ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 737-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Бас Прокурорының 30.09.2022 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін мүдделі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураcының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына жіберуді қамтамасыз етсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Бас Прокурорының м.а. | Е. Кененбаев |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 10 шілдесі № 85 бұйрығымен бекітілген |
Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) (бұдан әрі - орган (лауазымды адам) үшін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
1) ақпараттық есепке алу құжаты (бұдан әрі – АЕҚ) – белгіленген үлгідегі құқықтық статистикалық ақпараттың материалдық (қағаз, магниттік, оптикалық) жеткізгіші, оның негізінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректері қалыптастырылады;
2) әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі – ӘІБТ) – әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған адамдар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы енгізілетін мәліметтер қамтылатын ақпараттық жүйе, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін электрондық нысанда жүргізу жүзеге асырылады;
3) ӘІБТ-нің көпшілік секторы – әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізуге қатысушыларға іс жүргізу электрондық нысанда жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық іс материалдарына ақпараттық қауіпсіздікті және құпиялылық талаптарын сақтай отырып, Интернет арқылы қашықтан қол жеткізуге, сондай-ақ шағымдар, арыздар мен өтінішхаттар беруге мүмкіндік беретін ӘІБТ-нің функционалы;
4) ӘІБТ-нің мобильді қосымшасы (бұдан әрі – ӘІБТ-нің МҚ) – планшеттік компьютер арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғауға арналған ӘІБТ-нің компоненті;
5) ӘІБТ-нің пайдаланушысы (бұдан әрі – пайдаланушы) – өз құзыреті шегінде нақты функцияларды орындау үшін ӘІБТ-ні пайдаланатын орган (лауазымды адам);
6) ӘІБТ-нің процессингтік орталығы (бұдан әрі – ӘІБТ-нің ПО) – автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау – өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтарды өңдеуге арналған ӘІБТ-нің компоненті;
7) жасырылған әкімшілік құқық бұзушылық – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 802-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін себептер мен негіздердің болуына қарамастан, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға қасақана шаралар қабылданбаған құқық бұзушылық;
8) қолтаңба планшеті – графикалық планшеттен және жазу қаламынан (стилус) тұратын, оның иесінің қолжазба қолтаңбасының цифрлық аналогын жасауға мүмкіндік беретін мамандандырылған перифериялық құрылғы;
9) медиа-файлдар – әкімшілік іс жүргізуді жүргізетін адамның шешімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарына қоса тіркелуге жататын бейне, фото және бейне материалдар;
10) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдары;
11) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
12) электрондық-цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу ӘІБТ-нің 737-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізуді қағаз нысанында жүзеге асыру кезінде орган (лауазымды адам) процестік шешімді қабылдағаннан кейін бір тәулік ішінде:
осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы" (бұдан әрі – 1-ӘЖ нысанды АЕҚ) 1-ӘЖ нысанды АЕҚ-ны;
осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің жылжу, қаралу барысы туралы және әкімшілік жазаның орындалу тәртібі туралы" (бұдан әрі – 1-ӘҚ нысанды АЕҚ) 1-ӘҚ нысанды АЕҚ-ны қояды.
АЕҚ-ны қою кезінде орган (лауазымды адам) мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттарды қоспағанда, процестік және істегі бар іс жүргізуді жүзеге асыру шеңберінде жиналған құжаттардың түпнұсқаларын (PDF, JPEG, PNG, SVG, Tiff -құжаттар түрінде) ӘІБТ-ге салуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-1. Ішкі істер аумақтық органы (полиция) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру және жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтата тұру туралы" (бұдан әрі – 2-ҚА нысанды АЕҚ) АЕҚ-ны:
1) "Жол қозғалысы ережелерін әкімшіліктік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерін әкімшіліктік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы конвенцияның 2-бабы 3-тармағына сәйкес мемлекеттің құзыретті органы жолдаған, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын адамға қолданылған жазаны орындау туралы сұрау салуды;
2) Қазақстан Республикасының соты қабылдаған жүргізуші куәлігінің қолданысын тоқтата тұру туралы сот актісін;
3) Қазақстан Республикасының соты қабылдаған көлік құралдарын басқару құқығынан айыру немесе жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы қаулының күшін жою туралы сот актісін алған сәттен бастап бір тәулік ішінде ӘІБТ-ге қояды.
Жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім негізінде шығарылған сот орындаушысынан сот актісін орындалуы туралы деректерді алған сәттен бастап, жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы деректерді ішкі істер аумақтық органдары (полиция) ӘІБТ-ден бір тәулік ішінде алып тастайды.
Адамды көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы деректер Қазақстан Республикасының соты қабылдаған сот актісінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін автоматты түрде ӘІБТ-нен алынады.
Ескерту. 1-тарау 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-2. ӘІБТ-ге қол жеткізу болмаған жағдайда АЕҚ аумақтық уәкілетті органды жазбаша хабардар ете отырып, ол пайда болған күні қойылады.
Егер осы Қағидалардың 4, 4-1-тармақтарында көрсетілген мерзімнің аяқталуы демалыс немесе мереке күніне келетін болса, онда АЕҚ келесі жұмыс күнінде қойылады.
Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттардың түпнұсқаларын ӘІБТ-ге уақтылы салу мүмкін болмаған жағдайда, орган (лауазымды адам) алыс болған немесе хабардар етудің дұрыс жолдары болмаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай және төтенше ахуалдың кезiнде, олар процестік шешім қабылданғаннан кейін бір айдан аспайтын мерзімде салынуға жатады.
Ескерту. 1-тарау 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізуді электрондық нысанда жүзеге асыру кезінде тиісті процестік шешімдер орган (лауазымды адам) 1-ӘҚ және 1-ӘЖ нысандарындағы АЕҚ-ның деректемелерін толтырғаннан кейін электрондық құжат нысанында автоматты түрде қалыптастырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. PDF-құжатты қалыптастыру кезінде орган (лауазымды адам) оқылу мүмкіндігі үшін оның сапасын және қағаз құжаттар мен материалдардың түпнұсқаларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау мерзімі аяқталғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.
7. Іске қатысты және (немесе) заттай дәлелдемелер болып табылатын файлдық құжаттар мен медиа-файлдар ӘІБТ-ге салынады, ал мүмкін болмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес хаттамада көрсетіле отырып, іс материалдарына қосылады.
Іс материалдарына қосылған заттай және өзге де дәлелдемелер әкімшілік істі мәні бойынша қарау үшін қолма-қол ұсынылады. Ол уақытқа дейін орган (лауазымды адам) олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
8. Электрондық нысанда толтырылған процестік және өзге де құжаттарды куәландыруды әкімшілік іс жүргізудің қатысушылары ЭЦҚ-мен куәландыру жолымен немесе қолтаңба планшеті арқылы жүзеге асырады. ӘІБТ МҚ-да әкімшілік іс жүргізуді жүргізу кезінде қол қою планшеттік компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, пайдаланушы іс жүргізуге қатысушылардың жасалған құжаттардың қағаз нысанына қол қоюларын, кейін олардың РDF-құжат түрінде ӘІБТ-ге салынуын қамтамасыз етеді.
9. Соттар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді сот органдарының ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады, одан тиісті процестік шешімдерге сілтемелермен қарау нәтижелері туралы ӘІБТ-ге мәліметтер беріледі.
2-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ӘІБТ-ні жүргізу ерекшеліктері
Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Параграф 1. ӘІБТ-де әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
10. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама электрондық нысанда жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оны "электрондық үкіметтің" веб-порталында және (немесе) уәкілетті органның ақпараттық сервисінде орналастыру туралы хабар беріледі, бұл туралы онда тиісті белгі жасалады.
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша электрондық іс жүргізу болып жатқан адамның (адам өкілінің) өтініші бойынша ӘҚБтК-нің 803-бабының 8-бөлігінде көрсетілген тәсілдерден басқа, хаттама көшірмесін деректерді беру желісін пайдалана отырып, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына (компьютерлік планшетке немесе тасымалданатын компьютерге) жіберуге жол беріледі. Бұл жағдайда орган (лауазымды адам) хаттама көшірмесін беру фактісінің тіркелуін қамтамасыз етеді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларды хабардар етудің және қаулының көшірмесін берудің осындай тәртібі ӘҚБтК-нің 823-бабының талаптарына сәйкес ескерту түрінде электрондық нысанда әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылады.
10-1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы электрондық нысанда жасау, ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны электрондық нысанда шығару, 1-ӘЖ нысанды АЕҚ-ны толтыру кезінде әкімшілік құқық бұзушылықтың мән-жайында оның толық мән-жайлары жазылады. ӘҚБтК-нің бабы атауын ғана көрсету немесе бұзылған нормаларының мазмұнына жол берілмейді.
11. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы электрондық нысанда құру кезінде құқық бұзушыны ӘІБТ-де тексеруді уәкілетті органның арнайы есепке алуының мынадай түрлері арқылы жүзеге асырады:
1) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар;
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдар;
3) сот әрекетке қабілетсіз және әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған адамдар.
