"Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс индустриясында тауарларды Кеден аумағында/ аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін өңдеу шарттары туралы құжат беру" мемлекеттік көр

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 28 қаңтардағы № 45 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 ақпанда № 18257 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 219 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 10.04.2020 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің көмірсутектер мен газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11279 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап көрсету мерзімі:

      1) газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлігін (бұдан әрі – куәлік) берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде мынадай жағдайларда:

      газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде – 5 (бес) жұмыс күні;

      егер газ желісі ұйымының екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған кезде – 5 (бес) жұмыс күні;

      газ желісі ұйымының есептік деректеріне рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын қосу – 15 (он бес) жұмыс күні;

      3) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) арқылы Газ желісі ұйымдарының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне мәліметтерді енгізу кезінде, жалға алу (бұдан әрі – жалға алу) мерзімі аяқталғанға дейін жалға алу немесе сенімгерлік басқару шарты негізінде газ толтыру станциясының пайдалануы расталған кезде – 7 (жеті) жұмыс күні.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – куәлік, қайта ресімделген куәлік, мәліметтерді Тізілімге енгізу немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) куәлікті алу үшiн:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған куәлікті алуға өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны;

      2) куәлікті қайта ресімдеу кезінде мынадай жағдайларда:

      газ желісі ұйымының газ толтыру станциясының мекенжайы өзгергенде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған куәлікті қайта ресімдеуге өтініш;

      куәлікті қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      егер газ желісі ұйымның екі және одан да көп газ толтыру станциясы бар болғанда, меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі газ толтыру станциясының біреуін иелену тоқтатылған кезде:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес иелену тоқтатылғын газ толтыру станциясының мекенжайын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш;

      газ желісі ұйымының есептік деректеріне рұқсат беру талаптарына сәйкес келетін қосымша газ толтыру станциясын қосу:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәлікті қайта ресімдеуге өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны;

      3) егер газ желісі ұйымы жалға алу шарты негізінде газ толтыру станциясын пайдалануды ұзартқан жағдайда, онда оны жалға алу мерзімі аяқталғанға дейін газ желісі ұйымы Тізілімге мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мәліметтер енгізу үшін уәкілетті органға мына құжаттардың электрондық көшірмесін ұсынады:

      жаңа мерзімге жалға алу немесе оны ұзарту шарты;

      жалға алу шартына сәйкес мүлікті қабылдау-тапсыру актісі;

      электрондық үкімет порталынан алынған жалға берушінің жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтары (ауыртпалықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы осы тармақшаның екінші және үшінші абзацында көрсетілген құжаттарды өткізгенге дейін кемінде екі күн қалғанда берілген анықтама.

      Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінен" жүзеге асырылады.

      Өтініште және мәлімет нысанында көрсетілген ақпараттардың дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушының өзі жауапты.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19-үй, "А" блогы, телефон: 8 (7172) 78-68-01 мекенжайы бойынша беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Мүмкіндіктері шектеулі қызметті алушылар (олардың өкілдері) көрсетілетін қызмет берушіге жүгінген жағдайда оларға мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшелігі: "Министрліктер үйі" ғимараты он төртінші және он бесінші кіреберістері аралығында орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған жеке есікпен жабдықталған.";

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Көмірсутектер және жер қойнауын пайдалану салаларындағы мемлекеттік бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 29 қаңтардағы
№ 30 бұйрығына
1-қосымша
  "Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті алуға өтініш

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу

      нөмірі мен күні)

      _______________________________________________________________________

      (газ толтыру станциясының орналасқан жері)

      ___________________________ газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлік

      беруді сұрайды.

      Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі

      ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті

      растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны қоса беріледі.

      Өтініште және мәліметтер нысанында қамтылған мәліметтердің дұрыстығын

      растаймын.

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған

      мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ұйымның басшысы немесе уәкілетті өкіл (лауазымы, тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болған жағдайда))

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 29 қаңтардағы
№ 30 бұйрығына
2-қосымша
  "Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша

Газ және газбен жабдықтау саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін газ желісі ұйымдарына қойылатын рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестiкті растайтын құжаттардың тiзбесіне мәліметтер нысаны

      1. Меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік-техникалық базаның бар

      болуы _____________________________ (жылжымайтын мүлік объектілеріне техникалық

      паспорттардың, электрондық үкімет порталынан жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар

      (ауырпалықтар) және оның техникалық сипаттамасы туралы анықтамалардың, көрсетілген

      құжаттарды беру/қол қою/тіркеу күнін көрсете отырып, жалға берушіні және жалға алу немесе

      сенімгерлік басқару мерзімін көрсете отырып, газ толтыру станциясын және топтық

      резервуарлық қондырғыларды жалға алу немесе сенімгерлікпен басқару шартының (бар

      болған жағдайда)) туралы ақпарат.

      2. Газ толтыру станциясының аумағында орналасқан

      ___________________________________(төгу-құю теміржол эстакадасы, толтырғыш

      бағандар, баллондардың сорғы-компрессорлық бөлімшесі, төгу-құю бөлімшесі, баллондарды

      техникалық куәландыру және жөндеу учаскесі, баллондарды сақтауға арналған ашық немесе

      жабық түрдегі қойма, жалпы көлемі кемінде 600 м3 сұйытылған мұнай газын сақтауға

      арналған резервуарлар, газды есепке алу аспаптары, су ағынды сорғылармен

      жарақтандырылған суы бар өртке қарсы сыйымдылықтар және/немесе су қоймасының болуын

      көрсету) бар болуы туралы ақпарат.

      3. Топтық резервуарлық қондырғылар бар болуы туралы ақпарат _________________

      (резервуарлық қондырғы орналасқан жері, көлемін және санын болуын көрсету).

      4. Газ толтыру станциясының техникалық процесіне басшылықты (техникалық басшы);

      өрт қауіпсіздігін; өнеркәсіптік қауіпсіздікті; сұйытылған мұнай газын есепке алуды жүргізуді;

      авариялық-диспетчерлік және жөндеу өтінімдерін орындауды қамтамасыз ететін

      қызметтердің және (немесе) жауапты тұлғалардың болуы туралы ақпарат

      _________________________ (қызметтерді құру және (немесе) жауаптыларды (лауазымы, тегі,

      аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) тағайындау туралы бұйрықтардың күндерін және

      нөмірлерін көрсету).

      5. Білікті құрамының бар болуы туралы ақпарат:

      1) техникалық басшылар үшін – мұнай-газ, газбен жабдықтау саласында жоғары білімі,

      кемінде екі жыл мамандығы бойынша практикалық жұмыс тәжірибесі бар туралы ақпарат

      _____________________(әрбір қызметкер бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), оқу орнының атауын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын;

      мамандығы бойынша жұмыс өтілі техникалық басшылардың тиісті саласындағы мамандығы

      бойынша жұмыс өтілі (тиісті саладағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі еңбек заңнамасында

      белгіленген тәртіппен расталады));

      2) инженерлік-техникалық қызметкерлері үшін – атқаратын лауазымына сәйкес кем

      дегенде арнайы орта білімі бар туралы ақпарат _____________________(әрбір қызметкер

      бойынша ақпаратты көрсету: тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оқу орнының

      атауын, білімі бойынша мамандығын, лауазымын).

      6. Объект иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы туралы

      ақпарат ___________________________________ (шарттың күнін және нөмірін көрсету).

      7. "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының

      Заңына (бұдан әрі – Азаматтық қорғау туралы заң) сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік

      саласындағы уәкілетті органмен тіркелген қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік

      қауіпсіздік декларациясының бар болуы туралы ақпарат ____________________________

      (декларацияны тіркеу күні және нөмірін көрсету).

      8. Азаматтық қорғау туралы заңына сәйкес аварияларды жою жоспары бар болуы

      туралы ақпарат ____________________________ (кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің

      және (немесе) құралымдарының аварияларды жою жоспарын келісу күні, сондай-ақ оны ұйым

      басшысы бекіткеннен күні мен нөмірі (болған кезде) көрсету).

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2019 жылғы 29 қаңтардағы
№ 30 бұйрығына
3-қосымша
  "Газ желісі ұйымдарын
аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
  Нысан

Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеуге өтініш

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы)

      _______________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу

      нөмірі мен күні)

      20__ жылғы "____"________________ №____________________________________

      газ желісі ұйымдарын аккредиттеу туралы куәлікті

      ____________________________________________________________ байланысты

      (қайта ресімдеу себебін көрсету)

      қайта ресімдеуді сұрайды.

      Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі:

      1. _________________________________

      2. _________________________________

      3. _________________________________

      Өтініште және қоса берілген құжаттарда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді

      пайдалануға келісемін.

      Ұйымның басшысы немесе уәкілетті өкіл (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда))