БҰЙЫРАМЫН:
1. "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11008 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 маусымда "Әділет" ақпаратттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-2)тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-2) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға (бұдан әрі – дайындаушы ұйымдар) есептелген қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасын субсидиялау және "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосыған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – ауыл шаруашылығы өнімін дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және өткізуді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға;
2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін, көрсетілетін қызметті беруші айқындайтын тұлға;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
4) өтінім – көрсетілетін қызметті алушының есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС мөлшерінде субсидиялар алуына арналған электрондық өтінім;
5) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі– субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;
7) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісіне орналастырылған субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;
8) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;
9) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласында функцияларын іске асыратын құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) қаржы жылының әрбір тоқсанының қорытындысы бойынша не күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша субсидиялауды жүзеге асырады.
4. Көрсетілетін қызметті беруші ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде веб-порталда Қаржыландыру жоспарын орналастырады.
2-тарау. Субсидиялар алушылар
5. Субсидиялар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/278 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11065 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) аккредиттеген көрсетілетін қызметті алушыларға төленеді.
3-тарау. Субсидиялар алу шарттары
6. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:
1) көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті берушіге электронды түрде беру;
Есептік жылдың 1, 2 және 3-тоқсанының қорытындысы бойынша ҚҚС сомасын субсидиялауға өтінім ҚҚС бойынша салық кезеңдері үшін декларацияны ұсыну бойынша салық міндеттемесін орындағаннан және бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасын толық төленгеннен кейін беріледі.
Есептік жылдың 4-тоқсанының қорытындысы бойынша ҚҚС сомасын субсидиялауға өтінім ҚҚС бойынша салық кезеңдері үшін декларацияны, корпоративтік табыс салығы және бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасын төлегеннен кейін беріледі.
Күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша ҚҚС сомасын субсидиялауға өтінім ҚҚС бойынша есептік жылдың барлық салық кезеңдері үшін декларацияны, корпоративтік табыс салығы және бюджетке төленуге жататын ҚҚС сомасын төленгеннен кейін беріледі.
Субсидияларды беру процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ субсидияларды берудің ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын субсидияларды алуға негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында жазылған.
"Электрондық үкімет" веб-порталының және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;
2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;
3) субсидиялау ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдайтын және өңдейтін ақпараттық жүйенің өзара ақпараттық іс-қимылы нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушының ауыл шаруашылығы өнімін өткізгенін растау (көрсетілетін қызметті алушының тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);
4) мыналарды:
корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларациядан (күнтізбелік жыл үшін өтінім берген жағдайда) алынған мәліметтерге сәйкес не көрсетілетін қызметті алушы осы талаптарды есептік жылдың барлық тоқсандары үшін корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны (күнтізбелік жыл үшін өтінім берген жағдайда) тапсыру бойынша салықтық міндеттемелерін орындағаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы шығарған шот-фактуралар бойынша мәліметтерге сәйкес кірісінің кемінде 90 пайызын Заңның 11-бабы 5-тармағында көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өткізуден түскен кіріс сомасы;
алдыңғы күнтізбелік тоқсан немесе жыл үшін декларация бойынша төлеуге есептелген және есепке жазылған ҚҚС сомасы;
алдыңғы күнтізбелік тоқсан немесе жыл үшін декларация бойынша төленген ҚҚС сомасы;
субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасының интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйесінің өзара әрекеттесуі немесе субсидиялар аударуға арналған өтінімге 1-қосымшаға сәйкес нысанда агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның сұранымы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының дайындаушы ұйымдар жөніндегі мәліметтерді есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінімге 1-қосымшаға сәйкес ұсынуы.
7. Субсидияларды беру үшін қажетті мәліметтерді қамтитын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде іркіліс болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші туындаған жағдай туралы көрсетілетін қызметті жеткізушіге техникалық іркелістердің пайда болуы анықталған сәттен бастап, дереу хабар береді, ол оны жоюға кіріседі.
Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін өнім беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлкеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі
8. Көрсетілетін қызметті алушыларға субсидиялар алдыңғы күнтізбелік тоқсанның немесе жылдың салық кезеңдері үшін есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы бойынша төленеді.
Субсидияларды есептеуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы көрсетілетін қызметті алушыларға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормаларын ескере отырып,осы Қағиларға 1-қосымшаға сәйкес есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінімге 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жүргізеді.
9. Егер, көрсетілетін қызметті алушы өткізген өнімнің нақты құны осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілетін құнынан жоғары болса, субсидиялар барынша жол берілетін құнын пайдалана отырып есептеледі.
10. Егер, көрсетілетін қызметті алушы өткізген өнімнің нақты құны осы Қағидаларға 3-қосымшада белгіленген есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасының субсидиясын есептеу кезінде көрсетілетін қызметті алушы қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілетін құнынан төмен болса, субсидиялар мөлшері өнімнің нақты құнын пайдалана отырып есептеледі.
Бұл ретте, көрсетілетін қызметті алушы тиісті тоқсанның немесе жылдың салық кезеңдері үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасынан аз ҚҚС сомасын төлеген жағдайда субсидиялар мөлшері нақты төленген ҚҚС сомасына тең болады.
11. Көрсетілетін қызметті алушы алдыңғы күнтізбелік тоқсан немесе жыл үшін декларациялар бойынша есептелгеннен артық ҚҚС сомасын төлеген жағдайда, субсидиялар мөлшері тиісті күнтізбелік тоқсан немесе жыл үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасына тең болады.
5-тарау. Субсидияларды төлеу және субсидиялар шегінде алынған қаржы құралдарын қайтару тәртібі
12. Өтінім қабылдау көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері (заңды мекенжайы) бойынша есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан 1 желтоқсаны (қоса алғанда) аралығында жүзеге асырылады.
Өтінімнің қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіндегі" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.
13. Веб-портал арқылы тізілім деректеріне (бұдан әрі – жеке кабинет) қолжетімділік беру үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болады;
2) көрсетілетін қызметті беруші жыл сайын көрсетілетін қызметті жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімдерін жібереді.
14. Көрсетілетін қызметті алушы Жеке кабинетте тіркелуі үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы; бірінші басшының немесе Жеке кабинетте тіркелуге уәкілетті адамның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және жеке сәйкестендіру нөмірі.
2) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы);
3) екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері;
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
15. Өтінімді қалыптастыру және тіркеу Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Қағидалардың 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы қойылу жолымен тіркеледі және көрсетілетін қызметті берушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Көрсетілетін қызметті берушінің электрондық мекенжайына қарауға өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Егер, көрсетілетін қызметті беруші төлем шоттарын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде қателер анықталса, көрсетілетін қызмет алушы себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.
16. Көрсетілетін қызметті берушінің маманы өтінімді ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою арқылы қабылдайды және тіркейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидияларды төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы субсидияның аударылғаны туралы хабарламаны не осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды дайындайды.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің маманы тіркелген өтінімді растағаннан кейін өтінім тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, оған қол қою арқылы көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы субсидиялардың аударылғаны туралы хабарлама не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама жібереді. Осы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілетін қызметті алушының Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
18. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда бас тартады.
19. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 15-тармағына сәйкес өтінім қабылданғаны расталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-порталда "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем шотын қалыптастырады.
Субсидиялар көлемі Қаржыландыру жоспарында тиісті айға көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
6-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының ауыл шаруашылығы саласында функцияларын іске асыратын құрылымдық бөлімшесі және (немесе) лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнінд егі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілуі мүмкін.
21. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
22. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Кімге:_______________________________________________________________
(жергілікті атқарушы органның атауы)
Кімнен:______________________________________________________________
(дайындаушы ұйымның атауы)
Өтінім берген сәттегі өтінім берушінің мемлекеттік кірістер органдарында тіркеліп
есепке алынған орны: __________________________________________
_______________________________________
Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінім
______жылғы __ тоқсан немесе______жыл үшін
Маған жылғы ___ тоқсан немесе ___ жыл үшін есептелген қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасы мөлшерінде ________теңге көлемінде субсидия төлеуді сұраймын.
