"Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 560 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 443 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 21 шілдеде № 15357 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 01.10.2020 № 365/НҚ бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 560 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11521 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттарды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Технологиялық және инновациялық даму департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 12 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 17 шілде

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 4 шілдедегі
№ 443 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 560 бұйрығымен
бекітілген

"Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасы берілген сәттен бастап – 83 (сексен үш) жұмыс күні;

      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін рұқсат берілген ең ұзақ күту уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) рұқсат берілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 30 (отыз) минут.

      Қызмет алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда қызмет беруші өтінімді қабылдаудан бас тартады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру туралы шартқа қол қою немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағымен қарастырылған жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін берудің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алуға өтініш;

      2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша технологияларды коммерцияландыру стратегиясы (сондай-ақ Microsoft Word нысанында, электронды тасығышта, ағылшын тілінде ұсынылады);

      3) заңды тұлғалар үшін – жарғының көшірмесі, жоғары органның өтінімді ұлттық институтқа ұсыну туралы, басшыға немесе өзге уәкілетті тұлғаға өтінімді ұсыну мен инновациялық грантты алумен байланысты құжаттарға қол қою өкілеттерін беру туралы шешімі;

      4) заңды тұлғалар үшін – бірінші басшымен (ол болмаған кезде – оны алмастыратын тұлғамен) және бас бухгалтермен қол қойылған, ұйымның мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған соңғы жыл үшін қаржылық есептілік (қаржылық есептіліктің әр жыл сайынғы аудитін өткізу міндетті болып табылатын тұлғалар уақыттың көрсетілген кезеңі үшін аудиторлық есеп ұсынады);

      5) мемлекеттік кірістер органдарында есеп жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екені туралы мәліметтер.

      Өтінім материалдарына қосымша бар болған жағдайда қоса беріледі:

      1) жоба қатысушыларының біліктілігін растайтын лицензиялар, патенттер, куәліктер, сертификаттар, дипломдар мен басқа құжаттардың көшірмелері;

      2) құрал-жабдықтарды жеткізуге шарттардың және (немесе) келісімдердің көшірмелері қоса берілуі мүмкін.

      Өтінім ұлттық институтқа мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде екі данамен қол қойылған және нөмірленген нысанда қағаз тасығышта және PDF форматында бірыңғай файлмен электрондық сканерленген, нұсқамен ұсынылады немесе инновациялық гранттарға өтінімдерді электрондық қабылдау және сүйемелдеу жүйесі арқылы ұсынылады. Өтінімнің электрондық нұсқасының мазмұны оның қағаз нұсқасымен бірдей болуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды берген кезде оның көшірмесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелу күні мен нөмірі көрсетілген тіркелуі туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтінімнің қабылданғанын растау болып табылады.

      10. Қызмет беруші келесі жағдайларда технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттарды беруден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің "Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1163 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 12967 болып тіркелген) және "Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1192 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 13062 болып тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, көрсетілетін қызметті берушінің және оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезінде шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша не Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Transport tower" ғимараты, № 1012 кабинет, телефондары: 8 (7172) 75-43-25; 75-43-23; 75-44-11; 75-44-44.

      Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы не жұмыс күндері Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағым

      Министрліктің кеңсесінде (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегін, аты-жөнін, әкесінің атын (бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.) қабылдаған күні мен уақытын, шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, тіркеу шағымды қабылдауды растау болып табылады.

      Министрліктің атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Өтінішті қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы не болмаса Министрліктің кеңсесінен қолма-қол алынады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағым оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.mid.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік қызметтер" деген бөлімде, "Технологиялық және инновациялық даму департаменті" бөлімшеде орналасқан.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығына қашықтықтан қолжетімділік режимі арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі мен тәртібі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 57-10-14, 57-10-16, 51-70-18 (ішкі номер 777), бірыңғай байланыс орталығының нөмірі: 1414.

