"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 3-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
С. Омаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 3-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Үлгілік қағидалар негізінде және Заңның 7-бабы 4-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктер) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын әзірлейді.
3. Заңның 7-бабы 4-тармағының 12-14) тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары осы Үлгілік қағидалар негізінде әзірленген ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын тиісті жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады.
4. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы жануарлары - адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері - меншік, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқарудағы немесе басқа да заңды негізінде ауыл шаруашылығы жануарлары бар заңды немесе жеке тұлғалар;
3) ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өту (айдау) - ауыл шаруашылығы жануарларының тұрақты тұрған жерінен жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер құрамындағы жер учаскелерінде, сондай-ақ жердің басқа санаттарының құрамындағы жер учаскелерінде адамның бақылауында болатын ауыл шаруашылығы жануарларының шөп және өзге де өсімдіктерді тұтыну процесі;
5) ветеринариялық паспорт - уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі;
6) жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;
6-1) көпшілік пайдаланатын жайылымдар – елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар;
7) маусымдық жайылымдар - жыл мезгілдеріне және (немесе) пайдалану кезеңділігіне сәйкес қолайлы табиғи-климаттық жағдайларда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін пайдаланылатын жайылымдар;
8) шалғайдағы жайылымдар - елді мекендерден алыстағы аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын жайылымдар;
9) жалпыға ортақ пайданалатын жерлер - алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, парктер, саябақтар, opмaн парктерi, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және басқа да халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған өзге де объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылысжайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлiк жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) алып жатқан және оларды орналастыруға арналған жерлер.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі
5. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары меншік нысанына қарамастан есепке алуға және тіркеуге жатады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес әрбір тіркелген ауыл шаруашылығы жануарларына сәйкестендіру нөмірі беріледі. Ветеринариялық паспорт ауыл шаруашылығы жануарларына ұсақ малдарды, шошқаны қоспағанда жеке беріледі.
Ұсақ малға (қойлар, ешкілер), шошқаларға ветеринариялық паспорт тобына (отарына) беріледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қоршалған немесе қоршалмаған жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттік берген адамдар жүзеге асырады.
Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға бөлінген жайылымдар мен басқа да жер учаскелерінде ғана жол беріледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай жылжуы, ал тәуліктің қараңғы және түнгі уақытында ұстау орнына дейін айдап өту (айдау) ауыл шаруашылығы жануарларының иелерінің немесе олардың уәкілетті адамдарының қадағалауымен жүзеге асырылады.
6. Мыналарға:
1) ауру ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға (оның ішінде жұқпалы ауруларды жұқтырған);
2) міндетті ветеринариялық рәсімдерден өтпеген, оның ішінде егу және вакцинациялаудан өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
3) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде, темір және автомобиль жолдарына бөлінген белдеулерде, су қорғау белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарының шекарасында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
4) су қорғау аймақтарының шегінде жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
5) бірдейлендірілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю орнына дейін және кері қарай айдап өту (айдау), жаю, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз ауыл шаруашылығы жануарларының орнын ауыстыруға жол берілмейді.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік орман қорына кіретін жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің немесе олар уәкілеттік берген адамдардың қадағалауынсыз жаюға ерекше жағдайларда шалғайдағы, қол жеткізу қиын және халық аз қоныстанған аудандарда жүзеге асырылады. Осындай аудандардың тізбесін облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынымы бойынша облыстың жергілікті өкілді органы бекітеді;
7) ауыл шаруашылығы жануарларын теміржолдар арқылы және арнайы бөлінген жерлерден тыс, сондай-ақ тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайларында (әртүрлі деңгейлердегі мал айдаудан басқа);
8) өзге жолдар болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларын асфальт төселген және цементпен бетондалған жолдармен айдап өтуге;
9) қоғамдық шомылатын орындарда, тоғандарда, субұрқақтарда, жалпыға ортақ пайдаланылатын су айдындарында және су жиналатын жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын суаруға жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын суару үшін Қазақстан Республикасының Су кодексіне сәйкес ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінің ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын суат алаңдары мен басқа да құрылғылары бар санитариялық қорғау аймақтарынан тыс су объектілерін пайдалануға жол беріледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Қазақстан Республикасының табиғи-климаттық аймақтарына байланысты жаюдың басталу күні ауа температурасының Цельсий бойынша +10 градустан жоғары тұрақты кезеңіне орайластырылады.
Әрбір маусымның (күндердің) жаю ұзақтығы нақты жылдың шарттарымен анықталады.
8. Адамдардың қадағалауынсыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары қараусыз жүрген жануарлар болып есептеледі және иесі анықталғанға дейін уақытша ұстау үшін қоражайларға айдауға жатады.
Ұсталған қараусыз жүрген жануарларды ұстау, иелеріне қайтару тәртібі, сондай-ақ иелерінің жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю және айдап өту жерлерін айқындау кезінде жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделеді және жүзеге асырылады, сондай-ақ "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына сәйкес жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды учаскелерге қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.05.2023 № 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Табиғи-климаттық аймақтарға байланысты республикада жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын маусымдық және жыл бойы бағу жүйесі қолданылады.
Маусымдық жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары көктемде-жазда-күзде жайылымдарда, қыста-толыққанды азықтандыру арқылы қорада ұсталады.
Жыл бойы жаю жүйесінде ауыл шаруашылығы жануарлары жыл бойы жайылымда болады.
Қолайсыз ауа райы жағдайында мал шаруашылығы қора-жайлары пайдаланылады және тиісті азық қоры құрылады.
11. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың түрлік құрамын ескеріледі қажет, өйткені Қазақстандағы барлық жайылымдар маусымдық сипатта болады, сондықтан эфемерлік жайылымдар көктемде, бетегелі-астық тұқымды және таулы - жазда, ал эфемерлік-жусан жайылымдар көктемде де, күзде де пайдаланылуы мүмкін.
12. Ауыл шаруашылығы жануарлары түрі мен өсімдік түріне байланысты жаюдың алдында оңтайлы биіктік табиғи жайылымдарда шөптің тиімді биіктігі 2-ден 6 сантиметрге (бұдан әрі - см) дейін және екпе жайылымдарда 10 см-ден жоғары болуы тиіс.
13. Шөлейт жайылымдарын пайдалану коэффициенті 60 пайыздан (бұдан әрі - %) ; шөлейт және құрғақ далада - 65% аспауы тиіс. Таулы жайылымдарды 70% коэффициентпен, көктемгі эфемер өсімдіктері бар учаскелер сияқты пайдалануға болады.
14. "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жайылымдар туралы заң) 13-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар жеке меншікке және жер пайдалануға берілмейді және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажына ғана пайдаланылады.
Жайылымдар туралы заңның 15-бабы 4-тармағында көрсетілген жайылымдарды қоспағанда, шалғайдағы жайылымдар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 43-1-бабында белгіленген тәртіппен беріледі.
Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдарда, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарда орналасқан суландыру құрылыстарына қол жеткізу өтеусіз негізде беріледі.
Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жайылымдарды резервке қою жүзеге асырылады.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) жайылымдарды резервке қою үшін негіз болып табылады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Жоспар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бес жылға бекітетін нормативтік құқықтық акті болып табылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Жоспарды ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, Жайылымдар туралы заңның 6-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы уәкілетті орган бекітетін жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспардың негізінде әзірлейді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда жаю Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
18. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Елді мекендердің шекараларына (шектеріне) тікелей іргелес аумақта орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланылады.
Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарлары мал басы Жоспарға сәйкес жайылымдардың басқа учаскелеріне, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарға орны ауыстырылады.
Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды пайдалану Жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жайылымдар беру туралы жеке шешімін шығару талап етілмейді.
Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.20. Осы Үлгілік қағидалардың 19-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жайылымдарда басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бекітілген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған жағдайда ғана жол беріледі.
Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларынан асып кеткен кезде жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдардың алаңдарын ұлғайту мақсатында бұрын берілген жайылымдарды Жер кодексінің 84, 85, 86, және 87-баптарына және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-тарауына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылуы мүмкін.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қаматамасыз етілмеген иелерінің ауыл шаруашылығы жануарларының саны түрлері мен жыныстық-жас топтары бойынша қалыптастырылады және Жоспарға сәйкес шалғайдағы жайылымдарға жіберіледі.
22. Алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдауды ұйымдастыру
23. Айдау үшін жасы, жынысы, қоңдылығы бірдей сау ауыл шаруашылығы жануарлардан үйірлер, отарлар, табындар жинақталады.
Ауыл шаруашылығы жануарларының саны, оның ішінде қойлар мен ешкілер 600-800 басты, ірі қара мал 250 бастан аспайтын мөлшерді, жылқылар 200 бастан аспайтын мөлшерде, түйе 120 бастан аспайтын мөлшерді құрайды.
Айдауға жататын жануарларды іріктеу нормалары осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
24. Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына қарай жинақтау нормалары осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген.
25. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдаудың барлық жолында ауыл шаруашылығы жануарларының топтарын араластыруға жол берілмейді.
26. Аналық (сауын) мал басын (оның ішінде төлдеу, босану алдындағы төлдеуден, туудан кейін буыны бекімеген) және ауру ауыл шаруашылығы жануарларын (оның ішінде жұқпалы аурулар жұқтырған), буыны бекімеген жаңа туған төлді, міндетті ветеринариялық рәсімдерден (оның ішінде егу және вакцинациялаудан) өтпеген ауыл шаруашылығы жануарларын қоспағанда, елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері мен топтары шалғайдағы жайылымдарға айдауға жатады.
27. Ауыл шаруашылығы жануарларын айдау үшін Жер кодексінің 70 және 104-баптарына сәйкес уақытша (маусымдық) пайдаланылатын және ұзақ мерзімді пайдаланылатын мал айдау жолдары (бұдан әрі – мал айдау жолдары) жобаланады.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Мал айдау жолдарын аудандардың (қалалардың) және облыстардың жергілікті атқарушы органдары "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабы 3-тармағына сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келісу бойынша айқындайды.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Мал айдайтын жолдар олардың ең үлкен ауданына қызмет көрсету және жайылымдардың мал тұратын және суару орындарымен қолайлы және қысқа байланысын құру есебімен орналастырылады.
30. Ауыл шаруашылығы жануарларын 5 километрге (бұдан әрі - км) дейінгі қашықтыққа айдағанда, айдалатын ірі қара малдың саны 200-250 бас немесе ұсақ малдың саны 600-800 бас болған кезде мал айдалатын жердің ені 50-70 метрді құрайды.
Мал айдайтын жолдың жалпы алаңы қызмет көрсетілетін барлық аумақтың 4-5%-ынан аспайды.
31. Жолдың ұзындығы үлкен болған кезде (егер қозғалыс бірнеше күн ішінде жасалса) әрбір 40-50 км сайын мал айдайтын жолдар жеткілікті азықтық сыйымдылықтағы жайылымдық қоректендіру алаңдарымен жабдықталады және әрбір 10-15 км сайын суатпен қамтамасыз етіледі.
Бұл жағдайларда мал айдайтын жолдың ені 200-300-ден 1000 метрге дейін және одан да көп алаңды құрайды.
32. Жайылымның жазық жерінде ауыл шаруашылығы жануарларын суару радиусы:
ірі қара мал үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2-4 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 4-6 км,
жылқылар үшін далалық және орманды дала аймақтарында 4-5 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 5-7 км,
түйелер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 6-7 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 7-8 км, қой мен ешкілер үшін далалық және орманды дала аймақтарында 2,5-4 км, қуаң далада, жартылай шөлейт және шөлейт жерлерде 3-6 км,
Республика бойынша құдықтар арасындағы қашықтық орташа 3,8 км.
2-параграф. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды ұйымдастыру
33. Аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары:
1) Жоспардың іске асырылуын;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органына оны іске асыру қорытындылары туралы жыл сайынғы есепті ұсынуды қамтамасыз етеді.
34. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері жайылымдық кезең басталудың алдында:
1) Жоспардың іске асырылуын және жергілікті өзін-өзі басқару органына (жергілікті қоғамдастық жиынына) оны іске асыру барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының иелері арасында жайылымдарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы түсіндіру жұмысын жүзеге асыруды;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормаларының сақталуын;
4) қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жануарларын уақытша ұстау орындарын ұйымдастыруды;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етеді;
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жиналатын орындарды;
7) елді мекен ішіндегі ауыл шаруашылығы жануарларын табынды жиналатын орнына дейін, жайылатын учаскелерге дейін және кері айдау бағдарларды;
8) елді мекендер айналасындағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған учаскелерді;
9) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарға айдау бағдарларын;
10) шалғайдағы жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жас топтары мен түрлері бойынша учаскелерін айқындайды.
Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 03.06.2024 № 185 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.35. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелері не олар уәкілеттілік берген адамдар:
1) ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық-жастық топтары бойынша топтарын қалыптастыруды;
2) ауыл шаруашылығы жануарларының қалған топтарынан аналық (сауын) мал басын айыруды;
3) кенттердің және ауылдық елді мекендердің аумағы шегінде және шалғайдағы орналасқан жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, жаю орнына дейін және кері қарай айдау (айдау) кезінде сүйемелдеу;
5) елді мекендер шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген ауыл шаруашылығы жануарлары топтарын шалғайдағы жайылымдарға айдауды ұйымдастырады.
36. Тиісті жергілікті өкілді органдары бекіткен ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке әкеп соғады.
37. Осы Үлгілік қағидалардың негізінде жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидалары өңірлік ерекшеліктерге байланысты жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелермен толықтырылады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларына 1-қосымша |
Айдауға жататын жануарларды іріктеу нормалары
Жыныстық-жастық топтары | Жануарлардың саны, бас | Тәуліктік айдау қашықтығы, километр |
Ірі қара мал | ||
Бұзаулы сиырлар | 150-200 | 15-20 |
Қашарлар (2 жасқа дейін) | 200-250 | 20-25 |
Бұқашықтар (2 жасқа дейін) | 200-250 | 20-25 |
Ұсақ мал | ||
Қозылы қойлар, | 500-600 | 20-30 |
Бір жылғы төл | 600-800 | 30-40 |
Жылқылар | ||
Құлынды биелер | 100-150 | 25-30 |
1,5-2 жастағы төл | 150-200 | 35-40 |
Түйелер | ||
Түйелер | 100-120 | 40-50 |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларына 2-қосымша |
Айдауға жататын жануарлардың түріне, жыныстық-жастық тобына және қоңдылығына байланысты жинақтау нормалары
Жыныстық-жастық топтары | Қоңдылығы | ||
Ортадан төмен, бас | Орташа, бас | Ортадан жоғары, бас | |
1 | 2 | 3 | 4 |
Ірі қара мал | |||
Бұзаулы сиырлар | 50-70 | 150-200 | 150-200 |
Қашарлар (2 жасқа дейін) | 100-150 | 200-250 | 200-250 |
Бұқашықтар (2 жасқа дейін) | 100-150 | 200-250 | 200-250 |
Ұсақ мал | |||
Қозылы қойлар, | 400-500 | 500-600 | 500-600 |
Бір жылғы төл | 400-500 | 600-700 | 600-800 |
Жылқылар | |||
Құлынды биелер |
50-70 |
100-150 |
150-200 |
1,5-2 жастағы төл | 30-60 | 60-90 | 90-120 |
Түйелер | |||
Түйелер | 30-60 | 60-90 | 90-120 |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларына 3-қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюды жүзеге асыратын бір адамға арналған жүктеме нормалары
Ірі қара мал, бас | Ұсақ мал, бас | Жылқылар, бас | Түйелер, бас |
150-ге дейін | 500-ге дейін | 100-ге дейін | 100-ге дейін |