1. Дайындаушы ұйымның деректері:
Атауы____________________________________
БСН _____________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________
мекенжайы _______________________________________
телефон (факс) нөмірі: ________________________
2. Дайындаушы ұйымның екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шотының мәліметтері
БСН ___________________________________________________________
Кбе _________________________________________________________________
Банк деректемелері: ___________________________________________________
Банктің атауы: _______________________________________________________
БСК ________________________________________________________________
ЖСК _______________________________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйым арасындағы сатып алу-сату шарты жөніндегі мәліметтер:
Р/с № | Ауыл шаруашылығы өнімін сатушының атауы және ЖСН-сы/БСН-сы | Шарттың нөмірі | Шарттың жасалған күні | Бағасы(теңге) | Ауыл шаруашылығы өнімін сатушының орналасқан жерінің мекенжайы | Ауыл шаруашылығы өнімінің атауы | Өнім көлемі, килограмм | Төлеу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
1 | ||||||||
2 |
4. Дайындаушы ұйымның ауыл шаруашылығы өнімінің өткізілгенін растайтын шот-фактуралары туралы мәліметтер:
шот-фактура нөмірі______________________________________________
берілген күні___________________________________________________
ауыл шаруашылығы өнімінің атауы ________________________________
өлшем бірлігі __________________________________________________
ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі ________________________________
ҚҚС-мен бағасы (теңге) _________________
бүкіл өткізу құны (теңге)_________________________________
5. Салық декларациясынан алынған мәліметтер
(теңге) |
1. | ____жылдың ___ тоқсаны үшін не ___ жыл үшін декларациялар бойынша төлеуге есептелген ҚҚС сомасы | |
2. | ___жылдың ___ тоқсаны үшін не ___ жыл үшін декларациялар бойынша бюджетке төленген ҚҚС сомасы | |
3. | ___жылдың ___ тоқсаны үшін не ___ жыл үшін өнімді өткізуден түскен жылдық жиынтық кіріс сомасы | |
4. | ___жылдың ___ тоқсаны үшін не ___жылы "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағында белгіленген тізбе (бұдан әрі – тізбе) бойынша өнімдерді өткізуден түскен кіріс сомасы | |
5. | Тізбе бойынша өнімді өткізуден түскен кірістің жалпы сомасындағы кірістің үлес салмағы (кемінде 90 %) | |
6. | Дайындаушы ұйымның шотына аударылатын субсидиялар сомасы | |
7. | Мемлекеттік кірістер органдарының салық есептілігін қабылдағаны туралы деректемелері |
Субсидиялар сомаларының есептеулері осы өтінімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріледі.
Тексеру кезінде ұсынылған мәліметтердің және субсидиялар сомалары есептеулерінің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, он жұмыс күні ішінде заңсыз алынған қаражатты қайтаруға міндеттенеміз.
Өтінім беруші 20__ жылғы "__" __________ сағат ___-де қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ-ның қойылған күні мен уақыты
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;
Кбе – Бенефициардың коды;
БСК – банктік сәйкестендіру коды.
Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінімге 1-қосымша |
|
Нысан |
Дайындаушы ұйымның _____ жылдың ___ тоқсанына немесе_____ жыл үшін мәліметтері
_________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
(тенге) |
№ | Дайындаушы ұйымның атауы | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Салықтық есептілік деректері бойынша өнімді сатудан түскен жылдық жиынтық табыс сомасы | _____ жылдың ___ тоқсанына немесе ______ жылға жеке шот бойынша есептелген және төлеуге есептелген қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) сомасы | ___ жылдың ___ тоқсаны үшін немесе ___ жылы (жеке шот бойынша) есептелген шекте төленген ҚҚС сомасы |
Басшы _____________________________ __________
(Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасы мөлшерінде субсидиялар аударуға арналған өтінімге 2-қосымша |
|
Нысан |
___ жылдың ___тоқсанына немесе_____ жыл үшін субсидиялар сомаларының есептемесі
(теңге) |
РР/с № | Шот-фактураның нөмірі | Толтырылған күні | Алушының атауы | Тауардың атауы | Саны (көлемі) | Тауар бірлігінің қосылған құн салығысыз (бұдан әрі – ҚҚС) бағасы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 |
кестенің жалғасы
Тауардың ҚҚС-сыз құны | ҚҚС сомасы | Өнім бірлігінің ҚҚС-сыз барынша жол берілетін құны |
Өткізудің барынша жол берілетін құны бойынша | ҚҚС сомасы | Субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы* |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
8-баған= 6-баған х |
9-баған = |
11-баған = |
12-баған = |
1) егер 7-баған 10-бағаннан көп немесе тең болса, 13-баған= 12-баған; | |
Ескертпе: * субсидиялауға жататын ҚҚС сомасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 813 қаулысымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға субсидияланатын қосылған құн салығы сомасының мөлшерін айқындау үшін қолданылатын, жеке қосалқы шаруашылықтан сатып алынған ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің нормалары ескеріле отырып, салық төлеушінің жеке шоты бойынша есептік жылға есептелген ҚҚС шегінде бюджетке төленген ҚҚС сомасынан аспауға тиіс (Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидалары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 9-3/271 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11008 болып тіркелген) бекітілген 1-қосымшаның 4-тармағына сәйкес мәліметтер).
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына 2-қосымша |
"Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | порталға жүгінген сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
субсидияның аударылғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
Қызметті алушы порталға көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында субсидия алуға өтінімді ұсынады. |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. |
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына 3-қосымша |
Есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасына субсидияларды есептеу кезінде көрсетілетін қызмет алушы қолданатын ауыл шаруашылығы өнімі бірлігінің барынша жол берілген құны
(теңге) |
№ | Тауардың атауы | Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышының кодтары | Өлшем бірлігі | Барынша жол берілген құны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Тірі ірі қара мал | килограмм | 471 | |
2. | Тірі жылқылар және басқа да жылқы тұқымдас жануарлар | 014310 | килограмм | 554 |
3. | Тірі түйелер | 014410 | килограмм | 534 |
4. | Тірі қойлар мен ешкілер |
014511, | килограмм | 480 |
5. | Тірі шошқалар | 014610 | килограмм | 394 |
6. | Тірі үй құсы | 01471 | килограмм | 266 |
7. | Тауықтың жаңа қабықты жұмыртқасы | 014721 | ондық | 148 |
8. | Ірі қара малдың жас немесе салқындатылған еті | 101111 | килограмм | 1 079 |
9. | Қойлардың, ешкілердің жас немесе салқындатылған еті |
101113, | килограмм | 1 072 |
10. | Шошқалардың жас немесе салқындатылған еті | 101112 | килограмм | 846 |
11. | Жылқылар мен жылқы тұқымдас жануарлардың жас немесе салқындатылған еті | 101115 | килограмм | 1 240 |
12. | Сүтті табындағы ірі қара малдың шикі сүті | 014120 | килограмм | 78 |
13. | Үй құсының жас немесе тоңазытылған еті | 101210 | килограмм | 504 |
14. | Картоп | 011351 | килограмм | 55 |
15. | Сәбіз | 011341 | килограмм | 62 |
16. | Қырыққабат | 011312 | килограмм | 51 |
17. | Баялды | 011333 | килограмм | 70 |
18. | Қызанақ | 011334 | килограмм | 135 |
19. | Қияр | 011332 | килограмм | 99 |
20. | Сарымсақ | 011342 | килограмм | 420 |
21. | Пияз | 011343 | килограмм | 38 |
22. | Қант қызылшасы | 011371 | килограмм | 12 |
23. | Алма | 012410 | килограмм | 182 |
24. | Алмұрт | 012421 | килограмм | 249 |
25. | Айва | 012422 | килограмм | 450 |
26. | Өрік | 012423 | килограмм | 211 |
27. | Шие | 012424 | килограмм | 242 |
28. | Шабдалы | 012425 | килограмм | 259 |
29. | Қара өрік | 012427 | килограмм | 202 |
30. | Түтілген жүн | 101141 | тонна | 300 000 |
31. | Ірі қара малдың терілері, иленбеген былғарылары | 101142 | бірлік | 2 700 |
32. | Жылқы тұқымдас жануарлардың терілері, былғарылары | 101142 | бірлік | 2 500 |
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Субсидияларды аудару туралы хабарлама
Құрметті __________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетілгенін және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы "__" __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.
Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы хабарлама
Құрметті __________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Сіздің 20___ жылғы "__" _________ №__________ өтініміңіз бойынша "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығының сомасын субсидиялау" мемлекеттік қызметті көрсетуден _______________________ __________________________________________ себепті бас тартылды.