  "Технологияларды
коммерцияландыруға арналған
инновациялық гранттарды беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Үлгі

(Қызметтік пайдалану үшін)

Тіркеу күні:

Өтінім нөмірі:

"__"_______20__жыл

№_____________

Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грантты алу үшін өтініш

Жеке тұлғаның Т.А.Ә. / заңды тұлғаның атауы


осы өтінішті Технологияны коммерцияландыруға инновациялық грантты алу үшін қажетті құжаттар топтамасымен жолдайды

Жобаның атауы:


Жоба инновациялық грантты берудің басымды бағытына сәйкес келеді (бір ғана басымды бағытты көрсету керек):

Минералды және көмірсутекті шикізатты іздеу, өндіру, тасымалдау және қайта өңдеудің прогрессивтік технологиялары



Таулы-металлургиялық кешеннің прогрессивтік технологиялары



Агроөнеркәсіптік кешеніндегі, тамақ өнеркәсібі мен агрохимиядағы прогрессивтік технологиялар



Фармацевтикалық саладағы, медициналық өнеркәсіптегі, биотехнологиядағы, биоинженериядағы, гендік инженериядағы прогрессивтік технологиялар



Химия мен мұнай химиясындағы прогрессивтік технологиялар



Жаңа материалдарды қоса алғанда, машина жасаудағы прогрессивтік технологиялар



Баламалы энергетика, жаңартылатын энергия көздері



Энерготиімділік технологиялары



Инфокоммуникациялық технологиялар



Жеңіл өнеркәсіптегі прогрессивтік технологиялар



Жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі прогрессивтік технологиялар



Жаңа материалдарды пайдалануды қоса алғанда, құрылыстағы прогрессивтік технологиялар



Буып-тию өнеркәсібіндегі прогрессивтік технологиялар



Робот техникасы



Нано жәна ғарыш технологиялары



Энергетика



Инновациялық гранттың сұралатын теңгемен көрсетілген сомасы (цифр арқылы және жазбаша):


Жобаның теңгемен көрсетілген толық құны (цифр арқылы және жазбаша):


Өтінім беруші туралы ақпарат

Ұйым атауы:


Құрылу күні:


Тіркеу мәліметтері:


Өтінім берушінің заңды мекен-жайы
(индекс, облыс, аудан,елді мекен, көше, үй, пәтер)


Өтінім берушінің нақты мекен-жайы
(индекс, облыс, аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)


Банк деректемелері, есеп айырысу шоты, валюттік шот, банктік жеке код:


Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:


Телефон

Жұмыс


Ұялы


Электрондық пошта


Ресми сайт


Кәсіпорын көлемі

Шағын (100 жұмыскерге дейін және жылдық жиынтық табысы 300 мың АЕК көп емес)

Орта (100 ден 250-ге дейін жұмыскерге дейін және 300 мыңнан 3 миллионға дейін АЕК көп емес)

Ірі (250 жұмыскерден көп және/немесе жылдық жиынтық табысы 3 миллион АЕК көп емес )

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрі
(4 таңбалы): _____________

Жұмыскерлердің нақты саны, соның ішінде:


Инженерлік-техникалық жұмыскерлер


Әкімшілік-басқарушылық персонал


Басқалары


Құрылтайшылар (қатысу үлесін көрсетумен (бар болған жағдайда):



Бірінші басшы туралы ақпарат:

Аты-жөні


Білімі/Ғылыми дәрежесі/беру жылы


Жынысы:

ер 

әйел


Телефон

Жұмыс


Ұялы


Электрондық поштаның мекен-жайы


Лауазымы


Байланыс мекен-жайы


Байланыс тұлғасы:

Аты-жөні


Телефон

Жұмыс


Ұялы


Электрондық пошта мекен-жайы


Лауазымы


Байланыс мекен-жайы


Жоба туралы қысқаша ақпарат

Жоба мақсаты:


Жоба міндеттері:


Жобаны іске асыру орны


Жобаны іске асыру мерзімі


Өткізу нарығы (ел, аймақ)


Жобаның дайындық дәрежесі


Берілген жоба басқа көздерден қаржыландырылды:

Иә


Жоқ


Қаржыландырылса, қандай көлемде, бағдарлама атауы, жоба атауы мен алынған қаржыландырудың сомасы

Жоба командасының құрамы:

Аты-жөні

Жобадағы қызметі

Негізгі жұмыстағы қызметі

Жобаға қатысуы (%)












Инновациялық гранттар туралы қандай ақпарат көздерінен білдіңіз?

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің сайты

"ТДҰА" АҚ сайты

"ТДҰА" АҚ жіберілімі

"ТДҰА" АҚ семинарлары, конференциялары

теледидар

әлеуметтік желілер

газеттер, журналдар басқасы _____________________________________


Өзге тұлғаларды тарту арқылы ұлттық институтпен сараптамалық бағалауды өткізген кезде берілген өтінім бойынша құжаттарды, материалдар мен ақпаратты, соның ішінде құпия мәліметтерді пайдалануға, сонымен қатар жеке немесе заңды тұлға туралы, барлық көздердегі кредиторлық берешектің бар болуы (болмауы) туралы мәліметтерді жинауға өз келісімімді беремін.
Осымен берілген материалдар мен ақпараттың, соның ішінде бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздеулердің дұрыстылығын растаймын және күмәнді деректердің берілу фактісі анықталған кезде, өтінімнің қарастыруға қабылданбайтыны туралы ескертілдім.
Осы өтініммен қоса берілген материалдар, ақпарат, техникалық-технологиялық шешімдер мен ілеспе құжаттаманың қолдану мен таратуға ешқандай шектеулері жоқ екенін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерін қамтымайтынын растаймын.
Ұлттық институтқа өтінімді берген кезде, банкрот кезеңіндегі немесе дәрменсіздік нәтижесінде жойылған, мүлігіне тыйым салынған жеке немесе заңды тұлғалардың меншік иесі немесе басшысы болып табылатын немесе болған меншім иесі және бірінші басшысы, жеке немесе заңды тұлға болмайтынымызды растаймыз.

"Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1192 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізімінде № 13062 болып тіркелген) таныстым.
Инновациялық гранттарды беру шарттары мен Ұлттық институттың ішкі процедураларымен өз келісімімді растаймын.

Технологияны коммерциализациялауға инновациялық гранттарды беру ережелерінің талаптарымен сәйкес қажетті материалдар мен (немесе) құжаттар _____ парақта қоса беріледі

Осы өтінім сұрақтары бойынша корреспонденцияны жүргізу үшін электрондық поштаның мекен-жайы:


      Ескерту: Заңды тұлғалар үшін ұйым бланкісінде жасалады. Өтінімге бірінші басшы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қояды. Басшы ауысқан кезде немесе байланыс мәліметтері (пошталық мекен-жайы, электрондық мекен-жайы немесе телефоны) өзгерген кезде, Ұлттық институтқа ескерту қажет.

Өтінім берушінің атынан қол қою өкілеті бар тұлғаның лауазымы

_____________________(Т.А.Ә.)
_____________________
(қолы)

      Материалдар және (немесе) құжаттарды алу туралы белгі (Ұлттық институтпен толтырылады)

Алынған күні:

"_____" ________________ 20 __ жыл

Өтінімнің тіркеу нөмірі

№_____

Тіркеуші

_____________________( Т.А.Ә.)
_____________________ (қолы)

  "Технологияларды
коммерцияландыруға арналған
инновациялық гранттарды беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
  Үлгі

Технологияларды коммерцияландыру стратегиясы

(Қызметтік пайдалану үшін)

Тіркеу күні:

Өтінім нөмірі:

"__"_______20__жыл

№_____________

      1. Өтінім берушінің қысқаша сипаттамасы

      1) Жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы;

      2) Ұйымдық-құқықтық нысаны, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      3) Ұйым басшысы;

      4) Жеке немесе заңды тұлғаның мекен-жайы, телефоны, факс, электрондық поштасы;

      5) Жеке немесе заңды тұлға қызметінің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы;

      6) Негізгі өндірістік көрсеткіштер;

      7) Саладағы жұмыс тәжірибесі;

      8) Компанияның ағымдағы ұйымдық жағдайы, кадрларға қатысты жағдайы, клиенттері және жеткізушілерімен қарым-қатынастары;

      9) Соңғы есептік кезең үшін кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы қысқаша есеп.

      2. Жобаның қысқаша сипаттамасы

      1. Жобаның атауы.

      2. Жобаның мәні.

      3. Жобаны бастау үшін алғышарттар.

      4. Жоба командасы.

