барысында пайда болған зияткерлік меншікті қорғау (үшінші тұлғалардың қызметтері мен мемлекеттік бажды төлеу);
6) жобаны консультациялық және инжинирингтік сүйемелдеу – техникалық, технологиялық мамандандырылған қызметтер;
7) маркетингтік шараларды өткізу;
8) өнімнің ақауларын анықтаумен және (немесе) оларды жақсарту қажеттігімен қауіпсіздікке, денсаулық пен қоршаған ортаны бақылауды жүзеге асыратын ұйымдармен өнімнің тесттік партиясына квалификациялық сынақ өткізу;
9) Қазақстан Республикасының рұқсат беру және ескерту туралы заңнамасына сәйкес рұқсат беру құжаттарын алу.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен18. Инновациялық грант қоса қаржыландыру шартымен күнтізбелік жоспарға сәйкес өтінім берушіге беріледі және шығындардың мынадай түрлерін өтейді:
1) жабдық сатып алу, оның ішінде тасымалдау, салықтық міндеттемелер мен кеден баждары;
2) өнеркәсіптік прототип құру үшін материалдар, шикізат пен құраушы өнімдер сатып алу;
3) үшінші тұлғалар/бірге орындаушылар орындайтын жұмыстар/қызметтер үшін төлеу;
4) жобаны іске асыру барысында пайда болған зияткерлік меншікті қорғауда мемлекеттік баждар мен үшінші тұлғалардың қызметтерін төлеу.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен19. Өтінім беруші тек бір жобада қатысу үшін тек бір өтінім береді және өтінімді қарастыру және жобаны жүзеге асыру кезеңі ішінде берілген жоба бойынша басқа инновациялық гранттарды алуға үміткер бола алмайды.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен20. Инноваңиялық грант беру туралы оң шешім алған өтініш берушіғе шарт жасалғанға дейін заңды тұлға құру және Қазақстан Республикасы резиденті - екінші деңғейдегі банкте ағымдағы есеп-шотты ашу қажет немесе жоба жетекшісінің және (немесе) команда қатысушысының заңды тұлғаның жарғылық капиталында үлесі болған жағдайда жұмыс істеп тұрған заңды тұлға пайдаланылады және Қазақстан Республикасы резиденті - екінші деңғейдегі банкте қосымша есеп-шот ашылады. Осы есеп-шотта осы Қағидаларға сәйкес грант алушы тарапынан жобаны қоса қаржыландыру үшін қаражат орналасу қажет. Бұл ретте, грант алушы ұлттық институтқа есеп-шотта қаражаттың бар болуы туралы растауды ұсынады.
21. Қаржыландыруға мақұлданған жобалар Қазақстан Республикасы аумағында іске асырылуы тиіс. Гранттар шецберінде бөлінген қаржы өтініште көрсетілғен мақсаттарға жұмсалуы тиіс.
22. алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен23. Грантты иғеру мерзімі 36 (отыз алты) айдан аспауы қажет.
4. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты
алу үшін құжаттар тізімі
24. алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
25. Өтінім беруші ұлттық институтқа мынадай құжаттарды қамтитын өтінімді ұсынады:
1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алуға өтініш.
Өтініш жоба жетекшісінің қолымен куәландырылады және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ұсынылады;
2) осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерцияландыру стратегиясы (сондай-ақ MicrosoftWord нысанында, электронды тасығышта, ағылшын тілінде ұсынылады);
3) заңды тұлғалар үшін – жарғы көшірмесі, жоғары органның өтінімді ұлттық институтқа ұсыну туралы шешім, басқарушыға немесе басқа уәкілетті тұлғаға өтінімді ұсыну мен инновациялық грантты алумен байланысты құжаттарға қол қою өкілеттерін беру;
4) заңды тұлғалар үшін – бірінші басшымен (ол болмаған кезде – оны алмастаратын тұлғамен) және бас бухгалтермен қол қойылған, ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған соңғы жыл үшін қаржылық есептілік (қаржылық есептіліктің әр жыл сайынғы аудитін өткізу міндетті болып табылатын тұлғалар уақыттың көрсетілген кезеңі үшін аудиторлық есеп ұсынады);
5) мемлекеттік кірістер органдарында есеп жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен25-1. Өтінім материалдарына қосымша бар болған жағдайда қосыла тапсырылады:
1) жоба қатысушыларының біліктілігін растайтын лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар мен басқа құжаттардың көшірмелері;
2) құрал-жабдықтарды жеткізугешарттардың және (немесе) келісімдердің көшірмелері қоса берілуі мүмкін.
Ескерту. Қағида 25-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен26. Ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған инновациялық грант алуға өтінім тіркеуге және қарастыруға жатқызылмайды.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен27. Инновациялық грантты алуға өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде екі данамен қол қойылған және нөмірленген нысанда қағаз тасығышта және PDF форматында бірыңғай файлмен электрондық сканерленген, нұсқамен ұсынылады немесе инновациялық гранттарға өтінімдерді электрондық қабылдау және сүйемелдеу жүйесі арқылы ұсынылады. Өтінімнің электрондық нұсқасының мазмұны оның қағаз нұсқасымен бірдей болуы тиіс.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен28. Шарт жасасу үшін өтініш беруші өтінім құжаттарының түпнұсқаларын ұсынады. Бұл ретте, грант алуға өтінім құжаттары бірыцғай папкаға жинақталған, қол қойылған, нөмірленген, тігілген және мөр қойылған болуы қажет.
29. Шарт жасалған өтінім құжаттары өтініш берушіге қайтарылмайды.
30. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы мәліметтердің, есептердің, негіздемелердің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептерде пайдаланылған дерек көздері және есепті жүргізу күні көрсетіледі.
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беруқағидаларына 1-қосымша |
Сараптаманы жүргізу рәсіміне қойылатын талаптар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
1. Жобаның сараптамасын өткізу ұлттық институттың сарапшыларымен іске асырылады, қажет болған жағдайда ұлттық институттың негізділігімен сараптаманы өткізу үшін отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалары тартылады.
Сарапшылар жоба сараптамасын мынадай бағыттар бойынша өткізеді:
1) технологиялық сараптама жобаның тектестермен салыстырғандағы артықшылықтарын анықтау, іске асырылуын белғілеу және технолоғиялық орындылығын анықтау мақсатында жүргізіледі;
2) қаржылық-экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық мақсаттылығын, бәсекеге қабілеттілік критерийлерін, маркетингтік стратегияны бағалу, жұмыстарды мәлемделген мерзімге, көлемғе және жұмыстың мазмұны мен қаржыландыруға сұралатын сомаға бөлу мақсатында жүргізіледі;
3) құқықтық сараптама ұсынылған құжаттар мазмұнын қолданыстағы заңнамаға сәйкес келу пәніне жан-жақты құқықтық талдау мақсатында жүргізіледі.
2. Ұлттық институт Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың ұсынымдары негізінде, оның ішінде сыртқы отандық және шетелдік сарапшылар мен сараптамалық ұйымдардың тізбесін жасайды.
3. Өтінімдерді сараптамадан жүргізу үшін сарапшыларды тарту кезінде ұлттық институт әр сарапшымен сарапшылық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады, оның нысаны ұлттық институттың актілерімен реттеледі.
4. Сараптама жүргізу тәртібі мен бағалау парағының нысаны ұлттық институтттың актілерімен регламенттеледі.
5. Өтінімді дайындауға тікелей қатысқан, сондай-ақ өтініш берушімен аффилиирленген сарапшыларға өтінімді бағалауға жол берілмейді.
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Тіркеу күні: Өтінім нөмірі:____________________
"__" ______ 20__ж. (ұлттық институтпен бекітіледі)
Алдын-ала өтінім беруғе
өтініш
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы/жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
технолоғияларды коммерцияландыруға инноваңиялық грант алуға осы
өтінішті қажетті материалдар және (немесе) құжаттар топтамасымен
бірге жібереді.
Жобаның атауы:
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жоба инновациялық гранттарды берудің басым бағытына жатады:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(инновациялық ғранттарды берудің басым бағытын көрсету керек)
Гранттың сұратылған сомасы теңғеде (санмен және жазбаша):
_______________________________________________________________
Жобаныц толық құны теңгеде (санмен және жазбаша):
_______________________________________________________________
Жобаны іске асыру үшін мәлімделген шығындар теңгеде (санмен
және жазбаша):_______________________________________________________
Мен, жоғарыда көрсетілғен жобаның жетекшісі, осымен ғранттық
ұсыныста көрсетілғен ақпарат дұрыс және нақты екенін растаймын. Кіші
жоба қаржыландырылған жағдайда, көрсетілген кіші жобаны іске асыруда
шартта көрсетілген талаптар мен мерзімдерді сақтай отырып, толық
жауапкершілікті өзіме аламын.
Осымен осы өтінім бойынша, оның ішінде құпия мәліметтерді
қамтитын, құжаттарды, материалдарды және ақпаратты қолдануға оз
келісімімді беремін, сіздің ұйымыңыз, оның ішінде басқада тұлғаларды
тарту арқылы сараптамалық бағалау жүргізгенде, сондай-ақ жеке немесе
заңды тұлға туралы барлық көздерде кредиттік берешектің болуы
(болмауы) туралы өтініш берушінің бірінші басшысымен немесе өтініш
беруші-жеке тұлғамен қол қойылған деректерді жинауға өз келісімімді
беремін.
Осымен ұсынылған материалдардың және ақпараттың, оның ішінде
бастапқы деректердің, есептердің, негіздердің және т.б., дұрыстығын
және дұрыс емес деректердің ұсынылуы фактілері анықталған жағдайда,
өтінім қараусыз кері қайтарылатыны туралы ескерту алғанымды
растаймын.
Осымен осы өтінімге қоса берілген материалдар, ақпарат,
техника-технологиялық шешімдер және ілеспе құжаттама қолдануға және
таратуға ешқандай шектеу жоқ екенін, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының мемлекеттік құпиясын қамтитын мәліметтерді
қамтымайтындығын растаймын.
Сондай-ақ, ұлттық институтқа өтінім берген сәттен бастап
мыналарды:
1) банкрот немесе дәрменсіздік нәтижесінде таратылған
сатысындағы, мүлкіне тыйым салынған меншік иесі және (немесе) заңды
тұлғалардың басшысы немесе басшысы болған заңды тұлға, меншік иесі
және бірінші басшысы болып табылмайтындығымызды;
2) банкрот сатысында немесе жеке кәсіпкерлерге қатысты
дәрменсіздік нәтижесінде таратылған және мүлкіне тыйым салынған жеке
тұлға болып табылмайтындығымызды растаймыз.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министірінің
20__жылғы "__" _______ № бұйрығымен бекітілген Технологияларды
коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларымен және
Грант беру туралы шарт жасасу үшін қажетті құжаттар тізбесімен
таныстым.
