"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 29 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 сәуірде № 20455 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 104 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16770 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 сәуірде электрондық түрде жарияланған);

      2) "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 31мамырдағы № 200 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17092 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 22 маусымда электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 29 бұйрығымен
бекітілген

"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау" мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) экономикалық шоғырлануға келісім беру – көрсетілетін қызметті берушінің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына алдын ала келісімі не оның осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмілелер (әрекеттер) туралы хабарламасы;

      2) экономикалық шоғырлануға қатысушы – экономикалық шоғырлану жасаған немесе жасауға ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;

      3) экономикалық шоғырлануға тыйым салу – көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген мәмілелерді (әрекеттерді) нарық субъектілерінің жүзеге асыруына тыйым салуы және (немесе) көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген экономикалық шоғырлану мәмілелерін жою туралы Кодекстің 209-бабына сәйкес нұсқама шығаруы.

      Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Кодекске және Заңға сәйкес қолданылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Процестің сипаттамасын, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандартында баяндалған.

      5. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатпен (бұдан әрі – өтінішхат) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне не www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы жүгінеді.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында 8-тармақта баяндалған.

      7. Портал арқылы өтінішхатты жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды порталға электрондық түрде жүктейді (PDF форматында).

      8. Өтінішхат көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы берілген кезде оның көшірмесінде күні мен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің тегін көрсете отырып қабылданғаны туралы белгі қойылады, портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты түскен күні құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қабылдау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде өтінішхатқа қоса берілген құаттардың толықтығын Кодекстің 204-бабына сәйкес тексереді және көрсетілетін қызметті алушыны өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабардар етеді.

      10. Порталда өтінішхаттың толықтығын қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" өтінішхаттың қарауға қабылданғаны не тіркелу күні мен нөмірін көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлама түрінде, хабарлама жолданады.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты қарау барысында отыз күнтізбелік күн ішінде:

      1) егер мәмілеге қатысушы адамдар (адамдар тобы) өзара алмастырылатын тауарларды өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда экономикалық шоғырлануды жасау кезінде тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;

      2) бір немесе одан көп тауар нарықтарында бәсекелестікті шектеудің пайда болуы немесе күшеюі анықталған кезде бәсекелестiктi шектеу көрсеткiштерiн есептеу;

      3) егер мәмілеге қатысушы адамдар (тұлғалар тобы) ұқсас немесе өзара алмастырылатын қаржылық қызметтерді өткізу бойынша қызметті жүзеге асырған және (немесе) бәсекелестікті шектеу белгілері болған жағдайда, қаржы нарықтарында экономикалық шоғырлануды жасау кезінде қаржы ұйымдарына қатысты бәсекелестіктің жай-күйіне талдау;

      4) бәсекелестiктi шектеу белгілері анықталған кезде, оның ішінде қаржы нарықтарында үстем жағдайдың пайда болуы немесе күшеюі кезінде қаржы нарығында бәсекелестікті шектеу көрсеткiштерiн есептеу жүргізеді.

      12. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты қарау барысында нарық субъектісінен және (немесе) мемлекеттік органнан шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде сұратуға құқылы.

      13. Нарық субъектілері, олардың бірлестіктері мен басшылары, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, оның ішінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік кіріс органдары, олардың лауазымды адамдары көрсетілетін қызметті берушінің талабы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің Кодекстің 196-бабының 10-тармағына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруы үшін қажетті анық құжаттарды, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де ақпаратты, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты береді.

      14. Мынадай жағдайларда:

      1) көрсетілетін қызметті беруші немесе сот аталған өтінішхат немесе онымен байланысты басқа өтінішхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтінішхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету мерзiмi тоқтатыла тұрады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабарлайды;

      2) қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде, сондай-ақ Кодекстің 196-бабы 2-тармағының негізінде тауар және қаржы нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде өтінішхаттарды қарау мерзімі тоқтатыла тұрады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабардар етеді.

      15. Көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік органдар қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі қайта басталады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабарлайды.

      16. Мемлекеттік қызметті көрсету:

      1) көрсетілетін қызметті алушылардан өтінішхатты қайтарып алу туралы хабарламалар келіп түскен;

      2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші айқындаған мерзімде ақпарат ұсынбаған жағдайда, егер мұндай ақпараттың болмауы өтінішхатты қарауға кедергі келтірсе;

      3) көрсетілетін қызметті алушы өтінішхатты объективті қарауға ықпал ететін дәйексіз ақпарат ұсынған жағдайда тоқтатылады.

      17. Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешімі актімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

      18. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету стандартында 9-тармақта баяндалған.

      19. Көрсетілетін қызметті берушінің экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе тыйым салу туралы шешімі көрсетілетін қызметті берушінің актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат берген көрсетілетін қызметті алушыға, ал қаржы ұйымдарына қатысты қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға да жіберіледі.

      Порталда өтінішхатты қарау нәртижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылып, электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға қағаз жеткізгіште жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолтаңбасымен куәландырылады.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      20. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      21. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, портал арқылы беріледі.

      22. Шағым қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушы өзінің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) не заңды тұлғаның атауын, пошталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

      23. Шағым "жеке кабинеттен" көрсетілетін қызметті алушының порталы арқылы жіберілген кезде өтінішті қараудың жай-күйі туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеуі (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

      24. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы қарауға қабылданған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

      25. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегі уәкiлеттi органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      26. Көрсетілетін қызметті алушы алған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Заңның 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгіне алады.

  "Экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы
өтінішхаттарды қарау"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

"Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхаттарды қарау"
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің кеңсесі, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб – порталы (бұдан әрі – портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушыға өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы хабарлайды;
порталда өтінішхаттың толықтығын қарау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" өтінішхаттың қарауға қабылданғаны туралы хабарлама түрінде немесе тіркелу күні мен нөмірін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішхатты қарауға қабылдаудан дәлелді бас тарту жолданады;
экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған сәттен бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс;
көрсетілетін қызметті беруші немесе сот аталған өтінішхат немесе онымен байланысты басқа өтінішхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтінішхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тоқтатыла тұрады, ол туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабарлайды;
қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңінде, сондай-ақ тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізу кезінде өтінішхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мұндай шешiм қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабардар етеді;
мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттiк органдар қосымша мәлiметтердi және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейiн қайта басталады, бұл туралы көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде қағаз жеткізгіште және (немесе) портал арқылы хабардар етеді;
көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру үшін белгілейтін мерзім кемінде бес жұмыс күнін құрайды;
көрсетілетін қызметті берушінің өтінішхатты қараудың тоқтатылғаны туралы актісі шешім қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жолданады

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық немесе қағаз

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе уәжді қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырлануға тыйым салу

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің өтінішхаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру кестесі: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
Портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) нарық субъектісін біріктіру немесе қосу жолымен қайта ұйымдастыру бойынша:
тұлғаның немесе уәкiлеттi органның нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру туралы шешiмiнiң жобасы;
қызмет түрлерiнде немесе олардың iскерлiк операциялары географиясында жоспарланып отырған өзгерiстердi қоса алғанда, нарық субъектiсiн қайта ұйымдастыру мақсатының негiздемесi;
құрылатын нарық субъектiсiнiң бекiтiлген жарғысы мен құрылтай шарты немесе олардың жобалары;
құрылатын нарық субъектiсiне берiлетiн мүлiкті берудің мәлiметтері мен шарттарының тiзбесi;
қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң әрқайсысы бойынша, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар:
жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы, тұрғылықты жері туралы мәліметтер және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерi өндiретiн және өткiзетiн тауарларды өндiру мен өткiзудiң, тауарлардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiмен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
осы мәмiленi жасасу нәтижесiнде сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы көрсетіледі;
2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларын (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, пайларды) сатып алуы бойынша, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейін осы нарық субъектісінің акцияларына (жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне, пайларына) билік етпесе немесе аталған нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) елу немесе одан аз пайызына билік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) аталған акциялардың (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, пайлардың) елу пайыздан астамына билік ету құқығына ие болады:
шарт немесе шарттың жобасы не мәмiленiң жасалғанын растайтын өзге де құжат;
сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға ұқсас тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
басқа да нарық субъектілерінің атқарушы органының, директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) мүшелері болып табылатын, атқарушы орган, директорлар кеңесі (байқау кеңесінің) мүшелерінің лауазымы көрсетілген тізімі;
өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген мынадай іс-әрекеттер жасалатын нарық субъектісінің тауарларды өндіру мен өткізу, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемі;
өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
мәмiле жасалғаннан кейiн өзiне қатысты осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны мен орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы көрсетіледі;
3) егер мәміленің (өзара байланысты мәмілелердің) нысанасын құрайтын мүліктің баланстық құны мүлікті иеліктен шығаратын немесе басқаға беретін нарық субъектісінің негізгі өндірістік құралдары мен материалдық емес активтері баланстық құнының он пайызынан асып кетсе, нарық субъектісінің (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектісінің негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін, оның ішінде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебіне меншікке алу, иелену және пайдалану бойынша:
шарт немесе шарттың жобасы;
сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және жарғылық капиталға қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
сатып алынатын мүлiктi пайдаланумен өндiрiлетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
баланстық құны көрсетіле отырып, мәміленің нысанасын құрайтын мүліктің тізбесі;
тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктiң қандай тауарларды шығару үшiн пайдаланылғаны және пайдаланылатыны туралы мәлiметтер;
тауарлардың түрлерi көрсетiле отырып, алынатын мүлiктi пайдаланумен тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы;
сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы көрсетіледі.
4) нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне орындауға мiндеттi нұсқаулар беруге не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтарды алуы бойынша:
заңды тұлға растаған шарттың (шарт жобасының) көшiрмесi не мәміленің жасалғанын (оны жасасу ниетін) растайтын өзге де құжат;
сатып алушы бойынша және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн нарықтың әрбiр субъектiсi бойынша мыналар:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға ұқсас тауарларды немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңестiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiруi мен өткiзуiнiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
өзiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс-әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
өздерiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген iс – әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталындағы қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
осы мәмiленi жасасу нәтижесiнде сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзу болжамы;
5) сол бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы үшін:
екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы болжанатын жеке тұлға туралы мәлiметтер:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;
заңды тұлғалар тiзбесi, онда хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға өкiлеттiктерiн көрсете отырып, кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайды;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарға, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерге және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарықтың әрбiр субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
тауарлар өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi көрсетіледі;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi көрсетіледі.
6) шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағына сәйкес ұсынылатын ақпараттан басқа қосымша мыналарды:
өзi тұрған елдiң заңнамасына сәйкес өзінің заңды мәртебесiн растайтын, шыққан елiнің сауда тiзiлiмiнен немесе өзге де балама құжаттан нотариат куәландырған үзiндi көшiрмені;
егер шетелдiк заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тiркелген филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалды немесе өкiлдiктi есептiк тiркеу туралы мәлiметтерді және филиал немесе өкiлдiк туралы ереженiң көшiрмесiн;
егер шетелдiк заңды тұлғаның немесе шетелдік қатысатын нарық субъектiсiнiң – сатып алушының Қазақстан Республикасында филиалы немесе өкiлдiгi болса, филиалдың немесе өкiлдiктiң Қазақстан Республикасында өндiретiн және (немесе) өткiзетiн тауарларының түрлерi тiзбеленген ақпаратты ұсынады

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі белгіленгенін;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін ұсынылған материалдардың, объектілердің, қажетті деректер мен мәліметтердің 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 18-тарауында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда;
3) мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысын;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуын, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылғанын көрсете отырып жауап жолдайды

10

Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар

  "Экономикалық шоғырлануға
келісім беру туралы
өтінішхаттарды қарау"
мемлекеттік қызмет көрсету
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту комитетінің төрағасы
___________________________
(барыс септігінде)
___________________________
(шығыс септігінде)
(көрсетілетін қызметті
алушының толық атауы және
(немесе)
аты, әкесінің аты
(болған жағдайда),
тегі, БСН және (немесе) ЖСН
(болған жағдайда)

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 200-бабының 2-тармағына сәйкес

      _________________________________________________________________________

      (мәміленің, іс – әрекеттің мәні мен тараптарын көрсете отырып мәміленің, іс – әрекеттің сипаттамасы)

      __________________________________________________________________________

      қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруіңізді сұраймын.

      Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат _________________

      __________________________________________________________________________

      (Кодекстің 201-бабы 1-тармағының тармақшасы көрсетіледі)

      __________________________________________________________________________

      негізінде __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      тегі көрсетіледі) беріп отыр.

      Құжаттама ________________________________________________________________

      (Кодекстің 204-бабының тармағы көрсетіледі)

      _______________________________________________________ сәйкес қоса беріледі.

      Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген және тігілген (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).

      Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен анықтығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      Басшының немесе оны ауыстыратын

      тұлғаның қолтаңбасы ___________________________________________ Мөр орны

                                          (болған кезде)

      Өтінішхат берілген күн ______________________________________________________

      Өкілдің байланыс мәліметтері ________________________________________________