      5. Жобаны іске асыру орны (облысы, ауданы).

      6. Шығарылуға болжалды өнім.

      7. Жоба тиімділігі (NPV, IRR, DPP, PI).

      8. Жобаның ағымдағы жағдайы (дәлелдейтін құжаттарды қосу қажет).

      9. Жоба бойынша іске асырудың ерекше талаптары мен шектеулер: лицензияның (егер қызмет түрі лицензияланатын болса), патенттердің, рұқсаттамалардың бар болуы, экспорттық және импорттық квоталардың бар болуы, өткізу нарықтары мен шикізат бойынша, су-энергиямен жабдықтау, көлік, байланыс, қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндіктері, шетелдік жұмыс күшіне деген қажеттіліктер бойынша шектеулер мен ұсынымдар, технологиялық процестер бойынша экологиялық тазалығына талаптар мен басқалары.

      10. Жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:

      1) меншік қаражаттары;

      2) инновациялық грант;

      3) қарыз қаражаттары (несиелер немесе шаруашылық етуші субъектілердің тартылған қаражаттары).

      11. Жобаны іске асыру мерзімі – инновациялық грантты беру келісім-шартына қол қойылған кезеңінен бастап ______ ай.

      12. Шығындар сметасы:

Жұмыстарды орындауға шығыдар

Шығындар сомасы (теңге)

Жұмыс кезеңдері

Бағаны белгілеу бойынша түсініктеме

Қаржыландыру көзі

Есептеулерде қоланылатын дерек көздері




Шығындар – Барлығы:








соның ішінде баптар бойынша
















Анықтама: қаржыландырудың басқа көздері есебінен шығындар Барлығы:








соның ішінде:








меншікті қаражаттар








басқалары (қандай екенін көрсету қажет)








      Ескерту: Шығындардың әр бабы бойынша өтінім беруші есептеулерде қолданылған деректер көздерін, баға белгілеудің түсініктемесін көрсетеді.

      13. Жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары:

Келісім-шарт бойынша жұмыстардың және олдардың негізгі кезеңдерінің атауы

Жұмыстарды атқару мерзімі (айлар)

Кезеңнің есептік бағасы (теңге)

Есептілік формасы мен түрі

1

2

3

4

5






      Ескерту: Күнтізбелік жоспар жобасында жобаны іске асырудың 3-тен көп емес кезеңі көрсетіледі.

      3. Маркетингтік бөлім

      1. Өнім сипаттамасы:

      1) Шығарылуға болжалды өнім атауы;

Тауарлардың (қызметтердің) атауы

Өндіріс көлемі құндық шамада (теңге)

Өндіріс көлемі заттай шамада

1.



2.



      2) Функционалдық міндеті мен пайдалану облысы;

      3) Өнімнің негізгі техникалық, эстетикалық және басқа сипаттамалары;

      4) Өнім технологиялылығының көрсетікштері (пайдалану және басқа касиеттер);

      5) Мемлекеттік стандарттар мен нормативтеріне сәйкес келуі;

      6) Құндық сипаттамасы (өнім бірлігіне – өзіндік құны, көтерме бағасы, бөлшек сауда бағасы);

      7) Патенттік-лицензиялық қорғалуы, авторлық құқықтары, тауарлық белгі мен зияткерлік меншіктің басқа объектілері туралы мәліметтер.

      2. Өткізу нарықтарының сипаттамасы (экспорттық немесе ішкі):

      1) Нарықтың берілген сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы;

      2) Бәсекелес компаниялармен ұсынылатын өнімнің сипаттамасы;

      3) Нарықтың сипатты белгілері, оның жан-жақты саралануы (территориялық, демографиялық және басқалары), нарық тауашасын бөлу;

      4) Нарықтық мөлшерлік сипаттамалары (заттай және ақшалай шамадағы жыл көлемі, сұранымның өсуге/төмендеуге беталысы);

      5) Компания өнімі орнын алуға қабілеті бар. нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу;

      6) Екінші дәрежелі нарықтар (территориялық, мезгілдік және басқа қасиеттері бойынша және басқаларымен негізгі нарықпен байланысты);

      7) Зерттелетін нарықтағы негізгі беталыстар, күтілетін өзгерістер;

