ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы |
К. Ускенбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 6 сәуірі № 187 бұйрығымен бекітілген |
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қауіпті өндірістік объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу тәртібін айқындайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) бекітілген Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу өлшемшарттарын айқындайтын қағидаларға және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларына сәйкес әзірленеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақтың бірінші бөлігі редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметін алу үшін заңды немесе жеке тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы
1) өтінім;
2) қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының электрондық көшірмесін;
3) қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясының сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындысы электрондық көшірмесін жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.
Ұсынылған құжаттардың және онда қамтылған мәліметтердің дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушы жауапты болады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.
5. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің жұмыскері осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді, олар келіп түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды, ол жауапты орындаушыны тағайындайды.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Жауапты орындаушы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген, ұсынылған құжаттардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді, және құжаттардың пакетінің толық болмауы фактісі белгіленген жағдайда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның электрондық-цифрлік қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған дәлелді бас тарту жауабын дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетке портал арқылы электрондық құжат түрде жолдайды.
Заңды тұлғаны, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде құжаттардың "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының, "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысының, "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және Қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) талаптарына сәйкестігін тексереді және бір жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша басшысының немесе оны алмастырушы тұлғаның ЭЦҚ-сымен қол қойылған тіркеу шифрін бере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеуді жүзеге асырады немесе дәлелді бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жеке кабинетке электрондық түрде портал арқылы жібереді.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1 қосымшасында баяндалған.
7. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде рұқсаттар және хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 1 жұмыс күні ішінде "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын (Оператор) мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, өтініш бойынша әкімшілік құжаттың нөмірі және коды (ӘҚНЖК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі және коды (ӘҚНЖК РҚ), немесе рұқсат құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РҚБСН), көрсетілетін қызметті алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) бойынша ақпаратты міндетті түрде көрсету арқылы, авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате пайда болған сәтке дейінгі қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып бірыңғай қолдау қызметі sd@nitec.kz. электрондық поштасына сұрау салуды жіберу арқылы хабардар етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган), көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2 тармақшасына сәйкес:
көрсетілетін қызметті алушы, уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!11-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Көрсетілетін қызметті берушінің, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!1-қосымшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) |
2 | Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері | www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 5 (бес) жұмыс күні |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша тіркеу шифрін бере отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жинау тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушілер - 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) өтінім; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар. |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қосымша алынып тастау көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына қосымша |
Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларының сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындыны ресімдеу
1. Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды:
1) сараптамалық қорытындының атауын;
2) сараптама жүргізу үшін негіздемені, сараптама ұйымы туралы мәліметті, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген мамандар туралы мәліметті, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына білімін тексеру хаттамасының және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу құқығына аттестаттың көшірмелері туралы мәліметті қамтитын кіріспе бөлімді;
3) сараптамалық қорытындының күші қолданылатын сараптама объектілерінің тізбесін;
4) ұйым туралы деректерді;
5) сараптама мақсатын;
6) сараптама объектісіне байланысты сараптама кезінде қарастырылған құжаттар (жобалық, құрылымдық, пайдалану, жөндеу, өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациялары), сәйкестендіруге қажетті шифрі, нөмірі, маркасы немесе басқа да өзге ерекшелігі бар материалдардың көлемін көрсете отырып технологиялар, техникалық құрылғылар және материалдар туралы мәліметтерді;
7) сараптама объектісіне қысқаша сипаттамасы мен мақсатын;
8) жүргізілген сараптама нәтижелерін;
9) негізделген қорытындысы, техникалық шешімдері мен іс-шаралары бойынша ұсыныстары бар қорытынды бөлімді;
10) сараптама кезінде пайдаланылған нормативтік құқықтық, техникалық және әдістемелік құжаттама тізбесін, сынақтардың актілерін қамтитын қосымшаларды;
11) сараптама объектісін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келтіру бойынша келісілген және бекітілген ұйымдастырушылық-техникалық шараларды;
12) декларацияда ұсынылған ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтерді;
13) декларацияда ұсынылған, қауіпті өндірістік объектідегі авариялардың, оқыс-оқиғаның қаупін талдау нәтижелерінің негізділігі туралы мәліметтерді;
14) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету бойынша әзірленген және/немесе іске асырылған шаралардың жеткіліктілігі туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.
2. Сараптамалық қорытынды өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізген күннен бастап бір жыл бойы қолданыста болады.
Сараптама қорытындысына сараптама ұйымның басшысы қол қояды, сараптама ұйымының мөрімен бекітіледі, тігілген парақтардың санын көрсете отырып тігіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметінін көрсету қағидаларына 2-қосымша нысан |
[УО атауы (мемлекеттік тілде)] | [УО атауы (орыс тілінде)] | |
---|---|---|
[УО деректемелері мемлекеттік тілде] | [УО деректемелері орыс тілінде] | |
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | Берілген күні: [Берілген күні] ж. | |
[Ұйымның атауы / | ||
Дәлелді бас тарту "Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" Республикалық мемлекеттік мекеме Сіздің [күні] [құжаттың кіріс нөмірі] өтінімін қарап, келесіні хабарлайды: [Бас тарту негіздемесі] | ||
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә] | ||
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 02.06.2021 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу" мемлекеттік қызметінін көрсету қағидаларына 3-қосымша нысан |
[УО атауы мемлекеттік тілде] | [УО атауы орыс тілінде] | |
---|---|---|
[Мемлекеттік тілдегі УО деректемелері] | [Орыс тіліндегі УО деректемелері] | |
Нөмірі: [Құжат нөмірі] | ||
[Ұйымның атауы / | ||
Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын тіркеу [Уәкілетті органның атауы], [Объектінің атауы] Қауіпсіздік декларациясын қарады. [Сараптама ұйымының атауы] [Күні № ___] сараптамалық қорытындысы негізінде декларация тіркелді және оған ________________ шифрі берілді. | ||
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының Т.А.Ә] | ||