Технологиялық коммерцияландыруға инноваңиялық гранттар беру
туралы қағидалардың талаптарына сәйкес талап етілген материалдар және
(немесе) құжаттар ________ парақта қоса беріледі.
Осы өтінім мәселелері бойынша хат-хабарды жүргізу үшін
электрондық поштаның мекен-жайы:____________________________________.
Ескертпе: заңды тұлға үшін: ұйымның бланкісінде жасалады.
Өтінімге бірінші басшы немесе өзғе уәкілетті тұлға қол қояды.
_________________________________ __________________________________
_________________________________ __________________________________
өтінім беруші атынан (Т.А.Ә.) (қолы)
құжаттарға қол қою өкілеті
бар тұлғаның лауазымы)
Материалдарды және (немесе) құжаттарды алғаны туралы белгі
(ұлттық институтпен толтырыады)
Алынған күні: 20__ жылғы "__" _____________
Отінімнің тіркеу нөмірі ___________________
Тіркеуші __________________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Өтініш берушінің сауалнамасы
Келіп түскен күні: | Ұлттық институттың қызметкерімен толтырылады | |||
Өтінім нөмірі | ||||
Файлдың орналасқан орны: | ||||
*Өтініш берушінің т.а.ж.: | * Өтініш берушінің мекенжайы (индекс, облысы, ауданы, елді мекен, көшесі, үйі, пәтері) | |||
*Байланыс деректері: Телефон/факс | Жасыңызды көрсетіңіз (жеке тұлғалар үшін) 18-29 жас 30-63 жас 63 және одан жоғары | |||
Электрондық мекенжай | ||||
Жобаның атауы: | ||||
*Гранттың түрі: | ||||
*Басым бағыт | *Негізгі сөздер (3 сөзден артық емес) | |||
*Сұратылған сома (теңгеде) | *Іске асыру мерзімі (ай) | |||
*Кәсіпорындар туралы ақпарат (заңды тұлғалар үшін) | ||||
Кәсіпорын өлшемі Шағын (50 адамға дейін) Орта (50-ден 100 адамға дейін) Ірі (одан жоғары) | ЭҚЖЖ сәйкес қызмет түрі (4 санды): ___________________ | |||
*Жобаның жетекшісі туралы ақпарат: | ||||
Т.А.Ә.: | Ғылыми дәрежесі/берілген жылы | Электрондық мекен-жайы | ||
Жынысы ер әйел | Ұялы телефон | Байланыс мекен-жайы | ||
*Жұмыс орны: Ұйымның атауы: | ||||
Лауазымы | Жұмыс телефоны/электронды мекен-жайы | |||
Инновациялық грант туралы қандай коздерден білдіңіз? ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің сайты "ТДҰА" АҚ сайты жіберілімдер семинарлар, конференциялар телевидение әлеуметтік желілер газеттер, журналдар басқа ________________________________________ | ||||
* Команда құрамы: | ||||
№ | Т.А.Ә. | Жобадағы лауазымы | Негізгі жұмыстағы лауазымы | Қолы |
Команда құрамы жобаның жетекшісін қоса алғанда 10 адамнан аспауы керек, (командада міндетті түрде кемінде 1 технологияларды жылжыту бойынша 1 маман болуы тиіс) Кестеде кемінде жобаның жетекшісін және технологияларды жылжыту бойынша маманды қоса алғанда персонал, команданың басқа мүшелері көрсетіледі, басқа команда мүшелері Шартқа қол қою сәтіне тартылуы тиіс. |
Ескертпе: * көрсетілген жолдар міндетті түрде толтырылады. Жетекші
немесе жобаны іске асыру бойынша команда мүшелері ауысқан, байланыс
мәліметтері өзгерген кезде ұлттық институтты хабардар ету керек.Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Жобаның паспорты
1. Жобаның атауы:
2. Жобаның өзектілігі (200 сөзден астам емес):
3. Жаңалықтарды, бірегейлігін, жобаның нәтижелерін нақты қолдануды, қолдану перспективаларын және басқаны қоса алғанда (500 сөзден астам емес) жобаның қысқаша аңдатпасы және оның мақсаттары:
3.1 Жобаның инновациялығы (5 ұсыныстан кем емес):
3.2 Жобаның ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігі (5 ұсыныстан кем емес):
3.3 Жобаның ауқымдылығы (5 ұсыныстан кем емес):
4. Жобаның күтілетін нәтижесі:
5. Әзірлемені қолдану саласы:
6. Техникалық нәтиженің сипаттамасы (керегін сызу): жаңа өнімді, процесті, қызметті жасау, басқасы (көрсету).
7. Жобаның негізгі техникалық шешімдерін патенттік қорғау (керегінің астын сызу): қажет, қажем емес, патент бар, құқықтық қорғау бар.
8. Жобаның дайындық дәрежесі (керегінің астын сызу):
Ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілген (шифрі, коды):
1) кәсіпорында/холдингте/корпораңияда талқыланған (Хаттама);
2) жобалық-конструкторлық құжаттама бекітілген (Хаттама);
3) алдын алу клиникалық және клиникалық сынақ өткізу туралы акті;
4) өндіріске беру дайындығы және/немесе ҒЗЖ аяқталғаны туралы растайтын озғе құжаттар (көрсету):
9. Тәуелсіз сараптама жүргізілді ме (ия, жоқ, қандай, кім жүргізді)
10. Маркетинг зерттеу жүргізілді ме? Бар болған жағдайда, жүргізілғен маркетингтік зерттеу нәтижесін көрсетіңіз.
