"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру туралы" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
Е. Биртанов |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № ҚР ДСМ-43/2020 бұйрығымен бекітілген |
"Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленген және "Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін (бұдан әрі – Қағидалар) айқындайды.
2. "Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) денсаулық сақтау ұйымдарына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетеді.
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылған.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия не көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.
Лицензия Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы бір рет өтуге беріледі.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым алынады.
"Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейлі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. "Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
7. Көрсетілетін қызметті алушылар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден:
медициналық қызметке лицензия және "трансплантология", "гематология", "қан дайындау" мамандықтары бойынша лицензияға қосымша туралы;
көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы;
лицензиялық алымды төлеу туралы (ЭҮТШ арқылы ақы төлеген жағдайда) мәліметтерді алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде – 3 (үш) жұмыс күні;
адам ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде – 1 (бір) жұмыс күні.
9. Көрсетілетін қызметті беруші:
- адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде құжаттарды тапсырған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
- адам ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) әкелуге және (немесе) әкетуге лицензия беру кезінде құжаттарды тапсырған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларға 1-қосымшаның 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық болмау фактісі және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті қарауды тоқтату туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
10. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленеді.
Деректерді мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу автоматтандырылған.
11. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның негізінде ұйым мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімінің болуы негіз болып табылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті беруші және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және (немесе) мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша уәкілетті орган басшысының атына шағым беру арқылы жүзеге асырылады.
Шағымдарды қарау мерзімдері тіркелген күннен бастап:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) денсаулық сақтау саласындағы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша уәкілетті органдарда – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 29-бабында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Адам ағзаларын (ағзаларының бөлiктерiн) және (немесе) адам тiндерiн, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
адам тіндерін, қан мен оның компоненттерін әкелуге, әкетуге лицензия беру кезінде – 3 (үш) жұмыс күні; |
4 | Қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге лицензия не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысы |
Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға ақылы көрсетіледі. |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Қажетті құжаттардың тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына лицензия
Уәкілетті орган | |||
1. Лицензияның № | 2. Қолданылу кезеңі | ||
3. Лицензияның типі |
4. Келісімшарт | ||
5. Өтініш беруші | 6. Сатып алушы | ||
7. Тағайындалған елі | 8. Сатып алушының елі | ||
9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны | |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі | |
15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | |||
16. Қосымша ақпарат | |||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Уәкілетті тұлға | ||
Нысан |
Тауарлардың жекелеген түрлерінің импортына лицензия
Уәкілетті орган | ||||
1. Лицензияның № | 2. Қолданылу кезеңі | |||
3. Лицензияның типі |
4. Келісімшарт | |||
5. Өтініш беруші | 6. Сатушы | |||
7. Жөнелту елі | 8. Сатушының елі | |||
9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны | ||
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі | ||
15. СЭҚ БТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | ||||
16. Қосымша ақпарат | ||||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Уәкілетті тұлға | |||
Тауарлардың жекелеген | ||||
Уәкілетті орган | ||||
жылғы № лицензияға қосымша | ||||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі | |
Құны | ||||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі | |
Құны | ||||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі | |
Құны | ||||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі | |
Құны | ||||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі | |
Құны | ||||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі | |
Құны | ||||
р/с № | Тауардың сипаттамасы | Саны | өлшем бірлігі | |
Құны | ||||
Барлығы парақ | Парақ № |
18. Өтініш берушінің уәкілетті адамы | ||
Қолы және мөрі | Күні |