"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
Б. Атамкулов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновация
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығымен бекітілген |
"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру тәртібін айқындайды.
2. "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсету болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.07.2021 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсету стандартында (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты) келтірілген қажетті құжаттар тізбесін жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет нәтижелерін берудің жалпы мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – Дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысымен бекітілген Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларына сәйкестігін тексереді, және бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжат не Дәлелді бас тарту.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 9-тармағында баяндалған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымды әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, жеңіл, тау-кен металлургиясы, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай - ақ машина жасау және құрылыс индустриясы саласында басшылықты жүзеге асыратын лауазымды адам (бұдан әрі-уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүргізеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2022 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес шағым әкімшілік органға және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған әкімшілік орган, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
уәкілетті орган - оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2022 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
12. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 21.02.2022 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.07.2021 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсету стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 8 (сегіз) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу және жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасауда ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Мемлекеттік қызметті |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш
Кімге __________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)
Кімнен _________________________________________________________
(қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы (Т.А.Ә.
(ол болған жағдайда)
ӨТІНІШ
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжат беруіңізді сұраймын.
Қажетті мәліметтер:
1. Тұлғаның ата-жөні ____________________________________________
(қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы)
____________________________________________________________________
(мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)
2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын адам (адамдар) туралы
мәліметтер _____________________________________________________
(тұлғаның аты-жөні,
____________________________________________________________________
мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *
3. Шетелдік тауарлар және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер
(атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны және құны)
_______________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында кедендік әкету баждары
белгіленген, шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін, ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ
ТН бойынша коды және саны)
_______________________________________________________________
5. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын құжаттар
туралы мәліметтер _________________________________________________________
____________________________________________________________________
6. Сандық және (немесе) пайыздық мәндегі қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары
___________________________________________________________
7. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялар, оларды жасау
тәсілдері туралы мәліметтер ______________________________________
8. Шетелдік тауарларды, оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері
туралы мәліметтер _____________________________________________
9. Сведения об отходах и остатках (наименование, код по ТН ВЭД ЕАЭС, количество и
стоимость) _______________________________________________
10. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі ________________________________
11. Егер мұндай ауыстыру болжанатын болса, тауарларды балама тауарлармен
ауыстыру туралы мәліметтер ________________________________
12. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер
__________________________________________________________
13. Кеден органы (кеден органдары) ________________________________
(тауарларды қайта өңдеудің кедендік рәсімімен
____________________________________________________________________
орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)
14. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған
тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
15. Өзге де мәліметтер __________________________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар __________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы
хабардар етемін.
Басшы ________ _____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Мөрдің орны (болған жағдайда)
20___ жылғы "____" ________
Ескертпе:
* Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмiрi;
ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрі;
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш
Кімге __________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)
кімнен_______________________________________________________________
(қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
ӨТІНІШ
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.
Қажетті мәліметтер:
1. Тұлғаның ата-жөні ____________________________________________
(қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы)
____________________________________________________________________
(мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)
2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын адам (адамдар) туралы
мәліметтер _____________________________________________________
(тұлғаның ата-жөні,
____________________________________________________________________
мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *
3. Шетелдік тауарлар және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер
(атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)
_________ ________________________________________________________________
4. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен кедендік әкету баждары белгіленген, шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды және саны) ________________
5. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын
құжаттар туралы мәліметтер __________________________________
_____________________________________________________________________
6. Қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары
___________________________________________________________
7. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау
тәсілдері туралы мәліметтер ___________________________________
8. Шетелдік тауарларды, қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы
мәліметтер _____________________________________________________
9. Қалдықтар және қалған қалдықтар туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН
бойынша коды, саны мен құны)_________________________________
10. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі ________________________________
11. Егер тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол берілетін болса, осындай
ауыстыру туралы мәліметтер ___________________________________
12. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер
___________________________________________________________
13. Кеден органы (кеден органдары) ________________________________
(тауарларды қайта өңдеудің кедендік рәсімімен
____________________________________________________________________
орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)
14. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған
тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы
мәліметтер__________________________________________________________
____________________________________________________________________
15. Өзге де мәліметтер
____________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттар________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.
Басшы ________ _____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Мөрдің орны (болған жағдайда)
20___ жылғы "____" ________
Ескертпе:
* Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмiрi;
ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрі;
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ.
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш
Кімге __________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)
кімнен _______________________________________________________________
(қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)
ӨТІНІШ
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.
Қажетті мәліметтер:
1. Тұлғаның ата-жөні ___________________________________________
(қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлға)
____________________________________________________________________
(мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)
2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын адам (адамдар) туралы
мәліметтер ___________________________________________________
(тұлғаның ата-жөні,
____________________________________________________________________
мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *
3. ЕАЭО тауарлары және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер
(атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)
________________________________________________________________
____________________________________________________________________
4. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын
құжаттар туралы мәліметтер _________________________________
____________________________________________________________________
5. Қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары
___________________________________________________________
6. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері туралы
мәліметтер _________________________________________
____________________________________________________________________
7. Шетелдік тауарларды, оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері
туралы мәліметтер ___________________________________________
8. Қоқыстар мен қалдықтар туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды,
саны және құны)______________________________________
9. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі _________________________________
10. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер
__________________________________________________________
____________________________________________________________________
11. Кеден органы (органдары)___________________________________
(тауарларды қайта өңдеудің кедендік рәсімімен
_________________________________________________________________
орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)
12. Қайта өңдеу өнімдерін бастапқы жағдайға дейін экономикалық тиімді тәсілмен
қалпына келтіру мүмкін еместігі туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
____________________________________________________________________
13. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды
пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер
_________________________________________________________________
____________________________________________________________________
14. Өзге де мәліметтер ___________________________________________
Қоса берілетін құжаттар__________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.
Басшы ________ _____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Мөрдің орны (болған жағдайда)
20___ жылғы "____" ________
Ескертпе:
* Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады;
Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмiрi;
ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрі;
ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;
ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ.
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.07.2021 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нөмірі: [Құжат нөмірі] Күні: [берілген күні] ж. [ұйымның атауы] Бас тарту туралы дәлелді жауап Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі [Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында/аумағынан тыс/ішкі тұтыну] үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге қатысты № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішке сәйкес келесіні хабарлайды: [Бас тарту негіздемесі] [Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні] |
---|
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.07.2021 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат [Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден аумағында/аумағынан тыс/ішкі тұтыну үшін]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні] |
---|
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығына 2 – қосымша |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 906 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12195 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 6 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2) "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 906 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 671 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17759 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Үлгі бақылау банкінде жарияланған).
3) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 640 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19270 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Үлгі бақылау банкінде жарияланған).
4) "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 982 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 18 қарашада № 12302 нөмірімен тіркелген).
5) "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 982 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 45 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18257 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Үлгі бақылау банкінде жарияланған).