БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларында:
2-тармақтың 38) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"38) Қазақстан Республикасының немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын – 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 "Концессия мәселелері жөнінде мамандандырылған ұйым құру туралы" және 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1056 "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес "Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы" АҚ немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен айқындалатын заңды тұлға;";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. МИЖ инвестициялық ұсынысының қажетті сараптамаларын жүргізу осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау және ББӘ-нің инвестициялық ұсыныстарына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның экономикалық қорытынды әзірлеуі болып табылады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ББӘ инвестициялық ұсыныстарын экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі тұрғысынан 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды және олар бойынша экономикалық қорытындыны ББӘ-ге жібереді.
Егер, ББӘ МИЖ-сын бюджеттен төленетін төлемдер сомасы МЖӘ жобалары бойынша жергілікті атқарушы органның мемлекеттік міндеттемелерінің ағымдағы жылға арналған лимитінің 2 (екі) пайызынан асатын жергілікті МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны жүзеге асыру арқылы ұсынылса, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ББӘ инвестициялық ұсынысына ұсыным тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлғаға жібереді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді бағалау негізінде 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МИЖ-сын жергілікті МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны жүзеге асыру арқылы ұсынылған ББӘ инвестициялық ұсынысына МИЖ-ны МЖӘ жобасы, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру арқылы негізділігі (МЖӘ принциптері мен сипаттамаларына сәйкестігі) тұрғысынан ұсыным тұжырымдап, жергілікті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Егер ББӘ инвестициялық ұсыныстары бойынша ұсыным тұжырымдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкес жетіспейтін ақпарат қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға жетіспейтін ақпаратты беру уақытын көрсете отырып, дербес түрде сұратады және алады.
Жетіспейтін ақпарат сұратылған жағдайда, ұсынымдарды тұжырымдау мерзімі олар ұсынылғанға дейін тоқтатылады.
Ұсынымдарды тұжырымдауға арналған жетіспейтін ақпарат уақтылы берілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға ұсынылған деректерді инвестициялық ұсынысқа ұсынымды тұжырымдау мүмкін еместігін көрсете отырып ББӘ-не қайтарады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган экономикалық қорытындыны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның ұсынымын ескере отырып дайындайды.";
3 және 3-1 қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;
2) "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау, жекеше әріптесті айқындау жөнінде конкурс және тікелей келіссөздер жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының мониторингін жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу мониторингін жүргізу және бағалау мәселелерін қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. МЖӘ жобасын іске асыру туралы шешімді уәкілетті тұлға Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары не актілері негізінде, сондай-ақ МЖӘ жобасының басымдығы мен жеделдігін ескере отырып қабылдайды.
МЖӘ жобасының басымдығын, жеделдігін айқындау кезінде уәкілетті тұлға:
Ведомствоаралық жобалау тобының ұсынымдарын назарға алады;
МЖӘ жобаларына басымдық беруді пайдаланады;
кәсіпкерлік субъектілерінен келіп түскен бастамалардың (осы бастамалар келіп түскен жағдайда) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларына не актілеріне сәйкестігін талдайды.
МЖӘ жобаларына басымдық беру шеңберінде МЖӘ жобасын іске асырудың орындылық дәрежесі қаралады. Бірінші кезекте халықтың базалық қажеттіліктерін қамтамасыз ететін МЖӘ жобаларын іске асыру қаралады.
Егер МЖӘ басым жобалары бірнешеу болған жағдайда мұндай жобаларды іске асырудың жеделділік дәрежесі айқындалады.
Бұл кезеңде МЖӘ жобасының экономикалық және әлеуметтік тиімділігі айқындалады.
МЖӘ жобалары халық үшін ұзақ мерзімді кезеңге құндылық жасауға, жеке әріптестің инвестициялар тартуына, сондай-ақ МЖӘ жобасының ерекшеліктеріне байланысты кемінде 5 (бес) жыл мерзімге жеке әріптестің МЖӘ объектісін пайдалануына бағдарланады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Уәкілетті тұлғалар бәсекелестік диалогтың қорытындыларын, ведомствоаралық жобалау тобы жұмысының нәтижелерін ескере отырып, сондай-ақ Заңның талаптарын ескере отырып, конкурстық құжаттаманы әзірлейді.
Әлеуетті жекеше әріптес МЖӘ жобасына бизнес-жоспар әзірлеген жағдайда жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға өтінім енгізу үшін уәкілетті тұлғалармен талқылау жүргізу қажет.
Талқылауға мүдделі мемлекеттік органдар, сарапшылар және мүдделі тұлғалар тартылуы мүмкін.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
Комиссияның төрағасы конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшысы (конкурсты ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болған жағдайда – облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасарынан төмен емес) болып табылады.
Комиссия хатшысы конкурсты ұйымдастырушының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілі болып табылады.