11. Ниет туралы шарттар/хаттамалар/кіші жоба бойынша қолдау хаттар бар ма (соңғы 3 жылда қызығушылық танытқан ұйымдарды көрсету) (бар болса қосымшаны қоса беру).
12. Жобаны іске асыру орны:
13. Осы жоба басқада көздерден қаржыландырылды ма (ия, жоқ) және қандай көлемде?
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Технологияларды коммерцияландыру стратегиясы
1. Жобаның мақсаты, өзектілігі, жобаны орындау нәтижелері.
2. Жобаны іске асыру бойынша жұмыстың мәні мен мазмұны (техникалық бөлім 1,5 беттен артық емес, маркетингтік бөлім 3,5 беттен артық емес).
Техникалық бөлім
Ұсынылған әзірлеме жобасының техникалық мәні егжей-тегжейлі сипатталады (қажет болса жазылғанды суреттермен, схемалармен, диаграммалармен, фотосуреттермен және т.б. көрсету керек). Әзірленетін технолоғияның, құрылғының, процестің техникалық параметрлерін және негізгі сипаттамаларын көрсете отырып, техникалық тапсырманың жобасын жасауға және негіздеуге мүмкіндік беретін жоба бойынша жұмыстың ғылыми-техникалық мазмұны нақтыланады. Жаңа өнімді және технологияны жасаудың немесе (аналогы бар әзірлеменің түпкілікті объектісі үшін) оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін функционалдық, тұтынушылық, құндық және басқа көрсеткіштерді жақсартудың алғышарттары қандай жаңашылдықтардың есебінен пайда болатынын көрсету керек. Мәлімделғен мақсаттарға қол жеткізғен кезде мүмкін техникалық тәуекелдер талқыланады.
Маркетингтік бөлім
3. Тауар өнімін откізудің әлеуетті нарығы және оны тұтынушылар. Тауар өнімін өткізу нарығына сипаттама және баға беріледі. Өнімге ішкі және сыртқы нарықтардағы қолданыстағы және болжамды сұраныстың заттай есептелген және ақшалай баламада бағасы келтіріледі. Мыналар: арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізілді ме, қандай компаниялар жобаның нәтижелерін немесе өлардың негізінде жасалған өнімдер мен технологияның әлеуетті тұтынушысы болады, ұқсас тауар өндіруші негізгі компаниялар сипатталады. Арнайы маркетингтік зерттеулер жүргізілген жағдайда тиісті құжаттаманы қоса беру қажет.
4. Өнімнің артықшылығы мен бәсекеғе қабілеттілігі негізделеді. Өнімнің техникалық және құндық көрсеткіштерінің қандай жиынтыгы оның бәсекеғе қабілеттілігін қамтамасыз ететіні айқындалады. Ұсынылатын жаңа өнімнің нақты параметрлерін нарықтағы техникалық көрсеткіштері мен құнының жиынтыгы бойынша аналогтармен салыстыру кестесі келтіріледі. Өнім иелену мүмкін нарық тауашасы (ақшалай және заттай мәндегі өткізу көлемі, нарық үлесінің пайызы) бағаланады. Көрсетілген параметрлері бар тауар өнімін нақты тұтынушыларға өткізу мүмкіндігін растайтын құжаттарды (кепілдеме хат, міндеттемелер, шарттар) қоса берген жөн. Өнімнің немесе оның құрамдастарының болжамды санаттарын сертификаттауды жүргізудің қажеттілігі нақтыланады.
Ұйымдастырушылық бөлім
5. Жоба бойынша жұмыс кезеңдері.
Кезеңдер бойынша және тұтастай жоба бойынша жұмыс жүргізудің дәйектілігі мен мерзімдері сипатталады және негізделеді. Әрбір кезең бойынша қандай аралық нәтижелер күтілетіні және олар қандай есеп құжаттарымен расталатыны көрсетіледі. Айтылғандардың негізінде күнтізбелік жоспардың жобасы құрастырылады.
Жоба бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
6. Жобаны басқа ұйымдармен бірлесіп орындаған кезде бірлесіп орындаушы ұйымдар (заңды тұлғалар) көрсетіледі. Жоба бойынша жұмыстарды өтінім беруші ұйым мен бірлесіп орындаушы ұйым арасында бөлу қажеттігі негізделеді. Нақты бірлесіп орындаушы ұйымдарды таңдау неге негізделгендігі көрсетіледі, әрбір бірлесіп орындаушы ұйым туралы қысқаша анықтама беріледі:
1) ұйымның толық атауы;
2) заңды және нақты мекенжайы;
3) ұйым басшысының Т.А.Ә., телефоны.
Жоба бойынша жұмыс проңесінде бірлесіп орындаушы ұйымды ауыстыруға жол беріледі.
Қаржылық-экономикалық бөлім
Жобаны орындау кезінде бюджет қаражатын мақсатты пайдалану негізделеді (шығындар):
7. Ғылыми жұмыстар үшін арнайы жабдықтар сатып алу қажеттілігі, жеткізушілерді таңдау, номенклатура мен бағалар. Арнайы жабдықтарға мыналар жатқызылады: егер бұл техникалық тапсырма жобасында көзделген болса, стендтер, сынақ станциялары, аппаратура, аспаптар, тетіктер, құрылғылар және басқалары (оның ішінде зерттеулердің/сынақтардың объектілері болып табылатын сериялы бұйымдар). Зерттеулердің (сынақтардың) объектілері болып табылмайтын сериялы бұйымдар және сериялық (оның ішінде импорттық) есептеу техникасы ғылыми жұмыстарға арналған арнайы жабдыққа жатпайды.
