"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 10-бабы 1) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидасы бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы |
Н. Пан |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
2020 жылғы "__" ______________
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 58 бұйрығына 1-қосымша |
"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 13.08.2021 № 708 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына (бұдан әрі - Конвенция) және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тәртiбi мен шарттары туралы бiрыңғай қағидаларға (бұдан әрі - Бірыңғай қағида) сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсетілу тәртібі мен шарттарын айқындайды және Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою құқығы бар облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) қолданады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 23.12.2020 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Апостиль қою рәсімінің мақсаты Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында әрекет етуге арналған апостиль қойылатын құжаттардың түпнұсқалығы мен тиісті ресімделуіне кепілдік беру болып табылады.
4. Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға экстерриториалдық қағидаты бойынша апостиль қояды.
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері өзінің аумақтық бірлігіне сәйкес құжаттарға қол қою құқығы берілген лауазымды адамдардың қол қою үлгілерін (бұдан әрі - қол қою үлгісі) және құжатты берген органның мөр бедерін (бұдан әрі - мөр бедері) лауазымды адамдардың тағайындалуына және орган мөрінің өзгеруіне қарай Әділет министрлігіне жібереді.
Әділет министрлігі өзекті қол қою үлгілерінің және мөр бедерлерінің үлгілерін жинап, оларды мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдалану үшін облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттеріне жібереді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен шарттары
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ көрсетілетін ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) келтірілген.
6. Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қалауы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) қағаз түрінде немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
7. Көрсетілетін қызметті алушы не сенімхат бойынша оның өкілі Мемлекеттік корпорациясына немесе портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметтер үшін қажетті құжаттардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген.
8. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттары туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының бюджетке баж сомасын төлегенін растайтын құжатты (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
9. Ақпараттық жүйелерде тиісті мәліметтер болмаған кезде Мемлекеттік корпорацияның немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттардың электрондық/қағаз көшірмелерін жаңғыртады, содан кейін апостиль қоюға жататын құжаттарды қоспағанда, түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.
10. Көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
12. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкерін дереу хабардар етеді.
Бұл жағдайда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер ақпараттық жүйенің істен шығу себептерін анықтау бойынша шаралар қабылдайды және 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама (акт) жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
13. Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті портал арқылы тапсырған кезде "жеке кабинетіне" өтініш түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші қол қою үлгісі мен мөр бедерінің өтінішке тіркелген апостиль қоюға жататын құжат көшірмелерінің сәйкестігін, сондай-ақ өтінішпен қоса берілген құжаттардың Конвенция мен Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.
Апостиль қоюға жататын құжаттың сканерленген көшірмесі, қол қою мен мөр бедерінің үлгілеріне, өтініш пен оған қоса берілген құжаттар Конвенция мен Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген кезде, не қоса берілген құжаттардың толық болмау фактісі анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту түрінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жібереді.
Өтініш дұрыс толтырылған және қоса берілген құжаттар Конвенция мен Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарға апостиль қою күні мен уақытын тағайындау туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.
Құжаттарды апостильдеу келесі жұмыс күніне тағайындалады.
Апостиль беру аумағына қарамастан құжаттың қағаз түрінде көрсетілгеннен кейін және апостиль қою үшін мемлекеттік баж төленгеннен кейін сол күні қойылады.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжатты салыстырады, құжатқа "апостиль" мөртабанын қояды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы қол қойған қағаз форматындағы құжат түрінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.
Белгіленген күні апостиль қоюға жататын құжат ұсынылмағанда, ұсынылған құжаттар Конвенция мен Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкес келмегенде немесе ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, құжаттар ұсынылған немесе ұсынылмаған сәттен бастап көрсетілетін қызметті беруші сол жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту түрінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға порталға жібереді.
14. Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар ұсынылған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде - Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды тексереді, оларды қабылдайды және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді. Қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге курьерлік байланыс арқылы жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, содан кейін апостиль қоюға жауапты қызметкерге береді.
Көрсетілетін қызметті беруші қол қою үлгісі мен мөр бедерінің апостиль қоюға жататын құжатқа сәйкестігін, сондай-ақ өтініш пен ұсынылған құжаттардың Конвенция мен Бірыңғай қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді.
Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті және ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжатқа "апостиль" мөртабанын қояды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы қол қойған қағаз форматындағы құжат түріндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тартуды жібереді.
15. Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлігін немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатын ұсынғанда (не Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген өкілі) тиісті құжаттарды қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация 1 (бір) ай көлемінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, кейін оны әрі қарай сақтауға көрсетілетін қызметті берушіге береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай өткен соң жүгінгенде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 13.08.2021 № 708 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
17. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы не қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылданады.
18. Шағымда:
1) тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе), пошталық мекенжайы (жеке тұлға үшін);
2) атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні (заңды тұлға үшін) көрсетіледі.
19. Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шағымды қабылдағанын растайды.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының: 8-800-080-7777 немесе 1414 телефоны арқылы алуға болады.
20. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол уәкілетті органның шағымды өңдеу барысында жаңартылып отырады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).
21. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Әділет министрінің 23.12.2020 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР Әділет министрінің м.а. 13.08.2021 № 708 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметті көрсету стандарты | ||
1 | Қызмет берушінің атауы | Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әділет департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері |
1) Мемлекеттік корпорация; |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
Мемлекеттік корпорацияда - 2 жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық/қағаз түрінде. |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі |
1) Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз жеткізгіштегі "апостиль" мөртабаны бар құжат; |
6 | Мемлекеттік баж мөлшері | "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 615-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасында жасалған әрбір ресми құжатқа апостиль қойғаны үшін - 0,5 АЕК |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік корпорация: |
9 | Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті мынадай негіздер бойынша бас тартуы |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) толық емес, дәйексіздігі фактісінің анықталуы; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар |
Денсаулығы бұзылған, ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен тыныс-тіршілігі шектелген мемлекеттік қызметті алушыға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорация қызметкері тұрғылықты жеріне барып, Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгіну арқылы жүргізеді. |
Апостиль қою туралы өтініш
________________________________________________________________________________
(құжаттың атауы мен мазмұны)
__________________________________________________________ апостиль қоюды өтінемін
(қашан, кім берген)
________________________________________________________________________ берілген.
(нотариустың\құжатқа қол қойған лауазымды адамның Т.А.Ә
(жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе)
Апостиль қойылған құжат ___________________________________________________
(құжат жіберілетін елдің атауы)
органдарына тапсыру үшін қажет
Қазақстан Республикасы аумағында өзгертілген сауалнамалық деректерді немесе
туыстығын растайтын мәліметтерді тексеру үшін (апостиль қоюға жататын құжатқа
байланысты) ____________________________________________________________________
(тиісті акт жазбасының қашан тіркелгенін, қандай мәліметтердің өзгергенін, туыстық
дәрежесін, тіркеуші органның атауын және басқа да мәліметтерді көрсету)
Келесі құжаттар ұсынылады: _________________________________________________
________________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты
пайдалануға келісім беремін
"___" ___________ 20 жылғы ____________________
(өтініш берушінің қолы)
________________________________________________________________________________
(апостиль мөртабанын қойған лауазымды адамның Т.А.Ә. (жеке басын куәландыратын
құжаттарда көрсетілсе)
№ ____________ журнал бойынша
"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік қызметін көрсету Қағидаларына 3-қосымша |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттардың атаулары:
1)________________________________________;
2)________________________________________;
3)________________________________________.
ұсынуыңызға байланысты мемлекеттік қызметті "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады. Осы қолхат әр тарапқа бір-біреуден 2 данада жасалды.
________________________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің Т.А.Ә (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. (бар болса) _____________
Телефоны __________
Алдым: Т.А.Ә (жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілсе) / көрсетілетін қызметті алушының қолы____________________ 20__ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 58 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11685 тіркелді, 2015 жылдың 13 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 93 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13235 тіркелді, 2016 жылдың 1 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1107 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14485 тіркелді, 2016 жылдың 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
4) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 1001 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15466 тіркелді, 2017 жылдың 17 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
5) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 13 шілдедегі № 1090 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17203 тіркелді, 2018 жылдың 23 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
6) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 17 қаңтардағы № 26 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18207 тіркелді, 2019 жылдың 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
7) "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2019 жылғы 20 қыркүйегіндегі № 472 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19403 тіркелді, 2019 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.