Комиссияның құрамына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі, бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті (жобаны іске асыру деңгейіне байланысты) уәкілетті органдардың (құрылымдық бөлімше басқармасының басшысынан төмен емес республикалық деңгейде іске асырылатын жобалар бойынша, құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес жергілікті деңгейде іске асырылатын жобалар бойынша) өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізіледі.
Бұл ретте, егер МЖӘ жобасында мемлекеттік міндеттемелер көзделмеген жағдайда комиссияның құрамына бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның өкілін қосу міндетті емес.
Конкурсты ұйымдастырушы жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп проценті мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар болған жағдайларда Комиссия құрамына тиісті саланың уәкілетті органының өкілі (өкілдері) де қосылады.
Комиссия құрамына өзге мемлекеттік органдар, ұйымдар қосылуы мүмкін.
Комиссияның жұмыс органы конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.";
79 және 80 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"79. Конкурсты ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап, әлеуетті жекеше әріптеске (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электрондық жеткізгіште ұсынады.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін арнайы құрылған интернет-ресурс (веб-портал) немесе электрондық поштамен ұсынады.
Конкурстық құжаттаманың көшірмесі қағаз жеткізгіште әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуы бойынша ұсынылады.
Конкурсты ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасау шығынынан аспайтын төлемді алады.
80. Конкурсты ұйымдастырушы:
1) конкурстық құжаттаманың көшірмесін алуға арналған, тиісінше ресімделген әлеуетті жекеше әріптес өкілінің өкілеттіктерін құжаттық растаудың болуын тексереді;
2) әлеуетті жекеше әріптестің немесе оның уәкілетті өкілінің құжаттаманың көшірмесін алу үшін ақы төлегені туралы құжаттық растаудың болуын тексереді;
3) конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларды тіркеу журналына қажетті мәліметтерді (реттік нөмір, алған уақыты мен күні, әлеуетті жекеше әріптестің атауы, мекенжайы және өзге де мәліметтер) енгізеді;
4) әлеуетті жекеше әріптестің уәкілетті өкіліне конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қою арқылы ұсынады.";
82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу өткізеді.
Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған, дереккөздері көрсетілмеген конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, сондай-ақ осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттаманы әзірлейді.
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы хаттама ресімделген және қол қойылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттама ұсынған барлық әлеуетті жекеше әріптестерге аталған хаттаманың көшірмесін жібереді.";
122-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды берген, біліктілік іріктеуден өткен әлеуетті жекеше әріптестерге конкурсты ұйымдастырушының жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың екiншi кезеңiне қатысуға шақыру жiберуiн көздейді.
Шақыруды жіберген күннен бастап конкурсты ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске (оның уәкілетті өкіліне) конкурстық құжаттаманың көшірмесін қағаз немесе электронды жеткізгіште ұсынады.
Конкурсты ұйымдастырушы ұсынылған конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманы көшіру шығындарынан аспайтын төлемақы өндіріп алады.";
131, 132 және 133-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"131. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім берілген уәкілетті тұлға оның түскен күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса:
түскен өтінім шеңберінде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге нақты қажеттілікті көрсете отырып, жобаның техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобаларға жататынын көрсетумен, МЖӘ жобасын іске асырудың қажеттігін;
таңдап алынған жекеше әріптесті айқындау тәсілінің негізділігін;
"Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) сәйкес МЖӘ жобасының өлшемшарттарына сәйкестігін айқындайды.
Егер, әлеуетті жекеше әріптес бюджеттен төленетін сомасы МЖӘ жобалары бойынша жергілікті атқарушы органның мемлекеттік міндеттемелерінің ағымдағы жылға арналған лимитінің 2 (екі) пайызынан асатын жергілікті МЖӘ жобасын бастамашылық жасаған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидалардың 130-тармағында көрсетілген құжаттарды МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға ұсыным тұжырымдауға МЖӘ дамыту орталығына жібереді.
МЖӘ дамыту орталығына ұсынылған деректерді бағалау негізінде 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға МЖӘ" жобасын жүзеге асыру негізділігі (МЖӘ принциптері мен сипаттамаларына сәйкестігі) тұрғысынан ұсыным тұжырымдап және жергілікті жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Егер МЖӘ жобасына бизнес-план бойынша ұсыным тұжырымдау үшін осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарға сәйкес жетіспейтін ақпарат қажет болған жағдайда, МЖӘ дамыту орталығы жетіспейтін ақпаратты беру уақытын көрсете отырып, дербес түрде сұратады және алады.
Ұсынымдарды тұжырымдауға арналған жетіспейтін ақпарат уақтылы берілмеген жағдайда, МЖӘ дамыту орталығы ұсынылған деректерді МЖӘ жобасына бизнес-планға ұсынымды тұжырымдау мүмкін еместігін көрсете отырып, уәкілетті тұлғаға қайтарады.