8. Материалдарды және жинақтауыштарды сатып алу қажеттілігі, олардың номенклатурасы мен бағалары.
9. Жобаға қатысуға бірлесіп орындаушыларды тартудың қажеттілігі және тиісінше аударымдарымен бірге жалақы төлеуге мәлімделген қаражат көлемі: жоба бойынша әрбір жұмыс кезеңі бойынша әрбір жұмыскердің функңиялары көрсетілген штаттық кестені, жоба бойынша жұмысқа жұмыскердің қатысу дәрежесі (толық жұмыс уақыты, жартылай қоса атқару), жұмыскердің жалақысы, ғылыми іссапарлар (ғылыми мақсаттағы іссапарлар) көрсетіледі.
10. Бірлесіп орындаушылар сатып алатын жабдық пен материалдарды шамалап көрсетуді қоса алғанда, олар атқарған жұмыстардың құны, сондай-ақ тартылатын персоналдың саны.
11. Жоғарыда жазылғандардың негізінде смета жобасы және жобаны қаржыландыру кестесінің жобасы құрастырылады.
Ескертпе: Барлық шығыс мәліметтер мен есептеу шамалары үшін оларды алу көздері көрсетілуі тиіс. Бағалық шамалар үшін есептеу жүргізілетін нақты күні көрсетілуі тиіс.
Өтінім беруші ұйымның басшысы (жеке тұлға) ____________________
(қолы, А.Т.Ә.А.)
М.О. (бар болса)
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларына 6-қосымша |
|
Үлгі |
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
(Қызметтік пайдалану үшін) | |
Тіркеу күні: | Өтінім нөмірі: |
"__"_______20__жыл | №_____________ |
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты алу үшін өтініш
Жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) / заңды тұлғаның атауы | |||
осы өтінішті Технологияны коммерцияландыруға инновациялық грантты алу үшін қажетті құжаттар топтамасымен жолдайды | |||
Жобаның атауы: | |||
Жоба инновациялық грантты берудің басымды бағытына сәйкес келеді (бір ғана басымды бағытты көрсету керек): | |||
Минералды және көмірсутекті шикізатты іздеу, өндіру, тасымалдау және қайта өңдеудің прогрессивтік технологиялары | |||
Таулы-металлургиялық кешеннің прогрессивтік технологиялары | |||
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі, тамақ өнеркәсібі мен агрохимиядағы прогрессивтік технологиялар | |||
Фармацевтикалық саладағы, медициналық өнеркәсіптегі, биотехнологиядағы, биоинженериядағы, гендік инженериядағы прогрессивтік технологиялар | |||
Химия мен мұнай химиясындағы прогрессивтік технологиялар | |||
Жаңа материалдарды қоса алғанда, машина жасаудағы прогрессивтік технологиялар | |||
Баламалы энергетика, жаңартылатын энергия көздері | |||
Энерготиімділік технологиялары | |||
Инфокоммуникациялық технологиялар | |||
Жеңіл өнеркәсіптегі прогрессивтік технологиялар | |||
Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі прогрессивтік технологиялар | |||
Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, құрылыстағы прогрессивтік технологиялар | |||
Буып-тию өнеркәсібіндегі прогрессивтік технологиялар | |||
Робот техникасы | |||
Нано жәна ғарыш технологиялары | |||
Энергетика | |||
Инновациялық гранттың сұралатын теңгемен көрсетілген сомасы (цифр арқылы және жазбаша): | |||
Жобаның теңгемен көрсетілген толық құны |
Өтінім беруші туралы ақпарат
Ұйым атауы: | ||||||||||
Құрылу күні: | ||||||||||
Тіркеу мәліметтері: | ||||||||||
Өтінім берушінің заңды мекен-жайы | ||||||||||
Өтінім берушінің нақты мекен-жайы | ||||||||||
Банк деректемелері, есеп айырысу шоты, валюттік шот, банктік жеке код: | ||||||||||
Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер: | ||||||||||
Телефон | Жұмыс | Ұялы | ||||||||
Электрондық пошта | ||||||||||
Ресми сайт | ||||||||||
Кәсіпорын көлемі Орта (100 ден 250-ге дейін жұмыскерге дейін және 300 мыңнан 3 миллионға дейін АЕК көп емес) Ірі (250 жұмыскерден көп және/немесе ЖЖТ 3 миллион АЕК көп емес ) |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрі | |||||||||
Жұмыскерлердің нақты саны, соның ішінде: | ||||||||||
Инженерлік-техникалық жұмыскерлер | ||||||||||
Әкімшілік-басқарушылық персонал | ||||||||||
Басқалары | ||||||||||
Құрылтайшылар | ||||||||||
Бірінші басшы туралы ақпарат: | ||||||||||
Аты-жөні | ||||||||||
Білімі/Ғылыми дәрежесі/беру жылы | ||||||||||
Жынысы: | ер әйел | |||||||||
Телефон | Жұмыс | Ұялы | ||||||||
Электрондық поштаның мекен-жайы | ||||||||||
Лауазымы | ||||||||||
Байланыс мекен-жайы | ||||||||||
Байланыс тұлғасы: | ||||||||||
Аты-жөні | ||||||||||
Телефон | Жұмыс | Ұялы | ||||||||
Электрондық пошта мекен-жайы | ||||||||||
Лауазымы | ||||||||||
Байланыс мекен-жайы |