Параграф 2. ӘІБТ-нің ПО-да әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау
11-1. ӘІБТ-нің ПО әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау үшін негіз болған кезде көлік құралының меншік иесіне (иеленушісіне) ӘҚБтК-нің 822-1-бабының ережелеріне сәйкес айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама жібереді.
Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама бойынша хабарлама (хабар) ӘІБТ-нің ПО өзінің атына шығарылған нұсқамалар туралы хабарламалар алу үшін көлік құралының меншік иесі (иеленушісі) "электрондық үкімет" веб-порталында және (немесе) уәкілетті органның ақпараттық сервисінде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне 1414 нөмірі арқылы автоматты түрде мәтіндік хабарламамен жеткізеді. Көлік құралы меншік иесінің (иесінің) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне хабарламаны жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама ӘҚБтК-нің 743-бабының 4-1-бөлігінде көрсетілген өзге де тәсілдермен жеткізіледі.
Айыппұлды төлеу қажеттілігі туралы нұсқама бойынша мәтіндік хабарламада нұсқаманың нөмірі, айыппұл сомасы туралы ақпарат, сондай-ақ нұсқамамен танысуға болатын ақпараттық ресурстарға сілтемелер көрсетіледі.
11-2. Автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау – өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген, көлік құралының меншік иесі (иесі) анықталмаған әкімшілік құқық бұзушылықты ӘІБТ-нің ПО белгіленбеген санатқа жатқызады.
ӘІБТ-нің ПО әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты түрде белгіленбеген санатқа жатқызу негізділігін көлік құралын жүргізген адамды анықтау жөнінде шаралар қолдана отырып, сертификатталған арнайы бақылау – өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген күнінен бастап бес тәулік ішінде тексереді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді ӘҚБтК-нің 741-бабы 1-бөлігінің 5) тармағына сәйкес, егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау – өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген күннен бастап екі ай ішінде оны жасаған адам анықталмаса, сондай-ақ жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаны туралы деректер болмаса, бастауға болмайды.
11-3. Белгіленбеген санатына, сондай-ақ ӘІБТ-нің ПО деректері бойынша көлік құралының меншік иесі (иесі) қайтыс болған адам болып жарияланған, заңды тұлға ретінде жойылған, сондай-ақ әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайтын әкімшілік құқық бұзушылықтарды, көлік құралын басқаратын адамды анықтау жөнінде шаралар қолданып жатқызады.
Әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жататын адамды анықтаған сәттен бастап үш тәулік ішінде ӘІБТ-нің ПО ӘҚБтК-нің 62-бабында көзделген ережелерді ескере отырып айыппұлды төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы шығарады және ол көрсеткен мекенжайына жібереді.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылықты әкімшілік жауаптылыққа жатпайтын адамдардың көлік құралдарын басқарылуымен жасалған деп анықталса бастауға жатпайды. Бір мезгілде берілген адамдарға көлік құралдарын басқаруға жол бермеу шаралары қолданылады.
11-4. Жасырын әкімшілік құқық бұзушылықты анықталмағандар санатына ауыстыру, іс жүргізуді бастаудан бас тарту, сондай-ақ әкімшілік іс бойынша іс жүргізуді заңсыз тоқтату жолымен анықталған кезде ӘҚБтК-нің 62-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, ол бойынша іс жүргізуді қозғауға дереу шаралар қабылдайды.
11-5. ӘҚБтК-нің 31-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеу нөмірі автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау – өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен көрсетілген көлік құралының меншік иесіне (иесіне) қатысты мынадай жағдайларда әкімшілік іс қозғайды:
сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және автоматты режимде жұмыс істейтін аспаптар көлік құралының тіркеу нөмірін дұрыс емес анықтау;
айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы, ол жіберілген адамнан өтініш келіп түскеннен кейін автоматты түрде қалыптастыру.
Параграф 3. ӘІБТ-нің көпшілік секторы
12. ӘІБТ көпшілік сектор арқылы әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізуге қатысушыларға, электрондық нысанда процестік мәртебесін алған сәттен бастап әкімшілік істің тиісті материалдарына қол жеткізу, сондай-ақ өтінішхаттар, шағымдар, өтініштер беру және оларға жауаптар алу құқығын береді.
Іс жүргізуі электрондық нысанда жүзеге асырылатын әкімшілік істің материалдарына қол жеткізуді әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізетін адам мемлекеттің мүдделеріне қайшы келмейтін және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты емес көлемде береді.
ЭЦҚ және (немесе) Интернет желісіне қосылу болмаған жағдайда, іс жүргізуге қатысушылар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша іс жүргізуді электрондық нысанда жүргізетін органның (лауазымды адамның) электрондық көшірмесін алу мүмкіндігімен, іс жүргізуі электрондық нысанда жүзеге асырылатын әкімшілік іс материалдарымен тиісті материалдарды жаңғырту немесе ұсыну (жеке танысу үшін) жолымен танысады.
3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау және әкімшілік жазаның орындалуы кезіндегі ӘІБТ-ні жүргізу ерекшеліктері
13. Электрондық әкімшілік істі қарау шеңберінде тартылатын сарапшылар мен мамандар ӘҚБтК-нің 773-бабына сәйкес қорытынды толтырады.
Электрондық құжат нысанында қорытынды толтыру мүмкін болмаған кезде, қорытындының қағаз нұсқасын әкімшілік процесті жүргізуші адам PDF-құжатқа аударады және іс материалдарына қосады.
14. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін органға (лауазымды адамға) қағаз нысанында келіп түскен шағым және (немесе) наразылық PDF-құжатқа аударылып, кейін ӘІБТ-ге салынуға жатады.
Қағаз нысанында келіп түскен істі қайта қарау туралы өтінішке (заңды күшіне енген қаулылар және ұйғарымдар бойынша) және органның (лауазымды адамның) шешіміне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарға ұқсас тәртіп қолданылады.
Ескертпе: әрекеттердің осы тәртібі істі электрондық нысанда жүргізу кезінде, сондай-ақ іс материалдарын PDF-құжат түрінде ӘІБТ-ге енгізу жағдайларында қолданылады.
15. Айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі өткеннен кейін он күні ішінде және жүргізілген төлем туралы мәліметтердің жоқтығы туралы мәлімет түспеген жағдайда орган (лауазымды адам) электрондық нысанда ӘІБТ-нен жасалған төлем туралы мәліметтің жоқтығы туралы анықтаманы мәжбүрлеп орындату үшін, айыппұл салу туралы қаулыны немесе жауаптылыққа тартылған адам жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын мемлекеттік сот орындаушыларына немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына немесе ұйым әкімшілігіне айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқаманы оның жалақысынан немесе өзгеде табысынан мәжбүрлеу тәртібімен айыпппұл сомасын ұстап қалу үшін жолдайды.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. АЕҚ-ны қою, өзгерту, жою және сақтау ерекшеліктері
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. 1-ӘЖ нысанындағы АЕҚ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде әрбір іске толтырылады. Адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде, АЕҚ құқық бұзушылықтың әрқайсысына жеке нөмір беріле отырып қойылады.
17. 1-ӘҚ нысанындағы АЕҚ тек 1-ӘЖ нысанды АЕҚ қойылғаннан кейін, қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша келесі шешімдерді қабылдау нәтижесі бойынша толтырылады:
1) материалды (хаттаманы) беру туралы;
2) материалдарды (хаттамаларды) біріктіру туралы;
3) жаза қолдану немесе тоқтату/босату туралы қаулы шығара отырып материалды (хаттаманы) қарау туралы;
4) материалды мәжбүрлеп орындауға жіберу туралы;
5) жазаны орындау туралы;
6) жазаны орындауды кейінге қалдыру туралы;
7) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымдану (наразылық келтіру) туралы.
Бұл ретте, әрбір қабылданған шешімге жеке АЕҚ толтырылады.
18. ӘІБТ-ге енгізілген ақпараттың әкімшілік іс материалдарына сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда мәліметтерді түзету немесе АЕҚ-ны жою арқылы бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылданады.
Мәліметтерді түзету ӘІБТ-де АЕҚ-ның деректемелерінің деректерін өзгертуден және (немесе) толықтырудан тұрады.
АЕҚ-ның деректемелерінің деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды уәкілетті аумақтық органы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен сәйкессіздік анықталғаннан кейін тәулік ішінде растайтын құжаттар қоса беріліп жолданған органның (лауазымды адамның) жазбаша өтініші негізінде жүргізеді.
ӘІБТ-де АЕҚ-ны жоюды осы бағытқа жетекшілік ететін аумақтық уәкілетті органның бөлім бастығы жою себебін көрсете отырып жүргізеді.
Электронды нысанында қалыптастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде қабылданған процестік шешімдердің АЕҚ-ның деректемелерінің деректері өзгертуге және (немесе) толықтыруға, АЕҚ-ны жоюға жатпайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың сауалнамалық деректері ӘІБТ-де жеке басын куәландыратын құжат тілінде толтырылуға жатады.
20. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер, ӘҚБтК-нің 61-бабына сәйкес әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған сәттен бастап бір жыл ішінде есепте тұрады.
21. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалған кезден бастап алты ай ішінде сақталады (ӘҚБтК-нің 72-бабы).
22. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде сақталады (2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабы).
5-тарау. ӘІБТ-ні жүргізу кезінде өкілеттіктердің аражігін ажырату
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін органдарға (лауазымды адамдарға) олардың іс жүргізуіндегі не оларға бағынысты әкімшілік іс жүргізуді жүргізетін адамдардың іс жүргізуіндегі электрондық әкімшілік істерге қолжетімділік беріледі.
Прокурор өзі қадағалауды жүзеге асыратын әкімшілік істерге қолжетімділікке ие.
24. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүргізетін органдар (лауазымды адамдар) нақты аумақтық және құрылымдық бөлімшелер бойынша ӘІБТ-нің пайдаланушылар тізбесін, өкілеттіліктерін және электрондық әкімшілік істерге қолжетімділік деңгейін анықтайды.
Көрсетілген тізбенің негізінде уәкілетті орган ӘІБТ-нің пайдаланушыларына қолжетімділік құқықтарын анықтайды.
25. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің заңдылығын және ведомстволық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін орталық, облыстық (және оларға теңестірілген), қалалық (аудандық және оларға теңестірілген) органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарына, бағынысты және төмен тұрған құрылымдық бөлімшелер бойынша ведомстволық аймақтық бақылауды (жетекшілікті) жүзеге асыратын орталық және облыстық аппарат органдарының жұмыскерлеріне ӘІБТ-ге электрондық әкімшілік істерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
26. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүргізетін органдар (лауазымды адамдар):
1) ӘІБТ-ге енгізілетін ақпараттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің мән-жайларына және материалдарына сәйкес шынайылығын;
2) ӘІБТ АЖО-да АЕҚ-ның уақтылы толтырылуын;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік іс жүргізуді жүргізу барысында алынған деректерді жарияламауды қамтамасыз етеді.
27. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асырылады.
Әкімшілік іс жүргізудің | |
бірыңғай тізілімін жүргізу | |
қағидаларына | |
1-қосымша | |
нысан |
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы" ақпараттық есепке алу құжаты
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. ___________________________________________________________________________________________ |
|
8. Субъект: жеке тұлға (01), жеке кәсіпкер (02), заңды тұлға (03), шетелдік заңды тұлға (04), шетелдік қатысуы бар заңды тұлға (05), лауазымды тұлға (25), лауазымды тұлғаға теңестірілген (26), заңды тұлға филиалы (27), заңды тұлға өкілдігі (28), анықталмаған адам (50) |
9 Құқық бұзушылықтың саралануы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) ____бабы _____бөлігі _____тармағы |
Т.А.Ә._________________________________________________________________________________ |
25. Жұмысының түрі: (анықтамалық бойынша) |
28. Коммерциялық ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны: мемлекеттіқ кәсіпорын (01), шаруашылық серіктестік (02), акционерлік қоғам (03), өндірістік кооперативі (04), өзгелер (05); оның ішінде: шағын кәсіпкерлік субъектісі (12), орта кәсіпкерлік субъектісі (13), ірі кәсіпкерлік субъектісі (14) |
Іс қозғалған жеке тұлғаның/заңды тұлға өкілінің түсініктемесі: ______________________________________________________________________________________ |
Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу, жылжу барысы туралы және әкімшілік жазаның орындалу тәртібі туралы" ақпараттық есепке алу құжаты
Ескерту. 2-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Материал/хаттама/іс бойынша шешім қабылдаған уәкілетті орган______________________ |
3. Шешім қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.), лауазымы: |
5. Құқық бұзушылықтың саралануы ӘҚБтК-нің __ бабы __ бөлігі __ тармағы |
8. Материал берілді: |
9. Әкімшілік жаза шаралары (ӘҚБтК-нің 42, 52-баптары): |
10. Тоқтату негіздері: |
11. Айыппұлды өндіріп алу |
12. Қаулыны орындау кейінге қалдырылды/ұзартылды |
13. Шағым/наразылық келтірілді |
14. Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау |
15. Банкрот (01), жалған кәсіпорын (02) болып танылды |
16. Қызметкердің Т.А.Ә., лауазымы, қолы және толтырған күні |
Әкімшілік іс жүргізудің | |
бірыңғай тізілімін жүргізу | |
қағидаларына | |
3-қосымша | |
нысан |
"Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру және жүргізүші күәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы" ақпараттық есепке алу құжаты
Ескерту. Қағидалар 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Бас Прокурорының 05.01.2022 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1.1 Жеке сәйкестендірү нөмірі: /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ |