"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 сәуірде № 20482 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрі
Б. Атамкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновация

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 22 сәуірдегі
№ 219 бұйрығымен
бекітілген

"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсетудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру тәртібін айқындайды.

      2. "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсету болып табылады және осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.07.2021 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы (бұдан әрі - портал) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсету стандартында (бұдан әрі - Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты) келтірілген қажетті құжаттар тізбесін жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызмет нәтижелерін берудің жалпы мерзімі 8 (сегіз) жұмыс күнін құрайды.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері Мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді олар түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушы тағайындалатын көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – Дәлелді бас тарту) дайындайды және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысымен бекітілген Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларына сәйкестігін тексереді, және бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжат не Дәлелді бас тарту.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер Мемлекеттік қызметті көрсету стандартының 9-тармағында баяндалған.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі, сондай – ақ машина жасау және құрылыс индустриясы саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

      10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес қаралуға жатады:

      уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.

      11. Уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.:

      1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

      2) қосымша ақпарат алу.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  "Жеңіл, тау-кен металлургия,
химия, фармацевтика, ағаш
өңдеу өнеркәсібі салаларында,
сондай-ақ машина жасау
және құрылыс индустриясында
тауарларды Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағында/аумағынан тыс қайта
өңдеудің және ішкі тұтыну үшін
қайта өңдеудің шарттары
туралы құжатты беру"
мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1 – қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.07.2021 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік қызметті көрсету стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" Веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

8 (сегіз) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында/аумағынан тыс тауарларды қайта өңдеу және жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасауда ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжат не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны жинау тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
2) портал арқылы жүгінген кезде – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті беруші - www.comprom.gov.kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі;
2) портал - www.egov.kz.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Мемлекеттік қызметті
көрсету стандартқа 1, 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтініш;
2) тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын құжаттың (құжаттардың), тауарларды қайта өңдеу операциялары (технологиялық процеске негізделген), оларды жасау тәсілдері, кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды ұқсату өнімдерінде, қалдықтар мен қалдықтарда сәйкестендіру тәсілдері, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімдері туралы мәліметтерді қамтитын қосымшалардың және (немесе) оған (оларға) толықтырулардың электрондық көшірмесі;
3) Еуразиялық экономикалық одақтын Сыртқы экономикалық қызметтін тауарлық номенклатурасына сәйкес шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің атауы мен сыныптамасын, сондай-ақ олардың саны мен құнын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) сандық және (немесе) пайыздық мәндегі қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормаларын есептеу кестесінің электрондық көшірмесі.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты және (немесе) оларда қамтылған деректерді (мәліметтерді) алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың анық еместігін анықтау;
2) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алу үшін қажетті құжаттарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысымен бекітілген Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларына сәйкестігін тексереді;
3) өтініш берушіге тауарларды қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға тыйым салатын сот шешімінің (қаулысының, ұйғарымының) заңды күшіне енуі.

10

Мемлекеттік қызметтерді, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну ерекшеліктерін ескеретін өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында – www.gov.kz/memleket/entities/miid, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында – www.gov.kz/memleket/entities/comprom, "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі;
3) www.egov.kz, www.elicense.kz порталында.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8-800-080-7777.

  "Жеңіл, тау-кен металлургия,
химия, фармацевтика, ағаш
өңдеу өнеркәсібі салаларында,
сондай-ақ машина жасау
және құрылыс индустриясында
тауарларды Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағында/аумағынан тыс қайта
өңдеудің және ішкі тұтыну үшін
қайта өңдеудің шарттары
туралы құжатты беру"
мемлекеттік қызметті
көрсету стандартына
1 – қосымша
  нысаны

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Кімге __________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      Кімнен _________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы (Т.А.Ә.

      (ол болған жағдайда)

ӨТІНІШ

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжат беруіңізді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Тұлғаның ата-жөні ____________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы)

      ____________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)

      2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын адам (адамдар) туралы

      мәліметтер _____________________________________________________

      (тұлғаның аты-жөні,

      ____________________________________________________________________

                  мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *

      3. Шетелдік тауарлар және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны және құны)

      _______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында кедендік әкету баждары

      белгіленген, шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге

      асыруды қамтамасыз ететін, ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ

      ТН бойынша коды және саны)

      _______________________________________________________________

      5. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) билік ету құқығын растайтын құжаттар

      туралы мәліметтер _________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      6. Сандық және (немесе) пайыздық мәндегі қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормалары

      ___________________________________________________________

      7. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу бойынша операциялар, оларды жасау

      тәсілдері туралы мәліметтер ______________________________________

      8. Шетелдік тауарларды, оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері

      туралы мәліметтер _____________________________________________

      9. Сведения об отходах и остатках (наименование, код по ТН ВЭД ЕАЭС, количество и

      стоимость) _______________________________________________

      10. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі ________________________________

      11. Егер мұндай ауыстыру болжанатын болса, тауарларды балама тауарлармен

      ауыстыру туралы мәліметтер ________________________________

      12. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер

      __________________________________________________________

      13. Кеден органы (кеден органдары) ________________________________

      (тауарларды қайта өңдеудің кедендік рәсімімен

      ____________________________________________________________________

      орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)

      14. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған

      тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      15. Өзге де мәліметтер __________________________________________

      Қоса беріліп отырған құжаттар __________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының

      заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы

      хабардар етемін.

      Басшы ________ _____________________________

      (қолы)             (Т.А.Ә.)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      20___ жылғы "____" ________

      Ескертпе:

      * Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмiрi;

      ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрі;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ.

  "Жеңіл, тау-кен металлургия,
химия, фармацевтика, ағаш
өңдеу өнеркәсібі салаларында,
сондай-ақ машина жасау
және құрылыс индустриясында
тауарларды Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағында/аумағынан тыс қайта
өңдеудің және ішкі тұтыну үшін
қайта өңдеудің шарттары туралы
құжатты беру" мемлекеттік
қызметті көрсету стандартына
2 – қосымша
  нысан

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Кімге __________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      кімнен_______________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

ӨТІНІШ

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Тұлғаның ата-жөні ____________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы)

      ____________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)

      2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын адам (адамдар) туралы

      мәліметтер _____________________________________________________

      (тұлғаның ата-жөні,

      ____________________________________________________________________

                  мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *

      3. Шетелдік тауарлар және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      _________ ________________________________________________________________

      4. Оларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен кедендік әкету баждары белгіленген, шетелдік тауарларды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, ЕАЭО тауарлары туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды және саны) ________________

      5. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын

      құжаттар туралы мәліметтер __________________________________

      _____________________________________________________________________

      6. Қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары

      ___________________________________________________________

      7. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау

      тәсілдері туралы мәліметтер ___________________________________

      8. Шетелдік тауарларды, қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері туралы

      мәліметтер _____________________________________________________

      9. Қалдықтар және қалған қалдықтар туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН

      бойынша коды, саны мен құны)_________________________________

      10. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі ________________________________

      11. Егер тауарларды балама тауарлармен ауыстыруға жол берілетін болса, осындай

      ауыстыру туралы мәліметтер ___________________________________

      12. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер

      ___________________________________________________________

      13. Кеден органы (кеден органдары) ________________________________

      (тауарларды қайта өңдеудің кедендік рәсімімен

      ____________________________________________________________________

      орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)

      14. ЕАЭО кедендік аумағында қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастырылған

      тауарларды пайдалану шарттарын сақтау туралы

      мәліметтер__________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      15. Өзге де мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.

      Басшы ________ _____________________________

      (қолы)             (Т.А.Ә.)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      20___ жылғы "____" ________

      Ескертпе:

      * Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмiрi;

      ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрі;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ.

  "Жеңіл, тау-кен металлургия,
химия, фармацевтика, ағаш
өңдеу өнеркәсібі салаларында,
сондай-ақ машина жасау
және құрылыс индустриясында
тауарларды Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағында/аумағынан тыс қайта
өңдеудің және ішкі тұтыну үшін
қайта өңдеудің шарттары туралы
құжатты беру" мемлекеттік
қызметті көрсету стандартына
3 – қосымша
  нысан

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге өтініш

      Кімге __________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы уәкілетті органының толық атауы)

      кімнен _______________________________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы адамның толық атауы

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

ӨТІНІШ

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруді сұраймын.

      Қажетті мәліметтер:

      1. Тұлғаның ата-жөні ___________________________________________

      (қайта өңдеу шарттары туралы құжатты алушы тұлға)

      ____________________________________________________________________

      (мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер)

      2. Қайта өңдеу бойынша операцияларды тікелей жасайтын адам (адамдар) туралы

      мәліметтер ___________________________________________________

      (тұлғаның ата-жөні,

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелер) *

      3. ЕАЭО тауарлары және оларды қайта өңдеу өнімдері туралы мәліметтер

      (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды, саны мен құны)

      ________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      4. Тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын

      құжаттар туралы мәліметтер _________________________________

      ____________________________________________________________________

      5. Қайта өңдеу өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормалары

      ___________________________________________________________

      6. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері туралы

      мәліметтер _________________________________________

      ____________________________________________________________________

      7. Шетелдік тауарларды, оларды қайта өңдеу өнімдерінде сәйкестендіру тәсілдері

      туралы мәліметтер ___________________________________________

      8. Қоқыстар мен қалдықтар туралы мәліметтер (атауы, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша коды,

      саны және құны)______________________________________

      9. Тауарларды қайта өңдеу мерзімі _________________________________

      10. Қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану мүмкіндігі туралы мәліметтер

      __________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      11. Кеден органы (органдары)___________________________________

      (тауарларды қайта өңдеудің кедендік рәсімімен

      _________________________________________________________________

      орналастыру және осы кедендік рәсімді аяқтау болжанатын)

      12. Қайта өңдеу өнімдерін бастапқы жағдайға дейін экономикалық тиімді тәсілмен

      қалпына келтіру мүмкін еместігі туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      13. Ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды

      пайдалану шарттарын сақтау туралы мәліметтер

      _________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      14. Өзге де мәліметтер ___________________________________________

      Қоса берілетін құжаттар__________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс емес мәліметтерді бергені үшін жауапкершілік туралы хабардар етемін.

      Басшы ________ _____________________________

      (қолы)             (Т.А.Ә.)

      Мөрдің орны (болған жағдайда)

      20___ жылғы "____" ________

      Ескертпе:

      * Көрсетілген мәліметтер бар болған кезде толтырылады;

      Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      БСН – бизнес сәйкестендіру нөмiрi;

      ЖСН – жеке сәйкестендiру нөмiрі;

      ЕАЭО СЭҚ ТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ.

  "Жеңіл, тау-кен металлургия,
химия, фармацевтика, ағаш
өндеу өнеркәсібі салаларында,
сондай-ақ машина жасау және
құрылыс индустриясында
тауарларды Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағында/аумағынан тыс қайта
өңдуедің және ішкі тұтыну үшін
қайта өңдеудің шарттары туралы
құжатты беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
2-қосымша
  нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.07.2021 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық д аму министрлігі "Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі

Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития"



Нұр-Сұлтан қ.
г. Нур-Султан



 
Нөмірі: [Құжат нөмірі]
Күні: [берілген күні] ж.
[ұйымның атауы]
Бас тарту туралы дәлелді жауап
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі [Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағында/аумағынан тыс/ішкі тұтыну] үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге қатысты № [кіріс құжатының нөмірі] өтінішке сәйкес келесіні хабарлайды:
[Бас тарту негіздемесі]
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні]

 

  "Жеңіл, тау-кен металлургия,
химия, фармацевтика, ағаш
өндеу өнеркәсібі салаларында,
сондай-ақ машина жасау және
құрылыс индустриясында
тауарларды Еуразиялық
экономикалық одақтың кедендік
аумағында/аумағынан тыс қайта
өңдуедің және ішкі тұтыну үшін
қайта өңдеудің шарттары туралы
құжатты беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидаларына
3-қосымша
  нысан

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 12.07.2021 № 364 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Индустриялық даму комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі
Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан Республиканское государственное учреждение "Комитет индустриального развития"



Нұр-Сұлтан қ.
г.Нур-Султан
Нөмірі: [Құжат нөмірі]
Күні: [берілген күні] ж.

Тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжат [Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден аумағында/аумағынан тыс/ішкі тұтыну үшін]
1. Құжат берілген тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның аты-жөні, мекен жайы, БСН, ЖСН, банктік деректемелері)
2. Қайта өңдеу жөніндегі операцияларды тікелей жасайтын тұлға туралы мәліметтер (тұлғаның аты-жөні, мекен-жайы, БСН, аты-жөні, банк деректемелері)
3. Сыртқы экономикалық мәміленің жасалғанын растайтын құжаттар, оларға қосымша және (немесе) толықтыру немесе тұлғаның ниетін растайтын өзге құжат туралы мәліметтер
4. Қайта өңдеу өнімінің атауы КО СЭҚ ТН бойынша коды Мөлшері Өлшем бірлігі Құны Құн валютасы
5. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормасы
6. Тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар, оларды жасау тәсілдері
7. Тауарларды сәйкестендіру тәсілдері
 
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні]

 

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 22 сәуірдегі
№ 219 бұйрығына
2 – қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1) "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 906 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12195 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 6 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2) "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 906 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 671 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17759 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Үлгі бақылау банкінде жарияланған).

      3) "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 640 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарының тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19270 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Үлгі бақылау банкінде жарияланған).

      4) "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 982 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 18 қарашада № 12302 нөмірімен тіркелген).

      5) "Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 982 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 45 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18257 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Үлгі бақылау банкінде жарияланған).