Жоба туралы қысқаша ақпарат
Жоба мақсаты: | |||||||||||||||||
Жоба міндеттері: | |||||||||||||||||
Жобаны іске асыру орны | |||||||||||||||||
Жобаны іске асыру мерзімі | |||||||||||||||||
Өткізу нарығы | |||||||||||||||||
Жобаның дайындық дәрежесі | |||||||||||||||||
Берілген жоба басқа көздерден қаржыландырылды: | |||||||||||||||||
Иә | Жоқ | ||||||||||||||||
Қаржыландырылса, қандай көлемде, бағдарлама атауы, жоба атауы мен алынған қаржыландырудың сомасы | |||||||||||||||||
Жоба командасының құрамы: | |||||||||||||||||
| |||||||||||||||||
Инновациялық гранттар туралы қандай ақпарат көздерінен білдіңіз? "ТДҰА" АҚ сайты "ТДҰА" АҚ жіберілімі "ТДҰА" АҚ семинарлары, конференциялары теледидар әлеуметтік желілер газеттер, журналдар басқасы _____________________________________ |
Өзге тұлғаларды тарту арқылы ұлттық институтпен сараптамалық бағалауды өткізген кезде берілген өтінім бойынша құжаттарды, материалдар мен ақпаратты, соның ішінде құпия мәліметтерді пайдалануға, сонымен қатар жеке немесе заңды тұлға туралы, барлық көздердегі кредиторлық берешектің бар болуы (болмауы) туралы мәліметтерді жинауға өз келісімімді беремін. | |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 20 ___ жылғы "__"_________ № _____ бұйрығымен бекітілген Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беру ережелерімен таныстым. | |
Технологияны коммерциализациялауға инновациялық гранттарды беру ережелерінің талаптарымен сәйкес қажетті материалдар мен (немесе) құжаттар _____ парақта қоса беріледі | |
Осы өтінім сұрақтары бойынша корреспонденцияны жүргізу үшін электрондық поштаның мекен-жайы: |
Ескерту: Заңды тұлғалар үшін ұйым бланкісінде жасалады. Өтінімге бірінші басшы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қояды. Басшы ауысқан кезде немесе байланыс мәліметтері (пошталық мекен-жайы, электрондық мекен-жайы немесе телефоны) өзгерген кезде, Ұлттық институтқа ескерту қажет.
Өтінім берушінің атынан қол қою өкілеті бар тұлғаның лауазымы |
_____________________(Т.А.Ә.) |
Материалдар және (немесе) құжаттарды алу туралы белгі (Ұлттық институтпен толтырылады)
Алынған күні: | "_____" ________________ 20 __ жыл |
Өтінімнің тіркеу нөмірі | №_____ |
Тіркеуші |
_____________________( Т.А.Ә.) |
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларына 6-1-қосымша |
|
Үлгі |
Технологияларды коммерцияландыру стратегиясы
Ескерту. Бұйрық 6-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
(Қызметтік пайдалану үшін) | |
Тіркеу күні: | Өтінім нөмірі: |
"__"_______20__жыл | №_____________ |
1. Өтінім берушінің қысқаша сипаттамасы
1) Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы;
2) Ұйымдық-құқықтық нысаны, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;
3) Ұйым басшысы;
4) Жеке немесе заңды тұлғаның мекен-жайы, телефоны, факс, электрондық поштасы;
5) Жеке немесе заңды тұлға қызметінің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы;
6) Негізгі өндірістік көрсеткіштер;
7) Саладағы жұмыс тәжірибесі;
8) Компанияның ағымдағы ұйымдық жағдайы, кадрларға қатысты жағдайы, клиенттері және жеткізушілерімен қарым-қатынастары;
9) Соңғы есептік кезең үшін кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы қысқаша есеп.
2. Жобаның қысқаша сипаттамасы
1. Жобаның атауы.
2. Жобаның мәні.
3. Жобаны бастау үшін алғышарттар.
4. Жоба командасы.
5. Жобаны іске асыру орны (облысы, ауданы).
6. Шығарылуға болжалды өнім.
7. Жоба тиімділігі (NPV, IRR, DPP, PI).
8. Жобаның ағымдағы жағдайы (дәлелдейтін құжаттарды қосу қажет).
9. Жоба бойынша іске асырудың ерекше талаптары мен шектеулер: лицензияның (егер қызмет түрі лицензияланатын болса), патенттердің, рұқсаттамалардың бар болуы, экспорттық және импорттық квоталардың бар болуы, өткізу нарықтары мен шикізат бойынша, су-энергиямен жабдықтау, көлік, байланыс, қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндіктері, шетелдік жұмыс күшіне деген қажеттіліктер бойынша шектеулер мен ұсынымдар, технологиялық процестер бойынша экологиялық тазалығына талаптар мен басқалары.
10. Жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:
1) меншік қаражаттары;
2) инновациялық грант;
3) қарыз қаражаттары (несиелер немесе шаруашылық етуші субъектілердің тартылған қаражаттары).
11. Жобаны іске асыру мерзімі – инновациялық грантты беру келісім-шартына қол қойылған кезеңінен бастап ______ ай.