      8) Әлеуетті тұтынушылармен келіскендіктің бар болуы мен өнімді сатып алу дайындығын дәлелдейтін құжаттардың болуы (ниет хаттамалары, жеткізу бойынша алдын ала шарттар, жеткізу келісім-шарттары);

      9) Нормативтік-құқықтық өрісі, нормативтік құжаттардың бар болуы, ерекше талаптардың бар болуы, оларды қанағаттандыру тәсілдері, оған байланысты шығындар және уақытша шығыстар. Осы нарықты нормативтік-құқықтық реттеуді өзгертуді болжау;

      10) Осы нарықта өнімді табысты түрде өткізуге елеулі әсер етуді қамтамасыз ететін факторлардың бар болуы (баға саясаты, техникалық сипаттамалары бойынша өнімнің артықшылығы, өнімнің ерекше қасиеттері, географиялық және өзге ерекшеліктері).

      3. Ұқсас өнімдер алдындағы өнімнің артықшылықтары (бәсекеге қабілеттіліктің интегралды индексін есептеу қажет).

Параметрлері

Өлшем бірлігі

Мінсіз өнім үшін мәндер

Жоба өнімінің мәні

1 бәсекелстің өнім мәні

2 бәсекелестің
өнім мәні





1

2

3

4

5

6

Техникалық/тұтынушылық сипаттамалар


1-параметр


аналогтар арасында үздік көрсеткіш

жоспарлы мәндер

Іс іс жүзіндегі
мәндер

іс жүзіндегі мәндер

2-параметр


...

...

...

...

3-параметр


...

...

...

...

...


...

...

...

...

Экономикалық сипаттамалар

Бағасы


минималды баға

жоспарлы мәндер

іс жүзіндегі мәндер

іс жүзіндегі мәндер

      4. Портердің бес күшін талдау.

      5. Стратегияны жүзеге асыру бюджетін негіздеуді қоса алғанда, маркетингтік стратегия.

      4. Техникалық бөлім

      1. Жоба технологиясының және технологиялық процестің қысқаша суреттемесі (өндірістік қуаттылық, қажетті өндірістік персонал, соның ішінде импорт, техникалық регламент, хронометраж, материалдық баланс пен басқалар).

      2. Технологиялық шешімнің таңдалуын негіздеу.

      3. Жобаның орналасуы мен көлемін (масштабын) таңдауды негіздеу (жеткізушілер мен нарықтар үшін орналасу ыңғайлылығы);

      4. Ілеспе инфрақұрылым мен көлік мүмкіндіктері;

      5. Ғимараттарды пайдалану мүмкіндіктері мен бар ғимараттарды қайта құру;

      6. Жоба бойынша тауарларды (қызметтерді) өндіру көлемін анықтайтын факторлар.

      7. Техникалық және құндық сипаттамалары бойынша баламалы шешімдерді салыстырмалы талдау (ұқсас тауарлармен салыстырғандағы өндіру үшін болжалды тауарлардың, қызметтердің техникалық деңгейі мен құны, қаржыландыру көздеріне сілтемелер):

Көрсетікштер атауы

Көрсетікштердің мәні

Ұсынылатын үлгі

№1 аналог

№2 аналог

1





2





      8. Ресурстармен қамтамасыз ету

      1) Шикізат пен материалдар:

      қолданылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізімі;

      көлік шығындарының, салық міндеттемелері мен кеден салықтарын есепке алғандағы бағалардың қол жетімілігі мен деңгейі;

      шикізат пен материалдарды жеткізушілердің қажеттілігін және таңдалуын негіздеу.

      2) Құрал-жабдықтар мен жиынтықтаушы бұйымдар:

      қажетті құрал-жабдықтар мен жиынтықтаушы бұйымдардың тізімі мен оларға негізгі техникалық сипаттамалар;

      әлемдік және жергілікті нарықтағы құрал-жабдық пен технологияның жаңалығы;

      көлік шығындары, салық міндеттемелері, кеден салықтары, монтаж және іске қосу мен жөндеу жұмыстарын есепке алғандағы құрал-жабдықтардың және жиынтықтаушы бұйымдардың құны;

      құрал-жабдықтар және жиынтықтаушы бұйымдар жеткізушілерін таңдау қажеттілігін негіздеу;

      жөндеу базасының бар болуы мен қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарымен қамтамасыз ету.

      3) Үшінші тұлғалармен орындалатын жұмыстар мен қызметтер:

      сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің тізімі;

      сатып алынатын жұмыстар мен қызметтердің құны;

      жұмыстар мен қызметтер жеткізушілерінің қажеттілігі мен таңдалуын негіздеу.

      4) Үстеме шығындар:

      үстеме шығындардың тізімі;

      үстеме шығындардың құны;

      жеткізушілердің қажеттілігі пен таңдалуын негіздеу.

      5) Өндірістік персонал:

      қажетті біліктілігі бар кадрлардың болуы ;

      қажетті біліктілігі бар мамандар нарығын талдау. Қажетті біліктілігі бар персоналмен қамтамасыз ету көзі мен құнын сипаттау.

      5. Ұйымдық бөлім

      1. Ұйымдық құрылымы мен компанияның менеджмент жүйесі.

      2. Жобаны іске асыру процесінде жоба командасының мүшелері арасында міндеттемелері мен жауапкершілігін бөлу;

      3. Жобаны іске асырудың ұйымдық жоспары (жоспар-график)

      6. Қаржылық бөлім

      1. Жобаны қаржыландырудың мөлшері мен құрылымы:

      1) Көздері мен компоненттері бойынша қаржыландыру құрылымы:

      меншікті қаражаттар;

      инновациялық грант;

      қарыз қаражаттары.

      2) Жобаның қаржылық моделі:

      өндірістік бағдарлама;

      іске асыру көлемін ақашалай шамамен болжау;

      өнімнің өзіндік құны мен өткізу шығындарын есептеу;

      табыстар мен шығындардың болжалдық есебі;

      ақша қаражаттарының қозғалысы туралы болжалды есеп;

      жобаның зиянсыздық нүктесін болжау.

      3) Қаржылық-экономикалық көрсеткіштер:

      жобаның өмірлік цикліне таза дисконтталған табыс (NPV);

      жобаның өмірлік цикліне табыстылықтың ішкі нормасы (IRR);

      жобаның өтелімділік мерзімі (қарапайым және дисконтталған);

      жоба өмірінің әр жылы үшін табыстың қарапайым нормасы (рентабелдік);

      төленетін салықтар, кеден салықтары мен бюджетке түрлер бойынша төлемдер.

      7. Экологиялық бөлім

      1. Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсер етуі бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі.

      8. Әлеуметтік-экономикалық бөлім

      1. Ел экономикасының қажеттіліктеріне жобаның сәйкес келуі (мемлекеттік бағдарламаларға немесе басқа құжаттарға):

      2. Өндірістік тауарлар және халық тұтынатын өндірістік емес тауарлардың шығарылуын арттыру;

      3. Импорттың орнын басу (импорттың орнын басудың көлемі мен құны);

      4. Экспортты арттыру(экспорт құны мен көлемі);

      5. Жаңа жұмыс орындарын құру;

      9. Тәуекелді талдау

      1. Тәуекелді бағалауда қолданылатын әдістеменің сипаттамасы.

      2. Тәуекелді сәйкестендіру, соның ішінде:

      1) Жоба өмірінің жоспарланатын кезеңдерінде;

      2) Тәуекел түрлері (қаржылық, техникалық, заң, коммерциялық, ұйымдық);

      3) Салдарлар сипаты (жол берілетін, қиын, апатты);

      4) Есеп жүргізу сипаты бойынша (ішкі, сыртқы).

      3. Әсер ету дәрежесі мен пайда болу ықтималдылығы бойынша тәуекелдерді сәйкестендіру ("сезімталдықты талдау" әдісін пайдалану) және тәуекелдер картасын қалыптастыру.

      4. Тәуекелдің алдын алу шаралары (оларды іске асыру құнын көрсету қажет).

      Бизнес-жоспар көрнекі құралдарды қамтиды (сұлбалар, сызбалар, эскиздер және басқалар).

      Ұйым басшысы

      _______________ ___________________________

      (қолы) (Т.А.Ә.)

      Мөр орны (бар болған жағдайда)