"Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда № 14485 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 27 мамырдағы № 58 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 27.05.2020 № 58 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 367 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11685 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 тамыздағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:

      Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес "апостиль" мөртабаны бар қағаз жеткізгіштегі құжат не осы Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қолы қойылған, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің берілетін жері және күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуді қарау нәтижесінің дайын екендігі туралы хабарлама не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.";

      7 және 7-1 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Құжат Мемлекеттік корпорация арқылы түскен кезде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы:

      1) құжаттарды қабылдауды және Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде 15 (он бес) минут ішінде өтінішті тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушіге орындауға тапсыруды жүзеге асырады;

      2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш пен қажетті құжаттар түскен соң 20 (жиырма) минут ішінде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүргізеді, Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу және апостиль қоюды қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жазып жібереді;

      4) маман келесі дәйекті іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

      ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді;

      1) құжаттарды апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркейді, ресми құжаттың төлнұсқалығын тексереді, ұсынылған құжатты 14 (он төрт) сағат 35 (отыз бес) минут ішінде апостильдеуге дайындайды не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына зерделеуге ұсынады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері дайындаған құжатты зерделейді, оған қол және мөр қойып, көрсетілетін қызмет берушінің қызметкеріне қайтарады;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжатты алған кезден бастап 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді, ол Мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне тізілім бойынша дайын құжатты не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

      Мемлекеттік корпорациядан түсетін өтініштер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде тіркелмейді.

      7-1. Құжат портал арқылы түскен кезде құрылымдық бөлімшелердің арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін өтініш пен қажетті құжаттар түскен соң 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүргізеді, Стандарттың 4-тармағында белгіленген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарарға сәйкес 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу мен апостиль қоюды қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысына немесе көрсетілетін қызметті берушінің маманына орындау үшін жазып жібереді;

      3) маман келесі дәйекті іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

      ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін тексереді;

      1) құжаттарды апостиль қою үшін ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабында тіркейді, ресми құжаттың төлнұсқалығын тексереді, апостильдеуге ұсынылған құжатты не 6 (алты) сағат 50 (елу) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына зерделеуге ұсынады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері дайындаған құжатты зерделейді, оған қол және мөр қойып, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне қайтарады;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжатты алған кезде 15 (он бес) минут ішінде дайын құжатты беретін көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкеріне мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін береді не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауапты Мемлекеттік корпорация қызметкеріне тізілімге сәйкес береді.";

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 1-қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

М. Бекетаев



  Қазақстан Республикасы
  Әділет министрінің
  2016 жылғы 2 желтоқсандағы
  № 1107 бұйрығына
  қосымша


  "Қазақстан Республикасының
  әділет органдарынан және өзге
  мемлекеттік органдарынан,
  сондай-ақ нотариустардан
  шығатын ресми құжаттарға
  апостиль қою" мемлекеттік
  көрсетілетін қызмет
  регламентіне 1-қосымша

Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы

1.


Іс-әрекеттер (жұмыс барысы, ағымы) №


2


3


4


5


6


2.


Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы


Бөлім басшысы не бөлім маманы (бөлім басшысы бірлігі қарастырылмағанда)


Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы


Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі


3.


Рәсімдердің (іс-әрекеттердің) дәйектілігі сипаттамасы


Тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдау


Бөлім басшысына немесе бөлім маманына (бөлім басшысы бірлігі қарастырылмағанда) құжаттардықарауға жазып жібереді


Құжаттарды қабылдау және тексеру, тізілімге тіркеу, талдау жүргізу, өтініш пен құжаттарды қарау, құжатқа "апостиль" мөртабанын қою не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою


Дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорация қызметкеріне тізілім бойынша беру


4.


Аяқталу нысаны ("апостиль" мөртабаны қойылған құжат не мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап)


Көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға қолхат беру


Көрсетілетін қызметті берушінің Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде белгі соғу және құжаттарды қарауға ұсыну


Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдау


Ұсыну үшін кеңсеге беру


Мемлекеттік корпорация қызметкерінің құжатты тізілім бойынша алуы


5.


Әр рәсімнің ұзақтығы


минут


15 минут


14 сағат 35 минут


20 минут


15 минут