Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Статистика комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Р. Даленов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығымен бекітілді |
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 23.01.2023 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Заң) әзірленген және "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстардағы филиалдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
3. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушіге қағаз жеткізгіште өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
4. Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.
5. Өтініш берілген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініштің қарауға қабылданғаны туралы хабарлама береді.
6. Өтінішті қарауға қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс күндері – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметті "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
8. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына және (немесе) ұялы байланысының абоненттік нөміріне мәтіндік хабарламамен жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қарау туралы шешім қабылдайды не осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Жоғарыда аталған тәсілдердің бірімен жіберілген тыңдау туралы хабарлама жіберілген күннен бастап тапсырылған болып есептеледі.
9. Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде статистикалық ақпаратты әзірлейді және "Мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын есептеу негізінде төлем шотын береді, ол көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына жіберіледі, ол туралы көрсетілетін қызметті алушыны ұялы және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірі бойынша шақыру арқылы қосымша хабарланады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан төлемді күту мерзімі төлемге шот жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші ұсынған шотты төлеген күні төлемді растайтын құжатты (төлем туралы түбіртек немесе банктің төлем жүргізілгені туралы белгісі бар төлем тапсырмасы) көрсетілетін қызметті берушінің info@statdata.kz электрондық мекенжайына жіберу арқылы растайды.
Көрсетілетін қызметті беруші төлемді алғаннан кейін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының электрондық мекенжайына хабарлама және (немесе) ұялы байланысының абоненттік нөміріне мәтіндік хабарлама жіберу арқылы көрсетілетін қызметті алушыны статистикалық ақпаратты беру үшін көрсетілетін қызметті берушіге бару қажеттілігі туралы хабардар етеді.
10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселесі бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті берушінің, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне (бұдан әрі – Агенттік), Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына (бұдан әрі – Бюро) басшысының атына немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес беріледі.
12. Көрсетілетін қызметті берушінің, Агенттіктің немесе Бюроның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
13. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
__________________________ | |
(көрсетілетін қызметті берушінің _________________ |
|
толық атауы) | |
кімнен_____________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, __________________________ әкесінің аты (болған жағдайда) толық) |
Жеке тұлғаларға арналған өтініш
Осы өтінішке қосымшаға сәйкес _________________________________________
_____________________________________________________________________
(статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)
________________________ үшін статистикалық ақпаратты беруіңізді сұраймын.
Қосымша ______ парақта.
Жеке тұлғаның деректемелері:
Жеке куәліктің нөмірі___________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі ______________________________________________
Нақты мекенжайы _____________________________________________________
_____________________________________________________________________
Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Электрондық мекенжайы_______________________________________________
_____________________________________________________________________
(қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы
абоненттік нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық
мекенжайға жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік
нөміріне жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетінімен
танысқанымды өз қолыммен растаймын.
20__жылғы "______" ____________
_________________ қолы
Өтінішке қосымша
р/с | Статистикалық ақпараттың атауы | Аумақтық бөлініс | Кезең |
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Заңды тұлғаның бланкісіне | |
арналған орын | |
_________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің |
|
_________________________ толық атауы) |
|
кімнен_____________________ (заңды тұлғаның ____________________________ толық атауы) |
Заңды тұлғалар үшін өтініш
Осы өтінішке қосымшаға сәйкес ________________________________________
____________________________________________________________________
(статистикалық ақпаратты алу мақсаты, кезеңі, кезеңділігі көрсетілсін)
_______________________ үшін статистикалық ақпаратты беруіңізді сұраймын.
Қосымша: ______ парақта.
Заңды тұлғаның деректемелері:
Бизнес сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________
Банктік сәйкестендіру коды ____________________________________________
Заңды мекенжайы ____________________________________________________
____________________________________________________________________
Нақты мекенжайы ____________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұялы байланыстың және (немесе) телефон байланысының абоненттік нөмірлері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Электрондық мекенжайы______________________________________________
Басшы _____________________________________________________________
(қолы, күні) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Орындаушы: _________________ Телефон: _________________
(Тегі, аты-жөні)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді
пайдалануға келісемін.
Мен көрсеткен нақты мекенжайдың, ұялы және (немесе) телефон байланысы абоненттік
нөмірлерінің, электрондық мекенжайдың дұрыс екендігін, ал электрондық мекенжайға
жіберілген хабарламалардың және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік нөміріне
жіберілген мәтіндік хабарламаның тиісті және жеткілікті деп есептелетінімен танысқанымды
өз қолыммен растаймын.
20__жылғы "______" ____________
_________________ басшының қолы
Өтінішке қосымша
р/с | Статистикалық ақпараттың атауы | Аумақтық бөлініс | Кезең |
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 3-қосымша |
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның облыстар бойынша филиалдары. |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | 9 (тоғыз) жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны | Қағаз жүзінде. |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі |
Статистикалық ақпаратты қағаз жеткізгіште ұсыну; |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 199 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10161 болып тіркелген) бекітілген мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары бойынша ақылы түрде көрсетіледі. Төлем тәсілі – қолма-қол ақшасыз есеп айырысу. Төлем екінші деңгейлі банк арқылы төлемге берілген шотқа сәйкес жүргізіледі, көрсетілетін қызметті алушыдан төлем тапсырмасында төлем шотының үзінді көшірмесінің нөмірін және күнін көрсету талап етіледі. |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі | Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20335 болып тіркелген) бекітілген "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге бас тарту үшін негіздеме |
Көрсетілетін қызметті беруші: |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктерін ескерумен қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.statdata.kz интернет-ресурсында орналастырылған. |
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) не ұйымының атауы) |
|
___________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Өтінішті қабылдау туралы хабарлама
20 ____ жылғы " ___" _________
"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Сіздің статистикалық
ақпаратты беру туралы 20___ жылғы "___" ______________________
№ _________ өтінішіңізді қарауға қабылдады.
Директор ____________________
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
(Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) |
|
не ұйымының атауы) __________________________ (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы) |
Дәлелді бас тарту
"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК)
Сіздің 20___ жылғы "___" ______________________ № _________ өтінішіңізді қарап,
___________________________________________________________________
[Дәлелді бас тартудың себебі]
__________ себеппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тартады.
Директор ____________________
"Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету қағидаларына 6-қосымша |
Нысан
"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "АЕО" РМК) Сіздің 20____жылғы "___" _____ №____ өтінішіңізді қарап, статистикалық ақпарат әзірленгенін және Сіз мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге өтініш берген жерде беруге дайын екенін хабарлайды.
Директор ____________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 24 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10883 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған).
2. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11192 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған).
3. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 119 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15063 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 271 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15471 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 27 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16366 болып тіркелген, 2018 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
6. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 140 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16815 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
7. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 77 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19322 болып тіркелген, 2019 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
8. "Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесінде көзделмеген статистикалық ақпаратты беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 86 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19531 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).