12. Шығындар сметасы:
Жұмыстарды орындауға шығыдар | Шығындар сомасы (теңге) | Жұмыс кезеңдері | Бағаны белгілеу бойынша түсініктеме | Қаржыландыру көзі | Есептеулерде қоланылатын дерек көздері | ||
Шығындар – Барлығы: | |||||||
соның ішінде баптар бойынша | |||||||
Анықтама: қаржыландырудың басқа көздері есебінен шығындар Барлығы: | |||||||
соның ішінде: | |||||||
меншікті қаражаттар | |||||||
басқалары (қандай екенін көрсету қажет) |
Ескерту: Шығындардың әр бабы бойынша өтінім беруші есептеулерде қолданылған деректер көздерін, баға белгілеудің түсініктемесін көрсетеді.
13. Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары:
№ | Келісім-шарт бойынша жұмыстардың және олдардың негізгі кезеңдерінің атауы | Жұмыстарды атқару мерзімі (айлар) | Кезеңнің есептік бағасы (теңге) | Есептілік формасы мен түрі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ескерту: Күнтізбелік жоспар жобасында жобаны іске асырудың 3-тен көп емес кезеңі көрсетіледі.
3. Маркетингтік бөлім
1. Өнім сипаттамасы:
1) Шығарылуға болжалды өнім атауы;
Тауарлардың (қызметтердің) атауы | Өндіріс көлемі құндық шамада (теңге) | Өндіріс көлемі заттай шамада |
1. | ||
2. |
2) Функционалдық міндеті мен пайдалану облысы;
3) Өнімнің негізгі техникалық, эстетикалық және басқа сипаттамалары;
4) Өнім технологиялылығының көрсетікштері (пайдалану және басқа касиеттер);
5) Мемлекеттік стандарттар мен нормативтеріне сәйкес келуі;
6) Құндық сипаттамасы (өнім бірлігіне – өзіндік құны, көтерме бағасы, бөлшек сауда бағасы);
7) Патенттік-лицензиялық қорғалуы, авторлық құқықтары, тауарлық белгі мен зияткерлік меншіктің басқа объектілері туралы мәліметтер.
2. Өткізу нарықтарының сипаттамасы (экспорттық немесе ішкі):
1) Нарықтың берілген сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы;
2) Бәсекелес компаниялармен ұсынылатын өнімнің сипаттамасы;
3) Нарықтың сипатты белгілері, оның жан-жақты саралануы (территориялық, демографиялық және басқалары), нарық тауашасын бөлу;
4) Нарықтық мөлшерлік сипаттамалары (заттай және ақшалай шамадағы жыл көлемі, сұранымның өсуге/төмендеуге беталысы);
5) Компания өнімі орнын алуға қабілеті бар. нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу;
6) Екінші дәрежелі нарықтар (территориялық, мезгілдік және басқа қасиеттері бойынша және басқаларымен негізгі нарықпен байланысты);
7) Зерттелетін нарықтағы негізгі беталыстар, күтілетін өзгерістер;
8) Әлеуетті тұтынушылармен келіскендіктің бар болуы мен өнімді сатып алу дайындығын дәлелдейтін құжаттардың болуы (ниет хаттамалары, жеткізу бойынша алдын ала шарттар, жеткізу келісім-шарттары);
9) Нормативтік-құқықтық өрісі, нормативтік құжаттардың бар болуы, ерекше талаптардың бар болуы, оларды қанағаттандыру тәсілдері, оған байланысты шығындар және уақытша шығыстар. Осы нарықты нормативтік-құқықтық реттеуді өзгертуді болжау;
10) Осы нарықта өнімді табысты түрде өткізуге елеулі әсер етуді қамтамасыз ететін факторлардың бар болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалары бойынша өнімнің артықшылығы, өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге ерекшеліктері).
3. Ұқсас өнімдер алдындағы өнімнің артықшылықтары (бәсекеге қабілеттіліктің интегралды индексін есептеу қажет).
Параметрлері | Өлшем бірлігі | Мінсіз өнім үшін мәндер | Жоба өнімінің мәні | 1 бәсекелстің өнім мәні | 2 бәсекелестің өнім мәні | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
Техникалық/тұтынушылық сипаттамалар | ||||||
1-параметр | аналогтар арасында үздік көрсеткіш | жоспарлы мәндер | іс іс жүзіндегі мәндер | іс жүзіндегі мәндер | ||
2-параметр | ... | ... | ... | ... | ||
3-параметр | ... | ... | ... | ... | ||
... | ... | ... | ... | ... | ||
Экономикалық сипаттамалар | ||||||
Бағасы | минималды баға | жоспарлы мәндер | іс жүзіндегі мәндер | іс жүзіндегі мәндер |
4. Портердің бес күшін талдау.
5. Стратегияны жүзеге асыру бюджетін негіздеуді қоса алғанда, маркетингтік стратегия.
4. Техникалық бөлім
1. Жоба технологиясының және технологиялық процестің қысқаша суреттемесі (өндірістік қуаттылық, қажетті өндірістік персонал, соның ішінде импорт, техникалық регламент, хронометраж, материалдық баланс пен басқалар).
2. Технологиялық шешімнің таңдалуын негіздеу.
3. Жобаның орналасуы мен көлемін (масштабын) таңдауды негіздеу (жеткізушілер мен нарықтар үшін орналасу ыңғайлылығы);
4. Ілеспе инфрақұрылым мен көлік мүмкіндіктері;
5. Ғимараттарды пайдалану мүмкіндіктері мен бар ғимараттарды қайта құру;
6. Жоба бойынша тауарларды (қызметтерді) өндіру көлемін анықтайтын факторлар.
7. Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдерді салыстырмалы талдау (ұқсас тауарлармен салыстырғандағы өндіру үшін болжалды тауарлардың, қызметтердің техникалық деңгейі мен құны, қаржыландыру көздеріне сілтемелер):
Көрсетікштер атауы | Көрсетікштердің мәні | |||
Ұсынылатын үлгі | №1 аналог | №2 аналог | ||
1 | ||||
2 |
8. Ресурстармен қамтамасыз ету
1) Шикізат пен материалдар:
қолданылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізімі;
көлік шығындарының, салық міндеттемелері мен кеден салықтарын есепке алғандағы бағалардың қол жетімілігі мен деңгейі;
шикізат пен материалдарды жеткізушілердің қажеттілігін және таңдалуын негіздеу.
2) Құрал-жабдықтар мен жиынтықтаушы бұйымдар:
қажетті құрал-жабдықтар мен жиынтықтаушы бұйымдардың тізімі мен оларға негізгі техникалық сипаттамалар;
әлемдік және жергілікті нарықтағы құрал-жабдық пен технологияның жаңалығы;
көлік шығындары, салық міндеттемелері, кеден салықтары, монтаж және іске қосу мен жөндеу жұмыстарын есепке алғандағы құрал-жабдықтардың және жиынтықтаушы бұйымдардың құны;
құрал-жабдықтар және жиынтықтаушы бұйымдар жеткізушілерін таңдау қажеттілігін негіздеу;
жөндеу базасының бар болуы мен қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарымен қамтамасыз ету.
3) Үшінші тұлғалармен орындалатын жұмыстар мен қызметтер:
сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің тізімі;
сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің құны;
жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерінің қажеттілігі мен таңдалуын негіздеу.
4) Үстеме шығындар:
үстеме шығындардың тізімі;
үстеме шығындардың құны;
жеткізушілердің қажеттілігі пен таңдалуын негіздеу.
5) Өндірістік персонал:
қажетті біліктілігі бар кадрлардың болуы ;
қажетті біліктілігі бар мамандар нарығын талдау. Қажетті біліктілігі бар персоналмен қамтамасыз ету көзі мен құнын сипаттау.
5. Ұйымдық бөлім
1. Ұйымдық құрылымы мен компанияның менеджмент жүйесі.
2. Жобаны іске асыру процесінде жоба командасының мүшелері арасында міндеттемелері мен жауапкершілігін бөлу;
3. Жобаны іске асырудың ұйымдық жоспары (жоспар-график)
6. Қаржылық бөлім
1. Жобаны қаржыландырудың мөлшері мен құрылымы:
1) Көздері мен компоненттері бойынша қаржыландыру құрылымы:
меншікті қаражаттар;
инновациялық грант;
қарыз қаражаттары.
2) Жобаның қаржылық моделі:
өндірістік бағдарлама;
іске асыру көлемін ақашалай шамамен болжау;
өнімнің өзіндік құны мен өткізу шығындарын есептеу;
табыстар мен шығындардың болжалдық есебі;
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы болжалды есеп;
жобаның зиянсыздық нүктесін болжау.
3) Қаржылық-экономикалық көрсеткіштер:
жобаның өмірлік цикліне таза дисконтталған табыс (NPV);
жобаның өмірлік цикліне табыстылықтың ішкі нормасы (IRR);
жобаның өтелімділік мерзімі (қарапайым және дисконтталған);
жоба өмірінің әр жылы үшін табыстың қарапайым нормасы (рентабелдік);
төленетін салықтар, кеден салықтары мен бюджетке түрлер бойынша төлемдер.
7. Экологиялық бөлім
1. Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсер етуі бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі.
8. Әлеуметтік-экономикалық бөлім
1. Ел экономикасының қажеттіліктеріне жобаның сәйкес келуі (мемлекеттік бағдарламаларға немесе басқа құжаттарға):
2. Өндірістік тауарлар және халық тұтынатын өндірістік емес тауарлардың шығарылуын арттыру;
3. Импорттың орнын басу (импорттың орнын басудың көлемі мен құны);
4. Экспортты арттыру(экспорт құны мен көлемі);
5. Жаңа жұмыс орындарын құру;
9. Тәуекелді талдау
1. Тәуекелді бағалауда қолданылатын әдістеменің сипаттамасы.
2. Тәуекелді сәйкестендіру, соның ішінде:
1) Жоба өмірінің жоспарланатын кезеңдерінде;
2) Тәуекел түрлері (қаржылық, техникалық, заң, коммерциялық, ұйымдық);
3) Салдарлар сипаты (жол берілетін, қиын, апатты);
4) Есеп жүргізу сипаты бойынша (ішкі, сыртқы).
3. Әсер ету дәрежесі мен пайда болу ықтималдылығы бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру ("сезімталдықты талдау" әдісін пайдалану) және тәуекелдер картасын қалыптастыру.
4. Тәуекелдің алдын алу шаралары (оларды іске асыру құнын көрсету қажет).
Бизнес-жоспар көрнекі құралдарды қамтиды (сұлбалар, сызбалар, эскиздер және басқалар).
Ұйым басшысы
_______________ ___________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
М.О. (бар болған жағдайда)
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларына 7-қосымша |
Нысан
Күнтізбелік жоспар жобасы
Ескерту. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларына 8-қосымша |
Нысан
Шығындар сметасының жобасы
Ескерту. Алып тасталды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 07.06.2017 № 332 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен