ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 104 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16770 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 сәуірде электрондық түрде жарияланған);
2) "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31мамырдағы № 200 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17092 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 маусымда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығымен бекітілген |
"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) экономикалық шоғырлануға келісім беру – көрсетілетін қызметті берушінің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына алдын ала келісімі не оның осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмілелер (әрекеттер) туралы хабарламасы;
2) экономикалық шоғырлануға қатысушы – экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
3) экономикалық шоғырлануға тыйым салу – көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына тыйым салуы және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген экономикалық шоғырлану мәмілелерін жою туралы Кодекстің 209-бабына сәйкес нұсқама шығаруы.
Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Кодекске және Заңға сәйкес қолданылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қағидалар 3-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Процестің сипаттамасын, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандартында баяндалған.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатпен (бұдан әрі – өтінішхат) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүгінеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!6-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында 8-тармақта баяндалған.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!7-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Портал арқылы өтінішхатты жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды порталға электрондық түрде жүктейді (PDF форматында).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!8-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
8. Өтінішхат көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берілген кезде оның көшірмесінде күні мен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің тегін көрсете отырып қабылданғаны туралы белгі қойылады, портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты түскен күні құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде өтінішхатқа қоса берілген құаттардың толықтығын Кодекстің 204-бабына сәйкес тексереді және көрсетілетін қызметті алушыны өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабардар етеді.
10. Порталда өтінішхаттың толықтығын қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" өтінішхаттың қарауға қабылданғаны не тіркелу күні мен нөмірін көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлама түрінде, хабарлама жолданады.
11. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты қарау барысында отыз күнтізбелік күн ішінде:
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) егер мәмілеге қатысушы адамдар (адамдар тобы) өзара алмастырылатын тауарларды өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда экономикалық шоғырлануды жасау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;
2) бір немесе одан көп тауар нарықтарында бәсекелестікті шектеудің пайда болуы немесе күшеюі анықталған кезде бәсекелестiктi шектеу көрсеткiштерiн есептеу;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3) егер мәмілеге қатысушы адамдар (тұлғалар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтерді өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, қаржы нарықтарында экономикалық шоғырлануды жасау кезінде қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;
4) бәсекелестiктi шектеу белгілері анықталған кезде, оның ішінде қаржы нарықтарында үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюі кезінде қаржы нарығында бәсекелестікті шектеу көрсеткiштерiн есептеу жүргізеді.
12. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты қарау барысында нарық субъектісінен және (немесе) мемлекеттік органнан шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде сұратуға құқылы.
13. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік кіріс органдары, олардың лауазымды адамдары көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 196-бабының 10-тармағына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруы үшін қажетті анық құжаттарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты береді.
14. Мынадай жағдайларда:
1) көрсетілетін қызметті беруші немесе сот аталған өтінішхат немесе онымен байланысты басқа өтінішхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтінішхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмi тоқтатыла тұрады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабарлайды;
2) қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде, сондай-ақ Кодекстің 196-бабы 2-тармағының негізінде тауар және қаржы нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде өтінішхаттарды қарау мерзімі тоқтатыла тұрады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабардар етеді.
15. Көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік органдар қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қайта басталады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабарлайды.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету:
1) көрсетілетін қызметті алушылардан өтінішхатты қайтарып алу туралы хабарламалар келіп түскен;
2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші айқындаған мерзімде ақпарат ұсынбаған жағдайда, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтірсе;
3) көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатты объективті қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат ұсынған жағдайда тоқтатылады.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешімі актімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!18-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
18. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандартында 9-тармақта баяндалған.
19. Көрсетілетін қызметті берушінің экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы шешімі көрсетілетін қызметті берушінің актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат берген көрсетілетін қызметті алушыға, ал қаржы ұйымдарына қатысты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға да жіберіледі.
Порталда өтінішхатты қарау нәртижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылып, электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!19 тармақтың үшінші бөлігін алп тастау көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолтаңбасымен куәландырылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
20-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
21. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, портал арқылы беріледі.
22. Шағым қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушы өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
23. Шағым "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы жіберілген кезде өтінішті қараудың жай-күйі туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!24-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
24. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы қарауға қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қағидалар 24-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
25-тармақ алып тастау көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегі уәкiлеттi органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!26-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
26. Көрсетілетін қызметті алушы алған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің кеңсесі, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб – порталы (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлайды; |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық немесе қағаз |
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі | Экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе уәжді қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырлануға тыйым салу |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша: |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленгенін; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 21.06.2023 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан | |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы ___________________________ (барыс септігінде) ___________________________ (шығыс септігінде) (көрсетілетін қызметті алушының толық атауы және (немесе) аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, БСН және (немесе) ЖСН (болған жағдайда) |
Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 200-бабының 2-тармағына сәйкес
_________________________________________________________________________
(мәміленің, іс – әрекеттің мәні мен тараптарын көрсете отырып мәміленің, іс – әрекеттің сипаттамасы)
__________________________________________________________________________
қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын.
Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат _________________
__________________________________________________________________________
(Кодекстің 201-бабы 1-тармағының тармақшасы көрсетіледі)
__________________________________________________________________________
негізінде __________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
тегі көрсетіледі) беріп отыр.
Құжаттама ________________________________________________________________
(Кодекстің 204-бабының тармағы көрсетіледі)
_______________________________________________________ сәйкес қоса беріледі.
Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген және тігілген (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).
Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
Басшының немесе оны ауыстыратын
тұлғаның қолтаңбасы ___________________________________________ Мөр орны
(болған кезде)
Өтінішхат берілген күн ______________________________________________________
Өкілдің байланыс мәліметтері ________________________________________________