БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20338 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 9-шы жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
";
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы Бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20435 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары";
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметің көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
2. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға заңды тұлғалардың құқықтылығын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ресми тану мақсатында жүргізіледі.
3. "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) және оны осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.";
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттар мен оларда көрсетілген мәліметтердің Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және бір жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсатты не осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметің көрсету қағидаларына 1-қосымша"; |
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";
реттік нөмірі 5-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5 | Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру не "Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметің көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады. |
";
реттік нөмірі 8-ші жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш; |
";
"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша осы Бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру" мемлекеттік қызметің көрсету қағидаларына 4-қосымша"; |
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымша осы Бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі |
Ю. Ильин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
[Мемлекеттік органның атауы] | [Наименование государственного органа] | |||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | [Жеке немесе заңды тұлғаның атауы] | |||
Өтініш нөмірі: [Нөмірі] | [Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру/бизнес- сәйкестендіру нөмірі, телефоны)] | |||
Берілген күні: [Күні] | ||||
ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК ДЕКЛАРАЦИЯСЫН ТІРКЕУ
| ||||
Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысының құрамы
1. Технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы мыналарды:
1) сараптама қорытындысының атауын;
2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар туралы мәліметтерді, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандардың білімін тексеру хаттамасының көшірмелерін, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың болуы туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлігін;
3) сараптама қорытындысының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
4) ұйым туралы деректерді;
5) сараптама мақсатын;
6) сараптама объектісіне байланысты сараптама процесінде қаралған құжаттар (жобалық, конструкторлық, пайдалану, жөндеу), сәйкестендіру үшін қажетті шығарылған жылы, дайындаушы мен елі, маркасы, моделі, типі, зауыт (сәйкестендіру) нөмірі немесе басқа да ақпаратты көрсете отырып, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар туралы мәліметтерді;
7) өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде пайдаланылған жабдықтар туралы мәліметтерді;
8) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
9) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
10) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлігін;
11) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, жүргізілген сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
12) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға әсер ету мүмкіндігі, олардың пайдалану процесіндегі, авария, оқыс-оқиғалар жағдайындағы зақымдау әсерінің деңгейі туралы мәліметтерді;
13) сараптама нәтижесінде алынған деректердің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормаларға сәйкестігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
2. Технологиялардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
1) осы технология бойынша технологиялық процесті жүзеге асыру кезінде пайда болатын зиянды қауіпті өндірістік факторлар, олардың шекті мәні туралы мәліметтерді;
2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың шекті мәндерінің Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы нормативтік көрсеткіштерге сәйкестігі туралы мәліметтерді;
3) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мәндерін рұқсат етілген параметрлерге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін техникалық шаралар, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
3. Қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптама қорытындысы қосымша мыналарды:
1) қауіпті техникалық құрылғының жұмысы кезінде туындайтын барлық зиянды және қауіпті факторлардың шекті параметрлері туралы мәліметтерді;
2) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың мәндерін рұқсат етілген параметрлерге дейін жеткізуді қамтамасыз ететін конструктивті шешімдер, олардың сенімділік деңгейі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
4. Сараптама қорытындысы өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.
Сараптама қорытындысына сараптама ұйымының басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен расталады, тігілген беттердің санын көрсете отырып тігіледі.
[Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекен-жайы, Жеке сәйкестендіру нөмірі / Бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефоны және басқалар)]
[Мемлекеттік органның атауы]
Өтініш нөмірі: [Нөмірі]
Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беруге
"Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабын басшылыққа ала отырып, Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беруді сұрайды:
(технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың мақсаты туралы қысқаша ақпарат және оларды қолдану саласы көрсетіледі)
Қосымша: [Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі]
____________________________ |
[Мемлекеттік органның атауы] | [Наименование государственного органа] | |||
[Мемлекеттік органның деректемелері] | [Реквизиты государственного органа] | |||
Нөмір: [Құжат нөмірі] | [Заңды тұлғаның атауы] | |||
Өтініш нөмірі: [Нөмір] | [Жеке немесе заңды тұлғаның деректемелері (мекенжайы, жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі, телефоны және басқалар)] | |||
Беру күні: [Күні] | ||||
| ||||