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінімді қарау қорытындылары бойынша уәкілетті тұлға қорытындыны дайындау кезінен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, бірінші басшы не оны алмастыратын тұлға не ол уәкілеттік берген тұлға қол қойған, МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптеске жіберілетін МЖӘ дамыту орталығының ұсынымын ескере отырып қорытындыны дайындайды.
Бұл ретте мемлекеттік қолдау шараларын, жекеше әріптестің шығындарын өтеу және кірістерді алу көздерін ұсынудың экономикалық орындылығы, оның ішінде болжамды мүмкіндігі осы Қағидалардың 3-тарауының 13-параграфына сәйкес МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптама жүргізу шеңберінде айқындалады.
Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім берілген уәкілетті тұлға түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қажет болған жағдайда, әлеуетті жекеше әріптестен қосымша материалдарды сұрайды және (немесе) хаттаманы (хаттамаларды) ресімдей отырып, алдын ала келіссөздер жүргізеді.
Түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қажеттігі туралы хабарлама жолданған күннен бастап әлеуетті жекеше әріптестің қажетті ақпаратты ұсыну күніне дейін және (немесе) алдын ала келіссөздердің соңғы хаттамасына қол қойған күнге дейін уәкілетті тұлға қорытынды дайындау мерзімін тоқтатады.
Түскен өтінімді нақтылау және (немесе) талқылау қорытындылары бойынша әлеуетті жекеше әріптес бұған дейін енгізілген өтінімді түзете алады.
Алдын ала келіссөздерге қатысудан жазбаша түрде бас тартқан, өтінімді қайтарып алған жағдайда және (немесе) қажетті ақпаратты әлеуетті жекеше әріптес хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күнінен аспайтын мерзімде бермеген жағдайда, енгізілген жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысуға арналған өтінім қаралмайды.
132. Уәкілетті тұлғаның қорытындысында МЖӘ жобасын іске асыру қажеттігі айқындалған жағдайда, уәкілетті тұлға (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы) әлеуетті жекеше әріптестің Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында қорытынды дайындалған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе егер жоба Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжамдаса, 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде біліктілік іріктеуін жүргізеді.
Біліктілік іріктеу нәтижелері әлеуетті жекеше әріптестің Заңның 32-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы уәкілетті тұлғаның (тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының) қорытындысы түрінде ресімделеді.
133. Уәкілетті тұлға МЖӘ-нің жоспарланатын жобасын іске асыру мүдделілігі туралы әлеуетті жекеше әріптестің баламалы ұсыныстарды ұсынуына қойылатын талаптарды көрсете отырып, ол туралы қысқаша ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында (кемінде біреу), МЖӘ дамыту орталығының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.
Қосымша өзге интернет-ресурстарда және мерзімді баспа басылымдарында орналастыруға жол беріледі.";
13-параграф мынадай редакцияда жазылсын:
"13-параграф. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптама жасау
138. Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы (уәкілетті тұлға) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияны (бұдан әрі – Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия) құрады.
Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының бірінші басшысы не ол уәкілеттік берген тұлға (егер тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болған жағдайда – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімінің орынбасарынан төмен емес) болып табылады.
Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия хатшысы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілі болып табылады.
Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия құрамына тиісті саланың орталық не жергілікті (жобаны іске асыру деңгейіне қарай) уәкілетті органдарының құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес өкілдері кіреді.
Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия құрамына өзге де мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдері кіруі мүмкін.
139. Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия мынадай функцияларды:
1) біліктілік іріктеуден өткен Біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жекеше әріптесті айқындау (тікелей келіссөздерді жүргізушінің қорытындысына сәйкес), және оны тікелей келіссөздер қатысушысы деп тану;
2) әлеуетті жекеше әріптес енгізген МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды, шарт жобасын сараптамлар, келісулер және тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия ескертулері мен ұсынымдарына сәйкес пысықтауға жауапты уәкілетті тұлғаны (тікелей келіссөздерді жүргізушіні) айқындау;
3) МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды, шарт жобасын қайта пысықтауға жолдау немесе мақұлдау;
4) тікелей келіссөздер нәтижелері туралы шешімдерді қабылдау;
5) тікелей келіссөздер жүргізуге қажетті өзге де функцияларды жүзеге асырады.
140. Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Хаттамаға отырысқа қатысқан Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қабылданады және Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған жағдайда Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Осы Комиссияның кез келген мүшесі Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікірге құқығы бар, ол Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тікелей келіссөздерді ұйымдастырушыға жіберіледі және оны Комиссияның тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс органы хаттамаға қоса береді. Бұл ретте Комиссия отырысының хаттамасында ерекше пікірдің бар екендігі туралы белгі жасалады және ерекше пікір енгізудің түпкілікті мерзімі көрсетіледі.
Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның отырысына Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, Комиссияның отырысы заңды болып есептеледі (кворум болса).
Отырыста Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның төрағасы болмаған не ол болмаған кезеңде оны алмастыратын адам болмаған жағдайда Комиссияның отырысы өткізілмейді.
141. МЖӘ жобасына бизнес-жоспар тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының немесе оны алмастыратын тұлғасы, МЖӘ жобаға бастамашы болған әлеуетті жекеше әріптестің, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың бірінші басшысы қол қояды.
МЖӘ жобасына бизнес-жоспар, сондай-ақ оған қоса берілетін қосымшалар мен материалдар (соңғы беттің сырт жағы тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының мөрімен куәландырылады және бет саны көрсетіледі) тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы мынадай келісулер мен сараптамалардан өтеді:
1) жоба табиғи монополиялар салаларына тиесілі болған жағдайда, табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен МЖӘ жобасына бизнес-жоспрады енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде келісу.
Бұл ретте табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган инвестициялық бағдарламаны және мыналарды айқындайтын МЖӘ шартының ережелерін:
тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) қосылатын шығындарды қалыптастыруды;
шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары шегінде шығыстар баптарын, сондай-ақ нормативтік техникалық шығындарды қалыптастыруды;
тарифті (баға, алым мөлшерлемесін) қалыптастыру кезінде есепке алынбайтын шығыстар тізбесін белгілеуді;
инвестициялар көлемі және инвестицияланған капиталды қайтару тәртібін;
тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін пайданы қалыптастыру мен шектеуді;
негізгі құралдардың тозуын есептеу әдістерін қолдануды;
объектіні пайдалану сапасының өлшемшарттарын;
объектіні пайдалану сапасын айқындау тәртібін;
үшінші тұлғаларға МЖӘ объектісін шектеулі мақсатты пайдалануды ұсынуды;
объектілерге күрделі жөндеу жүргізуді немесе оларды жаңғыртуды қаржыландыру мерзімдері (кезеңдері) мен көздерін;
тарифтерді қалыптастырумен және бекітумен байланысты жекеше әріптестің құқықтары мен міндеттерін;
негізгі құралдарға және табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметасында көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын пайдалану бағыттарына қайта бағалау жүргізуді;
МЖӘ жобасы бойынша өндірілетін өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасын бақылауды жүзеге асыруды қоса алғанда, табиғи монополиялар салаларындағы қызметін бақылауды жүзеге асыруды келіседі.
МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды келісу келісім туралы немесе әрбір қаралатын мәселе бойынша келіспеу себептерін немесе конкурстық құжаттаманы пысықтау бойынша талаптарды көрсете отырып, келіспеу туралы хат түрінде ресімделеді;
2) тиісті саланың уәкілетті органының салалық сараптама жүргізуі.
МЖӘ жобасына бизнес-жоспардың салалық сараптамасын осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салалық орталық мемлекеттік органдар (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті МЖӘ жобалары бойынша не республикалық МЖӘ жобалары бойынша) не жергілікті салалық мемлекеттік органдар (жергілікті МЖӘ жобалары бойынша) енгізілген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізеді.
МЖӘ жобасы орындылығы, іске асыру мерзімдері, көлемі, құны және іске асыру тетігі, МЖӘ жобасы бойынша түпкілікті және тікелей нәтижелерге қол жеткізу бойынша танылған жағдайда оң салалық қорытынды, әйтпесе теріс салалық қорытынды дайындалады.
МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде ол салалық сараптамаға жіберілуге тиіс.
Салалық қорытындының әр парағына салалық орталық не жергілікті мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды және тиісті бұйрықты қоса бере отырып, салалық орталық не жергілікті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
Салалық қорытынды тігілген түрде, нөмірленген беттерімен ұсынылады, соңғы беттің артқы жағы мемлекеттік органның мөрімен расталады және беттер саны көрсетіледі.
Ақпараттандыру саласындағы МЖӘ жобалары бойынша МЖӘ жобасына бизнес-жоспарда көзделген технологиялық, техникалық шешімдердің, оның ішінде іске асыру кестесінің "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізіледі.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы МЖӘ жобалары бойынша МЖӘ жобасына бизнес-жоспарда көзделген технологиялық, техникалық шешімдердің, оның ішінде іске асыру кестесінің "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізіледі.
Егер МЖӘ жобасы бірнеше салалық мемлекеттік органдардың жауапкершілік аясын қозғаған жағдайда көрсетілген салалық мемлекеттік органдар МЖӘ жобасына бизнес-жоспардың тиісті салалық сараптамалар қорытындыларын қосымша ұсынады;
3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органның МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға қорытындыны МЖӘ дамыту орталығы не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға жүргізетін сараптама негізінде дайындауы.
Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органға мынадай қосымшалармен:
МЖӘ жобасына бизнес-жоспардың салалық сараптамасының оң қорытындысын (қорытындыларын);
осы тармақта көзделген келісу нәтижелерін;
ұсынылатын МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды жан-жақты және толық бағалау үшін қажетті өзге де материалдар мен мәліметтерді қоса жібереді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобасына бизнес-жоспар мен материалдар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, оларды МЖӘ дамыту орталығына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғаларға жолдайды.
142. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарына сараптама техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын енгізген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, жүзеге асырылады.
Жобалардың қалғандары бойынша - МЖӘ жобасына бизнес-жоспарын енгізген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, жүзеге асырылады.
143. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сараптаманы МЖӘ дамыту орталығы (республикалық жобалар бойынша) не облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар(жергілікті жобалар бойынша) МЖӘ жобасына бизнес-жоспарда қамтылған ақпаратты бағалау арқылы МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндігін айқындау мақсатында жүргізеді.
144. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарына сараптаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сараптама қорытындысы мыналарды:
МЖӘ туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде МЖӘ жобасын іске асыру мүмкіндігін;
МЖӘ жобасына бизнес-жоспарында көрсетілген мемлекеттік қолдаудың түрлері мен көлемдерін көрсету, сондай-ақ шығындардың орнын толтыру және жекеше әріптестің кірістерді алу мүмкіндігін;
тәуекелдерді және оларды басқару бойынша шараларды;
институционалдық шешімдерді (тараптардың өзара іс-қимыл тетіктерін, олардың жауапкершілігін және басқаларды);
МЖӘ жобасын іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігін;
МЖӘ жобасын іске асырудың коммерциялық тиімділігін;
маркетингтік зерттеулердің нәтижелерін, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асыру нәтижесінде қалыптасқан өнімге (тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге) сұраныстарды;
ұсынылған схема бойынша МЖӘ жобасын іске асыру кезінде мемлекеттің пайдалары мен шығындарының арақатынасын бағалауға негізделеді.
145. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптаманы, оның ішінде оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде сараптаманың нәтижесі оң қорытынды немесе теріс қорытынды болып табылады, ол мынадай бөліктерден тұрады:
1) сараптама қорытындысының кіріспе бөлігі сараптаманың атауы мен жүргізу күні туралы мәліметтерді, сондай-ақ МЖӘ жобасы туралы жалпы ақпаратты қамтиды;
2) сараптама қорытындысының негізгі (талдамалық) бөлігінде осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген бағалау нәтижелері көрсетіледі;
3) қорытынды бөлікте сараптама қорытындылары бойынша ұсынымдар мен тұжырымдар жазылады.
Оң қорытынды МЖӘ жобасын басқару сапасын арттыру бойынша, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асыру тиімділігін және тәуекелдерді басқаруды қамтамасыз ету бойынша тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, Тікелей келіссөздер жөніндегі комиссия және өзге де мүдделі тұлғаларға ұсынымдары бар түсіндірмелерді қамтуы мүмкін.
Теріс қорытынды дайындалған жағдайда, МЖӘ жобасына бастамашы болған жекеше әріптес тікелей келіссөздерді ұйымдастырушымен бірге МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды пысықтауға және оны қайта сараптау жүргізу үшін енгізуге құқылы.
146. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган МЖӘ дамыту орталығы не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлға жүргізетін сараптаманың негізінде МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға қорытынды дайындайды.
147. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті органның МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды қарауының жалпы мерзімі сараптаманы ескере отырып, техникалық күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша ол енгізілген кезден бастап 40 (қырық) жұмыс күнінен, ал қалған жобалар бойынша 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайды.
МЖӘ жобасына бизнес-жоспар бойынша жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпарат ұсыну қажет болған жағдайларда МЖӘ дамыту орталығы немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын, сараптама жүргізуге уәкілетті заңды тұлғалар құжаттар топтамасы түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тиісті сұрау салуларды, сұрау салудың көшірмесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға жолдайды(бір реттен артық емес). Жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты не қосымша мерзімдердің қажеттігі туралы хабарламаны МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды әзірлеуші сұрау салу келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жолдайды.
Бұл ретте жетіспейтін және (немесе) қосымша ақпаратты ұсынудың қосымша мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.
Сұрау салу жолданған күннен бастап қажетті ақпарат ұсынылғанға дейін сараптама жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрады.
Сұрау салуға сәйкес қажетті ақпарат мерзімінде ұсынылмаған жағдайда МЖӘ жобасына бизнес-жоспар әзірлеушіге қараусыз қайтарылады.
148. Мемлекет тарапынан МЖӘ субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары және мемлекеттік бюджеттен төлемдер болмаған жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органның қорытындысы және МЖӘ дамыту орталығының не жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаның сараптамасы талап етілмейді.
Бұл ретте мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті орган МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды жоспарланып отырған МЖӘ жобасының Заңның 4-бабында көзделген МЖӘ белгілеріне сәйкестігі тұрғысынан келіседі.
149. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес тікелей келіссөздерді ұйымдастырушымен пысықтайды және тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының бірінші басшысының не оны алмастыратын тұлғаның бұйрығымен бекітіледі және оған барлық қажетті келісулер мен сараптамалардың нәтижелерін және Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның шешімдерін ескере отырып, МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптестің бірінші басшысы қол қояды. МЖӘ жобасына бизнес-жоспарды пысықтаудың және бекітудің жалпы мерзімі барлық қажетті сараптамалар мен келісулерді алған сәттен бастап екі айдан аспайды.
Бекітілген МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сараптама өткізбей өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы МЖӘ жобасына бизнес-жоспар бекітілген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бұл жөнінде МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптесті хабардар етеді.
МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес хабарлама алған кезден бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, егер жоба 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй - коммуналдық дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды болжаса, уәкілетті тұлғаға бекітілген МЖӘ жобасына бизнес-жоспарға сәйкес әзірленген МЖӘ шартының жобасын ұсынады.
МЖӘ шартының мазмұны Заңның 46-бабына сәйкес айқындалады.
МЖӘ шартының жобасын ұсыну мерзімін ұзарту туралы шешімді тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссия қабылдайды.";
150-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"150. МЖӘ жобасына бастамашылық жасаған әлеуетті жекеше әріптес енгізген МЖӘ шартының жобасы Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссияның отырысына шығарылады.
Келіссөздер нәтижелері тараптардың уәкілетті өкілдері және МЖӘ шартының жобасын қоса бере отырып, Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Егер жоба Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды көздесе, келіссөздер нәтижелері МЖӘ шартының жобасын қоса бере отырып, тараптардың уәкілетті өкілдері мен Тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі комиссия мүшелері қол қоятын хаттамамен 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ресімделеді.";
152-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"152. Бюджетті атқару жөніндегі орталық не жергілікті уәкілетті орган түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде немесе егер жоба Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуды көздесе, 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде құзыретіне кіретін мәселелер бойынша МЖӘ шартының жобасын келіседі.";
156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"156. Тікелей келіссөздерді жүргізу жөніндегі комиссияның тікелей келіссөздердің нәтижелері туралы шешім қабылдау қорытындылары бойынша тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы бюджеттік жоспарлау және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға (республикалық жобалар бойынша) немесе жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (жергілікті жобалар бойынша) МЖӘ шарты жобасының келісулер нәтижелерін қоса бере отырып, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін өтінім жолдайды.
МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мәселесін тиісті бюджет комиссияларының қарауына шығару талап етілмейді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті хат ресімдей отырып, МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің жоқ екендігін растайды.";
162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"162. МЖӘ шартын, оның ішінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер болмаған жағдайда, МЖӘ шартын тіркеу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның (республикалық жобалар бойынша) не мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның (жергілікті жобалар бойынша) МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердің болмауы туралы растайтын хатын ұсынған кезде тиісті бюджет комиссиясының шешімінсіз жүзеге асырылады.";
170-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"170. Жасалған МЖӘ шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Заңда, осы Қағидаларда, сондай-ақ МЖӘ шартына сәйкес белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Жасалған МЖӘ шартына ұсынылатын өзгерістер және (немесе) толықтырулар МЖӘ шартының жобасы түрінде (МЖӘ шартына қосымша келісім) ресімделеді.
Қосымша келісім жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуге тиіс.
МЖӘ шартына, оның ішінде МЖӘ жобасын іске асырудың мониторингі және (немесе) бағалануы нәтижелері бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болған кезде мемлекеттік әріптес қосымша келісімді мүдделі мемлекеттік органдармен келісу қорытындылары бойынша жекеше әріптеспен МЖӘ шартына қосымша келісім жасасады.
Жасалған МЖӘ шартына жекеше әріптестің МЖӘ объектісін пайдалану кезеңін алып тастау бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
Тараптардың келісімі бойынша жасалған МЖӘ шартына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге мынадай талаптар сақталған жағдайда ғана жол беріледі:
1) бюджет шығыстарының ұлғаймауын және мемлекеттік кірістің артуын көздейтін оң бюджеттік тиімділігі (ақшалай мәнде);
2) МЖӘ шартында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және/немесе көлеміне және/немесе қол жетімділігіне қойылатын талаптардың сақталуы;
3) МЖӘ жобасының экономикалық және әлеуметтік тиімділігінің сақталуы (артуы).";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерін мемлекеттік қолдау мен шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу әдістемесінде:
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. МЖӘ жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы (бұдан әрі - ИШӨ) жекелей, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың өзге де шараларымен және мемлекеттік бюджеттен төленетін төлемдермен бірге берілген кезде:
ИШӨ-ні инфляция деңгейіне индекстеуге жол берілмейді;
Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес құрылыстағы баға белгілеу жөніндегі нормативтік құжаттар ескеріледі.
ИШӨ төлеу МЖӘ шартына сәйкес кемінде 5 (бес) жыл құрайтын мерзім кезеңіне тең үлеспен МЖӘ объектісін пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.
Бұл ретте МЖӘ шартында белгіленген ИШӨ төлеу мерзімдерін ерте кезеңдерге ауыстыруға рұқсат етілмейді.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды
1. | Жоба бойынша жалпы ақпарат |
1.1 | Мемлекеттік инвестициялық жобаның атауы |
1.2 | Жобаның қуаты (өлшем бірлігі) |
1.3 | Іске асырылу кезеңі (жыл) |
1.4 | Пайдаланылу кезеңі (жыл) |
1.5 | Жобаның іске асырылуын негіздеу (салалық сараптама қорытындысына сәйкес) |
1.6 | Қаржыландыру тетіктері және көлемі (пайдалануға берілгенге дейінгі барлық шығындар) (мың теңге) |
1) | Бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу (түзету) құны (мың теңге) |
2) | Жерді сатып алу құны (мың теңге) |
3) | Нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мемлекеттік міндеттемелер лимиттерінің шегінде мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі (жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік ретінде іске асырылған жағдайда) |
1.7 | Бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарына сәйкестігі |
1.8 | Ұсынылған құжаттаманың болуы |
2. | Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының ережелеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларына, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкестігі (құжаттың деректемелерін көрсету) |
3. | Жобаны басқарудың институционалдық схемасы (іске асырылу барысында, сол сияқты инвестициялықтан кейінгі кезеңдегі барлық жобаға қатысушылар туралы ақпарат, олардың өзара іс -қимылдары) |
4. | Түпкілікті нәтиженің өлшенетін (сандық) көрсеткіштерінің болуы |
5. | Тәуекелдерді бағалау тұрғысынан жобаны іске асыру мүмкіндігі |
6. | Мемлекеттік инвестициялық жоба құнын есептеудің негізділігі |
7. | Мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыру тетігін басымдықпен таңдау негізділігі |
Тұжырымдар (Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғаның ұсынымын ескере отырып мемлекеттік инвестициялық жобаларды бюджеттен қаржыландырудың ықтимал түрі мен тәсілдерін, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығын айқындау).
Мемлекеттік инвестициялық жобаны іріктеу әдістемесі
"1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды іске асыру үшін басқалардың арасында мемлекет үшін негізгі алғышарттар (өлшемшарттар) жиынтығында мынадай факторлардың болуы болып табылады:
1) жоба халық үшін ұзақ мерзімді кезеңге құндылық жасау мақсатында жеке әріптестің (концессионердің) инвестициялар тартуына бағдарланады;
2) жобаның мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру болып табылады және жоба кәсіпкерлік субъектілері үшін тартымды болып табылады;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелер көлемі (олар қажет болғанда) жекеше әріптес (концессионер) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаға немесе концессиялық жобаға тартатын (жобаны іріктеу сатысында) ақша қаражатының, оның ішінде жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатының сомасынан аспауы тиіс.
Бұл ретте, жекеше әріптестің (концессионердің) меншікті ақша қаражатымен қатысуы мемлекеттік-жекешелік әріптестік (концессия) объектісі құнының кемінде он пайызын құрайды;
4) жоба, концессиялық жобаларды қоспағанда, валюталық тәуекелдерді бюджет есебінен жабуды көздемейді;
5) жоба Қазақстан Республикасының аумағында өнім шығаруды және ресурстардың қазақстандық мазмұны 50% - дан кем емес құрайтын тиісті қызметтер көрсетуді көздейді.".
2. Бюджет кірістерін ұлғайту, бюджет шығыстарын қысқарту (ұлғайту емес) үшін салықтардың түсімін арттыру призмасы арқылы бюджет қаражатын тиімді басқару мемлекеттің МЖӘ жобаларына қатысуының негізгі өлшемшарттары, яғни, жобалардың бюджет тиімділігінің өлшемшарты, сондай-ақ МЖӘ тетіктері арқылы мемлекеттік инвестициялық жобаны (бұдан әрі – МИЖ) іске асырудың заңнамалық мүмкіндігі болып табылады.
3. Жобаларды алғашқы іріктеу инвестициялар объектісін МЖӘ-ге беру бойынша шектеулердің болмауы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларға деген қажеттіліктің болу өлшемшарттары сияқты заң өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылады.
Егер инвестициялар объектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 қарашадағы № 710 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін, оның ішінде концессияға беруге жатпайтын объектілер тізбесіне енгізілсе, онда жобаның бюджеттік инвестициялар арқылы іске асырылуы қаралады.
Мемлекеттік инвестициялардың қажеттілігіне байланысты мемлекеттік инвестициялық жобалар мынадай басымдықпен қаралады:
1) МЖӘ жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігін көздейтін жобалардан басқа бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап етпейтін жобаның МЖӘ арқылы іске асырылуы қаралады;
2) бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап ететін жобаның бюджеттік инвестициялар арқылы іске асырылуы қаралады;
3) бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемді талап ететін жобаның МЖӘ арқылы іске асырылуы қаралады.
4. Экономикалық сараптама екі деңгейден тұрады:
экономикалық сараптаманың бірінші деңгейі МИЖ-дің Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкестігін, сондай-ақ жобаны іске асыру жеделдігін бағалаудан тұратын "МИЖ басымдығы" деген көрсеткішті бағалау тұрғысынан жүргізілетін болады. Жобаны іске асырудың жеделдігі болған жағдайда жобаны бюджеттік инвестициялар арқылы іске асыру қаралады.
Ойын-сауық қызметтерін көрсетуге, ойын бизнесіне, шаштараз бен косметикалық көрсетілетін қызметтер салондарына, монша-сауықтыру кешендеріне, сауда-ойын-сауық орталықтарына бағытталған жобалар мемлекеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы іске асырылмайды.
Егер құжаттаманы әзірлеуге және сараптама жасауға жұмсалатын шығындар жобаны іске асыру құнынан жоғары болса, онда МИЖ МЖӘ тетігі арқылы қаралмайды.
екінші деңгей, шығындар мен пайданы талдау әдісімен мынадай формула бойынша бюджет тиімділігінің коэффициентін айқындау:
, мұнда:
Кбэ – бюджет тиімділігінің коэффициенті;
ДБбиj – j кезеңінде бюджеттік инвестициялық жоба не мемлекеттің жарғылық капиталға қатысуы арқылы жобаны іске асырудан мемлекеттік (республикалық, сонымен бірге жергілікті) бюджетке түскен түсімдер;
РБбиj – j кезеңінде жобаны іске асыруға жұмсалатын қаражат (инвестициялық, сондай-ақ пайдалануға беру кезеңінде);
ДБгчпj – j кезеңінде МЖӘ арқылы жобаны іске асырудан мемлекеттік (республикалық, сонымен бірге жергілікті) бюджетке түскен түсімдер;
РБгчпj – j кезеңінде МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелер;
Ст – дисконттау мөлшерлемесі.
Дисконттау мөлшерлемесінің мәнін инвестициялық ұсынысты әзірлеу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің мәніне тең не Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес болжамдалған инфляцияның орташа мәніне тең таңдау ұсынылады.
Егер Кбэ > 0, онда МИЖ-ді бюджеттік инвестициялар ретінде іске асыру қаралады;
Егер Кбэ ≤ 0, онда МИЖ ең алдымен МЖӘ жобасы ретінде іске асыру қаралады.
Егер МИЖ бюджет тиімділігі коэффициентінің теріс мәні болса және МЖӘ жобасы арқылы қарау қажеттілігі туындаса, жобаның өтімділік мерзімі мына формула бойынша есептеледі:
ІC (Іnvest Capіtal) – жобадағы алғашқы инвестициялық шығындар;
CFі (Cash Flow) – таза пайда мен амортизация сомасы болып табылатын уақыттың і-ші кезеңінде жобадан түсетін ақша ағыны.
Ақша ағынын есептеу үшін мына формулаларды қолдану қажет:
немесе
CFі = Кіріс – Операциялық шығасылар – Салықтық төлемдер және қарыз капиталы бойынша төлемдер, мұнда:
А (Amortіzatіon) – амортизация, шығын болып табылмайтын ақша ағынының түрі;
NP (Net Profіt) – инвестициялық жобаның таза пайдасы.
Пруденциялық нормативтер не ковенанттар бойынша шектеулер болмаған кезде жоба бюджеттік кредит арқылы қаржыландырылады.
5. Егер МИЖ-ді МЖӘ жобасы ретінде іске асыру қаралмаса, онда қаржыландыру сызбасын айқындау мына алгоритм негізінде жүзеге асырылады:
егер инвестициялар объектісі квазимемлекеттік сектор субъектісінің балансында болса, онда жоба заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы не бюджеттік кредиттеу арқылы бюджеттік инвестициялар ретінде іске асырылуы қаралады;
егер инвестициялар объектісі мемлекеттік мекеменің балансында болса, онда жоба бюджеттік инвестициялық жоба ретінде іске асырылуы қаралады;
тікелей қаржы кірісі болмаған кезде не егер негізгі пайда алушы мемлекеттік мекеме болып табылса, МИЖ БИЖ ретінде іске асырылады;
егер жобаның инвестициядан кейінгі кезеңдегі (пайдалану) негізгі кірісі мемлекеттік бюджет есебінен қалыптастырылса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады;
егер негізгі кіріс мемлекеттік бюджет есебінен қалыптастырылмаса, бірақ заңды тұлғаның мемлекеттік кәсіпорынның не коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысаны болса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады;
жоғарыда аталғандарға сәйкес келмеген жағдайларда заңды тұлғаның қаржылық көрсеткіштеріне қосымша тексеру жүргізіледі.
Осылайша, егер заңды тұлғаның пруденциялық нормативтер не бұрын жүзеге асырылған, бірақ өтелмеген қарыздар ковенанттары бойынша шектеулері бар болса, онда жоба заңды тұлғаның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы (қатысу үлесінің ұлғаюы) арқылы іске асырылады.
Пруденциялық нормативтер не ковенанттар бойынша шектеулер болмаған кезде жоба бюджеттік кредит арқылы қаржыландырылады.