Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.02.2022 № ҚР ДСМ-10 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.02.2022 № ҚР ДСМ-10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
Е. Биртанов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № ҚР ДСМ-43/2020 бұйрығымен бекітілген |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қағида жаңа редакцияда көзделген - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.06.2023 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.02.2022 № ҚР ДСМ-10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 8-бабының 12) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
2. "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) денсаулық сақтау ұйымдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетеді.
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі – Портал).
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілеттін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт) жазылған.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі-ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.
Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензиялар Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы бір рет өтуге беріледі.
6. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым алынады.
"Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 554-бабында белгіленген мөлшерде лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталының төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. "Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
7. Көрсетілетін қызметті алушылар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, сондай-ақ "электрондық үкімет" шлюзі арқылы және цифрлық құжаттар сервисінен мынадай мәліметтерді алады:
медициналық қызметке лицензия және "трансплантология", "гематология", "қан дайындау" мамандықтары бойынша лицензияға қосымшалар туралы;
көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;
ЭҮТШ арқылы не екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төленген лицензиялық алымды (оның ішінде қайта ресімдеу не лицензияның (оған қосымшаның) телнұсқасын алу жағдайлары үшін) төлеу туралы мәліметтерді алады.
адам ағзаларын (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін транспланттау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шартын ратификациялау туралы.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды порталға тапсырған сәттен бастап:
адам тіндерін қан мен оның компоненттерін әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде-3 (үш) жұмыс күні;
адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде-1 (бір) жұмыс күні.
10. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізеді.
Деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу автоматтандырылған.
11. Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:
адам тіндерін (тіннің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде құжаттар берілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
лицензия беру кезінде адам ағзаларын (ағзасының бөлігін) әкелу және (немесе) әкету құжаттар берілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Егер Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) береді.
Сонымен бірге, егер көрсетілетін қызметті алушының адам тіндерін (тіннің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беруге арналған құжаттарын қарау кезінде Стандарттың 9-тармағына сәйкес бас тартуға негіздер болса, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі-ӘРПК) 73-бабына сәйкес тыңдау рәсімін жүргізеді.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым, көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Заңның 25-бабы 2) тармағына сәйкес тікелей мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімін қабылдаса, шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Адамның ағзаларын (ағзасының бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге әкетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "электрондық үкімет" веб- www.egov.kz, www.elicense.kz порталы (бұдан әрі-портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
адам тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде – 3 (үш) жұмыс күні; |
4 | Қызмет көрсету нысаны | электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге Қазақстан Республикасының аумағынан осы мемлекеттерге адам ағзаларын (ағзаның бір бөлігін) және (немесе) тіндерін (тінінің бөлігін), қан мен оның компоненттерін әкетуге лицензия; |
6 | Төлем мөлшері | Мемлекеттік қызмет денсаулық сақтау ұйымдарына ақылы көрсетіледі, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде лицензиялық алым алынады. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші-демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Құжаттардың тізбесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің), оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың шешімінде белгіленген талаптарға және (немесе) ағзаларды транспланттау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге анық еместігі (сәйкес еместігін) ; |
10 | Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар. |
Тауарлардың жекелеген түрлерін экспорттауға өтініш
Уәкілетті орган
1. Лицензияның № | 2. Қолданыс кезеңі – бастап – дейін | |
3. Лицензияның типі |
4. Келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | 6. Сатып алушы | |
7. Жөнелтілетін елі | 8. Сатып алушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Уәкілетті тұлға |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына өтініш
Уәкілетті орган
1. Лицензияның № | 2. Қолданыс кезеңі – бастап – дейін | |
3. Лицензияның типі |
4. Келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | 6. Сатушы | |
7. Жөнелтілетін елі | 8. Сатушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Уәкілетті тұлға |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына өтініш
Уәкілетті орган № лицензияға қосымша
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
Барлығы парақ | Парақ № |
18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы | |
Қолы және мөрі | Күні |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия
Уәкілетті орган
1. Лицензияның № | 2. Қолданыс кезеңі – бастап – дейін | |
3. Лицензияның типі |
4. Келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | 6. Сатып алушы | |
7. Жөнелтілетін елі | 8. Сатып алушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Уәкілетті тұлға |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия
Уәкілетті орган
1. Лицензияның № | 2. Қолданыс кезеңі – бастап – дейін | |
3. Лицензияның типі |
4. Келісімшарт | |
5. Өтініш беруші | 6. Сатушы | |
7. Жөнелтілетін елі | 8. Сатушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі |
15. Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Уәкілетті тұлға |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына арналған лицензияға қосымша
Уәкілетті орган № лицензияға қосымша
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі |
Құны | |||
Барлығы парақ | Парақ № |
18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы | |
Қолы және мөрі | Күні |
[Көрсетілетін қызметті берушінің атауы қазақ тілінде] | [Көрсетілетін қызметті берушінің атауы орыс тілінде] | |
[Нөмері] | [Берілген күні] |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту
[Көрсетілетін қызметті алушының атауы], Сіздің [күні] [өтініш нөмірі] тіркелген өтінішіңізді қарап мынаны хабарлайды.
[Хат мәтіні]
[Қол қоюшының лауазымы][Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)]