ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Кіріспе жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 6 сәуірі № 187 бұйрығымен бекітілген |
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы "Қауіпті өндірістік объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу тәртібін айқындайды.
2. "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларға және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларына сәйкес әзірленеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Заңды және жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы:
1) өтінім;
2) қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесін.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
Ұсынылған құжаттардың және онда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді, олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Жауапты орындаушы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген, ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді, және құжаттардың пакетінің толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық-цифрлік қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған дәлелді бас тарту жауабын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетке портал арқылы электрондық құжат түрде жолдайды.
Заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының, "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысының, "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) талаптарына сәйкестігін тексереді және бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның ЭЦҚ-сымен қол қойылған тіркеу шифрін бере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеуді жүзеге асырады немесе дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетке электрондық түрде портал арқылы жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1 қосымшасында баяндалған.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!Қағида 6-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (Оператор) мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды (ӘҚНЖК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі және коды (ӘҚНЖК РҚ), немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РҚБСН), көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz. электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауына жатады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.ЗҚАИ-ның ескертпесі!
12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 24.05.2022 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.07.2021 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тіркеу шифрін бере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жинау тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) өтінім; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына қосымша |
Ескерту. Қосымша алынып тасталды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
[Мемлекеттік органның атауы] | [Наименование государственного органа] | |||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Күні: [Берілген күні] | [Жеке немесе заңды тұлғаның атауы] | |||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | [Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес-сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||
ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ
|
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 23.07.2021 № 356 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
[Мемлекеттік органның атауы] | [Наименование государственного органа] | |||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | [Жеке немесе заңды тұлғаның атауы] | |||
Өтініш нөмірі: [Нөмірі] | [Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес- сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||
Берілген күні: [Күні] | ||||
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ТІРКЕУ
| ||||