ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 737-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының "Прокуратура туралы" 2017 жылғы 30 маусымдағы Заңының 37-бабы 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін мәлімет үшін мүделлі мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасы Бас прокуратураcының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және оларға теңестірілген прокурорларға, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Бас Прокурорының м.а. | Е. Кененбаев |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2020 жылғы 10 шілдесі № 85 бұйрығымен бекітілген |
Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) (бұдан әрі - орган (лауазымды адам) үшін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
1) ақпараттық есепке алу құжаттары (бұдан әрі - АЕҚ) - осы Қағидалардың 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы" 1-ӘЖ (бұдан әрі -1-ӘЖ нысанындағы АЕҚ) және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу, жылжу барысы туралы және әкімшілік жазаның орындалу тәртібі туралы" 1-ӘҚ (бұдан әрі - 1-ӘҚ нысанындағы АЕҚ) нысандарындағы ақпараттық есепке алу құжаттары;
2) Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі (бұдан әрі - ӘІБТ) - әкімшілік құқық бұзушылықтар, оларды жасаған адамдар, олар бойынша қабылданған шешімдер туралы енгізілетін мәліметтер қамтылатын, сонымен қатар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер электрондық нысанда жүргізілетін ақпараттық жүйе;
3) ӘІБТ-нің мобильді қосымшасы (бұдан әрі - ӘІБТ МҚ) -планшеттік компьютер арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға арналған ӘІБТ-нің бағдарламалық қамтамасыз етуі;
4) көпшілік сектор - әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушыларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық іс материалдарына қашықтықтан қол жеткізуге, сондай-ақ шағымдар, арыздар мен өтінішхаттар беруге мүмкіндік беретін ӘІБТ-нің функционалы;
5) қолтаңба планшеті - қолтаңба иесінің қолжазба қолтаңбасының цифрлық аналогын құруға мүмкіндік беретін, жазу қаламынан (стилус) және графикалық планшеттен тұратын мамандандырылған перифериалық құрылғы;
6) медиа-файлдар - әкімшілік іс жүргізуді жүргізетін адамның шешімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы электрондық іске тіркелуге жататын бейне, фото және аудио материалдар;
7) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi және оның аумақтық органдары;
8) электрондық құжат - ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы;
10) PDF-құжат - бұл сканерлеу жолымен цифрлық PDF форматқа аударылған, ӘІБТ-ге салуға жататын, түпнұсқамен бірдей, қағаздағы құжаттың немесе материалдың электрондық нұсқасы.
3. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу электрондық немесе қағаз нысанда жүзеге асырылады.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қағаз нысанда жүргізген кезде орган (лауазымды адам) процестік шешім қабылданғаннан кейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде АЕҚ-ны қояды және мемлекеттік құпияларды қамтитын құжаттарды қоспағанда, процестік және өзге де құжаттардың түпнұсқаларының (PDF құжаттар түрінде) ӘІБТ-ге салынуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген мерзім ішінде АЕҚ-ны қою мүмкін болмаған жағдайда, ол оны тіркеу үшін техникалық мүмкіндік пайда болған күні қойылады.
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша электрондық іс жүргізуді жүргізген кезде орган (лауазымды адам) АЕҚ-ның деректемелерін толтырғаннан кейін, тиісті процестік шешімдер автоматты түрде электрондық құжат нысанында қалыптастырылады.
6. PDF-құжатты қалыптастыру кезінде орган (лауазымды адам) оқылу мүмкіндігі үшін оның сапасын және қағаз құжаттар мен материалдардың түпнұсқаларының әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау мерзімі аяқталғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.
7. Іске қатысты және (немесе) заттай дәлелдемелер болып табылатын файлдық құжаттар мен медиа-файлдар ӘІБТ-ге салынады, ал мүмкін болмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес хаттамада көрсетіле отырып, іс материалдарына қосылады.
Іс материалдарына қосылған заттай және өзге де дәлелдемелер әкімшілік істі мәні бойынша қарау үшін қолма-қол ұсынылады. Ол уақытқа дейін орган (лауазымды адам) олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
8. Электрондық нысанда толтырылған процестік және өзге де құжаттарды куәландыруды әкімшілік іс жүргізудің қатысушылары ЭЦҚ-мен куәландыру жолымен немесе қолтаңба планшеті арқылы жүзеге асырады. ӘІБТ МҚ-да әкімшілік іс жүргізуді жүргізу кезінде қол қою планшеттік компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етуін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Техникалық мүмкіндік болмаған жағдайда, пайдаланушы іс жүргізуге қатысушылардың жасалған құжаттардың қағаз нысанына қол қоюларын, кейін олардың РDF-құжат түрінде ӘІБТ-ге салынуын қамтамасыз етеді.
9. Соттар әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді сот органдарының ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады, одан тиісті процестік шешімдерге сілтемелермен қарау нәтижелері туралы ӘІБТ-ге мәліметтер беріледі.
2-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істі қозғау кезінде ӘІБТ-ні жүргізу ерекшеліктері
10. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы электрондық нысанда толтырған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға оның "электрондық үкіметтің" веб-порталында және (немесе) уәкілетті органның ақпараттық сервисінде орналастырылғаны туралы хабарланады, осы туралы онда тиісті белгі қойылады.
Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша электронды іс жүргізу жүргізіліп жатқан адамның (адамның өкілінің) өтініші бойынша, хаттаманың көшірмесін, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 803-бабының 8-бөлігінде көрсетілген тәсілдерден басқа, деректерді беру желісін пайдаланумен ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына (компьютерлік планшет немесе жылжымалы компьютер) жіберуге жол беріледі. Бұл жағдайда, орган (лауазымды адам) хаттама көшірмесін беру фактісінің бекітілуін қамтамасыз етеді.
ӘҚБтК-нің 807-бабының талаптарына сәйкес, ескерту түрінде электронды нысанда әкімшілік жаза қолданылған кезде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуге қатысушыларға хабарлау және қаулы көшірмесін ұсынудың ұқсас тәртібі қолданылады.
Ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы электрондық қаулының көшірмесі ӘҚБтК-нің 823-бабының талаптары ескеріле отырып ұсынылады.
11. Істі қозғау кезінде байланыс деректері көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің қатысушылары оны қарау барысында қабылданған процестік әрекеттер туралы автоматты түрде хабардар етіледі.
12. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылар процестік мәртебеге ие болған кезден бастап, "Көпшілік сектор" функционалы арқылы электрондық әкімшілік істің тиісті материалдарына қол жеткізе алады, сондай-ақ ол арқылы өтінішхат, шағым, арыздар беру және оларға электрондық нысанда жауаптар алу жүзеге асырылады.
Электрондық әкімшілік іс материалдарына қолжетімділікті әкімшілік процесті жүргізуші адам мемлекет мүддесіне қайшы келмейтін және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты емес көлемде береді.
ЭЦҚ болмаған және (немесе) Интернет желісіне қосылмаған жағдайда, іс жүргізуге қатысушылар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін органның (лауазымды адамның) тыңдап-көрсетуі немесе ұсынуы (жеке танысу үшін) арқылы электрондық көшірмесін алу мүмкіндігімен әкімшілік істің материалдарымен таныстырылады.
3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау және әкімшілік жазаның орындалуы кезіндегі ӘІБТ-ні жүргізу ерекшеліктері
13. Электрондық әкімшілік істі қарау шеңберінде тартылатын сарапшылар мен мамандар ӘҚБтК-нің 773-бабына сәйкес қорытынды толтырады.
Электрондық құжат нысанында қорытынды толтыру мүмкін болмаған кезде, қорытындының қағаз нұсқасын әкімшілік процесті жүргізуші адам PDF-құжатқа аударады және іс материалдарына қосады.
14. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін органға (лауазымды адамға) қағаз нысанында келіп түскен шағым және (немесе) наразылық PDF-құжатқа аударылып, кейін ӘІБТ-ге салынуға жатады.
Қағаз нысанында келіп түскен істі қайта қарау туралы өтінішке (заңды күшіне енген қаулылар және ұйғарымдар бойынша) және органның (лауазымды адамның) шешіміне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарға ұқсас тәртіп қолданылады.
Ескертпе: әрекеттердің осы тәртібі істі электрондық нысанда жүргізу кезінде, сондай-ақ іс материалдарын PDF-құжат түрінде ӘІБТ-ге енгізу жағдайларында қолданылады.
15. Айыппұл түріндегі әкімшілік жазаны ерікті түрде орындау мерзімдері өткеннен кейін және төлем жасалғаны туралы мәліметтер түспеген кезде, орган (лауазымды адам) 1-ӘҚ нысанындағы АЕҚ-ның тиісті деректемелерін толтыру арқылы электрондық нысанда айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы ұйғарымды мәжбүрлеп орындауға жібереді.
4-тарау. 1-ӘЖ және 1-ӘҚ нысандарындағы АЕҚ-ны қою, түзету, жою және сақтау ерекшеліктері
16. 1-ӘЖ нысанындағы АЕҚ әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде әрбір іске толтырылады. Адам бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде, АЕҚ құқық бұзушылықтың әрқайсысына жеке нөмір беріле отырып қойылады.
17. 1-ӘҚ нысанындағы АЕҚ тек 1-ӘЖ нысанды АЕҚ қойылғаннан кейін, қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша келесі шешімдерді қабылдау нәтижесі бойынша толтырылады:
1) материалды (хаттаманы) беру туралы;
2) материалдарды (хаттамаларды) біріктіру туралы;
3) жаза қолдану немесе тоқтату/босату туралы қаулы шығара отырып материалды (хаттаманы) қарау туралы;
4) материалды мәжбүрлеп орындауға жіберу туралы;
5) жазаны орындау туралы;
6) жазаны орындауды кейінге қалдыру туралы;
7) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға шағымдану (наразылық келтіру) туралы.
Бұл ретте, әрбір қабылданған шешімге жеке АЕҚ толтырылады.
18. АЕҚ-ны түзетуді органның (лауазымды адамның) дәлелді өтініші негізінде уәкілетті орган жүргізеді.
ӘІБТ-де АЕҚ-ны жоюды уәкілетті органның осы бағытқа жетекшілік ететін бөлім бастығы жою себебін көрсете отырып, жүзеге асырады.
Электрондық нысанда іс жүргізуді жүргізген кезде қабылданған процестік шешімдер негізінде қалыптастырылған АЕҚ түзетуге және жойылуға жатпайды.
19. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың сауалнамалық деректері ӘІБТ-де жеке басын куәландыратын құжат тілінде толтырылуға жатады.
20. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер, ӘҚБтК-нің 61-бабына сәйкес әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған сәттен бастап бір жыл ішінде есепте тұрады.
21. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмағандар туралы мәліметтер әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы орындалған кезден бастап алты ай ішінде сақталады (ӘҚБтК-нің 72-бабы).
22. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдар туралы мәліметтер әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап үш жыл ішінде сақталады (2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабы).
5-тарау. Қорытынды ережелер
23. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін органдарға (лауазымды адамдарға) олардың іс жүргізуіндегі не оларға бағынысты әкімшілік іс жүргізуді жүргізетін адамдардың іс жүргізуіндегі электрондық әкімшілік істерге қолжетімділік беріледі.
Прокурор өзі қадағалауды жүзеге асыратын әкімшілік істерге қолжетімділікке ие.
24. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүргізетін органдар (лауазымды адамдар) нақты аумақтық және құрылымдық бөлімшелер бойынша ӘІБТ-нің пайдаланушылар тізбесін, өкілеттіліктерін және электрондық әкімшілік істерге қолжетімділік деңгейін анықтайды.
Көрсетілген тізбенің негізінде уәкілетті орган ӘІБТ-нің пайдаланушыларына қолжетімділік құқықтарын анықтайды.
25. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің заңдылығын және ведомстволық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүргізетін орталық, облыстық (және оларға теңестірілген), қалалық (аудандық және оларға теңестірілген) органдардың басшыларына, олардың орынбасарларына, басқармалар мен бөлімдердің бастықтарына, бағынысты және төмен тұрған құрылымдық бөлімшелер бойынша ведомстволық аймақтық бақылауды (жетекшілікті) жүзеге асыратын орталық және облыстық аппарат органдарының жұмыскерлеріне ӘІБТ-ге электрондық әкімшілік істерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
26. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүргізетін органдар (лауазымды адамдар):
1) ӘІБТ-ге енгізілетін ақпараттың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің мән-жайларына және материалдарына сәйкес шынайылығын;
2) ӘІБТ АЖО-да АЕҚ-ның уақтылы толтырылуын;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік іс жүргізуді жүргізу барысында алынған деректерді жарияламауды қамтамасыз етеді.
27. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес іске асырылады.
Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қозғау туралы" 1-ӘЖ нысанындағы ақпараттық есепке алу құжаты
1.___________________________________________________________________________________ құқық бұзушылықты анықтаған органның атауы 1.1.________________________________________________________________________________ мемлекеттік органның бастамасы бойынша анықталды 2.___________________________________________________________________________________ құқық бұзушылықтың жасалған орны |
3. Әкімшілік іс нөмірі /_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/_/ басталған күні "___"________20__жыл |
8. Субъект: жеке тұлға (01), жеке кәсіпкер (02), заңды тұлға (03), шетелдік заңды тұлға (04), шетелдік қатысуы бар заңды тұлға (05), лауазымды адам (25), лауазымды адамға теңестірілген адам (26), заңды тұлға филиалы (27), заңды тұлға өкілдігі (28), анықталмаған адам (50). |
9. Құқық бұзушылықтың саралануы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) ____бабы _____бөлігі _____тармағы. |
15. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның Т.А.Ә. |
25. Жұмысының түрі: (анықтамалық бойынша) |
28. Коммерциялық ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны: мемлекеттіқ кәсіпорын (01), шаруашылық серіктестік (02), акционерлік қоғам (03), өндірістік кооперативі (04), өзгелер (05); оның ішінде: шағын кәсіпкерлік субъектісі (12), орта кәсіпкерлік субъектісі (13), ірі кәсіпкерлік субъектісі (14). |
Іс қозғалған жеке тұлғаның/заңды тұлға өкілінің түсініктемесі ______________________ |
Өзге белгілер ___________________________________________________________________________ |
Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу, жылжу барысы туралы және әкімшілік жазаның орындалу тәртібі туралы" 1-ӘҚ нысанындағы ақпараттық есепке алу құжаты
1. Материал/хаттама/іс бойынша шешім қабылдаған уәкілетті орган______________________ |
3. Шешім қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.), лауазымы: |
5. Құқық бұзушылықтың саралануы ӘҚБтК-нің __ бабы __ бөлігі __ тармағы |
8. Материал берілді: |
9. Әкімшілік жаза шаралары (ӘҚБтК-нің 42, 52-баптары): |
10. Тоқтату негіздері: |
11. Айыппұлды өндіріп алу |
12. Қаулыны орындау кейінге қалдырылды/ұзартылды |
13. Шағым/наразылық келтірілді |
14. Қаулыны жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау |
15. Банкрот (01), жалған кәсіпорын (02) болып танылды |
16. Қызметкердің Т.А.Ә., лауазымы, қолы және толтырған күні |