БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізіліп отырған кейбір бұйрықтардың қоса берілетін тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті (А.М. Сайтбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ҚазақстанРеспубликасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаментіне (А.М. Сайтбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі |
Е. Тургумбаев |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 328 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесін және оларды ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12558 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланды):
2. Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының басшылық лауазымдарына ротация жүргізу қағидаларында:
2 және 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жыл сайын төртінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес алдағы жылы ротациялауға жататын басшылардың тізімін қалыптастырады және Ішкі істер министрі бекітеді.
3. Басшыларды жоспарлы ротациялауды біліктілік талаптарына сәйкес келуін, әскери-дәрігерлік комиссиясының медициналық куәландыру нәтижелерін және ротациялауға кедергі болатын негіздердің жоқтығын растайтын құжаттарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті ұсынымдары негізінде уәкілетті адам жүргізеді.";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 23 сәуірдегі Заңына сәйкес ротацияланатын қызметкерлерге көтерме жәрдемақы төленеді, көлікпен жүруге және жеке мүлкін тасымалдауға кеткен шығындары өтеледі.".
2. "Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 02 желтоқсандағы № 977 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12598 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланды):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларында:
1, 2 және 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер"
"2-тарау. Кадр резервін қалыптастыру"
"3-тарау. Кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптар";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кадр резервіне қою үшін кандидаттарды іріктеу кезінде "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 6 қантардағы Заңына (бұдан әрі-Заң) сәйкес біліктілік талаптары сақталады, сондай-ақ мыналар:
1) қызметкердің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші;
2) болжанған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіптік даярлығының және жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) тиісті басшылар санаттарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;
4) денсаулық жағдайы;
5) кәсіптік қайта даярлау мен біліктілігін арттыру нәтижелері ескеріледі.";
4 және 5 тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4–тарау. Кадр резервіне қою және кадр резервінен шығару"
"5–тарау. Ішкі істер органдарының кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар комитеттері, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астананың және көліктегі полиция департаменттері, ІІМ білім беру ұйымдары (бұдан әрі-аумақтық ІІО), мемлекеттік мекемелерінің кадр қызметтері электрондық нұсқада кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімдерін комитет төрағалары мен аумақтық ІІО бастықтарының лауазымдар номенклатурасы бойынша қалыптастырады.".
3. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарындағы кадр саясатын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 07 желтоқсандағы № 998 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12679 болып тіркелді, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 13 қаңтарда жарияланды):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалау әдістемесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2, 3- тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Кадр саясатының субъектілері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оның қарамағындағы ведомстволарының аумақтық органдарының, мамандандырылған күзет қызметінің, жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері) бірінші басшылары және олардың орынбасарлары болып табылады.
3. Кадр саясатының субъектілерін бағалау объектілері ішкі істер органдарының аумақтық бөліністері болып табылады.";
2, 3, 4, 5 және 6-тараудың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. "Адам ресурстарын пайдалану тиімділігі" өлшемшарты;
"3-тарау. "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін оқыту" өлшемшарты;
"4-тарау. "Тәртіпті, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлық
профилактикасы жөніндегі жұмыстың тиімділігі" өлшемшарты;
"5-тарау. "Кәсіби даярлық деңгейі" өлшемшарты;
"6-тарау. "Кадр саясатының субъектілерін қорытынды бағалау";
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткіш есебін айқындау қағидалары мен әдістерінде:
Көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшаға 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Кәсіби әдептілік және ІІО-ның корпоративтік мәдениетін ұстаушылық |
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" (бұдан әрі - Әдеп кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын білу және түсіну. Эмоциялық күрделі қызметтік жағдайларда байсалдылығын, тактикалығын және Әдеп кодексінің басқа да талаптарын (халыққа (арнайы контенгентке), әріптестеріне және басшылығына қатысты) көрсету қабілеті. |
"; |
Көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшаға 8- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Кәсіби әдептілік және ІІО-ның корпоративтік мәдениетін ұстаушылық |
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" (бұдан әрі - Әдеп кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын білу және түсіну. Эмоциялық күрделі қызметтік жағдайларда байсалдылығын, тактикалығын және Әдеп кодексінің басқа да талаптарын (халыққа (арнайы контенгентке), әріптестеріне және басшылығына қатысты) көрсету қабілеті. |
"; |
Көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшаға 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Кәсіби әдептілік және ІІО-ның корпоративтік мәдениетін ұстаушылық |
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" (бұдан әрі - Әдеп кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын білу және түсіну. Эмоциялық күрделі қызметтік жағдайларда байсалдылығын, тактикалығын және Әдеп кодексінің басқа да талаптарын (халыққа (арнайы контенгентке), әріптестеріне және басшылығына қатысты) көрсету қабілеті. | Әдеп кодексінің ережелерін баяндау және түсіндіру. Осы көрсеткішке сәйкес келуіне бағалау психофизиологиялық куәландыру және сипаттайтын материалдар негізінде жүзеге асырылады. ІІО имидждік саясатының мазмұны, маңызы, мақсаттары мен міндеттері туралы сұрақтарға жауап беру. Жұртшылық өкілінің (арнайы контенгенттің) мінез-құлқын еліктейтін лауазымды адамның сұрақтарына жауап беру. |
"; |
Көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшаға 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Кәсіби әдептілік және ІІО-ның корпоративтік мәдениетін ұстаушылық |
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" (бұдан әрі - Әдеп кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын білу және түсіну. Эмоциялық күрделі қызметтік жағдайларда байсалдылығын, тактикалығын және Әдеп кодексінің басқа да талаптарын (халыққа (арнайы контенгентке), әріптестеріне және басшылығына қатысты) көрсету қабілеті. |
Әдеп кодексінің ережелерін баяндау және түсіндіру. Осы көрсеткішке сәйкес келуіне бағалау психофизиологиялық куәландыру және сипаттайтын материалдар негізінде жүзеге асырылады. |
"; |
Көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшаға 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Кәсіби әдептілік және ІІО-ның корпоративтік мәдениетін ұстаушылық |
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" (бұдан әрі - Әдеп кодексі) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын білу және түсіну. Эмоциялық күрделі қызметтік жағдайларда байсалдылығын, тактикалығын және Әдеп кодексінің басқа да талаптарын (халыққа (арнайы контенгентке), әріптестеріне және басшылығына қатысты) көрсету қабілеті. |
Тестілеуден өту. |
". |
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерлерінің мансаптық өсу жүйесі мен өлшемшартында:
1, 2, және 3-тараудың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер"
"2-тарау. ІІО қызметкерлерінің кәсіби дамуы"
"3-тарау. ІІО қызметкерлерінің мансаптық өсуі".
4. "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесін және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттары мен қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 671 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17724 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 16 қарашада жарияланды):
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдар тізбесінде:
1-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізілетін тізбесіне қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 966 бұйрығына 1- қосымша |
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ротацияға жататын басшылық лауазымдардың тізбесі
1. Ішкі істер министрлігі Өңірлік әскери-тергеу басқармасының бастығы.
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаментінің бастығы.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттері бастықтарының бірінші орынбасарлары.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары.
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаментінің, қалалық, аудандық, желілік полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы.
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, Көліктегі полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы.
7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы.
8. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
9. Ішкі істер министрлігі Академиясының бастығы.
10. Оқу орталығының бастығы.